Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 16:39, курсовая работа
Таяу Шығыс мәселесі сол аймақта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған және бүгінгі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан ең шиеленіскен мәселелердің бірі болып табылады. Сонықтан да болар, қазіргі кезде Таяу Шығыс дегенде, өкінішке орай ең алдымен палестина-израиль қақтығысы еске түседі. Ол тіпті сол аймақтың ерекшелігі болып, “ондағы оқиғалар басқаша емес, осылайша дамуы керек” деген жалған ой қалыптастырды.
Кіріспе......................................................................................................................3
1 Палестина мәселесі пайда болуының алғышарттары................................7
1.1 Сионистік қозғалысының пайда болуы ..........................................................7
1.2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы.........................10
2 1948-1956 жылдар арасындағы Палестина мәселесі………….................19
2.1 Бірінші палестина-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі, нәтижесі…………………………………….................................……………….19
2.2 Екінші палестина-израиль соғысы: басталуы, жүру барысы, нәтижесі………………………………………....................……………………..29
3 ХХ ғ. ІІ жарт. мен ХХІ ғ. бас. араб–израиль қарым-қатынастары .......37
3.1 Араб-израиль қатынастарындағы әскери қақтығыстар...............................37
3.2 ХХІ ғ. бас. Таяу шығыс мәселесін реттеу (“Жол картасы”) …….….........40
3.3 Әлемдік қауымдастықтың ықпалы................................................................44
Қорытынды…………......……………………………………………………....47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….....…………………….
Бұл жерде ешқандай
қосымша сұрақтар тумас үшін,
Египет пен Иорданияның
Бірінші дүниежүзілік
соғыс аяқталғаннан кейін
Бірақ, “Бальфур декларациясы”
бұл міндетттемелерге қайшы
Нәтижесінде үлкен
конфуз пайда болды:
Ағылшындар ыза болған әмір Хусейнді де ұмытпады, өйткені ол Таяу Шығысқа ұмтылған Францияға қарсылас ретінде және бедуин тайпаларын бағындыру үшін керек болды. Оның үлкен баласы Фейсалды Сирия билеушісі етіп қойғысы келді, бірақ ол жүзеге аспағандықтан, Бағдадтың басшысы етіп қойды, ал кіші ұлы Абдаллаға Иорданияның шығысындағы шөлдің бір бөлігін беріп қойып, Трансиорданияның әмірі етіп сайлады. Оның астанасы-Амман қаласы болды. Лондон әмірлерге территорияда тәртіп орнатуға кеткен шығындарын төлеуге уәде берді.
Ал, бірінші палестина-израиль соғысы кезінде Бүкіл Палестина үкіметінің жариялануы Трансиордания королі Абдалланың жоспарына кірмеді. Ол кезде Абдалла өзін ең күштімін деп сезінді, себебі ол шашырап жүрген бедуин тайпаларының басын біріктірді және черкестерден өзінің жеке гвардиясын құрды. Сонымен бірге, ағылшын әскерінің кетуіне бірнеше ай қалғанда Лондон мен Амман арасында құпия келісім жасалған болатын. Ол бойынша, Трансиорданияға Иорданның батысы кіруі тиіс болды. Яғни, Абдалла соғысқа Палестина мемлекеті үшін емес, Палестина жерін өзіне қарату мақсатында қатысты.
Әскерді ағылшын генералы Глабб-паша немесе Абу-Хунейс бастады, оның Лондон мүддесінде жұмыс атқарғаны белгілі. Бұл Ұлыбританияға өте қолайлы болды: олар Палестинадан кетіп бара жатса да, Абдалла арқылы ол жерді өз бақылауында ұстады. Ал, Абдалла болса, оларсыз ештеңе жасай алмады, өйткені ақшаны Британ қазынасынан алып отырды.
Глабб-пашаны Ирак
әскерлері қолдап, оған көмектесті
(Бағдадта оның ағасы билік
жүргізді). Оның адамдары Иорданияның
батысын жаулап алды, Иерусалимге
басып кіріп, ескі қаласынан
“Хагана” отрядтарын және
Соғыс бітті, египеттіктер
Бүкіл Палестина үкіметі
Соғыстың басты маңызы-
Соғыстың нәтижесі арабтар үшін қандай болды десек, әрине жеңілген елдің жағдайы үнемі ауыр болады. Ал, жеңілген және оған қоса, территориясынан айырылған Палестина арабтары үшін ол бірнеше есе ауыр болды. Көптеген палестиналықтар араб және араб емес мемлекеттерде шашырап, орналаса бастады. Саяси партиялар ыдырады, ал олардың басшылары басқа мемлекеттерге кетіп қалуға мәжбүр болды. Халық не істерін білмей, тосыннан сасып қалды. Оған 40 жылдардың аяғындағы араб лидерлерінің арасындағы алауыздық және саяси әрекеттердің реалистік, маңызды бағдарламасын жасау талпынысының болмағаны себеп болды. Әскери-саяси біртұтастық болмады, араб мемлекеттері империалистік державаларға әлі де тәуелді болды. Ал, жеңілістің ең басты себебі-40 жылдары барлық араб мемлекеттерінде дерлік болған әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық.
Бірақ, бұл соғыс сонымен қатар, арб әлемінің бірнеше қоғам қайраткерлеріне көзін ашып берді. Олар ұзақ жылдар бойы араб мемлекетерінің саяси және экономикалық артта қалушылығын, әлеуметтік-саяси және экономикалық жақтан кемшіліктерін түсінбей келді. Осындай қайраткерлердің бірі кейін Египеттің және бүкіл араб әлемінің танымал лидеріне айналған Гамаль Абдель Насер өзінің “Революция философиясы” атты кітабында былай деп жазды: “Біз бұйрық алған астанадағы жағдай біздің бәріміздің арамызға үлкен қоршау туғызды, бұл тіпті Фаллуждадағы қарсыластың да күшінен асып түсті” [8, 23-24б.]. Яғни, Насер мен оның жақтастары Батыстың өзінің саяси ойынында араб елдерін пайдаланып отырғанын түсінді. Сол кездегі араб лидерлерінің антиизраильдік сипатта бірлікке келе алмағанының да себебі осы, яғни олар батыс елдеріне тәуелді болды.
Көптеген зерттеушілердің
ойынша, араб мемлекеттерінің
Палестина соғысында арабтардың жеңілуінің тағы да бір жағымсыз жағы болды. 1948-1949 жылдардығы соғыс нәтижесінде араб әлемінің революциялық потенциалы ұлттық бағытқа ауыстырылды, араб әлеміндегі жұмысшы класы санасының қалыптасуы тежелді. Бүгінгі күнге дейін араб әлемінің жетекші саяси доктринасы-ұлтшылдық болып табылады, ал арабтар күресінің әлеуметтік аспектілері екінші орынға шығады. Араб ұлттық буржуазиясы өзіне қажетті бағытта және деңгейде жұмысшыларға әсер етеді.
Бірақ, оның бәрін есепке алсақ та, палестиналықтардың соғыста жеңілуінің ең басты трагедиясы-соғыс аяқталғаннан кейін олардың қолдарында не мемлекеттің, не қандай да болсын ұлттық қоғамның қалмағаны болып табылады. Олардың саяси ұйымдары ыдырап кетті, ал көптеген лидерлер өзінің кәріптілігін көрсетті. Палестина мемлекетінің 2/3-не еврейлер қоныстанды, ал қалған бөлігін, яғни Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторын тиісінше Иордания мен Египет бақылауына алды.
Палестина соғысының
негізгі нәтижесі-көпжақты
Әрине, палестиналықтардың жерлерінде жайғасқан еврейлер сол жердің халқына тыныш өмір сыйламады. Босқындар проблемасы арабтарды алаңдата бастады, себебі көптеген халық сионистік террордан қорқып, Отандарын тастап кетуге мәжбүр болды.
1948 жылы 30 маусымда-ақ
Израиль үкіметі “Тасталып
Осындай жағдайға БҰҰ халықаралық ұйым ретінде араласуы тиіс болды. Сонымен, 1948 жылы 11 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы №194 (ІІІ) қарарын қабылдады. Ол бойынша, босқындардың Отандарына қайту құқығы бар, ал кім қайтқысы келмесе, оған жоғалтқан мүлкі үшін компенсация төлейді. Бір жылдан кейін БҰҰ Палестина босқындарына көмектесу үшін және жұмыстарды ұйымдастыр үшін Таяу Шығыс Агенттігін (БАПОР) құрады. Одан кейін босқындар туралы мәселе тұрақты түрде талқыланып тұратын болды, бірнеше қарарлар қабылданды, бірақ Израиль олардың ешқайсысын да мойындамады. Тіпті сол кезде Давид Бен Гурионның: “Оларға бір тұт та жер бермейміз, біздің терриорияда бір де бір босқын болмайды” деген сөзі бар [1, 48б.].
Араб елдері босқындарды заңды жерлеріне қайтару туралы қаншама рет айтса да, оны ешкім құлаққа аспады. Батыс та өзінше бір шешім немесе ұмыны айтқысы келді, олар босқындарды қашып, паналаған арб мемлекеттерінде қалдырғысы келді. Алайда, мұндай шешімді араб мемлекеттері дұрыс деп таппады, өйткені:
1) Босқындарды сол мемлекеттерде орналастыру олардың Палестинадан қуылуына көну болып табылатын еді;
2) Араб мемлекеттерінің осыншама көп адамдарды қабылдап, оларға қажетті жағдай қалыптастыруға, жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндіктері болмады.
Босқындардың
өмір сүру жағдайлары өте
Ал, Израиль арабтарды таптауды аяқтамады. 1950 жылдың наурызында ол “Жоқ адамдардың мүліктері туралы” жарлығын жариялады. Ол бойынша, 1947 жылы 29 қарашада басқа жерлерге кеткен араб тұрғындары жоқ адамдар ретінде қарастырылды, тіпті сионистік террордан қашып құтылғысы келген және Израильдің басқа аудандарына қашып кеткен адамдар да сол тізімге ілінді. Мысалы, 1948 жылға дейін Негев ауданында 48 мың Палестина арабтары өмір сүрсе, Израиль үкіметі оларды Иордан және Синай жартыаралына қуудың нәтижесінде олардың саны небары 13 мың ғана болды. Израиль шекарасында қалған 585 араб ауылының 478-і жойылды, қалған 107 ауылдың тұрғындарын көшіріп, олардың жерлері мен мүліктері тәркіленді.
Жерлерін
жоғалтумен қатар, арабтар
Әрине, соған
байланысты Израильдегі
Осындай
империалистік саясатына және
БҰҰ-ның қарарларына
Осы әрекеттердің
барлығы да Батыс
Дегенмен, кейбір жазушылардың пікірінше,
1948-1950 жылдары Израиль мен араб
мемлекеттері арасында