Сағыздың адам денсаулығына тигізетін зиянды әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2014 в 20:50, научная работа

Краткое описание

Сағыз – жемге жарамсыз созылмалы негіз бен әр түрлі дәмдеуіштер мен иіс беретін заттардан тұратын азық-түлік түрі. Сағызды қолдану барысында оның көлемі өзгермейді, бірақ барлық қосымша заттары біртіндеп жоғалып, нәтижесінде дәмсіз болып қалады да, ақырында лақытырылады. Қазіргі таңда сағыз – азық-түліктердің ішіндегі ең көп таралған түрлерінің біріне жатады. Сағыз шайнайтын адамдарды барлық жерлерде кездестіруге болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сағыз ғылыми жұмыс.docx

— 53.94 Кб (Скачать документ)

Сағыз адамға қандай зиян алып келеді екен? 
2.4. Сағызды жиі қолданудың салдары.

Мысалдар келтірейік. Дәрігерлерге 21 жастағы өте арық қыз қаранады. Бұл қызды бірнеше айлар бойы іш аруы мен тоқтамайтын іш өту мазалап жүреді. Дәрігерлер бұндай аурудың белгілерінен әр түрлі қатты аурулар, тіпті рак жайлы да ойлана бастады. Қыз толық тексерістен өтеді: оған ультразук береді, компьютерлік томография өткізеді, гастроскопия мен колоноскопия да жүргізеді. Ештеңе де таба алмайды.

Аурудың диагнозын қыздың ауырмас бұрын, күніне 3-4 қопар қантсыз сағыз шайнап жүргендігін білгенен кейін ғана қоя алады. Яғни бұл қыз күніне 18-20 грамма іш өткізгіш қасиеті бар сорбитті (бір сағыз құрамында 1,25 г) жұтады екен. Сонымен қатар сағыз құрамына ксилит, мальтит, маннит секілді басқа да іш өткізгіш дәмдеуіштер қосады.

Сағыздың сыртқы қаптамасында жазылған құрамы жайлы сөздерге сенбеңіздер. Сыртқы қаптамада бұл заттардың адам ағзасына зияны жайлы жазылмайды.

Диабет ауруымен ауыратын адамдардың мысалына келетін болсақ, барлық дәрігерлер күніне 30-40 грамм қантты ауыстыратын дәмдеуіштердің диарея ауруын тудыратынын біледі. Ал кейбір адамдарға 5-10 граммның өзі де жеткілікті.

Барлығы да «Ланцет» журналында «ұшақтағы даяшымен болған жағдай» атты мақаланы оқыған шығар. Әйелді жеті жыл бойы іш ауруы мен іш өту мазалап жүреді. Ешбір дәрігер бұл аурудыңдиагнозын қоя алмайды. Оны да толық тексерістен өткізген. Байқаусызда оның күніне алпыстан астам қантсыз сағыз шайнап жүргендігі анықталды.

Берлин университетінің ғалымдары жақында сағыздың айрықша әсері жайында мәлімет берді. Олар екі адамның кәдімгі сағызды шайнау арқылы семіздіктен қалай құтылғандығын бақылайды – бір жыл ішінде олар өзі салмақтарының 20%-ын түсірген. Жақсы нәтиже деп санауға да болады. бірақ бұндай ару түрінің денсаулыққа зияны үлкен екендігі анықталды. Сорбит май кетірмейді, ол су мен тұзды сыртқа шығарады екен. Бұндай жоғалту адам ағзасына өте зиян. Сондықтан сағызды шайнағаннан кейін ішіңіздің ауырғандығын байқасаңыз, оны бір жолата қойғаныңыз абзал.

Сағызға түс беретін заттар да химиялық жолмен жасалатынын естен шығармағын дұрыс. Көп жағдайда Е171 бояғышы қолданылады. Бұл титанның диоксиді, ал құрылысшылардың арасында түсінікті тілмен айтқанда, титандық опа. Бұрында бұл бояу түрі тек косметикалық заттар, сабын және құрылыс материалдарының құрамына ғана қосқан.

Сағызға қатысты келеңсіз жағдайлар жиі кездеседі. Бірнеше жыл бұрын «Педиатрик» атты америкалық журналда сағыздан уланған балалар жайлы мақала шықты. Төрт жастағы ұл бала мен қыз балада емдеуге келмейтін іш қату болған. Ұл баланың ішекгінде түйіліп жиналып қалған сағыз қалдықтары болған. Бұл түйінді наркоз астында жойған. Ал қыз баланың жасы бір жарымда болғанына қарамастан ата-аналары оның сағыз шайнауына қарсы болмапты. Оның асқазанында тиін пішінінде бір-біріне жабысып қалған сағыздарды тапқан.

Осы балаларды бақылаған дәрігерлер балаларға толығымен есі кіріп, сағызды жұтуға болмайтындығын білмегенше сағызды беруге болмайтындығын айтады.

Аш қарынға сағыз шайнау іш ауруын және асқазан жарасын тудыруы мүмкін. Сағызды шайнау барысында ауыз қуысында сілекей бөлінеді – бұны барлығы да біледі. Бұдан кейін сол сілекей жұтылып, асқазанға баратыны түсінікті. Осы уақытта келеңсіз жағдай басталады.

Сілекей – бұл өте әлсіз болса да, сілтінің түрі болып табылады. Ал тағамды ауыз қуысында шайнаудан пайда болған сілті-сілекей қышқыл ортасы болып табылатын асқазанға түскен кезінде, ол әрине қарынд сөлінің қышқылдығын төмендетеді. Қышқылдықтың азаюына асқазан бірден жауап беріп, тағы да қышқыл шырын бөле бастайды. Бұл тағамның қорытылуы үшін қажет. Ал егер сағыз шайнайтын болсақ ше? Сағыз шайнағанда сілекей бөлінгенмен асқазанға тамақ бармайды. Нәтижесінде асқазанда бөлінген қышқыл шырын асқазанның өзінің қабырғаларын қорыта бастайды. Тұз қышқылы асқазан қабырғаларын қорғап тұратын сілемейлі қабықшасын бұзып, қабынуына алып келеді, бұдан іш ауруы дами бастайды. Әрі қарай, көбірек бұзылып, асқазан қабырғаларында жаралар пайда болады. Кейде асқазан жаралары үлкейіп кетіп, ашылып қалуы мүмкін. Бұдан асқазандағы тағам жара арқылы асқазанның сыртына шығып кетіп, құрсақ қуысына түседі. Ал бұл адам өміріне аса қауіпті.

Сағызды жиі қолдану сілекейдің қалыпты бөлінуін бұзады. Сағызды жиі шайнау кезінде сілекей бөліну қарқынды жүреді, қосымша сілекей бөлінеді. Егер адам үнемі шайнап жүрсе, сілекей де үнемі бөлініп жүреді. Бұдан ауыз қуысында сілекей тіпті сағыз да, тағам да шайнамаған уақытта көп мөлшерде пайда болатын болады. бірақ барлық мәселе тек бұнда ғана емес. Сілекей бөлетін аппараттың қоры шексіз емес, бір уақытта ол аяқталады. Бұдан кері әсер жүреді: сілекейдің жетіспеушілігі байқалып, оның құрамы өзгереді. Сілекей тамақты жібіту үшін және бактерияларды өлтіру үшін қажет. Ал егер оның көлемі және құрамы өзгерсе, бұл келеңсіз жағдайға алып келеді. Біріншіден, сілекейдің құрамының өзгеруі тіс жегісінің дамытып, тіс тастарын қалыптастырады. Бұл пародонтит, гингивит ауруларын тудырады. Бұл аурулар ауыз қуысының қабынуы болып табылады. Екіншіден, қажетті сілекей құрамындағы ферменттермен өнделмеген тағам асқазанға қатты түйіршек түрінде түседі. Бұл да өз кезегінде асқазан ауруына алып келеді.

Сағызды жиі шайнау тіс маңындағы бұлшықеттердің жұмысын бұзады. Жалпы алғанда, бір нәрсені шайнау зиян емес, тіпті пайдалы да, шайнау кезінде тіртен тіс иектеріне қысым түседі, осыдан тіс иектері уқаланады. Бұл қан қысымына жақсы әсер етіп, тістің емделуіне және қалыпты жағдайда болуына әсер етеді. Бірақ барлық нәрсе шегімен жақсы. Тіс иектеріне көп түсірген қысым да өте зиян болып табылады. Үнемі тоқтамайтын қысым тіс иектеріне қысым түсіріп, қан тамырларының басып, бұлшықеттердің жұмысын бұзады. Бұл тіс ауруына және бұлшықеттердің ауруына алып келеді.

Сағыздың ойлау қабілеттерінің төмендеуіне әсері бар. Кейбір психологтар сағызды үнемі шайнайтын балалардың ойлау қабілеттері сағызды көп қолданбайтын құрдастарымен салыстырғанда әлдеқайда төмендігі байқалатындығын айтады.

Бұл жағдайды олар сағыз зейінді тұрақтауға кері әсері етіп, есте сақтауды және ойлау қабілеттерін төмендетіндігімен түсіндіреді.

Жарнама сағызды тіс пастасымен теңестіріп қойды. Жарнамада сағыз тіс жегісінің дамуына кедергі болады деп қайталап жатады. Бірақ жарнама сағыздың зиянды жақтары туралы үндемейді.

Ауыз қуысында сағыз тіс жегісінен қорғап қана қоймайды, сонымен қатар тіс дәрігерлермен жасалынған тістегі қуысты бітеп қоятын затты, тіс қаптамасын бұзады. Қазіргі таңда сағыздың пайдалы жағы көбірек насихатталғанымен, оның зиянды жақтары да жоқ емес. Шет елдік мамандардың зерттеу нәтижесі бойынша, сағыз шайнау адамның ақыл-ойына кері әсерін тигізеді. Өйткені, сағыз шайнағанда адамның мидың жұмыс істеу қабілеті баяулап, ақпараттарды сүлесоқ қабылдайды екен.

Сондай-ақ, сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.  Оның құрамындағы Е-320, Е-322, Е-414, Е-422 т.с.с компоненттерінің салдарынан стоматологиялық аурулар пайда болады. Сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып, ары қарай созылуына жол ашады. Оның құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына да себепкер. Адам баласының ағзасы кейбір компоненттерді көтере алмай, салдарынан теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін.

Сағызды шектен тыс көп шайнау денсаулыққа зиян екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.

Шайнауға арналған резеңкені әлемде ұзақ уақыт бойы дәрі-дәрмек санатына жатқызып келді. Сағыздың тек тіске ғана емес, ас қорыту жүйесіне де пайдалы екенін дәрігерлер да растады. Сағызды шайнаған сайын асқазаннан сөл бөлініп, тамақ тез қорытылады.

Бірақ, шайнауға арналған резеңке құрамына қатысты ғалымдар арасында дау туындады. Біреуі сағызды, бұрынғысынша, пайдалы десе, басқа біреуі сағыз адамның семіруіне себепкер болады деп есептейді.

Эдинбургтегі Нейпира университетінің ғалымдары жүргізген зерттеудің нәтижесінде сағыз адамды семіртетіні расталды. Адам организміндегі артық салмақтың жиналуына сағыз құрамындағы қант алмастырушы (заменитель сахара) – аспартам себепкер екен.

Бір жылда аспартамнан 215 әйел, 56 еркек зардап шеккен. Олар сағызды күніне бірнеше рет шайнағанда, айына 200 данадан аса сағызды «аттандырып» отырған. Жарты жыл өтпей-ақ адамдар тола бастаған. Ал 48 адам асқазанында гастрит және т.б. түрлі аурулар анықталған.

Дәрігерлердің айтуынша, күнделікті тұрмыстағы қантқа қарағанда, аспартам май қабаттарын 40 пайызға көбейтеді. Сондықтан күніне сағыздың бір данасын ғана шайнауға немес сағыздан мүлде бас тартуға кеңес береді.

Бұл дәмдеуіш жайлы қарама-қарсы пікірлер оның пайда болғанынан бері айтылып келеді. Аспартам 1965 жылы жасалынған. Бірақ ұзақ уақыт бойы оны қолдануға тыйым салып, тек 1980 жылдары Дональд Рамсфельдің әрекеттері нәтижесінде ғана қолданыла бастады.

Себебі, 2010 жылы дат ғалымдарының елу мыңнан астам жүкті әйелдерге жүргізген зерттеуі нәтижесінде осы дәмдеуіші бар газдалған сусындарды жиі қолданатын жүкті әйелдердің мерзімінен ерте тууы жиірек кездескендігі делелденіп отыр. Бұның себебі неде?

Аспартам адам ағзасында ыдырауы барысында екі амиқышқыл түрі пайда болады: аспарагин және фенилаланин, сонымен қатар өте қауіпті спирт түрі – метанол. Метанол құрсақтағы баланың дамуын тежейді.

 

2.5. Сағызды қолданудың ойлау қабілетіне әсері.

1960 жылдардың өзіне америкалық  невролог Джон Олни аспарагиннің  зияны туралы дәлелдер келтірген  болатын. Бұдан кейін ол эксайтотоксиналық  ауру түрін анықтады. Бұл –  жүйке жасушаларының осы дәмдеуімдердің  әсерінен өлімге ұшырауы.

Олнидің пікірінше, ол әсіресе дамып келе жатқан, яғни жүктіліктің алғашқы мерзімінде жас ағза үшін өте зиян. Ал ең әсері көп мерзім – жүктіліктің соңғы үш айы мен бала өмірінің алғашқы 4 жылдығында.

Сырттай бұл балалардың ешбір айырмашылығы жоқ. Бірақ олардың үлгірімі төменірек, және де ерекше дарындылығымен көзге түспейді. Бұндай балаларда семіруге алып келетін нейроэндокриндік өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан болашақ аналарға сағызды қолдану барысында мұқият болу қажет.

Осыдан бірнеше уақыт бұрын америкалық ғалымдар сағыздың ағзаға қалай әсер ететінін зерттеп көріпті. Олар үнемі сағыз шайнайтын 12-24 жас аралығындағы 12 мың жас пен мүлде шайнамайтын осынша адамды бақылауға алған. Қорытынды зерттеушілердің өздерін де таңғалдырыпты: үнемі сағыз шайнаушылардың ақылдары төмен болып шыққан. Өйткені сағыз шайнағанда адамның миы тынышталып, шайнамайтындарға қарағанда келген ақпараттарды жай, сүлесоқ қабылдайды екен. Ал сағыз адамды біртіндеп темекі сияқты өзіне тәуелді етіп алатыны соншалық – ашу қысқан кезде немесе шаршаған сайын шайнағысы келіп тұратын көрінеді. Былайша айтқанда, адам ақылсыз бола бастайды.

Ал бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттеріне сағызды қолдану қалай әсер етеді екен?

Сағыз құрамындағы заттардың адамның ойлау қабілетіне әсерін анықтау үшін 4«Б» сынып оқушыларының қатысуымен тәжірибе жүргізілді.

Зерттеу жұмысына барлығы 24 оқушы қатысты. Бұл зерттеу жұмысы логикалық тапсырмаларды орындаудағы оқушылардың ойлау қабілеттерінің және белсенділік деңгейлерінің көрсеткіштеріне байланысты жүргізіледі.

Ең бірінші оқушыларды 2-топқа бөлдік. Бірінші топ – бастапқы, негізгі топ, бұл топ балалардың күнделікті өмірдегі деңгейін көрсетеді. Ал екінші топ – зерттелуші топ деп аталды, бұл топтың нәтижесі арқылы сағыздың адамға әсері анықталады. Себебі осы топ оқушыларына сағызды қолдану ұсынылады.

Зерттеу жұмысы 4 кезеңде өтті:

1-кезең: оқушыларға оңай  тапсырмалар берілді. Екі топқа  да сағыз ұсынылған жоқ. Тапсырмаларды  орындау нәтижесі – екі топта  да өте жақын деңгейде, атап  айтқанда 1-топ - 89%, ал 2-топ – 92 %-ды  құрады. Бұдан оқушылардың күнделікті  жұмыстағы нәтижелері көрініп  тұр.

2-кезең: оқушыларға орташа  деңгейдегі тапсырмалар берілді. Бірақ бұл кезеңде 1-топ бұрыңғы  қалыпта жұмыс жасады, ал 2-топқа  сағыз ұсынылды. Нәтижесінде бірінші  кезеңнен ауытқығанын байқауға  болады. Яғни, 1-топта тапсырманың 78%-ы  орындалса, 2-топта 65%-ы ғана орындалып  отыр.

3-кезең: ал үшінші кезеңде  оқушыларға қиындатылған тапсырмалар  беріліп, 1-топ сағызды қолданбай, 2-топ сағызды қолданды. Оның нәтижесіне  назар аударсақ, 1-топ 54%, ал 2-топ 32% тапсырманы  орындағанынан 2-топтың деңгейінің  күнт төмендеп кеткенін көруге  болады.

4-кезеңде екі топқа  да сағыз шайнау ұсынылып, 1-кезеңдегі  тапсырмаларға сай оңай тапсырмалар  берілді. Нәтижесінде 1-кезеңде 89% жинаған 1-топ бар болғаны 77%, ал 92% жинаған 2-топ 58% ғана тапсырманы орындап  тұр.

Бірінші және төртінші кезеңдегі нәтижелерді салыстыратын болсақ, 2- топтың жұмыстарындағы үлкен өзгерісті байқаймыз. Екі кезеңде де күрделілігі бірдей тапсырмалар берілді. Бірақ екінші топ көп қате жіберіп отыр, бұл жағдайды кездейсоқ, балалар шаршағандықтан болып отыр деп санауға болар еді, бірақ бірінші топтың нәтижесі қарайтын болсақ, оларда бұндай өзгеріс кездеспейді.

Сонда сағызды шайнау нәтижесінде логикалық ойлау қабілеттері нашарлағанын және оны ұзақ уақыт қолданудан одан бетер төмендегенін көруге болады. Қорытынды сағыз – адамды тыныштандырып қана қоймай, оның ойлау қабілетін және танымдық белсенділігін тежейді.  
2.6. Сағыздың қоғамға тигізетін басқа да зиянды әсерлері.

Информация о работе Сағыздың адам денсаулығына тигізетін зиянды әсері