Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2014 в 20:50, научная работа
Краткое описание
Сағыз – жемге жарамсыз созылмалы негіз бен әр түрлі дәмдеуіштер мен иіс беретін заттардан тұратын азық-түлік түрі. Сағызды қолдану барысында оның көлемі өзгермейді, бірақ барлық қосымша заттары біртіндеп жоғалып, нәтижесінде дәмсіз болып қалады да, ақырында лақытырылады. Қазіргі таңда сағыз – азық-түліктердің ішіндегі ең көп таралған түрлерінің біріне жатады. Сағыз шайнайтын адамдарды барлық жерлерде кездестіруге болады.
Егер жер бетіндегі адамдар
сағызды кейін де осындай қызығушылықпен
қолданатын болса, ол басқа пайдалы кен
түрлеріне бәсекелес болуы мүмкін.
Сондықтан оны жоюдың әдістерін
табу – маңызды мәселе болып отыр. Сағызды
қолданудың көше мен ғимараттардағы тазалыққа
тигізетін әсерін барлығы жақсы біледі.
Адамдар қолданған сағыздарын кез келген
жерде тастап кетеді, бұл мәдениетсіздің
және салақтықтың белгісі болып табылады.
Бірақ адамдардың көбісі ол жайла ойлана
да қоймайды.
Бір жалдыра Нью-Йорк қаласының
теміржол вокзалында арнайы көше тазалаушы
лауазымы енгізілген болатын. Оның қызметі
ғимарат қабырғалары мен әр түрлі орындардағы
жабысып қалған сағыз қалдықтарын жинау
болатын. Күн сайын ол 3 кг-ға жуық сағыз
жинапты.
Ал Калифорния штатындағы Сан
Луис Обиспо деген қаласында бұл мәселеге
басқа қырыннан қарап, ерекше шешім шығарыпты.
Олар «Сағыз даңғылы» (Gum Alley) жасалыныпты.
Кірпіштен жасалынған үйдің қабырғасына
барлық адамдар қолданылған сағыздарын
жабыстырып кететін болған. Қазір бұл
жер туристердің көңілінен шығуда.
Ал Қытайда ғылым және технология
министрлігінің шешімі 863 кодтық нөміріндегі
бағдарлама бойынша сағыздың жоятын тиімді
қару жасап шығару алдыға қойылды. Қытайлықтардың
бұнда жолға түсуіне себеп болған өткен
жылдағы Пекин қаласының Тяньаньмэнь
алаңындағы Ұлттық мереке кезінде туристармен
600 мың сағызды лақтырып тастап кеткендігі.
Алаңды тазалауға 120 мың доллар ақша кеткен.
Осыдан кейін ғалымдарға 18 ай ішінде қоршаған
ортаға зиян келтірмей тұрып, сағызды
ерітетін затты жасау тапсырылды. Осы
жұмысқа сегіз зерттеу институттары кірісті.
Сингапурда 1992 жылдан бастап
сағызды өндіру және басқа елден алып
келуге тыйым салынған болатын. Өткен
жылы ғана бұл елде сағызды қолдану қылмыстық
іс болмайтындығы жарияланды. Бірақ қазір
де сағызды тек дәріханада ғана және дәрігердің
рецептімен тіс тазалау үшін сатыл алуға
болады.
Қорытынды.
Менің сағызды қолданудың адам
денсаулығына зияны жайлы гипотезам дәлелденді.
Мен сыныптастарыма осы тақырып бойынша
тәрбие сағатын өткізіп, жинақтаған мәліметтерімен
бөлістім. Балалар, сағызды шайнау, оның
құрамында заттардың әсерінен адам денсаулығына
зиян екен деген қорытындыға келді және
қылтанақты ағаштың шайырын шайнау әлдеқайда
пайдалы екендігін білді.
Барлық адамдарға жуығы сағызды
күнделікті өмірде қолданады. Бірақ, өкінішке
орай, ешкім оның құрамында қант болатындығына
назар аудармайды. Көбісі сағызды рахат
алу үшін қолданады. Адамдар көп жағдайда
сағыздың денсаулыққа тигізетін зияны
туралы ойланбайды. Ал кейбіреулері сағыздың
зияны жайлы біле тұра бәрі-бір де қолдана
береді. Сағыздың жақсы жақтары болғанымен
зиянды жақтары да жеткілікті. Сондықтан
оны дұрыс қолдана білу қажет. Сонымен
қатар оны барлық жерде және барлық уақытта
қолдана беруге болмайды.
Сағыз шайнайтын адамдар күнделікті
өмірде бізді қоршап жатады. Сағызды барлық
жерде қолданады. Ал оның адам денсаулығына
зиянды әсері жайлы ешкім айтпайды. Сағызды
қолдана ма, қолданбай ма – бұл әр адамның
өз таңдауы. Бірақ атақты Ежелгі Грецияның
дәрігері Гиппократтың сөздерін естен
шығармаған дұрыс: өз денсаулығына зиян
тигізіп алма!
Ұсыныс.
Ал сағызды жақсы көретін және
одан бас тарта алмайтындар үшін төмендегідей
кеңестерімді ұсынамын:
Құрамында қанты жоқ, бояуы
жоқ, ақ сағызды қолданған абзал.
Сағызды тамақ алдында немесе
тамақтан кейін 15 минут қана шайнауға
болады.
Сағызды жұтуға болмайды.
Сағызды қоғамдық орындарда
шайнауға болмайды, әсіресе мектепте сағызды
қолданбаңыз.
Қолданылған сағызды міндетті
түрде қоқыс жәшігіне тастау қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
А.А. Маркосян «Жас ерекшелік физиологиясының
сұрақтары», М., 1974 ж. 131-141 бет.
Гусева О., «Ғылым және өмір.
Күлкі өмірді өзгертеді»., М., 2009ж., 69-бет.
Е.Н. Демьянков «Биология. Адам өмірі», М., 2007 ж., 98-101 бет
И.П. Зверев «Адамның анатомиясы, физиологиясы
және гигиенасын оқып білу кітабы», М., 1978 ж., 345-346 бет.
Максим К., «Сағыздан пайда болатын
дистофрия»., М., 2008 ж., 56-78 бет.
Н.Ю.Буянова «Мен өмірді танимын»
- /Балалар энциклопедиясы/, М., 1998ж., 56-59
бет.
Эрлихман В. «Үнемі шайнау, барлық
жерде шайнау» / Gala Биография /, М., 2009ж., 71-80 бет.
Интернет желісі: Сағыз туралы
аңыздар., http://www.evolutsia.com.
Интернет желісі: DIROL сағызының тіс жегісіне әсері., http://www.expertiza.ru.
Интернет желісі: Википедия материалдары,. http://ru.wikipedia.org/wiki/.