Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2012 в 22:43, реферат
Коституциялық құқық ғылымында «конституция»түсінігі екі мағынада қолданылады. Формальді мағынада-бұл заңды конституция , яғни қоғамдық-экономикалық құрлымды, мемлекеттік құрлым нысаның және басқару нысаның, сонымен қатар тұлғаның құқықтық жағдайын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы. Заңды конституция ненің болатындығын ұйғаратын құжат болып табылады. Дегенмен заңды конституцияның ұйғарымын тәжребелік қолдану барысында жағдай өзгереді: жаңа мекмелер пайда болады, заңды конституция нормаларын елеулі өзгертіп және толықтыратын конституциялық, органикалық және кәдігімгі заңдар қолданылады. Өзге сөздермен айтқанда тәжрибеде заңды конституцияда ұйғарылған тәртіппен айырылатын басқа мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібі қалыптасады. Бұл мемлекеттік билікті жүзеге асырудың шыңайы тәртібі нақтыконституция немесе материалдық мағынада конституция деп аталады.
1. Шет елдердің конституциясы
2. Шетелдегі қоғамдық құрылыстың конституциялық-құқықтық негіздері
3. Шетелдердегі саяси партиялар мен партиялық жүйелер
4. Шетелдердегі адам және азаматтардың конституциялық мәртебесі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2)
3)
4)
Мемлекеттің негізгі сипаттамаларын қарастырамыз:
1)
2)
3)
4) Зайырлы мемлекет. Мемлекеттің зайырлы ретінде конституциялық сипаттамасы шіркеуді мемлекеттен бөлу және олардың қызмет аумақтарын шектеуді білдіреді (Италия). Мемлекеттің зайырлық сипаты діни ұйым құқықтарын қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік бюджеттің материалдық көмек көрсетуге кедергі болмайды.
Зайырлы
мемлекетке қарама-қайшы болып
Клерикалдық
мемлекеттер жиі кездеседі, олар
шіркеумен бірікпеген, дегенмен шіркеу
заңшығарушылықпен орнатылған институттар
арқылы мемлекеттік саясатқа ықпал етеді,
ал мектептік білім міндетті тәртпте діни
догматтарды оқытуды қосады (Иран).
3. Шетелдердегі
саяси партиялар мен
партиялық жүйелер
Саяси
партиялар – мемлекеттік
Шетел
мемлекеттерінің саяси
Демократиялық режимде саяси партияларсыз мемлекеттік билікті жүзеге асыру мүмкін емес. Саяси партиялар әр түрлі бағытына және түріне байланысты басқарушы ретінде немесе кез келген сәтте үкімет құра алатын ниет түзету аппозиция ролін атқарады. Мұндай ролдердің ауысуы социал-демократилық партиялары күшті елдерде байқалады (Ұлыбритания, Франция, ГФР, Австрия; Швеция т.с.с.).
Саяси партиялардың негізгі түрлері. Шетел мемлекеттерінде өзінің әлеуметтік-экономиаклық орнатуы бойынша әр түрлі саяси партиялар қызмет етеді. Оларды екі негізгі топқа бөлуге болады: консервативтік және революциялық-коммунистік, социал-демократиялық партиялар, либералды және басқалары.
Консервативті партиялар экономика аумағында және әлеуметтік аумақта мемлекеттік реттеуді шектеуге, сонымен қатар олардың пікірі бойынша азаматтардың өмірлік деңгейін жоғалату және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономикалық конъюкатураны жігерлетуге мүмкіндік беру үшін салықтарды қысқартуды жақтайды. Ұраны жұмыс орындарының сақталуы және олардың көбеюінде көрінеді. Ең алдымен кәсепкерлердің, оларда жұмыс істейтін жұмыскерлердің және шаруалардың мүддесін білдіреді. Консерваттар сенімі: «Біз қолданып отырған материалдық және рухани орта тек бізбен ғана емес, сонымен қатар біздің алдымыздағы буын ақылымен, еңбегімен құрылған мәдениет жетістіктері. Бізді қоршап тұрған орта тек біздікі ғана емес, сонымен қатар біздің ұрпағымыдікі. Адамдар алынған мұраны бұзуға және жоюға ерікті емес. Бұған бізді ұрпақ алдындағы жауапкершілік және бабалар туралы зерде міндеттейді».
Консерватизм – бұл адам зердесі, мықты мемлекеттік, салт-дәстүрді сыйлау, өз бостандығын дәстүрлер үшін жол беру, қалыптасқан тәртіпті қатаң сақтау. Консерваторлар үшін қоғамдық тұрақтылықты сақтау немесе қайта жаңғырту маңызды. Консервативті партия тарихи қалыптасқан институттарды қорғауға немесе қайта қалыптастыруға бағытталған. Консерваторлар монархияның сақталуына қамқорлық етеді (Италия, Англия, Бразилия). Мемлекет билік міндетін адамгершілік тұрақтылықты, ұлттық типтегі жанұяны қолдау құрайды. Консервативті саясатты жүргізу үшін билікті қатаң шектеумен байланыссыз күшке ие болу маңызды. Консерваторлар адамдарды ұлттық, әлеуметтік және өзге де белгілері бойынша береді. Олар ірі меншікке жүгінеді. Консерваторларға күшті әрекет қабілетті үкімет, президент немесе монарх, тұтастай әкімшілік ыңғайлы. Сыртқы саясатта консерваторлар экономикалық, дипломатиялық, әскери экспанция, өз мемлекетінің әлемдік әсерін кеңейті тенденциясын көрсетеді.
Консерваторлар – мемлекет тұтастылығының қағидалы жақтастары. Консерваторлар ұлттық азат ету қозғалысын, өзін-өзі басқаруға халық құқығын қолдауға беиімді емес. Олар қоғамды ортақ мақсатқа жетуге біріктіретін саясат әрекетін ұсынады. Консерватизм әсіресе қоғамдық-саяси қайшылық шиеленісу, әскери немесе экономикалық қауіп кезеңінде танымал. Консерватизм элиталық қабаттан сүйеу табады және осы элитаны қолдауға қамқорлық етеді. Дәстүрлі американдық құндылықтардың жақтастары Рейган консерватор мәртебесіне ие болды. Билік басында көп уақыт социалистер тұрған мемлекеттерде, олар өздерін соңғы кезеңде консерваторлар сияқты ұстайды. Бұл партияларға АҚШ-тың Республикалық және Демократиялық партиялары, Ұлыбританияның Консервативтік партиясы, ГФР-нің Христиан-демократиялық одағы, Жапонияның Либералды-демократиялық партиясы және басқалары жатады.
Социал-демократиялық партиялар салықтарды көбейту есебінен әлеуметтік бағдарламаларды жартылай ұлттықтандыру және қаржыландыруды қоса алғанда, экономикаға мемлекеттік араласуды күшейтуді жақтайды. Мұндай партияларға Ұлыбританияның Лейбористік партиясы, Франциядағы, Италиядағы және Испаниядағы социалистік партиялары, Германиядағы және Скандинав мемлекеттерінің социал-демократиялық партиялары жатады. Социалистік және социал-демократиялық партиялар (Ұлыбританияның Лейбористік партиясы, Германиядағы социал-демократиялық, Испаниядағы социалистік-жұмысшы, Франциядағы социалистік). Сайлау нәтижесінде бірнеше рет басқарушы болды. Швециядағы социал-демократиялық партия мемлекетте социализмнің «Шведтік моделін» қалыптастырып ондаған жылдар бойы басқарды.
Демократиялық мемлекеттердің саяси жүйесіндегі коммунистік партиялар тәртіпті түрде экономиканың мемлкеттендіруді жақтайды және Марксизм идеялогиясын немесе модификациясын ұсынады. Коммунистік партияның мәні барлық қоғамдық байлықты мемлекеттіктендіру және «еңбек бойынша» бөлуде қорытындыланады. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін өнеркәсіптік қоғамның әлеуметтік-экономикалық өткір мәселелерін жеңу шарасы бойынша дамыған мемлекеттерде коммунистік партиялардың ықпалы төмендей бастады.
Саяси партиялардың арасында өзінің қызметінде діни идеялогияны белсенді пайдаланатын конфессионалдық (дінге сенуші) партиялар бөлінеді. Бұл партиялар ықпалды саяси ұйымдар болып табылады. Конфессионалдық партиялар әр түрлі дінгесенуі мүмкін. Католиктік партиялар қатарында ГФР-нің Христиан-демократиялық одағы (бұл партия протестандық шіркеумен де ынтымақтастықта), Белгияның әлеуметтік-христиандық және христиан-халықтық партияларды айтуға болады. Жапонияның Комэйто партиясы СокаГаккай қоғамының діни буддистік саяси ұйымы болып табылады. Индияның Бхарам джаната партиясы діни қауымдастық негізінде құрылған және индустық ұлттықтандыру бағытынан тұрады.
Егер атауына байланысты айтатын болсақ дамыған мемлекеттердің саяси партиялары әралуан болып келеді. Дегенмен, партияның аты әрқашанда оның нақты «бетіне» сәйкес келе бермейді. Партиялардың шынайы саяси бағыты олардың атауына емес, жүзеге асырылатын қызметіне байланысты орнатылады. Бірқатар мемлекеттерде социал-демократия саясатына жақын, орталықтық бағытты ұстанатын либералды партиялар әрекет етеді. Либералды мемлекет және заң «адамдарға ақымақ болуға рұқсат етеді, олардың жақсылық және қастандық арасындағы ерікті таңдауына араласпайды: олар тек жалпы игі мүддеде қоғамның өмір сүруіне қауіпті ақымақ адамға қастандықпен келуге кедергі етеді. Адам еркін. Қоршаған ортаға адамға ақыл-ой бойынша теңдес ешкім жоқ. Даму мүмкін және қажетті, ал оның қажетті жағдайы болып жеке және саяси еркіндік табылады. Мемлекеттің, кез келген биліктің адамды бостандығынан айыруға және құндылықтар жүйесін жіктеуге құқығы жоқ». Либерализм – бұл бостандыққа, меншікті «мені» табуға мәңгілік ұмтылу, бірақ сол сәтте бұл өзімшілдіктің саяси көрінуі және жемтікке ұмтылу. Либералды бағыттан қарағанда биліктің басты міндеті болып әр адамның біреудің басшылығынсыз өз мүмкіндіктерін еркін жүзеге асыра алатын қауіпсіз жағдай жасау табылады.бұл Ұлыбританияның Либералды-демократиялық партиясы, Канаданың Либералды партиясы, ГФР-нің ерікті демократиялық партиясы.
Кейбір
мемлекеттерде белгілі ықпалмен
ұлттықтандырылған партиялар
Саяси партиялар қызметі, яғни пікірлес тұрақты топ ретінде партия белгілерімен тығыз байланысты саяси партия әрекеттерінің негізгі бағыттары. Американдық саясаттанушы Дж.Ла Паломбаре партия қалыптастыратын 4 белгіні көрсетеді: 1) кез келген партия идеялогия немесе ең құрығанда әлем және адамның ерекше көрінуін тасымалдаушы; 2) партия – бұл ұйым, яғни әр түрлі деңгейдегі саясатта жергіліктіден бастап халықаралыққа дейін адамдардың ұзақ бірігуі; 3) партия мақсаты – билікті қолға алу және жүзеге асыруы; 4) әр партия оған дауыс беруден белсенді мүшелікке дейін өзіне халық қолдау қамтамасыз етуге ұмтылады.
Саяси партиялармен жүзеге асырылатын негізгі қызметтері оның саяси жүйедегі орнын және олардың ролінің ерекшелігін сипаттайда және белгіледі.
Саяси партиялардың бірінші қызметі үкіметттік билік орталығына және орындарына ие болуға жекелеген қарсылас топтар арасындағы күрес құралы ретінде көрінеді.
өз мақсаттары үшін мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары және муниципалиттердің қолдауында әр түрлі әлеуметтік топтар өте мүдделі (федеративті мемлекеттерде – билік органы және федерация субъектілерінің басқармасы). Үкіметтік билікті және жергілікті, федералды органдарға ықпалы қалай отырып бұл топтар сайлау орындарына өз өкілдерін шығаруға көмек жасайтын қандайда бір саяси партияға ставка жасайды.
Әр түрлі партиялардың бәсекелестігі конституциялық қатынастар шеңберінде өтуі тиіс. Ол бәсекелестік қарсыластардың күші жинаған дауыс саны бойынша бағаланатын сайлау күрес нысанында көрінеді.
Саяси партиялардың екінші қызметі олардың мемлекеттік аппараттың барлық буындарының қалыптастыруына және қызметіне қатысуында қорытындыланады. Орталықта сонымен қатар өзге де жерлерде биліктің жіне басқарудың сайлау органдары (президент, парламент, федерация субъектілерінің өкілді органдары, муниципалды кеңес және басқалары) саяси партиялардың тікелей қатысуымен құрылады. Сайлай лауазымына үміткерді таңдайтын және сайлау компанияларын жүргізетін солар болып табылады. Сонымен партиялар саяси басшыларды және мемлекеттік қызметкерлерді тәрбиелейтін ұйым болып табылатын. Өзге сөзбен айтқанда, олар басқарушы элитаны қалыптастыратын кадрларды дайындайды.
Мемлекеттік аппаратқа қатысты басқарушы партиялар ерекше рольді атқарады. Мұндай партиялардың басқарушы органдары тек үкіметті қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар барлық орталық атқырушы ведомство басшыларының жекелеген құрамын белгілейді. Мұндай міндет парламенттік басқару нысанындағы мемлекеттерде (Ұлыбритания, Италия, ГФР, Швеция, Дания, Нидерланды) партиялармен тиімді шешіледі. Онда парламенттік жолмен қалыптасқан үкімет өзінің жекелеген құрамы бойынша басқарушы партияның басқарушы органына толықтай дерлік сәйкес келеді. Бұл мемлекеттерде министрлер болып тек парламент мүшелер болып табылғандықтан, сайлауды жеңіп үкіметті қалыптастырған жағдайда, мүшелерінің санынан басқарушы партия өз фракциясының құрамын белгілейді. «Классикалық» үлгідегі (АҚШ) президенттік републикаларда үкіметтік партиялық құрамы төменгі деңгейде парламенттің партиялық құрамына тәуелді, демек оларда депутаттық мандат және министрлік портфельдің сиыспаушылық қағидасы әрекет етеді. Дегенмен басқарудың осы нысанында да билік етуші партия және мемлекеттік биліктің жоғарғы атқарушы органдар арасында тікелей байланыс бар.