Емдік тамақтандыру. Науқас тамағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2014 в 14:59, реферат

Краткое описание

«Ас – адамның арқауы» немесе «Ауру -астан» дейді халық, олай болса, адам организмнің өсуіне, жетілуіне, зат алмасуына тамақ ауадай қажет. Өйткені біздің органимімізге керекті заттар осы тамақ арқылы шамадан тыс ретсіз қабылдаса, оның организмге зиян келтіретінін де естен шығармауымыз керек. Қабылданған тамақ асқазанда, ішекте, қорытылып сіңген соң, ол жүрек, өкпе, бүйрек, нерв жүйесі сияқты адамның ішкі мүшелерінің қызметіне, дененің өсуіне жұмсалады. Адамның күнделікті тамағында белок, көміртегі, май, витаминдер, су және минералды заттар болғаны дұрыс

Содержание

Кіріспе
Емдеу сақтандыру мекемесінде емдік тамақтандыру ұйымдастырудың ерекшелігі
Диета туралы түсінік. Диеталық столының саны және олардың тағайындалуы
Науқас тағамындағы майлардың, ақуыздың, комірсудың, дәруменнің және минералдық заттардың алатын орны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

emdik tamaktandiru naukas tamagi.docx

— 75.17 Кб (Скачать документ)

 

 

 

  


 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Емдік тамақтандыру. Науқас тамағы      

 

Орындаған: Нұралы А.К

Факультет: Стоматология

Топ: 103 «А»

Қабылдаған: Дүйсенбаева Ш.А

 

 

 

 

                                                           Алматы 2013

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Емдеу сақтандыру мекемесінде емдік тамақтандыру ұйымдастырудың ерекшелігі
  3. Диета туралы түсінік. Диеталық столының саны және олардың тағайындалуы
  4. Науқас тағамындағы майлардың, ақуыздың, комірсудың, дәруменнің және минералдық заттардың алатын орны
  5. Қорытынды
  6. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

«Ас – адамның арқауы» немесе «Ауру -астан» дейді халық, олай болса, адам организмнің өсуіне, жетілуіне, зат алмасуына тамақ ауадай қажет. Өйткені біздің органимімізге керекті заттар осы тамақ арқылы шамадан тыс ретсіз қабылдаса, оның организмге зиян келтіретінін де естен шығармауымыз керек. Қабылданған тамақ асқазанда, ішекте, қорытылып сіңген соң, ол жүрек, өкпе, бүйрек, нерв жүйесі сияқты адамның ішкі мүшелерінің қызметіне, дененің өсуіне жұмсалады. Адамның күнделікті тамағында белок, көміртегі, май, витаминдер, су және минералды заттар болғаны дұрыс

 

Буфетшінің тазалығын, Емдік тағамдардың ағзаға тигізер әсерін зерттеген М.И. Певзнер, ал кейін оны С.Л. Маршак жалғастырды.

Диетотерапия деп – тамақтанудың сапасын, өңдеу техникасына байланысты пациенттің денсаулығын жақсартуға тағамды емдік мақсатта қолдануды айтамыз.

Диетотерапия негізіне емдік тағамдар және тамақ режимі кіреді.

Диета дегеніміз пациент жағдайына байланысты құрастырылған тамақтану тәртібі, аурудың асқынуларын болдырмауды, кейде патологиялық өзгерістерді қалпына келтіреді немесе емдік әсері байқалады.

Тағамдарды әзірлеу барысында келесі ережелерді сақтау қажет:

•  Химиялық аяушылық көрсету

    • майлы, ащы, тұзды, қышқылды тағамдарды қолданбау

•  Механикалық аяушылық көрсету

    • сұйық, қоймалжың, ботқа, пюре тәріздес тағамдарды қолдану

•  Термиялық аяушылық көрсету

    • тағам температурасын 10-60ºС аралағында болуы керек.

•  Тағамның сүйкімді иісі, сыртқы түрі ,тағамдар кестесі қонымды болуы керек.

•  Пациент сауығуына байланысты емдік тағам ауыстырылып отырады.

Пациентті тамақтандыру жеке және топтастық түрде тамақтандыру деп бөлінеді, жалпы бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі.

Емдік профилактикалық ұйымда тамақты дайындаудан және оны пациентке дейін жеткізудің 3 түрлі жүйесі қарастырылған.

        1. Орталықтандырылған  – тағам әзірлеу асхана блогында  жүргізіледі.

              2. Орталықтандырылмаған түрі - әзірлеу  үшін аурухананың әр 

               корпусында бөлме бөлінеді.

            3.   Аралас түрі.

Орталықтанған түрі емдеу профилактикалық   ұйымында кеңінен қолданылады, арнайы бак, тележкалар, жылу өткізбейтін ыдыспен қамтамассыз етіледі. Тағамға арналған ыдыс, кастрюльдер беті әрқашан жабылған, белгіленген, таза болуы керек. Пациенттер асханада тамақтанады,ол жарық, таза болуы керек. 4 адамдық столдар, ол диета бойынша пациентті тамақтандыруға ыңғайлы. Орындықтар залалсыздандыру жүргізуге бейім болуы керек. Буфетте асхана ыдыстары залалсыздандыру және зарарсыздандырудан өткізіледі, таза күйінде сақталады. Ол бөлмеде жылытқыш приборлар – электр, газ шкафтары болады, ыстық су титаны, су моншалары бар.Тамақтандырудан соң ыдыстар тағам қалдығынан тазартылып, залалсыздандырылады.Бөлмелерде санитарлық гигиеналық тәртіп қатаң сақталадыкітапшасы бар, бекітілген мерзімде тексеруден өтіп тұрады, “жұмысқа жіберілгендігі” туралы белгі соғылады. Мейірбике міндеттері – асхана ,палата тумбочкалары тазалығын тоңазытқыштағы тағамдар сапасына, үйден келген тағамдардың диетаға сәйкес болуын қадағалау. Керует жанындағы столдар сабын, тіс пастасы, қорабы бар тіс щеткасы, қорабы бар тарақ, газет, журналдар қоюға арналған. Бөлек сатыда конфет, варенье, печенье тағы басқалар сақталады.Тәулігіне 3-4 рет залалсыздандыру жүргізіледі.Тоңазытқыштар аптасына бір рет ас тағамдарынан босатылып, залалсыздандырылады. Консервідегі ет, балық тағамдарын тоңазытқышқа қоюға рұқсат берілмейді. Осы іс-шараларды орындау аурухана ішілік инфекциялардың алдын-алу болып саналады. Емдік тағамдарды бақылау дәрігер- диетолог, диетикалық мейірбикеге жүктеледі. Күнделікті қызмет барысында тағам сапасын, бөлме, асхана санитарлық гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалаумен қатар құжаттардың дұрыс жүргізілуіне де жауап береді.

Бірнеше топқа бөлінеді:

1 топ – тамақ өнімдерін  тіркеуге арналған құжаттар. Оның  құрамына кіреді: - тағам картотекасы, соның негізінде жеті күндік  меню-талап қағазы құрастырылады.

2 топ – асхана қызметкерлерінің  денсаулығын тексеруге арналған  құжаттар.

3 топ – жеті күндік  меню, “порционник” (тағамға талап  парағы) 2 дана толтырылады.

Палата мейірбикесі күнде таңертеңгілік пациенттер тізімін жасайды, палата нөмері, дәрігер нұсқауына сәйкес емдік тағам нөмері көрсетіледі.

Палата мейірбикесі талап-қағазын жинақтайды, № 1-84 форма бойынша

аға мейірбике тағамға талап қағазын толтырады. Бөлімшедегі барлық

пациент саны, тағайындалған емдік тағам нөмері көрсетіледі, бөлімше

меңгерушісі, аға мейірбике, палаты мейірбикесі қол қояды, асхана блогына

тапсырылады.

Дәрігер – диетолог – дайын астың сапасын тексеріп, мәліметтерін

“Бракераж” журналына тіркейді. Дайын тағамға аскорбин қышқылы

    (витамин С) қосылады,мәлімет “тағамдарды витаминдеу журналына”    жазылады. Тағы басқа журналдар – “санитарлық”, “қауіпсіздік техникасы журналы” жүйелі түрде толтырылады.

 

 

 

 

    Бөлімше аты ___________________________________________________

 

Порциялық талаптар

Тарату үшін  _________________________________________

                                            (күні, айы, жылы).

          Палата №7                                                         Палата №9

  1. Аты, жөні – диета № 1                            1. Аты, жөні – диета № 10
  2. Аты, жөні – диета № 2                            2. Аты, жөні – диета № 10

                                                                         3. Аты, жөні – диета № 15

                                                                         4. Аты, жөні – диета № 15

                                                        

            Палата № 8                                                      Палата № 10

  1. Аты, жөні – диета № 5                             1. Аты, жөні – диета № 10
  2. Аты, жөні – диета № 5                             2. Аты, жөні – диета № 10
  3. Аты, жөні – диета № 9                             3. Аты, жөні – диета № 15
  4. Аты, жөні – диета № 15                           4. Аты, жөні – диета № 15
  5. Аты, жөні – диета № 15                           5. Аты, жөні – диета № 15
  6. Аты, жөні – диета № 15                           6. Аты, жөні – диета № 15

 

Барлығы:                    _____________18___________

 

Палата мейірбикесі: ___________________________

                                                      (қолы)

Мекеме аты:      _____________________________________________

 

Порциялық талап

Терапия бөлімі пациенттерін тамақтандыру үшін ________________________

                                                                                   (күні, айы, жылы)

Пациентер саны туралы мәліметтер

                      Сағат 12.00               ____________________________

                                                                      (күні, айы, жылы)

Палата нөмірі

Пациенттер саны

Диета нөмері

15

1

5

9

10

7

2

 

1

1

     

8

6

3

   

2

1

 

9

4

2

       

2

10

6

4

       

2

Барлығы

18

9

1

1

2

1

4


 

        Аға мейірбике:________________________ 

                                              (қолы)

       Бөлім меңгерушісі:______________________

                                                (қолы)

                                       

                                                           күні, айы, жылы.

 

                            Палата мейірбикесі:__________ (қолы)

 

 

Диета

Ауруханада  емделіп жатқан науқастарға дәрігер аурудың диагнозына қарай, емдік тағамын белгілейді. дұрыс тағайындалған емдік тамақ, ол да емнің бір түрі. Емдік тағам аурудың диагнозына байланысты 1-ден 15-ке дейін диетаға бөлінеді.

1-а диетасы.

Бұл диетаны мынадай ауруларға пайдаланады.

  1. Асқазан және ұлтабар жарасының өткір кезеңі
  2. Асқазан өткір немесе жедел қабынғанда және созылмалы асқазанның өабынуы асқынғанда, әсіресе асқазан қышқылы жоғары болғанда
  3. Асқазанға және ішекке операция жасағаннан кейінгі кезеңде
  4. Ішек-қарыннан қан кеткен кезде
  5. Үлкен дәреттегі белгісіз қанды тексеру алдында осы диетаны қолданады.

Тамақ буға немесе суға қайнатылып пісіріледі. Науқасқа тамақты сұйық немесе қоюлау етіп, майдалап береді. Көбінесе науқасқа асқазан сөлін аз шығаратын тамақтар беру керек. Ондай тамақтарға сүт, қаймақ, жаңа жасалынған ірімшік, сары май, жақсы тазаланған олиф майы, буға пісірілген омлет, майсыз ірі қара, құс еті, кисел жатады. Ал асқазан сөлін көп шығаратын болғандықтан мына тамақтар берілмейді: семіз ет, балық, шикі жұмыртқа, қуырылған тағамдар, консервілер,бұршақ, түйе бұршақ, қамырдан жасалынған тағамдар, кофе, какао, шоколад-конфеттер, арақ-шарап ішімдіктері.

Тамақ калориясы мен құрамы: белок – 80 г, май – 80-90 г, көмірсу – 200 г, ал жалпы калория 2000 ккал болуы керек.

Тамақ қабылдау тәртібі: науқас тамақты аздан, әрбір 2-3 сағат сайын, яғни тәулігіне 6-7 рет қабылдауы керек, ал жатар орынға сүт немесе қаймақ ішіп жатқан дұрыс.

1-б диетасы.

Бұл диетаны мына ауруларға пайдаланады

  1. Асқазан жараларының екінші он күндігінен бастап беріледі
  2. Асқазан жедел және созылмалы болып қабынғанда және оның қышқылының аз немесе көбіне қарамай осы диетаны береді.

Бұл диетаның атқаратын қызметі, ол асқазанды ыстық, суықтан, ірі, түйір тамақтардың асқазанның ішкі кілегей қабатын тітіркендіруден сақтайды. Мұны да буға және суға қайнатып береді. Қабылдайтын тағамдардың түрлері: ақ бидай ұнынан жасалынған сухариді 100 грамға дейін қабылдауға болады, сүт, қаймақ, жаңа, ашымаған ірімшік, сары май, тазартылған олиф немесе күнбағыс майы, 2-3 шала пісірілген жұмыртқа немесе омлет, сүттен жасалынған сорпа, ұнтақ жармасы немесе күріш ботқасы, майсыз ет.

Информация о работе Емдік тамақтандыру. Науқас тамағы