Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 22:17, реферат
Адамзат қауымы баланы жоспарлаудың тәсілін үйренді. Қазіргі кезде жүктіліктен сақтанудың түрлі амалдары бар. Тек дәрігердің кеңесімен өзіңізге лайықтысын таба біліңіз. Өйткені, әр адамның ағзасының ерекшелігіне қарай сақтану құралдарының бірі лайықты болса, керісінше бірі жақпауы мүмкін. Сондықтан, кеңінен қолданылып жүрген жүктіліктен сақтайтын құралдармен таныстырып өтсек.
Кейде жүйке жүйесі бұзылады, бірақта дәріні қабылдауды тоқтатқанда ол өзгеріс бірден тоқтайды. Егерде жүйкенің бұзылуы эпилепсия сияқты белгілер берген болса гармондық дәрілерді қабылдауда өте сақтық қажет болды.
Контрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде етеккір аралық қанау болуы мүмкін. Бұл жағдай эстрогеннің аз мөлшері бар дәрілерді қолданған кезде байқалады. Бұндай дәрі ішкен әйелдерде етеккір аралық қанау 2-3 ай өткеннен кейін тоқтайды. Егерде мұндай етеккір аралық қанау болса тез арада басқа дәріге ауысуға болмайды. Егерде етеккір аралық қанау бірнеше ай бойына тоқтамаса онда басқа дәріні қолдануға ауысу керек болады.Контрацептикалық дәрілер емшек сүтін азайтады, сондықтан олар біріктірілген жүктілікті болдырмайтын дәрілерді емес -мини-пили- (құрамында микромөлшердегі прогестин бар контрацептикалық дәрілер) қолданулары керек болады.
Темекі тартатын әйелдерде контрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде жағымсыз қосымша әсерлері қөп болады. Темекі тартатын 35 жастан асқан әйелдерде онтрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде темекіні тартуды тоқтатуына тура келеді, немесе басқа дәріге ауысуына мәжбүр болады.
Жүктілік кезінде, бауыр ауруы болса, жүрек-қантамыр ауруларына, артериялық қысымы аса жоғары болса, сусамыр ауруында, қатерлі ісікте, май алмасуы бұзылғанда гармондық жүктілікті болдырмайтын дәрілерді қолдануға рұқсат етілмейді. Гармондық жүктілікті болдырмайтын дәрілерді қолдану алдында жоғарыда көрсетілген аурулары және басқа да аурулары бар адамдар міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.
Ұтымдылығы:
Сапасы өте жоғары
Эндометрия және жұмыртқа қатерлі ісігінің алын алауға болады;
Ауыртатын етеккірдің ауруын жеңілдетеді және қан ағуды азайтады;
Толығымен қайта қалпына келеді;
Қабылдауға жеңіл;
Жетіспеушілігі:
Қосымша әсерлері болуы мүмкін;
Күнделікті дәріні қабылдау керек;
Қаржы шығыны болады;
АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды;
КОНТРАЦЕПТИКАЛЫҚ ӘДІСТІ ТАҢДАУ
Контрацептикалық көптеген дәрілер мен әдістердің ішінде әйелдер өздерінің өмір сүрулеріне және әдеттеріне ыңғайлы бір ғана әдісті таңдап алулары керек болады.
Қандай әдісті таңдап алсам екен?
Тұтқиылдан және тұрақты емес жыныстық қатынас үшін венерикалық аурулардан сақтану үшін презервативті қолдану керек.
Жатырішіне салатын дәрі тек бала туған әйелдерге ғана сай келеді.
Жас және бала тумаған әйелдерге тек гармондық дәрілерді қолданған дұрыс болады.
Жыныс қатынасы үзілген кезде дәріні ылғи қолданудың қажеті болмайды, себебі одан үміт жоқ.
Физологиялық әдіске қосымша контрацептикалық әдісті қолдануға болады.
Контрацептикалық әдісті немесе дәріні дұрыс таңдап және оны дұрыс қолдануы үшін әйел адам әйелдерге кеңес беретін мекеменің дәрігерінен кеңес алуы керек. Сізге,
тек тәжірибесі мол дәрігер ғана дұрыс әдісті және дәріні таңдап береді, жүктіліктен қалай сақтау керектігі туралы
да дұрыс кеңес айта алады, басқа сырттан кеңес сұрауға болмайды, себебі
ол сіздің денсаулығыңызға тиесілі болғандықтан, тек дәрігерге ғана жүгініңіз.
Бас бет > Репродуктивтік денсаулық > Контрацепцияның әдістері
Контрацепцияның тосқауылдық әдістері мен спермицитдер.
Контрацепцияның тосқауылдық әдістері қынапқа немесе жатыр мойына химиялық немесе механикалық жолмен шәуеттің (сперма) түсуіне кедергі жасайды. Бұл әдіске ер және әйел адамдардың презервативтері, диафрагма ұрықтануға қарсы мойындық қақпағы спермецитті көбікпен супозиторилер, көбіктенетін дәрілер, пасталар, гельдер және губкалар жатады.
Бас бет > Репродуктивтік денсаулық > Контрацепцияның әдістері > Әйел адамдарға арналған мүшеқап (презерватив).
Әйел адамдарға арналған мүшеқап (презерватив).
20 ғасырдың 80 жылдары еркектер мүшеқабына ұқсас, бірақ ұзынырақ және кең әйел мүшеқаптары шықты. Оның нәтижелілігі контрацепцияның басқа тосқауылдық әдістері секілді жоғары, жанама әсерлермен аллергиялық реакцияларды тудыртпайды. Әйел мүшқабын қолдану ЖЖБА мен жоспарланбаған жүктіліктен қорғануда әйелдерді ер адамдардан тәуелсіз етеді.
Диафрагма 17 ғасырдың 80 жылдары Германияда шыққан. Голландияда кең қолданысқа иеленгендіктен «Голландиялық қақпақша» деген атқа ие болған. Қазіргі таңда диафагмалар резина және латекстен жасалып, спермециттермен өңделіп, қорғаныс тәсіл ретінде кең қолданылады. Мед.қызметкерлер нақты әйелдердің анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып арнайы сақиналардың көмегімен қажетті өлшемін таңдап берілген жағдайда диафрагманы қолданудың нәтижелігі жоғары болады.
Мойындық қалпақшалар ( шеечные калпачки ) Қазіргі кезде 3 түрі бар. Қуыстық қақпақша Vimule қақпақша және күнбез ьәрізді қақпақша. Оларды латексті резина немесе металлдан жасайды. Дегенмен кең қолданысқа ие болған жоқ.
Спермициттер. Үшеқап тәрізі ежелден қолданып келе жатқан контрацепция әдісі. Ежелгі адамдар лимон шырынын, уксус, каллий перманганаты секілді заттарды қолдана отырып Қынаптық рН өзгертіп сперматазойдтардың қозғалуын бөгеген. Қазіргі таңда спермециттер крем, желе, қынаптық суппозиторий түріндегі химиялық заттар. Оларды жыныстық қатынасқа дейін қолдану керек.
Губкалар
Табиғи теңіз губкалары көптен бері қолданысқа ие. 20 ғасырдың 70 жылдарынан спермецитпен өңделген синтетикалық губкалар қолданыла бастады. Губкалар мөлшері бірдейболып, рецепсіз сатылады. Қолданар алдында суға батырып, қынапқа терең енгізеді, енгізілген губка 24 сағат бойы қорғайды. Егерде жыныстық қатынас осы уақыт аралығында қайталанса басқа ешқандай қорғаныс қолданудың кажеті жоқ. 2 рет босанған әйелдерде губкалардың контрацептивтік нәтижелігі 70 пайызға тең болады.
IV.
ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ
1. Отбасын жоспарлау дегеніміз не?
Бұл ерлі-зайыптылар мен жеке адамдардың туылатын сәбилердің уақыты мен санын реттеуде еркін және жауапты шешім қабылдап, осы таңдауды қауіпсіз әдістердің барлық диапазонын пайдалануымен жете түсінуге мүмкіндік беретін құралдар мен ақпарат алу мүмкіндіктері жатады.
2. Жүктілікті не үшін жоспарлау қажет?
Жүктілік ана организміне түсетін
үлкен салмақ болғандықтан, жүктілікке
алдан ала дайындалған дұрыс. Біріншіден
денсаулығыңызды нығайтқан жөн, терапевт
және стоматолог секілді мамандарға көріну
қажет. Егер әйелде қандай да бір созылмалы
ауру болған жағдайда, ол ауруларды емдеген
жөн.
Әлбетте, гинекологқа қаралып ЖЖБЖ-ға
анализдерді тапсырған абзал. Дәрігер,
әйелге жоспарланған жүктіліктен бірнеше
ай бұрын арнайы болашақ аналарға арналған
дәрумендерді қабылдауды ұсынуы мүмкін.
Одан бөлек, болашақ ана мысалы, темекі
шегіп, ішімдік ішетін жағдайлары болса,
ондай зиянды әдеттерден бас тартқаны
абзал. \
3. Контрацепция дегеніміз не?
Контрацепция – бұл үнемі немесе кездейсоқ жыныстық өмір барысында қажетсіз жүктіліктен сақтану.
4. Контрацепцияның қандай әдістері бар?
Қазіргі уақытта контрацепцияның жеті үлкен топтарын бөлуге болады: табиғи, тосқауылды, жатыр ішілік заттар, горманальды, лактационды аменорея әдісі, жедел контрацепция әдісі және ерікті хирургиялық ұрықсыздау әдісі.
5. Спермицидтер дегеніміз не және олар қалай әсер етеді?
Бұл жыныстық қатынас алдында жүктіліктен сақтану мақсатында пайдаланылатын химиялық заттар. Заманауи спермицидтері көпіршік түзуші крем, қынапты таблетка, суппозиторий және тығындылар түрінде шығарылады. Заттардың әсер етуінің басы мен әсер ету ұзақтығы шығарылу түріне байланысты болады. Олар тікелей жыныстық қатынасқа 5-10 минут бұрын қынап ішіне енгізіледі. Олар препарат түріне байланысты 2-10 сағат аралығында тиімді болады, бірақ спермицидтің бір дозасы бір ғана жыныстық қатынасқа есептелгенін ұмытпаған жөн. Спермицидтер аталық жасушаны өлтіреді немесе оларды аналық жасушаға қарай жылжуын тоқтатады.
6. Егер де мүшеқап жыртылып қалатын болса немесе таблетка ішуді ұмытып кетсеңіз, жүктіліктің алдын алу үшін не істеу қажет?
Жедел контрацепция әдісін қолданған
жөн, бірақ оны жылына екі рет
қана қолдануға болатынын естен шығармау
керек.
7. Жедел контрацепция дегеніміз не?
Жедел контрацепция - қандай да бір себепке байланысты басқа жалпы қабылданған әдістер пайдаланылмаған және ұрықтану мүмкіндігі бар жағдайларда қажетсіз жүктіліктің алдын алу үшін қолданатын әдіс. Жедел контрацепцияның екі түрін бөледі: гормональды және механикалық. Сақтанбаған жыныстық қатынастың бірінші бес күнінде жатыр ішілік заттарды енгізуін жедел контрацепцияның механикалық түріне жатқызуға болады. Гормональды жедел контрацепция – бұл құрамында 75 мг. левоноргестрел (Постинор) бар препаратты немесе бір дозасында 100 мкг. этинилэтрадиол және 50 мкг. левоноргестрел немесе 100 мкг. норгестрел (бір дозасында 4 таблеткадан тұратын Ригевидон, Микрогинон) бар аралас оральды (ауыз арқылы) контрацептивтерді қолдану әдісі. Препараттың бірінші дозасын сақтанбаған жыныстық қатынастан кейін 72 сағат ішінде, ал екінші дозасын бірінші қабылдаудан кейін 12 сағаттан соң қабылдау қажет. Бұл әдісті жылына екі рет ғана пайдалануға болады, өйткені жиі пайдалану кезінде гормондардың үлкен дозасы етеккір циклінің тұрақты бұзылыстарына әкеп соқтыруы мүмкін.
8. Жүктілікті қалай анықтауға болады?
Жатырдың шырышты қабаты ұрықтанған аналық жасуша үшін жабысудан соң қоректік және қорғаныс ортасы болып табылады және содан ол бөлінбегендіктен, келесі етеккір болмайды. Көбіне бұл жағдай мүмкін болған жүктіліктің бірінші белгісі болып табылады. Сонымен қатар мынандай белгілер де жүктілікке тән: кеуденің ауырсынуы, жүрек айну және құсу, тәбет пен көңіл-күйдің өзгеруі. Жүктілікті жүктілікке арналған сынақ (ол таңертеңгі зәрдегі жүктілік гормонын анықтауға негізделген), гинеколог дәрігерімен жасалған қараулар және ультрадыбыстық зерттеулер көмегімен анықтауға болады.
9. Үзілген жыныстық қатынасты жүктіліктен сақтану әдісі ретінде қолдануға болады ма?
Үзілген жыныстық қатынас – еркек жақындығының эякуляцияға (ұрық шашуға) дейін аяқталуымен сипатталады. Үзілген жыныстық қатынас – бұл контрацепцияның тиімді әдісі болып табылмайды. Ұрық шашуды бақылауға алу қиынға соғады. Сонымен қоса үзілген жыныстық қатынасты контрацепцивті әдіс ретінде таңдау кезінде үрпі өзегіндегі алдынғы эякуляциядан кейінгі шәует қалдықтарынан жүкті болып қалу мүмкіндігі орасан зор (аталық жасуша белсенділігі 24-сағатқа жуық болады). Үзілген жыныстық қатынас ретіндегі контрацепцивті әдіс жыныстық жолмен берілетін жұқпалардан сақтамайды.
10. Ал егер әр ай сайын жыныстық байланыста болмасаң, таблеткаларды жігітпен кездескен кезде ғана ішуге болады ма?
Егер сіз аралас оральды (ауыз арқылы) контрацепцивтерді таңдасаңыз, онда таблеткаларды күн сайын қабылдаған жөн. Жүйесіз жыныстық өмір сүру кезінде де берік контрацепцияны пайдаланған дұрыс болар.
V.МҮШЕҚАПТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ.
1. Мүшеқапты қалай қолдануға болады?
Қолдану ережелері:
2. Мүшеқаптардың классификациясы (егер бар болса) және өлшемдері жөнінде айтып беріңіздерші?
Ондай классификация жоқ, алайда әртүрлі елдерде өлшемдерімен де ерекшеленетін әртүрлі үлгілер шығарылады. Негізгі көлемі 170*40 мм. жыныс мүшесіне есептелінген, алайда үлкен және кіші денелі еркектер үшін де жарамды. Жапондықтар өздеріндегі ішкі сатылымға кіші өлшемді мүшеқаптарды шығарады, бірақ бізге олар мүлдем экспортталмайды. Еуропа мен Америкада үлкен өлшемді мүшеқаптардың аз ғана партиясы шығарылады, оның өлшемдері қорапта көрсетіледі. Әрине егер жыныс мүшесі 200*50 мм. болса (сирек кездесетін жағдай) онда үлкен өлшемді іздеу керек немесе сақтанудың басқа жолдарын қарастыру қажет, бірақ еркектердің басым көпшілігі өздерін қарапайым мүшеқапта тамаша сезінеді.
3. Мүшеқапты пайдалану кезінде қандай қателіктер жіберілуі мүмкін?
Мүшеқаптарды пайдалану кезінде қателікке жол бермеу үшін және мүшеқаптарды зақымдамау үшін қораптарда берілген нұсқауларды ұстанған жөн. Мүшеқаптарды пайдалану кезіндегі кеңінен таралған қателіктерге жататындары:
Мүшеқапты жыныстық ойынның басында кигізілуі және шәует қынапқа түсіп кетпеуі үшін эррекцияның жоғалуына дейін шешу ұсынылады.
4. АИТВ-ы мүшеқаптағы микротесіктер өткізетіндей соншалықты кіші екендігі рас па?
АИТВ-ның диаметрі 100 нанометр өлшемге тең. Су молекуласының диаметрі 20-60 нанометрге тең болса, яғни ол АИТВ-нан әлдеқайда кіші болғаны. Егер мүшеқап микротесіктері суды өткізбесе, онда АИТВ да ол арқылы өте алмайды, әрине, мүшеқап өте жоғары сапалы және зақымданбаған жағдайда болса. Мүшеқаптар сатылымға түспес бұрын мұқият сынақтан өткізіледі.
5. Егер мен және менің серіктесім бұзылмаған (девственник/ца) және ешқандай венерологиялық аурулармен ауырмаған жағдайда мүшеқапты пайдалану керек пе?
Ия, мүшеқапты бұл жағдайда да пайдалану керек. Біріншіден, серіктестің біреуі АИТВ-инфекциясын жыныстық емес жолмен жұқтыруы да мүмкін. Екіншіден, мүшеқап сізді герпес секілді қарапайым вирустан да қорғайды. Көп адамдар хламидиоз ауруымен ауырады, ол көбіне симптомсыз өтеді. Одан бөлек мүшеқап сізді қажетсіз жүктіліктен қорғайды.
6. Екі мүшеқапты бірдей пайдаланғанда жүкті болу қаупі төмендейтіні рас па?
Мүшеқаптар беріктілігі 99 %-ды құрайды. Бұл 100 жағдайдың біреуінде ғана жоспарланбаған жүктілік орын алатынын көрсетеді (көбіне дұрыс пайдаланбау, нашар сапалылықтың немесе мүшеқапты дұрыс сақтамау салдарынан болады). Екі мүшеқаптарды бір уақытта пайдалану тиімділігін растайтын ешқандай зерттеулер жоқ. Алайда, сонымен бірге, олардың зақымдалу немесе өзара үйкелу салдарынан сырғып кету қаупі туындайды. Екеулік кепіл үшін мүшеқапты қынапты таблетка, капсула, суппозиторий, тығындылар немесе кремдер түрінде көрсетілген Фарматекс жергілікті контрацептивтермен біруақытта пайдаланған жөн.