Шетелдердің конституциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2012 в 22:43, реферат

Краткое описание

Коституциялық құқық ғылымында «конституция»түсінігі екі мағынада қолданылады. Формальді мағынада-бұл заңды конституция , яғни қоғамдық-экономикалық құрлымды, мемлекеттік құрлым нысаның және басқару нысаның, сонымен қатар тұлғаның құқықтық жағдайын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы. Заңды конституция ненің болатындығын ұйғаратын құжат болып табылады. Дегенмен заңды конституцияның ұйғарымын тәжребелік қолдану барысында жағдай өзгереді: жаңа мекмелер пайда болады, заңды конституция нормаларын елеулі өзгертіп және толықтыратын конституциялық, органикалық және кәдігімгі заңдар қолданылады. Өзге сөздермен айтқанда тәжрибеде заңды конституцияда ұйғарылған тәртіппен айырылатын басқа мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібі қалыптасады. Бұл мемлекеттік билікті жүзеге асырудың шыңайы тәртібі нақтыконституция немесе материалдық мағынада конституция деп аталады.

Содержание

1. Шет елдердің конституциясы


2. Шетелдегі қоғамдық құрылыстың конституциялық-құқықтық негіздері

3. Шетелдердегі саяси партиялар мен партиялық жүйелер

4. Шетелдердегі адам және азаматтардың конституциялық мәртебесі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 тақырып.doc

— 170.50 Кб (Скачать документ)

   Саяси партиялардың үшінші қызметі, олардың  мемлекеттің ішкі және сыртқы бағытын өңдеуге, қалыптастыруға және жүзеге асыруға тікелей немесе делдалдық арқылы қатысуында көрінеді. Басқарушы партиялар өздерінің билеуші органдары, үкіметтік және парламенттік фракциялар арқылы саяси шешімдерді қабылдауда және оларды іске асыруда тікелей қатысады. Аппозициялық партиялар саяси ахуал өзгерген жағдайда үкіметтік болатын балама шешімдерді ұсынады.

   Ақырында  барлық саяси партиялар идеялогиялық қызметті белсенді жүзеге асырады. Олар қоғамда үстемдік ететін өздерінің  бағдарламалық орнатулары болып табылатын құндылықтарын насихаттайды, өз мақсаттарын және сайлау алдындағы міндеттерін түсіндірумен айналысады.

   Жоғарыда  айтылған төртеуінен шыға отырып, партия қызметіне өз белсенділерін және жақтастарын жинау, мемлекеттік  билік органдары және азаматтар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік топтар арасындағы қайшылықтарды жұмсарту және т.б. жатқызуға болады.

   Сонымен партиялар келешекте сәйкестендірілген  нормативтік акт міндетті күшке  ие болу мүмікін мемлекеттік билік органдарымен қабылданған және саяси шешімді басқаруға ықпал етеді. Партиялық жүе мемлекеттік биліктің орталық органдарын құрудың маңызды факторына, сонымен қатар олардың қызметіне әсер ету құралына айналуда.

   Қазіргі саяси партиялардың ұйымдастырушылық жіктелуі әралуан және тарихи ерекшеліктері, ұлттық дәстүр және партияның ерекшеліктері сияқты бірқатар факторларға тәуелді. Партияны құруды кеңінен таралған екі негізгі әдісі бар. Ұйымдастырушылық құрылымы бойынша оларға лайықты ұйымдастырушылық рәсімделген және ұйымдастырушылық рәсімделмеген партияларды бөледі. 

   Ұйымдастырушылық  рәсімделген партия өзінің саяси  қызметін кәсіптік ретінде қарастыратын партиялық қызметкерлер санынан  қалыптасатын орталықтандырылған партиялық  аппаратқа ие. Бұл партияларда  партия және оның мүшелері арасында ұйымдастырушылық байланыс болады. Партия мүшесі партиялық билет алады, партиялық жарна төлейді және партиялық жарғымен қарастырылған барлық тәртіптік талаптарға бағынады.

   Осы топқа жататын партиялар анық құрамы бар, ұйымдарының саны бойынша салыстырмалы төмен. Олар бюрократиялық орталықтандыру қағидасына сүйеніп құрылады. Бұл партияларда тәртіпті түрде жалпы ұлттық басшылыққа және тікелей басшыға өте кең өкілеттіктер берілген. Мұндай партиялар жеке меншікке органикалық толықтыру ретінде қарастырылатын ұжымдық мүшелік негізінде құрылады.

   Ұйымдастырушылық  рәсімделген партиялар қатарына Жапонияның Либералды-демократиялық  партиясын, ГФР-нің Христиан-демократиялық  одағын, Француз социалистік партиясын, Австриялық халықтық партиясын, Швецияның орталық партиясын, ИНК және кейбір басқаларын жатқызуға болады.

   Ұйымдастырушылық  рәсімделмеген партиялар, оларда ресми  мүшелік институтының жоқтығымен сипатталады. Партия мүшесі деп саналатын тұлғалар онымен ұйымдастырушылық байланыста болмайды. Олардың партиялық билеті болмайды, партиялық жарна төлемейді және партиялық тәртіп оларға тарамайды.

   Осындай үлгідегі партияларға ресми мүшеліктің болмауы негізінен партиялық  саясатты жүзеге асыратын кәсіптік партиялық  шенеуліктердің тармақталған аппаратының болуымен компенсацияланады. Мұндай партиялардың қызметі ең алдымен «сайланушылардың дауысын алуға», сайлау күресіне әкеп соғады; олардың негізгі мақсаты сайлауда жеңіске жету.

   Ұйымдастырушылық  рәсімделмеген партиялардың үлгілі мысалы болып АҚШ-тың басты саяси партиялары – Республикалық және Демокротиялық табылады. Бұл екі партияларда орталық басшылығы әлсіз үлкен ұйым болып табылады. Партияның формальді мүшесі болып осы партия тізімі үшін сайлауда дауыс берген барлық сайлаушылар саналады. Партия және оның мүшелері арасында ұйымдастырушылық байланыс жоқ.

   Республикалық және Демократиялық партиялар аппараттарының ұйымдық құрылымы аса күрделі  және ретсіз. Жалпы ол сайлау күресінің  қажеттіліктеріне бейімделген. Осы  жерден – аймақтық партиялық құрылыммен сайлау округінің географиясының сәйкестігі шығады. Партиялық аппаратты құрудың ұйымдастырушылық қағидасы ұлттық конвенттерімен қабылданатын жәкелеген заңдар ережесінде мазмұндалады.

   Ресми партиялық механизм әр түрлі өз ерікті сипаттығы ұйымдармен толықтырылады. Олардың қатарына калифорнялық республикалық ассамблея, калифорниялық демократиялық кеңес жатады. Президенттік компания кезінде «Никсон үшін тәуелсіздер», «Буш үшін заңгерлер», «Клинтон үшін бизнесмендер» және т.б. осындай үлгідегі ұйымдар құрылады. Сонымен қатар маңызды ролді әр түрлі партиялық клубтар, саяси қызмет комитеттер атқарады.

   Партиялық құрамы басты буыны болып танабты партиялық капитанымен басқарылатын сайлау танаб комитеті табылады. Танабты партиялық капитан және әкімшілік-аймақтық бөлімнің төменгі ұйымның өзге де басшылары жоғарғы тұрған партиялық инстанцияға бағынышты. Олар партиялық сайлаушылармен не «праймеризде», немесе сайлау танабы бойынша жиналыста формальды түрде сайланады. Дегенмен, сайлау танабтарының комитетін қалыптастырудың мұндай процедурасы әмбебап болып табылмайды.

   Танабты партиялық комитеттер республикалықтардың  да, солай демократиялықтардың да партиялық аппарат негізін құрастырады. Олар саяси қызметті өз танаб сайлаушыларымен тікелей жүргізеді. Танабты партия капитанының мақсаты – кез келген құнмен қарсыласын жеңіп, жеңіске жету. Ірі қалаларда танабтық капитанның өз иелігінде сайлаушылар және партия басшылығы арасындағы байланыс механизмі ретінде партиялық машина немесе ұйым болады. Танабтық капитандарға жергілікті лауазымға патронаж тәртібінде тағайындау құқығы берілген және де өз жақтастары арасында әр түрлі «игіліктерді» бөледі. Қаланың немесе саяси машина сипатына байланысты «игіліктер» - кінәсіздік туралы үкімді әділ сотсыз шығару тәжірибесінен бастап жұмыссыздар жанұясының арасындағы өнімді бөлуге дейін сияқты кең ассортиментті ұсынады.

   Партиялық аппараттың келесі буыны болып штаттың ең ірі әкімшілік-аймақтық бөлінісінің – графтық комитеті табылады (Лузианадағы - приход). Графство муниципалет және штат ауқымындағы сайлау күресінің негізгі сахынасы болып табылады. Сондықтан да графтықтың партиялық комитеті басты партиялық ұйым болып саналады. Ол ірі қалалардың құрамына аумақтық кірігіп тұрғандарды қоспағанда, осы графтықтың барлық сайлау танабтарының өкілдерінен құралады. Графтық комитеті формальді түрде сайлау органы болып табылады. Ол комитеттің барлық өкілеттіктерін жеке дара жүзеге асыратын төрағамен басқарылады.

   Ірі қалаларда жоғары тұрған партиялық  ұйым сайлау танабына қатысты орамның  партиялық комитеті деп аталады. Кейбір штаттарда сайлау, соттық және т.б. округтің партиялық комитеттері  құрылады. Округтер өзінің көлемі бойынша әралуан. Олар графтықтан кіші болуда, және де бірнеше графтықтан тұруы да мүмкін. Кейде округштерде сайлау компанияларын өткізу бойынша комитеттер құрылады, бірақ мұндай комитеттер үміткердің жеке ұйымы болып саналады және партиялық механизм құрамына формальді қосылмайды.

   Штаттағы  жоғарғы партиялық инстанция  болып штаттың сәйкес заңшығарушылығына  негізделіп құрылған партиялық комитет (кейде ол орталық комитет немесе атқарушы комитет аталуы да болады) табылады. Штаттардың партиялық комитеті бір-бірінен көлемі бойынша, қалыптасу әдісі бойынша, ұйымдық құрылымы бойынша айырылады. Штаттардың партиялық комитеттері не лауазым бойынша орнын босату жолымен, не «праймеризмге» комитет мүшелері төмен тұрған партиялық сайлаушылармен сайлау жолымен қалыптасады. Штаттардың партиялық комитеті әдетте губернаторды сайлау жолында қайта ұйымдастырылады.

   Штат  комитетінің төрағасы партиялық  комитетпен номиналды сайланады, бірақ  ол әрекет етуші партиядан губернатор болуға үміткер болып табылады. Штат комитеті және оның төрағасы сайлау компаниясын өткізуді маңызды роль атқарады. Олар төмен тұрған партиялық ұйым қызметін жобалайды және бағыттайды. әсіресе штаттың партиялық комитетнің губернаторды сайлауға жеңіске жеткен партиясының ролі өседі.

   Әр  штаттың партиялық ұйымы жеке дара және жоғары тұрған партиялық органдарға – ұлттық партиялық конвентке және ұлттық партиялық комитетке бағынбайды. Мұндай партикуляризм АҚШ саяси өмірінің үстемдік етуші белгісі болып табылады. Ол жаппай коммуникацмя құралың кеңінен қолданумен және плебисцитарлы сипаттағы федералды сайлауға ұсынумен байланысты кейін шегінуде.

   Республикалықтардың да, демократиялықтардың да партиялық  механизмінің формальді шыны болып  ұлттық партиялық конверттермен 4 жыл  мерзімге сайланатын ұлттық партиялық  комитет табылады. Шындығында конвенттер әрекет етуші процедураға сәйкес оларға ұсынылған ұлттық партиялық комитет мүшелерінің орнына тағайындайтын тек жекелеген штаттардың партиялық комитетінің ұсыныстарын бекітеді.

   Ұлттық  комитет төрағасы формальді түрде  комитеттің өзімен сайланады: шын мәнінде ол ұлттық партиялық конвент жұмысын тоқтатқан кезде осы партия атынан президенттікке үміткер болып тағайындалады. Ұлттық партиялық комитеттің қызметін «ұлттық төрағаның» өзі және оған бағынышты штабтық аппарат жүзеге асырады. Мұндай қызметтер қатарына: президенттік компанияны ұйымдастыру және өткізу, партияның штаб пәтерін басқару, ақша қаражаттарын жинау, ұлттық партиялық конвентті шақыру, үміткерлер тізімінде бос орынды толтыру және т.б. жатады. Ұлттық партия комитеті төрағасының лауазымы өзінің беделді сипатына қарамастан Еуропадағы саяси партия басшыларының биліктік өкілеттіктеріне сәйкес келмейді.

   АҚШ-тың  әрбір бастап партияларының келесі жоғарғы органы болып - ұлттық партиялық  конвент табылады. Ол президентікке  және вице-президентікке үміткерді ұсыну үшін, партиялық тұғырды қабылдау және кейбір өзге де қызметтерді атқару үшін 4 жылда 1 рет жиналады. 1972 жылға дейін әрекет етіп келген конвенттерді қалыптастыру әдістері олардың ресми уәкілдері не партиялық қызметкерлер, не саяси фавориттері болатындығына әкеп соқты. Жастардың, негрлердің, әйелдердің жаппай демократиялық қозғалыстар конвент құрылымының демократизациялануына әкеп соқтыратын ресми уәкілдерді тағайындау әдістеріне өзгерістер енгізуге партияларды мәжбүр етеді. Дегенмен, әлі күнге дейін штаттар арасында ресми уәкілдік квотаны бөлуде анық әділетсіздікке көмектесетін ережелер сақталған.

   Кейбір  американдық зерттеушілердің тануы  бойынша американдық партиялық  жүйе дағдарысты бастан кешіруде дейді. Мемлекетте «саяси партиялар жауапкершілігін» енгізуге бағытталған әр түрлі ұсыныстар кіргізілуде. Сонымен Фрейзер және О¢Хара комиссиялары демократиялық партия құрылымына келесі өзгерістерді енгізуді ұсынады: «ағымдағы жылдарда» ұлттық партиялық конференцияларды шақыру (яғни, президенттік сайлау кезеңдері арасында), ұлттық партиялық комитеттерді қайта ұйымдастыру, партиялық билеттерді және партиялық жарналарды енгізу. Бұл жерде ұйымдық рәсімделмеген американдық партияларды құрылымы және мүшелігі нақты рәсімделген Еуропалық үлгідегі саяси партияларға түрлендіру әрекеті тура сөз айтылуда.

   Еуропа  құрлығындағы ұйымдық рәсімделмеген  саяси партияның үлгілі мысалы ретінде  Ұлыбританияның Консервативті партиясы табылады (консервативтілердің және юнионистілердің ассоциацияларының  ұлттық одағы). Бұл ескі партия алғашқысында парламентішілік саяси ұйым ретінде пайда болған, кейін XIX жүзжылдықтың ортасында, яғни Ұлыбританияда жалпыға сайлау құқығын енгізу кезінен бастап (1867 ж.) олар парламенттен тыс органдар жүйесін құрды. Қазіргі уақытта Ұлыбританияның консервативті партиясы сайлау компанияларын өткізу үшін бейімделген орталықтандырылған органдар жүйесі болып табылады. Бұл партияда ұйымдық рәсімделген мүшелік жоқ. Консерваторлардың партиялық аппараты қазіргі ауқымдағы жаппай саяси компанияларды енгізу қажеттілігіне көптеген жылдар бойы партиялардың бейімделу нәтижесінде қалыптасқан күрделі құрылымға ие.

   Облыстық  кеңес 1 жыл мерзімге құрылады. Кеңестегі  орындардың айтарлықтай басым санына партиялық бюрократтар, парламент  мүшелері, болашақ үміткерлер иеленеді. Кеңестің атқарушы органы болып облыстық атқарушы комитет табылады. Облыстық кеңес сонымен қатар президентті, бірқатар лауазымды тұлғаларды және консерваторлар партиясынан орталық органының өкілдері сайлайды.

   Сайлау  округтерінің ассоциациясы және облыстық кеңетер консервативтілер және юнионистер ассоциациясының ұлттық одағын құрайды, олардың өздерінің жетекші органы болады. Оларға бір жыл мерзімге құрылатын орталық кеңес жатады. Оның құрамына қалай жергілікті партиялық бюрократия өкілдері, солай жалпы мемлекеттік ауқымда әрекет ететін басшылар қатарынан тұрады. Орталық кеңес партия басшысына ұсыныстар беретін кеңесші орган болып табылады.

   Консервативті партияның жедел басқару қызметін жүзеге асырушы орган болып консервативтілер және юнионистер ассоциациясы ұлттық одағының атқарушы комитеті табылады.  Оның құрамына тек облыстық кеңес және консервативті партиялардың жалпы ұлттық ұйымдарының өлілдері кіреді. Бұл атқарушы комитетте партияның көрнекті басшылары отыратындығын білдіреді. Оған партияның орталық аппаратының басшылығы және жәргілікті партиялық ұйымының қызметі бойынша бірқатар өкілеттіктер берілген.

   Консервативті партияның формальді жоғарғы  органы болып табылатын жыл сайынғы  коференция шындығында кеңесші міндеттерге  ие. Партиялық саясаттың барлық сұрақтары бойынша соңға шешімді тек партия басшысы қабылдайды. Ағылшын мемлекеттанушылары Д.Харвей және К.Худ консервативті партия басшысының роліне келесі бағаны береді: «не жыл сайынғы конверенция болсын, не консервативтілер және юнионистер ассоциациясы ұлттық одағының комитеті болсын басшы қызметін және оның парламенттік әріптестерінің қызметін олардың үкімет немесе аппозиция құруына байланыссыз қадағалай алу мүмкіндіктерге ие болмайды. Әдетте басшы жыл сайынғы конференцияға қатыспайды, ол тек қорытынды отырыста сөйлейд және ол айтылған сөздер талқылауға жіберілмейді».

Информация о работе Шетелдердің конституциясы