Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 21:34, реферат
Жүйе туралы ғылым ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми – техникалық революциясының қарқынды дамуына, кибернетика сияқты синтездік ғылымның дүниеге келуіне, түрлі зерттеу салаларына жйелік әдістің қолданылуына байланысты үлкен өріс алды.
Жүйе (лат. systēma, гр. σύστημα– бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
• Саяси жүйенің мәні
• Саяси жүйенің құрылымдары
• Саяси жүйенің атқаратын қызметтері
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Саяси жүйелердің түрлері
2015 жыл
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жүйе туралы ғылым ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми – техникалық революциясының қарқынды дамуына, кибернетика сияқты синтездік ғылымның дүниеге келуіне, түрлі зерттеу салаларына жйелік әдістің қолданылуына байланысты үлкен өріс алды.
Жүйе (лат. systēma, гр. σύστημα– бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.
Саяси өмір – қоғамдағы қондырмалық мәнге ие болатын, өз алдына дербестік таныта алатын кіші жүйе болып табылады. Саяси жүйе – өмір саласының тұтастығын, қызмет атқаруын және басқа салалармен байланысын қамтиды.
Саяси саланы жүйелік тұрғыдан зерттеп, теориясын түзген Американың белгілі саясат танушы ғалымдары Дэвид Истон мен Габриэль Алмонд болатын. Саяси жүйе туралы көптеген әр түрлі көзқарастар бар.
Саяси жүйе қоғамдағы сан түрлі әлеуметтік топтардың түпкілікті мүдделерін бейнелейді, оларды іске асыруға арналған түрлі элементтер мен механизмдерді біріктіреді және олардың саясатқа байланысты өзара қарым-қатынасын тұтастырып отырады.
«Саяси жүйе» ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана бастады. Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.
Г.Алмондтың «Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср субъектілері әлеумсттік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады (қараңыз, Фарукшин М-Х. Политическая система общества. Социальнополити-ческие науки. 1991, 5, 60 бет. Мұндай тәсіл бойынша саяси жүйе ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады.
Әдебиетте басқа ұғымды байқауға болады, атап айтсақ: саяси жүйе саяси институттар жүйесінде жүзеге асатын саяси идеялар жүйесі ретінде қарастырылады. Саяси жүйені түсінудегі мұндай әртүрліліктің болуы кездейсоқ емес, ол кепбейнелі тараптардың бірлігі ретіндегі феноменнің өзінің күрделілігіне негізделінген.
Саяси жүйенің лайықты түсінігі өзекті белгілері мен одан шығатын тараптардың қатаң айырмашылығын талап етеді. Жоғарыда көрсетілген анықтамалар көбінесе осы проблемаларды қарастырумен байланысты.
«Саяси жүйе» ұғымы ең алдымен қоғамның саяси сферасының жүйелік сипатын білдіреді. Антика кезеңінен бастап саяси ойшылдар қоғамның әртүрлі саяси қүрылыстары өмір сүретінін түсіне білді. Мысалы, Платон мемлекеттік басқарудың үш формасын көрсетеді: монархия, анархия, демократия, олардың әрқайсысы өз кезегінде заңды және заңсыз болып болінеді. Бұған ұқсас пікірді Аристотель де айтады, ол басқарудың төрт формасы болатындығын көрсете отырып, оларды дұрыс және дұрыс емес деп беледі.
Саяси ғылымдар тарихында бірте-бірте саяси сфера жүйелік біртұтас деген идея қалыптасты. «Саяси жүйе» ұғымы жалпыланған түрде осы идеяны бейнелейді.
Саяси жүйе теориясының негізін салушы Д.Истон, сондай-ақ француз саясаттанушысы Дювержье саяси жүйе элементтер жүйесі ретінде олардың өзара әрекеттерінің, рольдерінің, қатынастарының, сонымен бірге нормалар мен ережелердің жиынтығы деген ойға басты назар аударады. Осы тұрғыда саяси жүйенің институционалды, коммуникативті, функционалды, нормативті тәрізді әртүрлі жүйешелерін айырады. Бүл жүйешелердің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, өз функцияларын атқарады және жүйенің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып басқалармен өзара байланысқа түседі.
Батыстық саясаттануда екі идея басым: біріншіден, саяси жүйе туралы белгілі бір нәрсені оның сыртқы ортамен байланысын сараптау арқылы айтуға болады; екіншіден, саяси жүйені нақты түсіну элементтердің өзара әрекетін, ролъдік функцияларын және реттеуші нормаларын талдау нәтижесіндс жолға қойылады.
Осыған байланысты саяси жүйені ортамен «кірудегі» және «шығудағы» өзара әрекеті бойынша қарастырылатын «қара жәшікпен» теңестіреді.
Д.Истон саяси жүйені қарастыруда басты түрде жүйенің экономикалық, мәдени, діни, экологиялық, биологиялық, психологиялық, халықаралық және т.б. глобальды әлеуметтік жүйеге енетін басқа жүйелердің кешенінен түратын өз ортасымен қатынасын талдады. Саяси жүйе мен оның ортасы арасындағы қатынастар жүйеге импульс беретін орта тарапының кіріс түрінде, орта импульсіне жүйенің реакциясы болып табылатын шығыс түрінде бейнелейді.
Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Қоғамның саяси жүйесі - елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.
Бұл барлық органдары бар мемлекет; қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді (мектеп, институт, театр) жүзеге асыратын барлық мекемелер.
Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар, принциптер, идеологиялар моральды, сондай-ақ саяси мақсатты көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады.
Саяси жүйе құрылымы.
Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар
Субъектілердің саяси қызметі олардың саяси қатынастары арқылы жүзеге асады. Бұл тәуелсіз объективтік сипатта болады. Жоғарыда айтылғандай, белгілі бір субъектілердің саяси кызметі жауап көзқарасты тудырады және бұл әрдайым олардың өзара әрекеттері шеңберінде көрінеді. Бұл өзара әрекеттер тұрақты қайталанып отырғандықтан тұрақты саяси қатынастар ретінде орнығады. Әлбетте, саяси қатынастар саналы түрде қалыптасады. Әрбір субъекті өзге субъектілермен саяси өзара әрекеттерге түсіп, өздерінің саяси мүдделерін саналы түрде жүзеге асыруға тырысады және сол үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарды қолданады. Бірақ, біріншіден, саяси мүдделер мен талаптар олардың санасы мен еркіне тәуелсіз тұрған объективтік әлеуметтік жағдайлармен дәйектелген; екіншіден, қалыптасқан саяси қатынастар объективтік саяси нақтылық сәттері ретінде көрінеді және өз кезегінде олар адамдардың саяси кызметіне мейлінше ықпал жасайды, оның мазмұны мен бағытын айқындауға себепші болады.
Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси билік үшін күресінің немесе езге де саяси кызметтерінің нәтижесінде қалыптасып, ездері осы қызметтің әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол кызметтің табысты болуының айғағы ретінде танылады. Әлбетте, саяси қатынастар тек саяси билікке деген қатынастармен шектеліп қалмайды, соңғысы олардың өзегін құраса да, олар қоғамның саяси өмірінің бүкіл салаларына сәйкес құралады, сонымен катар олар ұлттық және ұлтаралық проблемаларды шешумен, азаматтық құқық пен бостандықты жүзеге асырумен байланысты да қалыптасады.
Саяси қатынастар, сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы және рухани өміріндегі проблемаларға тікелей қатысты болады. Осыдан экономикалық саясат, әлеуметтік саясат немесе мемлекеттік саясат немесе қайсыбір саяси партиялардың рухани мәдениет саласындағы саясаты көрініс табады. Қоғамдық өмірдің барлық саласы бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне ықпал етеді.
Саяси қатынастарға қоғамның әлеуметтік-саяси уклады, сондай-ақ оның өміріндегі моральдық - психологиялық факторлар елеулі ықпал етеді.
Адамдар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси мүдделерінің тікелей ықпалымен қалыптасады. Алайда, қалыптасқан саяси қатынастардың өздері субъектілердің әр түрлі саяси мүдделерін тудырады. Бұл мүдделердің мазмұнын қоғамда нақтылы орын алып отырған саяси қарым-қатынастардың мазмұны анықтайды. Сондықтан адамдардың саяси қарым-қатынастары олардың саяси мүдделері ретінде көрініс табады. Адамдардың, әсіресе барлық таптардың, ұлттардың, және саяси партиялардың саяси мүдделерінің өзара әрекетіне талдау жасаудың қажеттігі саяси қатынастар мазмұнынан туындайтын субъектілер саяси мүдделерінің мазмұнын түсінуге және жаңадан пайда болған саяси мүдделердің ықпалымен саяси қатынастардың өзіндегі өзгерістің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл сөл сәтте орын алып отырған саяси шындық негізінде қоғамның бүкіл саяси өмірінің өзгерісі мен даму бағытын пайымдауға көмектеседі. Мұның басты буыны саяси қатынастар болып табылады. Сондықтан субъектілер саяси қатынастары мен саяси мүдделерінің өзара әрекеттестік проблемаларын зерттеу саяси қатынастар әлеуметтануының аса маңызды міндеттерінің қатарына жатады. Адамдардың саяси мүдделері олардың өмірлік әрекеттері, әлеуметтік жағдайлары және өмір сүріп отырған ортадағы саяси қатынастар жүйесіндегі объективтік жағдайларымен анықталады. Субъектілердің саяси мүдделері олардың саяси қатынастарының объективтік көрінісі болып табылады, сондықтан аталған мүдделер де объективті болады. Олар өмір сүріп отырған саяси қатынастар жүйесінде таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттық қауымдастықтардың және өзге де субъектілердің жағдайларын нығайту үшін, әсіресе саяси билікке катысты, сондай-ақ субъектілердің саяси құқықтары мен еркіндіктерін толық пайдалану үшін объективті түрде пайдалы әрі тиімді.
Осылайша субъектінің қайсыбір саяси мүддесінің мазмұны, саяси тұрғыдағы пайдасын түсінуі сол субъекті санасының жемісі болып саналмайды, оның нақтылы саяси ақиқатқа объективті қатынасының сәті ретінде өмір сүреді. Саяси ақиқатты субъект саналы түрде қабылдауы керек, оны, айталық, оған саяси тұрғыда ненің пайдалы, ненің пайдасыз екенін белгілі бір сәтке дейін түсінбеуі мүмкін. Сөйтіп, өл әзінің саяси мүддесіне объективті сәйкес келетінді немесе қарама-қайшы келетін құбылысты түсінбеуі мүмкін.
Саяси мүдделерін күрделі саласы ұлттық қатынастар болып табылады. Олар, ең алдымен, көп ұлтты коғамның мемлекеттік құрылысымен, тиімді мемлекеттік басқару формасын табумен, ұлттардың өзара экономикалық қатынастары проблемаларымен,сондай-ақ олардың мәдениетін, аумақтық тұтастығын, т.б. дамыту проблемаларымен байланысты. Бұл мүдделерді ұлттардың өздері дұрыс түсінуі қажет және олар мемлекеттік деңгейде шешілуге тиіс.
Осыдан келіп ұлтаралық қатынастардың маңызды принципі ретінде әр түрлі ұлттар мүдделерін жан-жақты үйлестіру проблемасы туындайды. Бүгінде аталмыш проблема біздің коғам дамуының негізгі мәселелерінің қатарына жатады. Бұл жерде кез келген ұлттың астамшылығына, ұлтшылдығына немесе ұлттық эгоизміне жол берілмеуі керек. Географиялық және тарихи жағдайларға байланысты көпшілік ұлттар бір-бірімен байланысқан, олар өздеріне қолайлы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың формаларын табуға тиіс. Бұлар олардың ортақ түбегейлі мүдделері болып табылады, сондықтан олар ұлттың даму мүддесіне сай келеді. Этностардың саяси мүдделеріне мемлекеттік деңгейде сондай ынтымақтастықты орнату жатады. Аталмыш мүдделерді түсіну қоғам өмірінің барлық саласында ұлтаралық қатынастардың нақты проблемаларын шешуге дұрыс негіз қалайды. Бұдан кейін де қандай саяси іс-қимылдар ұлтаралық ынтымақтастыққа оң ықпал ететінін, ал қандайларды оларға қайшы келетінін анықтау керек. Сонда ғана олардың біріншісін сеніммен жүзеге асыруға және мүмкіндігі келгенше екіншісіне жол бермеуге болады.
Белгілі бір әлеуметтік топтың саяси мүддесі саяси билік үшін күреске немесе ұлтаралық қатынастар проблемаларын шешуге катысты болса, әрине, әрдайым қиындықтар туындайды: бұл саяси мүдделер қаншалықты терең түсінілуіне және оларды жүзеге асырудың қаншалықты дұрыс жолдары мен тәсілдерін таңдап алуға байланысты болады. Бұл адамдардың түбегейлі саяси мүдделеріне жатады, бұларды жүзеге асыру олардың коғамда саяси жағынан өзін-өзі айқындауын қамтамасыз етеді, бұған сонымен қатар олардың ағымдағы күнделікті саяси мүдделері де жатады. Бұлар, айталық,.азаматтық құқық пен еркіндік саласына катысты жекелеген мәселелерді шешу мақсатында аса маңызды емес саяси әрекеттерге қатысуға бағытталған.