Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 21:34, реферат
Жүйе туралы ғылым ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми – техникалық революциясының қарқынды дамуына, кибернетика сияқты синтездік ғылымның дүниеге келуіне, түрлі зерттеу салаларына жйелік әдістің қолданылуына байланысты үлкен өріс алды.
Жүйе (лат. systēma, гр. σύστημα– бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
• Саяси жүйенің мәні
• Саяси жүйенің құрылымдары
• Саяси жүйенің атқаратын қызметтері
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Қоғамның саяси жүйесі құбылыс ретінде және іс жүзіндегі факті ретінде көрінеді. Қоғамның саяси ұйымдарының барлық құрылымдық элементтеріне тәртіптілік, ұйымшылдық және аз да болса саясаттылық талабы қойылады.
Қандай болмасын ұйымның сипаттық белгілері ретінде: оның құрылуындағы, қызметіндегі тәртіптілік, жарғысы, құрылуының заңдылығы, алдында тұрған нақты мақсаттары, қоғамның мүддесіне бағытталған қызметі болуы керек.
Қоғамның саяси ұйымының әрбір құрылымдық элементі жай ғана ұйым емес, сипаты жағынан саяси ұйым болып қалыптасуы қажет. Біріншіден, белгілі бір таптың немесе кезкелген басқа әлеуметтік қауымның саяси мүддесін көрсетуі қажет. Екіншіден, саяси өмірге араласушы және саяси қатынастарды жеткізуші болуы қажет. Үшіншіден, мемлекеттік билікке қатысы болуы керек, жақтаса да, қарсы шықса да. Төртіншіден, күнделікті қызметінде елдегі қалыптасқан саяси нормаларды басшылыққа алып отыруы шарт.
Пайдаланылған әдебиеттер