Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2014 в 14:59, реферат
«Ас – адамның арқауы» немесе «Ауру -астан» дейді халық, олай болса, адам организмнің өсуіне, жетілуіне, зат алмасуына тамақ ауадай қажет. Өйткені біздің органимімізге керекті заттар осы тамақ арқылы шамадан тыс ретсіз қабылдаса, оның организмге зиян келтіретінін де естен шығармауымыз керек. Қабылданған тамақ асқазанда, ішекте, қорытылып сіңген соң, ол жүрек, өкпе, бүйрек, нерв жүйесі сияқты адамның ішкі мүшелерінің қызметіне, дененің өсуіне жұмсалады. Адамның күнделікті тамағында белок, көміртегі, май, витаминдер, су және минералды заттар болғаны дұрыс
Кіріспе
Емдеу сақтандыру мекемесінде емдік тамақтандыру ұйымдастырудың ерекшелігі
Диета туралы түсінік. Диеталық столының саны және олардың тағайындалуы
Науқас тағамындағы майлардың, ақуыздың, комірсудың, дәруменнің және минералдық заттардың алатын орны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қабылдауға болмайтын тағамдар: макарон, айран, шикі жұмыртқа, ұуырылғантағамдар, семіз еттер, балық, саңырауқұлақ, арақ-шарап, қамырдан жасалынған тамақтар, жемістер, кофе, какао және шоколад.
Тағамның калориясы мен құрамы: белок – 100 г, май – 100 г, көмірсу – 300 г. Жалпы калориясы – 2600 ккал болуы керек.
Тамақты қабылдау тәртібі: науқас тамақты тәулігіне 6 рет қабылдауы керек. Тамақтың ыстықтығы 55-60 градустан аспауы тиіс, ал салқындығы 12-15 градустан төмен болмағаны дұрыс.
1 – диетасы.
Бұл мына көрсетілген ауруларға қолданылады:
Науқастың пайдаланатын тағамдары: кеше пісірілген бидай наны, печенье, сухари, сүт, сүт қатқан шай, қаймақ, сұйық сүт қатқан кофе, какао, ірімшік, сары май, олиф, күнбағыс майы, 2 шала пісірілген жұмыртқа, омлет, сүт қосып пісірілген вермешел сорпа, қолдан жасалынған көже, майсыз ет, жұмсақ әбден піскен жемістер.
Қабылдауға болмайтын тағамдар: капуста, пияз, сарымсақ, саңырауқұлақ, шикі жұмыртқа, қара нан, қуырылған тағамдар, арақ- шарап, қамырдан жасалынған тағамдар, консервілер, бұршақ, түйе бұршақ, ащы және тұзды тамақтар.
Тағамның калориясы мен құрамы: белок – 100 г, май – 100 г, көмірсу – 400 г, жалпы калориясы 3000 ккал.
Тамақты қабылдау тәртібі: науқас тәулігіне 6 рет тамақ ішуі керек. Және жатар алдында сүт немесе айран ішіп жатқаны дұрыс.
2-диета
Бұл диета мына төмендегі көрсетілген ауруларға қолданылады.
Бұл диетаның пайдасы асқазанның және ішектің жұмыс істеу қабілетін жақсартумен қатар асқазанның сөлін шығаруға көмектеседі.
Науқастардың қабылдайтын тағамдары: ақ бидай наны, печенье, сухари, сүт қосқан шай, кофе, какао, айран, сүт, ірімшік, шала піскен жұмыртқа, омлет. Еттен, балықтан дайындалған сорпа, майдалап туралған көкөніс, палау, жақсы піскен жұмсақ жемістер.
Қабылдауға болмайтын тамақтар: бұршақ, түйебұршақ, қара нан, саңырауқұлақ, ашытылған тағамдар.
Тағамның калориясы мен құрамы: белок – 80-100 г, май – 80-100 г, көмірсу – 400 г, тағамның жалпы калориясы 3000 ккал, ас тұзы тәулігіне 15 г болуы керек,
Тағамды қабылдау тәртібі: науқас тәулігіне тамақты 4-5 рет бөліп-бөліп қабылдауы тиіс.
3-диета
Бұл диетаны аурудың мынадай түрлеріне пайдаланады:
Бұл диетаның атқаратын қызметі, ол ішектің жұмыс істеу және жиырылып қозғалу қабілетін жақсартады
Тағамның калориясы мен құрамы: белок – 100 г, май – 100 г, көмірсу – 450 г, ас тұзы – 15 г. Жалпы калориясы 3500 ккал.
4-диета
Мынадай ауруларға пайдаланады:
Бұл диетаның тигізетін пайдасы, ол ішектің жұмысын бұрынғы қалпында келтіру. Ол үшін көмірсуды, майларды аз мөлшерде пайдалану керек.
Тағамның калориясы мен құрамы: белок – 80 г, май – 70 г, көмірсу – 50 г. Жалпы калориясы 2000 ккал болуы керек.
5-диета
Мынадай ауруларға пайдаланады:
Тамақты дайындағанда майдалап, суға қайнатып немесе буға пісіріп береді. 5-диетаның 1-диетадан айырмашылығы аз. Бұл диетада көмірсудың мөлшері көмірсудың мөлшері көбейтіледі, ал майдың мөлшері азайтылады.
6-диета
Бұл диетаны подаграмен, мочекислый диатезбен ауырғанда қолданады. Тамақтың құрамында ет және балықтан дайындалған тағамдар болмауы керек. Бұл диетаның ерекшелігі пурин зат алмасу процесін қалпына келтіру және іштегі зәр қышқылын аз пайда болуына көмегін тигізеді. Берілетін тамақтардың көпшілігі көкөніс, жемістер, сүт. Ас тұзын аз пайдаланады. Тағамның жалпы калориясы 2700 ккал болуы керек. Тамақты тәулігіне 5 рет қабылданады.
7а-диета
Бұл диетаны мына төменде көрсетілген ауруларға пайдаланады.
Науқас бұл диетаны шамамен 20 күндей қабылдауы керек. Науқасқа берілетін тағамдардың құрамында белок, май, көмірсу өте аз болуы тиіс. Негізі тамақтар тұзсыз дайындалады. Тағамның жалпы калориясы 2500-2600 ккал. С, В витаминдері көбірек берілуі тиіс
7б-диета
Бұл диета 7а-диетаның жалғасы. Бұл диетада белоктың мөлшерін аздап көбейтеді және ас тұзын 1-2 г дейін жеткізеді. Ал қалған тамақтарды қабылдау тәртібі 7а-диетасымен бірдей. Науқас бұл диетада шамамен 2-3 ай болуы тиіс.
7-диета
Бұл диетаны мынадай ауруларға пайдаланады:
Мұнда белоктың мөлшері көбірек. Тамақ тұзсыз дайындалады. Жалпы калориясы 2800-3000 ккал болуы керек.
8-диета
Бұл диета мына науқастаға беріледі: ауру адамдар шамадан тыс семіріп немесе толып кетсе. Бұл диетада майлың және көмірсудың мөлшерін азайтып, белоктың мөлшерін көбейтеді. Науқас адам көкөністі, жемісті көбірек қабылдауы керек. Ас тұзын өте аз, ал тәбет келтіретін ащы тағамдарды пайдалануға болмайды. Қабылдайтын сұйықтың мөлшері тәулігіне 1 литрдей ғана болуы керек. Одан басқа макарон, күріш, манна жармасы, жүзім, тәтті жемістерді, бал, тосап, печенье, қамырдан жасалынған тағамдарды қабылдауына болмайды.
Қабылдайтын тағамдары: қара нан, шай, кофе, сүт, ірімшік, қатық, көкөністен дайындаған сорпа, майсыз ет, балықтар. Бұларды дайындағанда науқасқа суға қайнатып, асып беру керек. Жалпы калория 1800-1850 ккал болуы керек.
9-диета
Бұл диетада қанда қант мөлшері көбейген кезде қолданылады. Денеде қант мөлшері көмірсудың денедегі қатынастары олардың ұлпаларға дарымай денеге, қан құрамына жиналып көбейеді. Сондықтан ауруға берілетін тамақтардың құрамында көмірсу өте аз болу керек.
Науқастардың қабылдайтын тағамдар: майсыз ет, ірімшік, сүт, жұмыртқа, сары май, қатық, қара нан, капуста, алма. Ал холестерині аз бар өнімдерді пайдалану қажет.
Қабылдауға болмайтын тамақтар: тұздалған, маринадталған тағамдар, манна жармасы, макароннан жасалған тамақ, инжир, жүзім.
Жалпы калория – 2400 ккал болуы керек. Науқас тамақты күніне 6 рет қабылдайды.
10-диета
Бұл диетаны мына төмендегі көрсетілген ауруларға пайдаланылады:
Бұл диетада науқасқа ас тұзының және ішетін сұйықтың мөлшері азайтылады. Науқас ақ бидай наны, шай, кофе, көкөністен, жемістен дайындалған сусындар, сүт, қатық, сары май, майсыз ет қабылдауы керек. Тағамның жалпы калориясы 2500-2800 ккал. Науқас тамақты күніне 5-6 рет аз-аздан бөліп-бөліп қабылдауы керек.
11-диета
Бұл диетаны өкпе туберкулезімен ауырған науқастарға пайдаланылады. Бұл диетаның ерекшелігі науқасқа берілетін тағамдардың барлығы барынша белокқа, майға, көмірсуға бай болу керек. Өйткені туберкулезбен ауырған адамның жалпы организмінің туберкулез микробына қарсы күресу қабілетін жоғарлату қажет. Сондықтан бұл диетаның артықшылығы тамақтың түрлерін тежеу, азайту деген болмайды. Тек үйрек, қаз еттерән жеуге болмайды. Жалпы калория 3800-4000 ккал. Тамақты күніне 4-5 рет.
12-диета
Бұл диета нерв жүйесі ауыратын науқастарға пайдаланады. Қазір бұл диетаны әдейі тағайындау қиын, өйткені нерв жүйесінің бұзылуынан дененің ішкі мүшелерінің қызметі бұзылады. Сондықтан қандай мүшенің жұмысы нашарласа сол мүшеге тән диетаны тағайындайды.
13-диета
Бұл диетаны мынадай ауруларға пайдаланады.
Бұл диетадағы тағамның жалпы калориясы төмен, соған байланысты белок, май, көмірсу аз. Жалпы калория 2200 ккал болу керек. Тамақты науқыстың жағдайына қарай күніне 5-6 рет аз-аздан, бөліп-бөліп берген дұрыс.
14-диета
Бұл диетаны зәрдің құрамында фосфор көбейіп, оның реакциясы сілтілі болса және фосфорлы-калий тұзының тұнбалары болған жағдайда пайдаланады. Бұл диетаны пайдаланудың мақсаты, біріншіден, зәрдің қышқылды реакциясын қалпына келтіру және фосфор тұнбаларының пайда болуына жол бермеу. Науқасқа ет, балық, нанды беруге болады, ал сүт, қатық, қаймақ, көкөніс, өткір ащы тағамдарды беруге болмайды. Науқас тәулігіне 1-2 л дейін сұйық ішу керек.
15-диета
Бұл диетаны аурудың барлық түріне қолдануға болады, егер арнаулы диетаны қажет ететін ауру болмаса және асқазан қыщметі дұрыс болса. Бұл диетаның ерекшелігі тамақтардың түрлеріне шек қойылмайды. Сондықтан тағамның құрамы физиологиялық қалыпта болуы тиіс. Тамақты қабылдау тәртібі күніне 4-5 рет. Жалпы калориясы 3300 ккал.
0-диета
Бұл диетаны асқазанға, ішекке, өкпеге, жүрекке жасалынған операциядан кейін тағайындалады. Бұдан басқа, егер науқастың есі кіресілі-шығасылы болса, миға қан құйылса, ми зақымданғанда да осы диетаны қолданады. Бұл диетаның ерекшелігі калориясы аз ал тамақ құрамындағы белок, май, ас тұзы аз мөлшерде болады. Берілетін тамақтардың түрлері: қант салған шай, жемістен дайындалған кисел, күріш ботқасы, сорпа, әр түрлі жеміс шырындары. Тамақты 3 күн қатарына жиі-жиі күндіз де, түндн де беріледі.
Емдік тамақтандыруды кең қолдану жалпы терапия кешенінің ең маңызды жағы. Адам ағзасындағы үздіксіз өзгерістер қабылдаған тағам құрамына тікеелей байланысты. Тағам ағзасына берілетін ақуыз, энергия, май, көміртегі, минералды тұздардың қайнар көзі болып табылады. Олар ағзасындағы жасушалар мен ұлпалардың түзілуіне және қалыптасуына, жаңартуына басты қызмет атқарады. Тағам тотығуынан пайда болған заттар көзі. Ол тағамның масса бірлігі болып кДж есептеледі. 1 г ақуыздың ыдырауынан 17 кДж энергия бөлінеді. Бұл көрсеткішті табу мақсатында, көміртегі бөлінетіні есептеліп шығарылған.
Ақуыздар
Жасуша және оның маңайындағылар негізі болады. Ақуыздар – негізігі өміртасушылар. Адам ағзасындағы 85% кепкен заттар ақуыздарға жатады. Ақуыздың бұзылған бөлшектерін құру үшін және жаңа жасуша үшін адам ылғи ақуызға зар болады. Адам ағзасына олар азоттың жалғыз қайнар көзі. Фермент, гармондар ақуыздан құралған, тұқымқуалаушылық ақпаратты беруіне, жасушаның тыныс алуына, бұлшық еттің жұмысына қатынасады, оттегі тасымалдаушы, ағзаны микроб пен вирустардан қорғайды. Ақуыздар көбінесе 20 аминқышқылдардан тұрады. Соның ішінде 8-і ағзада жасалынбайтын, айырбасталмайтындар, сондықтан олар тағамдар арқылы түсуі мүмкін. Қалған ақуыздар адам ағзасында азот алмасу процесі кезінде жасалынады. Әр түрлі тағамдардың да ақуыздар аминоқышқыл құрамы әр түрлі болады. Сондықтан ағзаны түрлі аминоқышқылдармен жетістіру үшін тағамдардың кең ассортиментін қолдану жөн. Сол арқылы ағза ақуызды қажетсінуін жануарлардан алынған өнімдерден толтырады. Тағамдардың ақуыз құрамын білгеннен кейін әр түрлі комбинацияны қолданып, адамға қалыпты аминоқышқылдар жеткізуге болады. Орта жастағы адамдардың ақуыз нормасы – тәулік бойынша 1-1,5 дене мөлшеріне тең. Қарт адамдарға ақуыздың қажеттілігі 1г аздау болады. Ақуыздың қажеттілігі физикалық, жүйке мен көңіл-күй жағдайы ауырлағанда, тоңғанда, қызғанда көбеюі мүмкін.