Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2014 в 20:50, научная работа
Краткое описание
Сағыз – жемге жарамсыз созылмалы негіз бен әр түрлі дәмдеуіштер мен иіс беретін заттардан тұратын азық-түлік түрі. Сағызды қолдану барысында оның көлемі өзгермейді, бірақ барлық қосымша заттары біртіндеп жоғалып, нәтижесінде дәмсіз болып қалады да, ақырында лақытырылады. Қазіргі таңда сағыз – азық-түліктердің ішіндегі ең көп таралған түрлерінің біріне жатады. Сағыз шайнайтын адамдарды барлық жерлерде кездестіруге болады.
Сағыз – жемге жарамсыз созылмалы
негіз бен әр түрлі дәмдеуіштер мен иіс
беретін заттардан тұратын азық-түлік
түрі. Сағызды қолдану барысында оның
көлемі өзгермейді, бірақ барлық қосымша
заттары біртіндеп жоғалып, нәтижесінде
дәмсіз болып қалады да, ақырында лақытырылады.
Қазіргі таңда сағыз – азық-түліктердің
ішіндегі ең көп таралған түрлерінің біріне
жатады. Сағыз шайнайтын адамдарды барлық
жерлерде кездестіруге болады.
Теледидардан көптеген жарнамалардан
сағыздың пайдалы жақтары және оның саналуандығы
жайлы хабарлап жатады. Жарнамаларға сенетін
болсақ, сағыз тек қана демді тазартып
қана қоймай, тістің беріктігіне әсер
етеді екен.
Бірақ мамандардың көбісі сағыздың
адам денсаулығына зияны туралы айтып
жатады. Адамдардың көбісі, әсіресе балалар
сағыз шайнаудың адам ағзасына зияны туралы
ойлана қоймайды. Сондықтан қалыптасып
отырған өзекті мәселе ретінде сағыздың
адам денсаулығына зияны туралы ақпарат
жинап, бастауыш сынып оқушыларына хабарлағымыз
келді.
Зерттеудің мақсаты: сағыз шайнаудың
адам денсаулығына тигізетін зиянды әсерін
анықтап, оқушыларға хабарлау.
Зерттеудің міндеттері:
Сағыздың пайда болу тарихын
зерттеу.
Бастауыш сынып оқушылары арасында
сағызды шайнау көрсеткіштерін анықтау.
Сағыздың адам денсаулығына
әсерін білу үшін білікті мамандардан және ақпарат құралдарынан
іздестіру жұмыстарын жүргізу.
Сағыздың адам ағзасына тигізетін
зиянын анықтау.
Бастауыш сынып оқушыларына сағыздың зияны туралы хабарлау.
Зерттеу объектісі: сағыздың
денсаулыққа тигізетін зиянды әсері.
Зерттеу әдістері: бақылау,
әдебиеттермен жұмыс, сауалнама, ауызша
сұрау.
Гипотеза: Сағызды жиі қолдану
адам ағзасының денсаулығына кері әсер
етеді.
2.1. Сағыздың шығу тарихы.
Мен үшін сағызды кім және қашан
ойлап тапқанын білу қызық болды. Әдебиеттерден
мен сағыздың отаны АҚШ екендігін білдім.
Бірақ сағызды ойлап таппай тұрған күндердің
өзінде де адамдар бойын еркін ұстау үшін
бір нәрсені шайнағысы келген. Сағыздың мыңжылдықтармен саналатын
өз тарихы бар. Бұрыңғы замандарда, сағызды
әлі жасап шығармай тұрғанда адамдар
шайырды, жапырақты, шөпті, анар жемісінің
қабығын, тіпті қайың ағашының діңін де
шайнаған екен. Олар сағызды тәбетін ашу
үшін және жағымсыз иісте кетіру үшін
қолданған.
Ежелде Мұхиттардағы аралдардың
тұрғындары тойлардан кейін, ал тайпа
көсемдері мен ақсүйектер түскі астан
кейін бірнеше сағат бойы бетель ағашын
шайнаған. Бұл ағаштың жапырағын әктаспен
араластырған. Осы ағаштың жапырақтарында
әлсіз наркотикалық заттар болған екен.
Көбінесе жасалынған зат дәм татсын деп,
шеңбер бойымен табақты жіберген. Әрине
бетельге арал тұрғындарында әдеттену
пайда болған.
Америкалық үнділер әр түрлі
өсімдіктердің жапырақтары мен жемістерін
ұсақтап, сазбен араластырып, тағамнан
кейін қолданған. Осы халықтардың тісті
тазартуда неліктен бұл жолды қолданған
екен? Себебі олардың жерлерінде тұщы
су аз болғандықтан, тісті шаюға суды көп
қолдана алмаған. Ал үнділерде су мөлшері
жеткілікті болған. Бірақ кейбір тайпалардың
ырымы бойынша суды жерге төгу күнә болып
саналған. Сонымен қатар, үнділерде бірін-бірі
уландыру жиі кездескен. Сондықтан сағызды
қолдан-қолға (нақтырақ айтсақ, ауыздан)
беру сенімділікті білдірген.
Ежелгі адамдардың тұрақтарын
зерттеу барысында археологтар кішкене
шайыр қалдықтарын тапқан. Барлық белгілеріне
қарағанда бұл сол замандағы алғашқы сағыз
түрінің бірі екендігін дәлелденді. Мая
үнділері мен Орталық Американың басқа
да тұрғындары каучук ағашының шайырын
шайнаған. тінін кесіп алып, одан ағатын
ақ шырынды жинаған. Бірнеше минуттан
кейін бұл шырын қарайып, қатайып, созылмалы
және бөлінбейтін пішінге келеді. Осындай
күйде оны сағыз ретінде қолданған.
Үнділердің басқа тайпалары,
мысалы Жаңа Англияда, шырша ағашының
шайырын шайнаған. ал осында келген Еуропалықтар
бұл әдетті өздеріне алған. Орыстарда
көптеген ауылдарында қайың ағашының
діңінен сағызды жасайтын білгіштер болған.
Жұпар иісі бар қоймалжын затты қайнатқаннан
кейін, оларды жеке түйіршіктер қылып
бөліп жасаған. Жасалынған түйіршіктер
кеуіп, қатайып қалмау үшін су құйылған
ыдыста ұстаған.
Ең алғашқы сағыз өндірісін
1848 жылы Джон Кертис бастаған. Ол жай ғана
шайырдың бөліктерін қағазға ораған. Ал
кейінірек осы мақсатта ол арзан парафинді
қолданған, сонымен қатар жағымды иіс
беру үшін арнайы қосылыстарды қосқан.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында сағыздың
негізгі құрамы ретінде гевея және саподилл
ағашының шырынынан алынатын каучукты
қолданған. Нағыз сағыз 1869 жылы мексикалық
генерал Антонио Лопес де Санта Аннамен
жасалынды. Оған Томас Адамс көмектескен.
Томас Адамс 1871 жылы ең алғашқы сағыз жасайтын
машинаны ойлап тапқан.
1871 жылы Уолте Димер
сағыздың қазіргі күнге дейін
жеткен түрін шығарып, оған «баббл
гум» деген ат қойды. Бұл сағыз
түрі адамдар арасында кең
таралып, үлкен сұранысты пайдаланды.
Сағыздың бұл түрі көпіршік
үрлеуге болатын еді. Бұл қасиеті
сағыздың балалар арасында таралуына
үлес әсер етті.
Кеңес Одағы кезеңінде «Рот
Фрон» атты пластикалық түрдегі сағызды
қолданған. Оның төрт түрі болған: апельсин
дәмімен, жалбыз дәмімен, кофе дәмімен,
және құлпынай дәмімен. Кейін басқа елдерде
жасалынатын сағыздар сатыла басталды.
Ең бірінші болып жалбыз және жеміс-жидектердің
дәмімен Wrigley компаниясы алдыға шықты.
Бірақ балаларға түрік компаниясының
шығаратын сағыздары ұнап қалды. Ол басқа
сағыздардан ерекшеленді. Ол бұрын үйреншекті
болғаннан өзгеше, параллелепипед пішінді
және көрнекті қаптамамен қапталды. Қаптаманың
астында фотосуреті немесе әр түрлі ертегілер
кейіпкерлерінің суреттері бар астары
болды. Ең бастысы белгілі бір дағдымен
шайнаған бұл сағыздан үрлеп, көпіршік
жасау мүмкіндігі болды. Бұл көпіршікті
жаруға болатын еді және егер ол дұрыс
жарылмағанда баланың бетіне жабысып
қалатын. Осы және басқа да ерекшеліктері
үшін жас балалардың арасында мына сағыз
түрлері ерекше қызығушылық танытантын: «Дональды», «Turbо», «Bоmbibоm»,
«Lоve is...», «TipiTip». Көптеген балалар астарын
жинаумен шұғылданған. «Turbо» сағызының
жарыс машиналарының суреті бейнеленген
астары солардың ішіндегі ең қымбаты болып
саналатын. Ал қыздардың арасында махаббат
тақырыбында әр түрлі суреттері бар «Lоve
is...» деген сағыз түрі кең таралды.
100 жылдан аз уақыт ішінде
дүние жүзіндегі кең таралған
азық-түлік түрлерінің біріне
айналды. Қазіргі уақытта сағыздың отаны
– Америка Құрама Штаттарында сағыздың
100-ден астам түрі сатылады.
Осылайша сағыздың шығуының
өз тарихы бар. Айтып кететін бір жағдай
байырғы халықтар сағызды тамақ алдында
тәбетті ашу үшін және тамақтан кейін
жағымсыз иісті жою үшін қолданған.
Ал қазіргі уақытта сағызды
қандай мақсатпен қолданады екен? Осыны
білу үшін мен оқушылар арасында сауалнама
жүргіздім.
2.2. Сағызды қолдану көрсеткішін
білу үшін өткізілген сауалнама қорытындысы.
Сауалнамаға №7 орта мектебінің
4 «Б» және 4 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
Оқушыларға сағызды қолдануы бойынша
толық мәліметтер алу үшін төмендегідей
сұрақтар қойылды:
Сағызды қолданасыз ба?
Қолдансаңыз, қаншалықты жиі?
Қандай сағыз түрін қолданасыз?
Не себепті сағызды қолданасыз?
Сауалнамаға барлығы 48 оқушы
қатысты.
Сауалнама нәтижесіне келетін
болсақ, оқушылардың 85% - сағызды шайнайды,
ал 15% қолданбайды екен.
Сағызды қолданатын оқушылардың
49% сағызды жиі қолданады, 20% тамақ алдында
немесе тамақтан кейін және 31% кейде қолданады
екен.
Сағызды қолдану барысында
оқушылардың 91% сағыздың зияны жайлы білмейді
екен, ал 9% сағыздың зияны туралы естіген
және олардың 6% - сағызды мүлдем қолданбайды,
ал 3% - зиянын біле тұра қолданады.
Сауалнама нәтижесінде оқушылардың
арасында кең қолданылатын сағыз түрі:
Орбит - 45%.
Дирол - 32%
Хубба буба - 11%
Малабар - 8%
Стиморлс - 3%
және 2% басқа түрлерін таңдайды
екен.
Бұл нәтижелер балалардың сағыздың
зияны туралы аз білетіндіктерін көрсетті.
Сол себепті сағыздың құрамы жайлы балаларға
айту керек деп ойладым.
2.3. Сағыздың адам ағзасына тигізетін
зиянды әсері.
Сағыздың құрамындағы заттардың
адам денсаулығына зиянын білу үшін газет-журналдарды
шолып өттік, тіс дәрігерінен, балалар
дәрігерінен, мектеп медбикесінен сұрап
білдік және оқушылар мен мұғалімдердің
пікірлерін тыңдадық. Осыдан мыналарды
анықтадым.
Қалалық аурухана медбикесі
Дощанова Жібек Өтмұратқызы: «Жалпы сағыздың
пайдасы да бар, егер қантсыз, ақ сағызды
қолданатын болсаңыздар, ол жақ сүйектері
мен бұлшықеттеріне септігін тигізеді,
және ауыз қуысындағы зиянды бактерияларды
өлтіреді. Сағызды тамақтан кейін 15 минут
қана шайнауға болады. Егер оны уақытынан
артық шайнайтын болса, асқазан шырыны
көп мөлшерде бөлініп, асқазанның қабырғасын
бұзып, гастрит, жара т.б. ауруларды туғызады.»
Мектеп медбикесі Бугенбаева
Ботагөз Куралбайқызы: «Маған асқазаны
ауырхан балалар жиі келеді. Бұның негізгі
себептері сағызды жиі шайнау екендігі
анықталады. Ең біріншіден сағызды лас
қолдарыңмен ұстайсыздар, одан кейін ауызға
саласыздар, бұдан барлық микробтар ішке
түседі де, асқазан ауруына шалдықтырады.
Сағыздарды жас балаларға мүлдем қолдануға
болмайды. Көп балалар сағызды жұта салады.
Бұл ішектің бітеліп қалуына әсер етіп,
бала қатты ауруы мүмкін.».
Мұғалім Бектенова Гаухар Сүйментайқызы:
«Менің қызымның іші ауырды, біз дәрігерге
барып көрінгенде, ол аурудың сағыз шайнауынан
болғаны мүмкін екендігін айтты. Қызым
сағыз қолдануды тоқтатқаннан кейін ішінің
ауруы да қайталанбайтын болды».
4 «Б» сынып оқушысы
Ибраева Шолпан Қалыбайқызы: «Кейбір
сағыздардың қаттылығы сонша, шайнаған
кезде тістің ауырып қалуына
әсер етеді».
Оқушылар арасында кең таралған
сағыз түрлерінің құрамын зерттедік. Сонымен
сағыздың құрамында не бар екен?
Сағыздың құрамындағы негізгі
заттар мыналар: латекс деген негізгі
заты, иіс берушілер, дәмдеуіштер мен бояғыштар.
Латекс деген негізгі заты –
ол сағыздың негізін құрайды. Әзірше латекс
зиянсыз деп саналады, бірақ толығымен
әлі де зерттелген жоқ. Латекс каучук деп
аталатын ағаштың шырынынан жасалынады.
Латекстің құрамындағы ақуаздар, аз кездесетін
жағдайда аллергиялық әсер етуі мүмкін.
Бірақ бұл аллергия түріне шалдыққан адамға
қиын келеді. Себебі оның белгілері тері
бетіндегі қызыл дақтардың пайда болуынан
басталып, дем алыстың қиындауы, қан-тамырлар
қысымының төмендеуі, мұрын қуысының тітіркенуі,
тіпті өлімге дегйін алып келеді
Иіс берушілер. Олар табиғи
да, жасанды да болады. Олар химиялық жолмен
жасалатындықтан, әр түрлі аллергиялық
әсер етуі мүмкін. Ал корицадан жасалынған
иіс берушілер, ауыз қуысында жараның
пайда болуына әкеп соғады. Кейбір сағыздар тіпті бауырдың
жұмысын құртады. Сағыз құрамындағы үрленуі
үшін қолданылатын майлар ауыз қуысы маңы
терісін қабындырады.
Дәмдеуіштер. Бұлардың ішінде
қант бар, ал қанттың тіс жегісінің басты
себепшісі екендігін білеміз. Сонымен
қатар, ацесульфам деген зат бар, бұл заттан
рак ісіктерінің пайда болатындығы дәлелденген.
Аспартам – бас ауруы, бастың айналуы
мен жүрек айнуына әкеліп соғады. Аспартамды
300 температура дейін қыздырғанда ол
құмырсқа қышқылына айналып, денсаулықтың
бұзылуына себепші болады. Сорбит – ішек
ауруы, диареяның пайда болына әсер етеді.
Бояғыштар. Сағыз қорабының
сыртында Е171 деген зат бары жазылған.
Бұл химиялық зат. Ең басында оны тағамға
қосуда қолдануға тыйым салынған еді,
тек бояуларға, сабынға және құрылыс материалдарына
қосылған болатын, бірақ кейін қолдануға
жол ашылды. Бұл бояғыштар бауыр мен бүйректер
ауруына әкеліп соғады. Сонымен қатар,
Стиморолдың құрамындағы Е-121 деген химиялық
зат бар екен. Бұл химиялық зат рак жасушаларының
қабынуына әсер етеді. Лакрица деген өсімдіктен
алынатын бояғыш қан қысымының өсуіне
және калийдің қан құрамында азаюына әсер
етеді.
Жинақталған мәлімет сағыздың
адам денсаулығына зиянды әсер ететіндігін
көрсетеді.