Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 22:17, реферат
Адамзат қауымы баланы жоспарлаудың тәсілін үйренді. Қазіргі кезде жүктіліктен сақтанудың түрлі амалдары бар. Тек дәрігердің кеңесімен өзіңізге лайықтысын таба біліңіз. Өйткені, әр адамның ағзасының ерекшелігіне қарай сақтану құралдарының бірі лайықты болса, керісінше бірі жақпауы мүмкін. Сондықтан, кеңінен қолданылып жүрген жүктіліктен сақтайтын құралдармен таныстырып өтсек.
7. Егер мүшеқапта вазелин көп болса, бұл ақау ма?
Мүшеқапта вазелин мүлдем жоқ және болуыда мүмкін емес, өйткені вазелин латекс бұйымдарын зақымдайтын органикалық майлар негізінде жасалады. Осы себепке байланысты вазелинді мүшеқаптармен бірге қосымша пайдалануға болмайды. Сіздің вазелин деп атайтыныңыз минералды майлар (ереже жүзінде силиконды май немесе SК-70) негізіндегі жағынды болып табылады. Жағындының көп мөлшері ақау болып табылмайды (мүшеқаптың алғашқы орамы герметикалық және жағынды ағып жатпаған жағдайда болса).
8. Мүшеқаптар жиі жыртылады ма?
Дұрыс пайдаланылған жағдайда мүмкіншілік төмен. Сапалы мүшеқаптар берік латекстен жасалады және арнайы лабораториялық сынақтардан өтеді. Сондықтан мүшеқаптарды тек қана дәріханалардан немесе сақтау шарттары қадағаланатын жерлерден сатып алған жөн. Егер қорапты тіспен немесе қайшымен ашқан кезде зақымдалса, мүшеқапты пайдалану тиімділігі төмендейді. Мүшеқаптың соңғы бөлігінде ауаның болуы да жыныстық қатынас уақытында жыртылуына әкеп соқтырады.
9. Мүшеқапты пайдалануды ұсынатын болсам, мен серіктесімді ренжітіп алмаймын ба?
Мүшеқапты пайдалану – бұл серіктестігіңіздің денсаулығы және оның қауіпсіздігі жөнінде қосымша қамқорлық. Қарапайым адамды қамқорлықпен ренжіту ойға сыймас нәрсе. Мүшеқапты пайдалану процессі жыныстық қатынастың қызықты элементі болуы мүмкін.
10. Мүшеқап неден жасалады?
Латекстен.
11. Секс кезінде мүшеқапты пайдалану сезімталдықты бәсеңдетеді ме?
Қазірігі заманауи мүшеқаптары сапалы латекстен жасалады, олар жеткілікті жұқа және ЖЖБЖ-сы мен қажетсіз жүктіліктен берік қорғанысты көрсетеді.