Жоспарсыз жүктіліктен сақтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 22:17, реферат

Краткое описание

Адамзат қауымы баланы жоспарлаудың тәсілін үйренді. Қазіргі кезде жүктіліктен сақтанудың түрлі амалдары бар. Тек дәрігердің кеңесімен өзіңізге лайықтысын таба біліңіз. Өйткені, әр адамның ағзасының ерекшелігіне қарай сақтану құралдарының бірі лайықты болса, керісінше бірі жақпауы мүмкін. Сондықтан, кеңінен қолданылып жүрген жүктіліктен сақтайтын құралдармен таныстырып өтсек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспарсыз жүктіліктен сақтану жолдары.docx

— 193.40 Кб (Скачать документ)

Жоспарсыз жүктіліктен сақтану  жолдары

Күні: 25 Шілде, 2011 // Айдары: БЕДЕУЛІК // 143 рет оқылды

 (1 дауыс, орташа: 3,00 

Қаріп өлшемі:     

Адамзат қауымы баланы жоспарлаудың тәсілін үйренді. Қазіргі кезде жүктіліктен сақтанудың түрлі амалдары бар. Тек дәрігердің кеңесімен өзіңізге лайықтысын таба біліңіз. Өйткені, әр адамның ағзасының ерекшелігіне қарай сақтану құралдарының бірі лайықты болса, керісінше бірі жақпауы мүмкін. Сондықтан, кеңінен қолданылып жүрген жүктіліктен сақтайтын құралдармен таныстырып өтсек.

Мүшеқап (презерватив) 
Тиімділігі: жүктіліктен сақтануда 100 пайыз кепілдік бере алады. Еркектің ұрығын жатырға жібермей, ұстап қалатындықтан, жүктілік те болмайды. Оған қоса, әлемде кең тараған СПИД, ВИЧ ауруларынан тиімді қорғаныс.

фото: 1vopros.ru

Кемшілігі: Қолданар алдында оның сапалылығына мән беріңіз. Жыртылған немесе бұрын пайдаланылған мүшеқаптарды мүлде қолданбаңыз. Сапалы дегендерінің өзі температураның ауысуына шыдас бермейді. Сондықтан, оны қалыпты температурада тұрған бөлмеде сақтау қажет. 
Қолданылу тәсілі: Ер адам төсек қатынасы барысында тек қозғаннан кейін ғана қолданады. Оны жыныс мүшесіне кигізердің алдында ұшында ауасы сығылған бос кеңістік қалу керек.

Спермицидті құралдар. Бұған түрлі таблеткалар, крем, мазь, свеча түрінде шығарылатын құралдарды жатқызады. 
Тиімділігі: Жатырға енген еркектің шәукетінің белсенділігін жояды. Сондықтан, ұрықтану процесі жүрмейді. Оған қоса, жыныс мүшелері арқылы берілетін түрлі аурулардың да алдын алатын қасиеті бар. Өйткені, жатырға енген түрлі вирустарды жойып жібере алады. Тұрақсыз жыныстық қатынаста өмір сүретін әйел баласына қолайлы. 
Кемшілігі: Әрбір жақындасудан кейін біреуін салып отыру керек. Кей жағдайда аллергиялық белгілер байқалуы мүмкін. 
Қолданылуы: Жыныстық жақындасудан бұрын салынады. 1 сағаттан 24 сағатқа дейін (құрамына байланысты) күшін сақтай алады. Спермицид жатырға енген соң төсектен тұруға болмайды.

Спираль. Кең тараған тиімді тәсіл. Оның қарапайым пластиктен, күмістен және мыстан құйылған түрлері кездеседі. Формасы да алуан түрлі. 
 
фото: aclinicmed.ru, do100verno.com

Тиімділігі: Жүктіліктен ұзақ мерзімге сақтануға болады. Шығарылу тәсіліне қарай 1 жылдан 5 жылға дейін жатыр ішінде тұра береді. Дәрігерлер 98 пайыз сақтайтындығына кепіл береді. Ағзаның зат алмасу процесіне әсер етпейтіндіктен сырқат (қант диабеті, жүрек ауруларына ұшыраған) әйелдерге де қолдана беруге болады. 
Кемшілігі: Алғашқы айларда етеккір аса көп көлемде келуі мүмкін. Құрамы әр түрлі болатындықтан кері әсерін тигізетін кездері болады. Сондықтан, гинеколог – дәрігер спиральді жатырға енгізер алдында нұсқауымен мұқият танысып шығу керек. Жатыр іші құралдарын қолданғаннан кейін түрлі жыныстық аурулар қозуы мүмкін. Жатырдан тыс жүктіліктің қауіптілігі 20 пайызға дейін артады. 
Қолданылуы: Жатыр іші құралдарын тек дәрігер медициналық мекемелерде салады. Сондай-ақ, әйелге қолдану-қолданбауын дәрігер шешеді. Өйткені, әйел кем дегенде бір бала туған (бала тумаған әйелдердің жатыры тым кішкентай болғандықтан, спиральді салуға болмайды), жыныстық аурулары байқалмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Гормоналды  құралдар 
Тиімділігі: Жүктіліктен сақтану мақсатында ғана емес, ағзадағы түрлі гормоналды ауытқушылықтарды ретке келтіру үшін қолдануға болады. Етеккірдің жүйесін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Мамандар бұл дәрілердің жатыр мен сүт бездерін рак ауруынан сақтайтындығын айтып жүр. 
Кемшілігі: Семіруден, жүрек, қан-тамыр ауруларынан зардап шегетіндер, темекі тартатындар, сондай-ақ қант диабетімен ауырғандарға пайдалануға болмайды. Өйткені, оның құрамында қанды қоюландыратын заттар бар. Үздіксіз пайдаланғандықтан бауырға салмақ салады. Бауырында кінәраты барларға да қолдануға болмайды. Сондай-ақ, ең қиыны – гормоналды құралдар белгілі бір уақытта, тұрақты түрде қолданылатындықтан, уақытын өткізіп алуға болмайды. Әйелдер арасында бұл құралдарды қолдану барысында салмақ қосатындығы туралы айтылады. Бұл дәрілер адамның тәбетін ашатындықтан, асты әдеттегіден көбірек тұтына бастауыңыз мүмкін. Бұл өз кезегінде артық салмаққа алып баратыны жасырын емес. 
Қолдану тәсілі: Таблеткалар күнделікті ішуге арналған. Ал, инъекциялы құралдар егу арқылы жүзеге асырылады.

Контрацепцияның түрін таңдау сізге ғана байланысты екендігін жадыңыздан шығармаңыз. Дәрігердің кеңесі міндетті түрде қажет. Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда. Жасанды түсікке жеткізбей, сақтанудың түрлі амалдары бар екендігіне көз жеткіздіңіз деп ойлаймыз.

Достармен бөлісу

 

 


Отбасын жоспарлау

Көптеген адамда,р әсіресе,жас шағында сәттілікке сеніп, ешқандай контрацептік құралдарды қолданбайды.

Қазіргі заман медицинасы контрацептік құралдар мен әдістердің түр-түрін ұсынады. Бұл кез-келген жұптың талаптарына сай жүктілікті болдырмау құралын таңдауға мүмкіндік береді.

Ең дұрысы, контрацепция әдісі мен құралын дәрігер-гинеколог таңдауы қажет. Алайда жыныстық қатынасқа түсетін немесе сондай өмірді бастауға бел буған әрбір әйел контрацепция түрлерінің артықшылығы мен кемшін тұстарынбіліп жүргені абзал.

Контрацепция  туралы не білу қажет?

Қазіргі таңдакүтпеген  жүктіліктен сақтанудың анағұрлым  тиімді әдісі-гормоналдық контрацепция. Эстроген және гестогенді компоненттері төмен кешенді оралды контрацептивтер кеңінен қолданылады. Олар босанбаған жас әйелдерге, бала емізбейтін әйелдерге, әрі сақтану, әрі емдеу(анабез дисфункциясы, патологиялық етеккір алды кезеңі кезінде) мақсатында көрсетіледі. Егер Сіз нақты нұсқаулықтағы ережені ұстанатын болсаңыз, онда сіздің жүкті болу мүмкіндігіңіз өте төмен болады.Сонымен қатар дәрі қабылдауды тоқтата салысымен, Сіз жүкті бола аласыз.

Кеңінен қолданылатын тағы бір әдіс-жатыр ішілік құрал(ЖІҚ). Ол халық арасында «спираль» деп аталады.Спираль-контрацепцияның тиімді және ыңғайлы әдісі. Бірақ, мүмкін болатын асқынулар ретінде жамбастың ауруы, қан кету, созылмалы қабыну ауруларының күшеюін атап өткен жөн.

Сондай-ақ құрамында  Мирена гормоны бар спираль ерекшеленеді. Бұл-жатыр қуысына енгізілетін  жатыр ішілік құрал. Құрамында гормондар бар спиралдардың артықшылығы сол, оларды қолданғанда қан кету, жамбастың ауруы болмайды, миома, эндометрий полиптері кезінде қарсы көрсетілімі жоқ, яғни оның емдік әсері жоғары.

Жасөспірімдер үшін контрацепцияның анағұрлым қауіпсіз әдісі:мүшеқап болып табылады, өйткені күтпеген жүктіліктен сақтанудан басқа, жыныстық жолмен берілетін ауруларды жұқтырып алу қаупі төмендейді.

Кез-келгенқұралды  қолдануды ұсынар кезде, көптеген жайттар  ескерілуі тиіс, сондықтан отбасын  жоспарлау мәселелері бойынша дәрігерден кеңес алу қажет.


 

 

 

Контрацепция

Көптеген ерлі-зайыптылардың және әйелдердің алдында, керек емес жүктіліктен қалай сақтау керек деген сұрақ тұрады. Бұл сұрақтың туындауына себеп болатын, жүкті болатын әйелдің немесе дүниеге келетін баланың дені сау болама деген сұрақ емес, сонымен қатар бақытты отбасы құрыла ма жоқ па деген күрделі сұрақ тұрады

Осы кезде контрацепцияны қолдану қауіпсіз жыныстық қатынас жасауға және денсаулығыңды сақтауға, сонымен қатар   өзіңнің жаныңа жайлы және ұнайтын өмір сүруге көмектеседі.

Контрацепция сізге қалай көмегін тигізеді:       

 Ұнайтын адамыңмен ерікті сезінуіңе көмектеседі және керегі жоқ жүктіліктің болып қалуынан сақтайды.       

 Сіздің балалы болуыңызды ойлануға мүмкіндік береді. Сондықтан, ойланып шешкенен кейінгі балалы болуға шешім қабылдап, еккіқабат болып, балалы болуыңыз өзіңіздің жоспарыңызбен болады да, ол ісіңізге өкінбейтін боласыз.        

 Жасанды жолмен  баланы алдырып тастағанда, денеңізге және жан-дүниеңізге жарақат әкелетін, денсаулығыңызға зиянын тигізетін қауіп және қатерден сақтайды.       

 Бір бала туғаннан кейінгі екінші баланы туудың арасындағы уақыттың жиі болмауын сақтауға көмектеседі. Себебі екі баланың арасының аз дегенде үш жыл болуы, ананың денсаулығының қалпына келіп және келесі баланы тууға да денсаулығын дайындауға көмегін тигізеді.  

       Кейбір контрацепциялар жыныс жолымен жұғатын аурулардан сақтайды.

Күтпеген жүктіліктен сақтанудың көптеген әдістері бар. Бірақта, барлық әйелдерге бірдей жақсы әсер ететін контрацепциялық дәрі жоқ екенін естен шығармау керек. Қандай емдік әдісті алсаңыз да, оның жетістігі мен жетіспеушілігі, жағымды, жағымсыз және   кері әсерлері болады. Сондықтан контрацепцияны әр-адамның дене мүшесіне қарай, қалай әсер беруіне байланысты, жыныстық қатынасқа деген нйетіне және денсаулығының жарамдығына байланысты таңдауы керек. Сіздің денсаулығыңызға пайдасы бар контрацепцияны дәрігер акушер-гинеколог немесе әйелдерге кеңес беру мекемесінің арнайы даярланған акушеркасы ғана таңдап бере алады.

Физиологиялық әдіс

Әйелдің жыныстық жұмытқасынан әр-бір жаңа жұмырқалық жасуша  жуықтап алғанда келесі етеккірге 14 күн қалғанда өсіп жетіледі. Әйелдің жұмыртасының жасушасының өмірі өте қысқа, ол 24 сағат өмір сүреді десек, сперматозойдтың өмірі 48 сағатқа созылады да, бұл екі есе көп уақыт өмір сүреді дегенді білдіреді. Осы жағдайды білгеннен кейін, овуляция болатынға дейінгі және одан кейінгі үш-төрт күндегі «қауіпті күндерде» жыныстық қатынас жасамасаңыз күтпеген жүктіліктен сақтана аласыз. Бұл әдіс, тек ай-сайынғы етеккірі өзгеріссіз, дұрыс етеккір кезеңі болатын әйелдерге ғана тиімді. Егерде, сіздің күнделікті өміріңізде қандай да бір жағымсыз жағдай болып қалса, ол етеккірдің реттік кезеңі бұзуы мүмкін, мұл кезде жыныстық жұмыртқа жасушасының өсуінің уақытын бұзады.

Төменде етеккірлерінің кезеңдері әр-түрлі ұзақтық кезеңде болатын әйелдердің «қауіпті күндерін» анықтауға болатын кесте берілген.

Ұрықтанудың мүмкін болатын кезеңін қалай есептеуге болады ? 

Сіздің етеккіріңіздің

ең қысқа

кезең күні 

Сіздің бірінші «қауіпті күніңіз»    Сіздің етеккіріңіздің

ең ұзақ

кезең күні 

Сіздің соңғы «қауіпті күніңіз» 

21*   3-ші күн     21     10-шы күн

22     4-ші  22     11-ші

23     5-ші  23     12-ші

24     6-шы 24     13-ші

25     7-ші  25     14-ші

26     8-ші  26     15-ші

27     9-шы 27     16-шы

28     10-шы        18     17-ші

29     11-ші          29     18-ші

30     12-ші          30     19-шы

31     13-ші          31     20-шы

Ескертпе: * 1 күн = етеккірдің бірінші күні (етеккірдің қанауының)

Контрацепцияларды физиологиялық әдіспен

қолданудың   ұсынсы:

1.    Етеккір күнтізбегін бастаңыз, онда 8 ай бойына әр-бір болған етеккір кезеңінің ұзақтығын белгілеңіз. Әр кезең етеккірдің бірінші басталған күнінен басталады (етеккір кезеңінің бірінші күні) және келесі етеккір басталуға бір күн қалғанда (етеккір кезеңінің соңғы күні) аяқталады.

2.    Ең ұзақ және ең қысқа күндерде болтын етеккір кезеңін анықтаңыз.

3. Кестеден өзіңіздің «қауіпті күніңізді» табыңыз. Етеккіріңіздің ең қысқа күнінің ұзақтығын қолданып және соңғы «қауіпті күніңізді» қолдана отырып, ең ұзақ еттеккір кезеңін алыңызда өзіңіздің бірінші «қауіпті күніңізді» анықтаңыз.    

4.    Қазіргі етеккір кезеңінің ұзақтығын ескере отырып, бірінші және соңғы «қауіпті күніңізді» анықтаңыз.

5.    «Қауіпті күніңізде» жүктілік болып қалмасы үшін контрацепцияның басқа да әдістерін: барьерлік , химиялық ж.б. түрлерін қолдануыңызға болады.

Ұтымдылығы: 

       Денсаулыққа қатері жоқ;       

 Қосымша әсерлері жоқ;       

 Қаражатты көп қажет етпейді.

Жетіспеушілігі:       

 Жоғары сапалы емес;      

 «Қауіпті күніңізде» жыныстық қатынас жасамау керек және контрацепцияның басқа әдісін қолдану керек болады;

АИЖА/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды.

Дененің ыстығын анықтайтын әдіс.

Дененің ыстығының көтерілуі овуляцияның болғанын емес оның дамуының басталғанын білдіреді. Дененің қызуы кейде овуляцияға 12-24 сағат қалғанда төмендеуі мүмкін, одан кейін орта есепте 0,2-0,5 ºС көтерілуі мүмкін. Сондықтан, дененің қызуының көтерілуінің соңғы үш тәулікке созылған уақыты, ұрықтанудың немесе жүктіліктің мүмкін болатын күндері деуге болады.

Дененің қызуының көтерілуіне басқа да жағдайлар (күтпеген жағдайлар, аурушылықтар ж.б.) әсер беретін болғандықтан, дененің қызуының көтерілуін өлшеу әдісі жүктілікті болдырмаудың ең тиімді әдісі бола алмайды.

Мынаны ескерген жөн, кейбір әйелдердің дене қызуы еш өзгермейді, сонлықтан бұл әдіс те барлық әйелдерге бірдей тиімді емес. 

Дене қызуының көтерілуін өлшейтін әдісті  қолданудың ұсынысы.

1. Денеңіздің қызуының көтерілуін күнде ертең ерте төсегіңізде жатқанда өлшеңіз;

2. Денеңіздің қызуының көтерілуін күнде ертең ерте өлшегенде бір ғана термометрмен өлшеңіз;

3. Денеңіздің қызуының көтерілуін белгіленген бір уақытта және денеңіздің белгіленген жерінен ғана өлшеңіз (ауыз қуысының қызуын – 5 минут, ал тоқ ішектің немесе жатыр қынабының қызуын – 7 минут) өлшеу керек;

4. Әр күні өлшеген қызуыңыздың қанша болғанын белгілі қағазға тізіп жазып жүріңіз;

5. Дененің қызуы кейде овуляция кезінде орта есепте 0,2-0,5 ºС көтеріледі. Егерде дененің қызуы көтерілмегенін анықтасаңыз, жалғастыра беріңіз, себебі әлі овуляция болмаған.

6. Егерде сіздің денеңіздің қызуы түспеген болса, онда сіздің «Қауіпті күніңіз» әлі жалғасып жатыр деген түсінікті білдіреді, ендеше бұл басқа бір сырттан әсер етудің салдарынан көтерліген қызуыңыз емес.  

 Ұтымдылығы:       

 Денсаулыққа қатері жоқ;       

 Қосымша әсерлері жоқ; 

       Қаражатты көп қажет етпейді.

Жетіспеушілігі:       

 Жоғары сапалы емес;      

 Овуляция кезінде  жыныстық қатынас жасамау керек және контрацепцияның басқа әдісін қолдану керек болады;

АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды. 

 Лактациялық аменорея әдісі

Лактациялық  аменорея – бұл әйелдің баланы емшек сүтімен бағып жүрген кездегі етеккірдің болмаған уақыты, осы кезде жыныс жұмыртқа жасушасының өсіп жетілуіне көмектесетін гармонның физиологиялық жолына емшекпен емізу құбылысының кері әсерінен болады. 

Лактациялық  аменорея күтпеген жүктіліктен сақтайтын ең тиімді әдіс болып есептеледі, егерде баланы тек қана емшек сүтімен ғана тамақтандыратын болса, және де емшекпен әр екі сағат сайын және міндетті түрде, түнде де емшек сүтімен емізіп тамақтандыратын болса. 

Лактациялық  аменорея әдісі әдетте, баланы туғаннан кейін, баланың тамақтануына қосымша тамақ қосылғанға дейінгі 6 ай уақытына ғана қолданылады.     

 Ұтымдылығы:     

 Eмшекпен тамақтандырудың   дұрыс әдісі мен уақыт аралығын қатал сақтаған кезде ғана тиімді;       

 Қосымша әсерлері жоқ; 

       Қаражатты көп қажет етпейді. 

     Жетіспеушілігі:     

 АИЖВ/ЖПБИЖС  және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды.

Етеккір келгенге дейін ғана тиімді әдіс немесе бала туылғаннан кейінгі 6 айдан артық уақытта пайдасы жоқ; 

Жыныстық қатынастың үзілуі

Жыныстық қатынастың үзілуін қалай түсінуге болады, ол дегеніміз ер адам сперманы (ұрықбөліну) қынаптың сыртына және әйелдің сыртқы жыныс мүшелеріне шығаруды айтады. Жыныстық қатынастың толық үзілуі болу үшін, ер адам еркектік жыныс мүшесін қынаптан толығымен шығаруы керек.

Информация о работе Жоспарсыз жүктіліктен сақтану