Саяси жүйелердің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 21:34, реферат

Краткое описание

Жүйе туралы ғылым ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми – техникалық революциясының қарқынды дамуына, кибернетика сияқты синтездік ғылымның дүниеге келуіне, түрлі зерттеу салаларына жйелік әдістің қолданылуына байланысты үлкен өріс алды.
Жүйе (лат. systēma, гр. σύστημα– бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.

Содержание

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
• Саяси жүйенің мәні
• Саяси жүйенің құрылымдары
• Саяси жүйенің атқаратын қызметтері
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Саяси жүйенің түрлері Реферат 203 А МІК Құдайберген Әсем.docx

— 36.61 Кб (Скачать документ)

Түптеп келгенде, осылар арқылы адамдардың түбегейлі саяси мүдделері мен ағымдағы мүдделерінің тікелей немесе жанама түрде байланысы көрініс табады. Оз кезегінде ағымдағы саяси мүдделер күнделікті саяси құқық пен бостандықты жүзеге асыруға бағытталған, олар белгілі бір деңгейде түбегейлі саяси мүдделерді де іске асырады.

Адамдар арасында жанама түрде саяси қатынастар және белгілі бағыттар орныққан, сонымен катар адамдардың саяси әрекеттері мен өзара әрекеттерінің жиынтығы қайсыбір саяси процестердің мазмұнын құрайды. Мұның соңғысына саяси билік үшін әр түрлі әлеуметтік күштердің күресі, оның жүзеге асу процесі, сондай-ақ халықтардың ұлт тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі, коғамды демократиялық жолмен жаңғырту жолындағы және т.б. күрес түрлері жатады.

Саяси процестердің объективтік және субъективтік жақтары бар. Олардың кез келгені, түптеп келгенде, өмір сүріп отырған коғамдағы объективті экономикалық қатынастармен, әлеуметтік-саяси күштердің арасалмағымен, оған катысушылардың сол коғамдағы саяси қатынастар жүйесінде алатын орындарымен және өзге де алғышарттармен қамтамасыз етіледі. Саяси әрекеттердің өздері және адамдардың өзара әрекеттері олардың арасындағы саяси қатынастар сияқты, толығымен нақты және объективті саяси ақиқаттың сәті ретінде көрінеді. Әлеуметтік топтар мен жекелеген тұлғалардың саяси қажеттіліктері мен мүдделері оларды саяси әрекеттерге бастайтын, объективті мазмұнға ие болады. Олар субъектілер әрекеттерінің объективті қажеттігін көрсетеді, өйткені өл әрекеттер сол коғам мен мемлекетте субъектілер ұстанымын нығайтуға бағытталған. Мұның бәрі саяси процестердің объективті жақтарын құрайды, яғни оған катысушылардың санасына тәуелсіз дердің бәрі енеді, оны коғамның объективті жағдайдағы өмірі мен дамуы қамтамасыз етеді.

Саяси процестердің субъективтік жақтары дегеніміз - ен алдымен алдарына белгілі бір мақсаттар қоятын және оларды саналы түрде жүзеге асыратын немесе іске асыруға тырысатын саяси процестерге катысушылардың саяси санасы және ерік-жігері. Әлбетте, олар қайсыбір саяси процестердің объективті даму жағдайларын анықтай алмайды, бірақ бұл жағдайларды пайымдай, түсіне де алады және оларды өз әрекет - қызметінде ескеретін де болады. Бұл оларға саяси процестердің барысына оңтайлы ықпал етуге, ол процестерді белгілі бір арнаға бағыттауға, тіптен саналы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Саяси процестердегі саяси және әзге де саналардың рөлі тұрақты түрде артады. Бұл сананың езі уақыт ағымына орай тереңдейді және толығады, сондай-ақ адамдардың саяси мінез-құлқына, мақсатты әрекетіне ықпал жасауға анағұрлым қабілетті болады, осылардың негізінде саяси процесс қалыптасады. Саяси сана саяси процестердің тұрақты дем берушісі болады, олардың динамикасы мен табандылығына әсер етеді. Сондықтан саяси процестердің объективтік және субъективті жақтарының маңызы мен рөлін, олардың өзара байланысын және динамикалық өзара әрекетін толығырақ ескеру қажет.

Саяси процестер әр түрлі сипатта болады. Олардың сипаты оған қатысушылардың объективтік саяси мүдделері мен саналы іске асыратын мақсаттарына тәуелді. Айталық, қоғамды саяси жаңғыртуда, қайсыбір әлеуметтік-саяси шындыққа бейімделуде, белгілі бір саяси күштермен ынтымақтасу немесе олардың арасындағы қарсыластықта саяси күрес сипатына ие бола алады. Сонымен бірге саяси процестер сындарлы, жасампаз немесе олар коғамның саяси құрылым жүйесін бұзып, қиратуға бағытталған болса, деструктивтік, қиратушы сипат алуы мүмкін. Осының бәрін жүріп жатқан саяси процестерге объективтік - баға беру кезінде, олардың шынайы бағытын түсінуде ескеріп отыру керек.

Саяси процестер, әлбетте, белгілі бір саяси институттардың қызметі арқылы іске асады. Саяси институттар - қоғамның саяси құрылысы мен өмір сүруінің бірегей органдары. Олар көбіне-көп белгілі бір мекеме немесе мекемелер жүйесі ретінде көрінеді. Бұлардың көмегімен қайсыбір саяси күштер өздерінің саяси мүдделерін жүзеге асырады. Бұл - коғамның саяси құрылысының өмір сүру торабы. Оның міндеті — коғамның саяси тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз ету.

Қоғамның саяси институттарының ең маңыздысынан саяси билік, құқық және идеология институттарын жатқызуға болады. Олар ездерін мемлекеттік заң шығару және атқару билігі органдарының - парламент, үкімет, жергілікті билік органдары, заң қорғау органдары, сонымен бірге саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе, баспасөз, радио жөне теледидар кызметінен көрінеді. Аталмыш саяси институттардың әрқайсысының бүгінгі саяси жүйенің қайсыбір буынының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған өзіндік арнаулы мақсаттық міндеттері бар.

Атқарылатын міндеттерге орай қайсыбір саяси институттың құрылымы қалыптасады, оның өзара байланысты органдары мен бөлімдерінің тұтастығы пайда болады. Бұл саяси билік, құқық қорғау, идеология институттарына немесе коғам мен мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кызмет атқаратын институт — әскерге катысты айтылады.

Түптеп келгенде, саяси институттар жүйесі коғамның бүкіл саяси өмірінің бір қалыпты жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін құрылған, оның негізінде коғамдағы барлық әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтардың саяси мүдделері жүзеге асады. Ол үшін саяси институттардың икемді кызметі қажет, олардың қоғамдағы барлық мүшелердің саяси мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз ететін әртүрлі саяси күштердің арасындағы саяси проблемаларды түсіністік негізінде шешетін, керек болғанда, бүкіл коғамның түбегейлі мүдделерін қорғауда табандылық пен батылдық көрсететін қабілеті болуы керек.

Егерде бұл іске асатын болса, демек, бүгінде бар саяси институттар коғамдағы саяси процестердің дамуын қамтамасыз етеді, белгілі бір деңгейде оны өздері ұйымдастырады да. Бұл қоғамның көпшілік мүшелерінің ұзақ мерзімді және күнделікті саяси әрі басқа да мүдделеріне сай келеді. Егер де бұған қарама-қарсы жағдай болатын болса, онда ол коғамның саяси институттарының жетілдірілмегені және де қалыптасқан әлеуметтік шындыққа сәйкес оның даму мәселелерін шешуге де қабілетсіз болғаны.

Соңғы жағдайда коғамдағы жүріп жатқан саяси процестер басқаруға аз-маз көнетін, ал кейде басқаруға көнбейтін, стихиялық деңгейге жетеді, сондықтан оның салдары қауіпті, турасын айқанда, олар адамдардың көпшілік бөлігінің мүддесіне нұқсан келтіретін деструктивтік процеске айналады. Сондай-ақ мұндай саяси процестерден әр түрлі эгоистік немесе коғамға жат элементтер коғамның саяси институттарынын қалыптасқан жағдайды өзгертуге қабілетсіздігін пайдаланып, саяси ұпай жинайды. Деструктивтік (яғни қиратқыш) саяси процестер саяси институттарды жоюға әкелуі мүмкін, жалпы қалыптасқан мемлекеттік құрылымды күйретеді, сөйтіп коғамның саяси - экономикалық және рухани әмірінде кайта қалпына келмейтін керағарлық орнайды.

Жоғарыда айтылған жәйттар саяси процестердің дамуы мен саяси институттар кызметінің әлеуметтік тиімділігіне катысты мәселелер саясат әлеуметтануы немесе саяси қатынастар әлеуметтануы назарынан тыс қалмауға тиіс екенін байқатады. Саяси институттар кызметінде объективтік және субъективтік алғышарттарды, олардың қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани саладағы өзара қатынастарын, сонымен катар қайсыбір саяси институттардың даму болашағын зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы артып отыр.

Осы зерттеудің негізгі мақсаты — саяси институттар қызметінде әлеуметтік тиімділікті арттырудың жолдары мен әдістерін табуға саяды. Бұл көпшілік қоғам мүшелерінің аталған мақсатты жүзеге асыруға атсалысуынан, осы мүдделердің жан-жақты үйлесім табуынан көрінеді.

Саяси институттар қоғамның саяси жүйесін және саяси сананы қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Саяси мәдениет

Саяси ғылымда бұл тақырыптың маңызы зор. Ол анық саяси жүйенің сипатын, саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс әрекеттерінің ерекшеліктерін саяси үрдістердің даму жолын және бағытын түсінуге көмектеседі. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарының ұғынуға, саяси бағдар алуына тікелей әсер етеді.

Осы ұғымның саясаттануға енгеніне көп уақыт болған жоқ. Осы ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы – 60 жылдарының басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американдық зерттеушілер және оның шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар шығарды. Олар кейін «Саясат мәдениет» деген атаумен кең тарап кетті. Олардың ойынша саяси мәдениет – ол саяси жүйеге қатысушылардың индивидуалдық позициясы мен бағыт-бағдары. Саяси бағыт-бағдар мынадай элементтерімен толығады:

— танымдық бағыт-бағдар – саяси объектілер мен идеяларды тану мүмкіндігі;

—  белсенді бағыт-бағдар – саяси объектілер қарым – қатынасындағы қарама-қайшылықтар т.б.;

— бағалаушылық бағыт-бағдары саяси жаңалықтар мен оқиғаларға баға беру пікірі;

Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын ешқандай ой-толғам болмаған деуге болмайды. Өйткені, антикалық ойшылдар Платон («Мемлекет», «Заңдар» деген еңбектерінде), Аристотель («саясат» деген еңбегінде), кейінірек Макиавелли, Бэкон, Ш. Монтескье т.б. ойшылдар бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, арқилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бір ыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын байқаған.

Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстық ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы «саяси мәдениет» деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы , фәлсафашы Иоганн Гердерді санайды.

Бірақ олардың қай-қайсысы болмасын «саяси мәдениетті» саяси өмірдің белгілі бір өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде қолданбады. Мұны жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды.

Кейінірек бұл мәселені зерттеуге Польшаның Кеңес Одағының, Болгарияның және т.б. бұрынғы социалистік елдердің қоғамтанушылары қосылды. Бірақ, өкінішке орай, олардың басым көпшілігі «дамыған социалистік қоғамның» саяси мәдениеті дүниедегі ең озығы, ең демократияшыл деген желеуді дәлелдеуге тырысты.

Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі саяси әдебиетті оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделігінен әлі жет тексерілмегендігін білдіру керек.

Саяси мәдениеттің мағынасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жоқ. Бұл жөнінде де ғалымдар арасында келіспеушілік бар. Америкалық саясатшылар Г. Алмонд пен С.  Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны саяси қазыналардың,, нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды.

Сонымен қатар басқа да көзқарастары бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары Р: Карр мен М: Беркстейн саяси мәдениетке саяси идеялар әлеуметтік тәжірибе, адамдардың саяси мәдениетке әлеуметтік таптардың саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдер, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерінің қазыналары жатады.

Кеңес өкіметі кезінде бұл пікірге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси іс-әрекеттері саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына бөлек зерттеу керек деп пайымдайды. Бірақ бұл көзқараспен келісу қиын. Себебі, біріншіден, саяси мәдениеттен саяси іс-әрекет пайда болды. Екіншіден, егер адамдардың саяси өзінің-өзі ұстауын саяси мәдениеттен бөліп алсақ, онық іс-әрекеттік жағы ескерілмей қалады. Ал қандай мәдениет болмасын  ол сананың элементтерімен бірге нақтылы іс-әрекеттің бірлігін білдіреді. Сондықтан біз саяси мәдениетке саяси санамен қатар іс-әрекеттер де кіреді дейміз.

Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық  салаларынан қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың, өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеуберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен әс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.

Саяси қызмет - саяси қатынастарды өзгертуге немесе оны сақтауға бағытталған белсенділік түрі. Саяси қызмет құрылымы: субъект (жеке тұлға, әлеуметтік топ), объект (субъект қызметі бағытталған нысан) және әрекеттің өзі. Саяси қызметте екі негізгі бағытты көрсетуге болады: саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыру. Ал бұл үшін саяси шындық туралы білім және құндылық бағыт болуы қажет. Осыған сәйкес саяси қызметтің үш түрі қалыптасқан: танымдық, құндылық және тәжірибелік. Саяси қызметті жүзеге асыру кезеңдері: объект жағдайын бағалау, болжау, объектінің нақты өмір сүру жағдайларына ұсынылған шараларын икемдеу, шараларды жүзеге асыру және қабылдағаннан кейін түзету енгізу. Саяси шешімдерді дайындау және жүзеге асырудың әртүрлі кезеңдерінде оған тұрғындардың барлығы қатыса алады.

Саяси жүйе қызметі

Саяси жүйе қызметі - саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:

1) қоғам дамуының мақсат-міндеттері  мен жолдарын анықтау;

2) қабылданған мақсаттар  мен бағдарламаларды жүзеге асыру  үшін қоғам қызметін үйымдастыру;

3) материалдық және рухани  құндылықтарды бөлу;

4) мемлекет пен әлеуметтік  қауымдардың сан алуан мүдделерін  келістіру;

5) қоғамдағы адамдар мен  топтардың мінезқұлқын анықтаушы  заңдар мен ережелерді дайындау;

6) саяси құрылыстың ішкі  және сыртқы қауіпсіздігі мен  түрақтылығын қамтамасыз ету;

7) саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саяси қатысу  мен қызметке тарту;

8) заңдар мен ережелердің  орындалуына бақылау жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Қорытынды

 

Барлық саяси жүйелер әлеуметтік жағынан әртекті қоғамдарда өмір сүріп дамиды. Саяси жүйелердің әрқайсысы қоғамды тұтасымен қамтиды. Кез келген саяси жүйе экономиканың типіне, әлеуметтік құрылымға және идеологияға сүйенеді. Кез келген саяси жүйенің құрылымдық элементі ретінде әртүрлі мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдар саналады.

Информация о работе Саяси жүйелердің түрлері