Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 16:39, курсовая работа
Таяу Шығыс мәселесі сол аймақта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған және бүгінгі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан ең шиеленіскен мәселелердің бірі болып табылады. Сонықтан да болар, қазіргі кезде Таяу Шығыс дегенде, өкінішке орай ең алдымен палестина-израиль қақтығысы еске түседі. Ол тіпті сол аймақтың ерекшелігі болып, “ондағы оқиғалар басқаша емес, осылайша дамуы керек” деген жалған ой қалыптастырды.
Кіріспе......................................................................................................................3
1 Палестина мәселесі пайда болуының алғышарттары................................7
1.1 Сионистік қозғалысының пайда болуы ..........................................................7
1.2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы.........................10
2 1948-1956 жылдар арасындағы Палестина мәселесі………….................19
2.1 Бірінші палестина-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі, нәтижесі…………………………………….................................……………….19
2.2 Екінші палестина-израиль соғысы: басталуы, жүру барысы, нәтижесі………………………………………....................……………………..29
3 ХХ ғ. ІІ жарт. мен ХХІ ғ. бас. араб–израиль қарым-қатынастары .......37
3.1 Араб-израиль қатынастарындағы әскери қақтығыстар...............................37
3.2 ХХІ ғ. бас. Таяу шығыс мәселесін реттеу (“Жол картасы”) …….….........40
3.3 Әлемдік қауымдастықтың ықпалы................................................................44
Қорытынды…………......……………………………………………………....47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….....…………………….
Әрине халифат
барлық жағынан өте дамыған
болды, бірақ осыншама үлкен
территоррияны өз бақылауында
ұстау қиынға соққандықтан, ол
бірнеше бөліктерге, ұсақ князьдықтар
мен сұлтанаттарға бөлініп
Араб елдерін
тек олардың тарихи және
Дегенмен,
әлеуметтік-экономикалық және
Бүгінгі күні колония, империализм деген терминдер жоқ болса да, оларды сипаттайтын әрекеттер әлі тоқтаған емес. Оның айқын мысалы-Палестина қасіреті, яғни Палестина мен Израаиль арасындағы конфликт. Бұл проблема жаңадан туындаған жоқ, сондықтан да, ол бойынша көзқарастар баршылық. Кейбір жазушылар оны КСРО мен АҚШ-тың өз ықпалын көрсеткісі келуі нәтижесінде, яғни ”әлемде кім күштірек” позициясын ұстануы нәтижесінде пайда болды десе, басқалары еврейлерге мемлекет алып беру немесе Палестинаны “еврейлендіру” тек Батыс державалары тарапынан ғана болды деп айтады. Ол дегеніміз-Палестинаны басып алып, сол арқылы бүкіл Орта және Таяу Шығысты билеу үшін оларға “адам материалы” керек болды, яғни Батыс державалары колониализм саясатын жүргізу үшін ерте кездегі тарихқа сүйеніп, еврейлерді пайдаланғысы келді. Осыдан біз сионизмнің шын мәніндегі “әкелері” немесе “аталары” еврей идеалистері емес, христиан колонизаторлары болғанын түсінеміз. Бұл-Палестина мәселесін түсіндірудің бірінші жолы.
Екінші жолы бойынша, Батыс державалары жұмысшы таптарының назарын басқа нәрсеге аударып, оларды “дұрыс жолға” салу үшін еврейлердің қоныс аударуын пайдаланды. Тарихтан белгілі, XІX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында Европа мен Америкада марксистік теория және социалистік революциямен “қаруланған” жұмысшылардың ең үлкен бас көтерулері болды. Осы кезде империалистердің басты мақсаты-жұмысшы қозғалысы отрядтарын ажыратып, оны басып тастау болды. Ол үшін олар расистік, шовинистік идеологияны пайдаланып, жұмысшылардың көздерін жапқысы келді.
Сонымен, Германияда болған “арийлендіру” принципіне сәйкес еврейлер Палестинаның экономикалық, мәдени, саяси, әлеуметтік өмірін “еврейлендіру” принципін жүргізді. Бірақ, олардың немістерден бір айырмашылығы-еврейлер бұл саясатын ертерек, яғни “арийлік” үлгідегі нәсілдік идеология саясаткерлері мектептегі партада отырған кезде-ақ бастаған болатын…
Израиль мемлекеті картада тек 1948 жылы пайда болса да, оның құрылуын 1917 жылмен байланыстырады. Оны түсіну үшін тарихқа жүгінейік. XІX ғасырдың аяғында Европада еврей буржуазиялық-ұлттық ағымы пайда болады, ал 1897 жылы ол ресми ұйымға айналады, яғни Базельде болған конференцияда Бүкіләлемдік Сионистік Ұйымның құрылуы туралы жарияланады. Сионизмнің лидерлері қуғын-сүргінге наразылық білдірген жұмысшы еврейлерді өз идеясын тарату мақсатында пайдаланғысы келеді. Сионизмнің негізін қалаған Теодер Герцль бұл идея ең алдымен ірі еврей буржуазиясы үшін тиімді екендігін жасырған жоқ. “Ақшаларын тығып, тыныштықта тойлауға мәжбүр болған еврей байлары өздерінің мемлекетінде емін-еркін тұрып, өмірдің рахатын көре алады”,-деді Герцль [1 , 44б.].
Бірақ, ондай мемлекетті құру туралы мәселе бірден шешілмеді. Сионистердің бір тобы мемлекетті Угандада, екіншілері Латын Америкасында құруды ұсынды. Ақырында, ең тиімді жер Палестина болып шықты, өйткені онда б.э.д. VІІІ ғасырда Израиль мемлекеті болған және оның атақты Соломон, Давид сияқты патшалары билік құрды.
Сионистер қозғалысының басшылары ірі державалар тарапынан қолдауға ие болу үшін екі ғасыр уақытты қажет етті.
Сонымен, Палестина территориясында екі мемлекет (Палестина мен Израиль) құру туралы шешім 1947 жылдың 29 қарашадағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеяның №181резолюция [2] бойынша шықса да, проблеманың өзі одан бұрынырақ басталғаны мәлім.
1917 жылы 2 қарашада Ұлыбританиянвң Сыртқы Істер Министрі лорд Бальфур еврей миллиардері Ротшильдке хат жолдайды. Ол хатында Бальфур Ұлыбритания Үкіметі Палестинада еврей халқының ұлттық ошағын құруын қолдайды және оған жету мақсатында көмектесіп, бар күшін салуға дайын екендігін айтады. Онымен бірге, “Палестинада тұратын еврей емес халықтардың азаматтық және діни құқықтары шектелмеу керек, бірақ еврейлердің де құқықтары мен саяси статусына нұқсан келмеуі керек”,-деп жазылған [3, 9 б.]. Кейін Бальфур декларациясы аталып кеткен бұл хат палестина проблемасының барлық кезеңдерінде де кері әсерін тигізген болатын. Оны жүзеге асыру-көптеген қиыншылықтар мен проблемалар, ал ақырында палестиналықтардың Отандарынан айырылуына себеп болды.
Бальфур декларациясын жүзеге асыру барысында маңызды роль атқарған-Бүкіләлемдік сионистік ұйым болды, оның негізгі мақсаты-Палестинада палестиналық еместерді қоныстандыру болды. Палестиналықтардың құқықтары шектеліп, мүдделері ескерілмегенін айтпаса да болатын шығар, бірақ ең қызығы-ол документте арабтар немесе палестиналықтар туралы бір ауыз сөз айтылмаған. Сол кезде бүкіл халықтың 90%-ін құраған, ал территорияның 97%-ін өз қолдарында ұстаған арабтарды (мұсылмандар немесе христиандар болсын) тек Палестинадағы еврей емес қауымдастық деп атады [3 , 12 б.].
Бальфур декларациясын жариялауда Англияның өз мақсат-мүдделері болды. Кейбір авторлар оны біріншіден, Ұлыбританияның Таяу және Орта Шығыста билігін орнатқысы келгенімен және екіншіден, сол аймақта шоғырланған мұнай байлықтарымен байланыстырады. Басқа авторлардың пікірінше Палестина айтарлықтай табиғи байлықтарға бай емес, халқы аз және кедей мемлекеттердің қатарында болғандықтан, ағылшындарды оның стратегиялық орналасуы қызықтырды. Әсіресе оның жанында Жерорта теңізі мен Үнді мұхитын байланыстыратын Суэц каналы ашылғаннан кейін бұл аймақ өте маңызды бола бастады. Канал арқылы Батыс державалары Таяу Шығыс және Месопотамияға кіруге мүмкіндік алды. Бірақ, шын мәнінде, мұнда империалистерді аталған барлық жағдайлар да қызықтырды. Себебі, Палестина Европа метрополияларын олардың Азия және Африкадағы отарларымен байланыстыратын Суэц каналының жанында орналасқан, ол Европа, АҚШ және Азия арқылы өтетін әуе жолдарының ортасында орналасқан, Палестина арқылы Жерорта теңізін Парсы шығанағымен байланыстаратын автомагистраль өтеді және Таяу Шығыстың тура жүрегінде орналасқан Палестина арқылы империалистер басқа араб мемлекеттеріне де үстемдігін жүргізе алады.
Бірақ, бұл жерде Англия Американың қарсылығына кезікті. Яғни, бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің басты кредиторына айналған АҚШ та енді өзінің Палестинаға деген мүддесін білдіре бастады. Жалпы АҚШ Палестинада еврейлер мемлекетінің құрылуына қарсы болмады. Америка президенті В.Вильсон Бальфур декларациясын қолдады, оның айтуынша: ”Біздің үкімет пен халқымыздың қолдауын тапқан одақтастар Палестинада еврей достастығының негізінің қалануына келіседі”. Америкалықтардың ойынша бұл мемлекет сол аймақтағы Англияның билігін әлсіретеді, себебі ол уақытта араб мемлекеттері түгелімен Европа державаларының, оның ішінде ең алдымен Ұлыбританияның қол астында болатын. Ұлыбритания 1920 жылы сәуірде өткен одақаралық Сан-Ремо конференциясында Палестинаға мандат алады, бірақ АҚШ позициясына байланысты ол екі жылдан кейін ғана өз күшіне енді. Бұл кезде де Палестинаның құқықтары өте қатты шектелді: Ұлттар Лигасы мандат берген барлық араб мемлекеттері тәуелсіздікке қол жеткізгенде, Палестина тәуелсіздігін сол бойы ала алмады [4, 27б.].
1920 жылы Лондонда өткен сионистік конференцияда Керен-ха-Иесод ұйымы құрылады, оған еврейлердің Палестинаға иммиграциясын қаржыландыру жүктелді. Еврейлердің Палестинаға иммиграциясы әрқашан бірінші орында тұратын мәселе болды. Егер 1918 жылы еврейлер бүкіл Палестина халқының тек қана 8%-ын құраса, 1947 жылдың аяғы 1948 жылдың басында бұл сан 33,8%-ға дейін өсті. Жалпы олардың қоныс аударуын төмендегі мәліметтер жақсы көрсетеді:
Жылдар |
Еврей халқы |
Араб халқы (Палестинадағы) |
1918 |
56000 |
644000 |
1922 |
87800 |
660000 |
1931 |
147900 |
848000 |
1944 |
528700 |
1196800 |
1947 |
608000 |
1237000 |
Бұл кестеден
жылдан-жылға өсіп келе жатқан
еврей халқының үлесі айқын
көрініп тұр. Бірақ, ол
Осыған
байланысты әр түрлі шешімдер
ұсынылды. Палестина арабтарының
көбісі екі ұлтты Палестина
мемлекетін құруды ұсынды. Ондағы
екі ұлттың да құқықтарына
кепілдік беретін мемлекеттің
құрылуын Палестина
Бұның
барлығы еврей және араб
Жоғарыда
айтып кеткен Нордаудың
Ағылшындардың мұндай реакциясы оның еврейлердің Палестинаға бақылаусыз иммиграциясының маңызды экономикалық және демографиялық нәтижелеріне байланысты ойлануымен түсіндіріледі. Лондонда егер еврей иммиграциясына белгілі бір шек қоймаса, арабтар мен еврейлердің қатынастары міндетті түрде шиеленіседі, ал бұл өз алдына мандаттық биліктің барлық жүйесіне негативті әсерін тигізетінін білді.
Палестина
арабтарының ағылшын
Осыған
байланысты, арабтардың антиағылшындық
қозғалыстары пайда болды. 1920 жылы
мамырда Яффада болған араб-
1921 жылы
мамырда Иерусалимде өткен
Бірақ,
палестиналықтар бұл жобамен
келіспеді, себебі келешек