Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2014 в 14:59, реферат
«Ас – адамның арқауы» немесе «Ауру -астан» дейді халық, олай болса, адам организмнің өсуіне, жетілуіне, зат алмасуына тамақ ауадай қажет. Өйткені біздің органимімізге керекті заттар осы тамақ арқылы шамадан тыс ретсіз қабылдаса, оның организмге зиян келтіретінін де естен шығармауымыз керек. Қабылданған тамақ асқазанда, ішекте, қорытылып сіңген соң, ол жүрек, өкпе, бүйрек, нерв жүйесі сияқты адамның ішкі мүшелерінің қызметіне, дененің өсуіне жұмсалады. Адамның күнделікті тамағында белок, көміртегі, май, витаминдер, су және минералды заттар болғаны дұрыс
Кіріспе
Емдеу сақтандыру мекемесінде емдік тамақтандыру ұйымдастырудың ерекшелігі
Диета туралы түсінік. Диеталық столының саны және олардың тағайындалуы
Науқас тағамындағы майлардың, ақуыздың, комірсудың, дәруменнің және минералдық заттардың алатын орны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Майлар
Май – энергия қайнар көзі болып саналады. Адам өміріндегі майлардың физиологиялық рөлі зор. Олар жасуша құрамына кіреді. Жасушаны қалыпты өмір сүруіне қатынасады, жартылай қор бойынша май деполарында жатады: тері астындағы клечаткада, шарбырда, жұмсақ қосылыс-қан ұлпаларда, ішкі ағзада қорланады. Майлар ақуызды сіңіруін, щитовид безінің жұмысын белсенді етеді, ішек-қарын перистальтикасын, өт бөлуін, тамақтың дәмін, тойынған сезімді шақырады. Майлардың құрамына толық және толық емес майлары жатады. Өсімдік майлары көбінесе толмаған майлардан құралған, ал жануарлар майлары – көбі толған майлар. Майлардың ағза үшін биологиялық құндылығы көбінесе майлы қышқылдардың жоғары қаныққан емес мөлшерде болуымен анықталады. Олар ағзада түзілмейді, сондықтан тамақтанудың таптырмас факторы болып табылады. Майларға 28-30% калориялық тәулік рационы жатады. Қарт адамдарда да майдың қолданылуы тәулік барысында азаяды. Тәулік бойына 30% өсімдік, 70% жануар майларын пайдаланған жөн. Тамақтануда майдың көптілігі де, аздығы да адамға әсер етеді. Майды қолдануды азайтқанда дене салмағы жеңілдейді, қорғаныс күші төмендейді, өсуі тоқтайды. Майларды көп қолдану жағымсыз әсерін тигізеді – алмасу процесі бұзылады, түрлі аурулар туады.
Көмірсулар
Көмірсулар – ағзаның негізгі энергетикалық заты болып саналады. Зат алмасу процесі жақсы өту үшін көмірсу болу керек – адам ағзасында көмірсу толы болса, майлар жақсы тотығады. Көмірсулар бөлген энергия бойынша әр түрлі жүйе мен мүше қызметі жақсарады. Адам ағзасында жақсы сіңетін көмірсулар қандағы қантты біркелкі сақтайды. Адам ағзасы көмірсуға жақсы толғанда глюкоза, гликоген түрінде бауыр жасушасында, бұлшық етте тұрып қалады. Гликоген – көмірсу қорының қайнар көзі. Гликоген қажетіне орай ыдырап, ағзаның қалыпты есепті глюкозаға толтырады, олар қанға сіңіп бүкіл ұлпаларға тарайды. Адам ағзасына көмірсудың қайнар көзі өсімдік тағамдары болып саналады.
Дәрумендер
Дәрумендерге әр түрлі құрамы жоғары химиялық-биологиялық белсенділігі бар заттар жатады. Олар өмір сүру процесіне ағзада айырбасталмайтын және өте аз түрімен үлкен рөл ойнайды. Бүкіл ағзаның қорғаныс күші дәрумендер мен ферменттердің тығыз байланысуымен көтеріледі, жұмыс қуаты, денсаулығы сақталынады. Ағза дәрумендерді қажет етеді, оны түрлі тағамдармен толықтырады, тамақтың дәруменге толы болатындығы оны дайындаумен байланысты. Адам ағзасына дәрумендер жақсы сіңуі үшін оларды ең алдымен ерітіп алу керек. Бұл белгісі бойынша дәрумендерді былай деп бөледі: суға еритіндер мен майға еритіндер. Суға еритіндер С, В тобы, РР. Майға еритіндер – А, Д, Е, К дәрумендері.
Минералды заттар
Адам ағзасының өмір сүру процесін реттеуші – минералды заттар, олар
макроэлемент, микроэлементтер деп бөлінеді. Макроэлементтерге – ағзада биік концентрацияда болушы жатады. Микроэлементтер ағзада өте аз кездесіп жатады. Жақсы зерттелген адамда қажеттісі көп микроэлементтер: темір, мыс, марганец, цинк, кобальт, йод, фтор жатады. Макроэлементтердің қажеттілігі грамм өлшемімен есептеледі, ал микроэлементтер мұқтаждығы милиграммен және микрограммен өлшенеді. Ағзаға минералды заттар тағам, сұйықтық түріне түседі.
Пайдаланылған әдедиеттер: