Бастауыш математика курсының мазмұны мен құрылымын психологиялық-педагогикалық талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 09:19, лекция

Краткое описание

1. Психологиялық-педагогикалық талдау дегеніміз не?
2. Жалпы білім берудің мақсаттары мен міндеттері
3. Бастауыш математикалық білім мазмұнының әдістемелік негзідері
4. Жалпы білім беруде математиканы оқыту рөлі мен орны
5. Математиканың мектеп курсының құрылымы туралы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекции.doc

— 117.00 Кб (Скачать документ)
  1. Мотивация дегеніміз әдетте әрекетке қозғаушы күш жиынтығы болып танылады. Әрекет үнемі белгілі мақсатты көдейдіә. Әрекет басталған сәтте ол үнемі мақсатты іске асырылады. Мақсат – адам осы әрекеті нәтижесіне қол жеткізуге саналы тырысу. Адамның негізгі мақсатына сәйкес келетін мақсаты бар әрекетке аса мән беріледі. Негізгі қозғаушы күш әр түрлі қажеттілік түрі болып табылады. Қажеттілік белгілі бір қызметке айналу үшін, тиісті зат алынуы қажет. Бұл зат нақты әрекетке қозғаушы күш болады және мотив (себеп) деп аталды. Себеп кез-келген рухани құндылық болып табылады. Оқушыларда қажетті оқу себеі пайда болу үшін, оқуға нақты тырысу сезімі пайда болу үшін, мұғалім жаңа себептер мен қажеттіліктер себептерін қалпытсатыру мехнаизмдерін қолдану керек. Қажетті қажеттілік пен себептер оқушыларда өзіндік әрекет басрысында ғана қалпытса алады.

 

4 тақырып.  Математиканы оқу үрдісінде оқушының әрекеті.

Жоспар:

  1. Оқыту үрдісінде негізгі ретінде мақсатқа сай оқу қызметі.
  2. Оқуға өздігінен әрекет ету мен оның мәні.

 

  1. Негізгі қызмет оның дамуы баланың белгілі даму сатысында оның психиаклық үрдісінде психологиялық ерекшеліктерінде басты өзгеруін көрсететін әрекет болып табылады (А.Н.Леонтьев). Д.Б.Элькониннің кезеңдерге бөлуіне сәйкес төменгі сынып жасында негізгі қызмет оқу қызметі болып табылады. Төменгі мектеп жасы үшін оқу қызметі осы қызметтің құрылымы мен үлгілерін игеру  бойынша қатынас түріне ие болады.

Психологияда 60 жалдардан бастап оқу қызметі ұғымы әрбір оқушыда қалыптастыру көзделетін және саналы түрде оқушының әрекетін өзінің тұлғалық мақсаты ретінде  оқу мен әтрбиелеу мақсаттырн жүзеге асыруға бағытталатын әрекет ретінде қарастырылады.  Оқу қызметі тореисяны әзірлеумен Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов (мақсатқа сай оқу қызметі) айналысты. МОҚ ерекшеліктері:

  1. Ол қандай бір материалдық немесе өзге нәтижені алуға емес, оқушының өзін өзгертуге, оның белгілі йрекетті, ждағдыны  меңгеруіне, білімді игеруіне, өзінде қандай да бір психикалық қасиеттерді жасауға бағытталған.
  2. Ол жалпы әренкет амалдарын игеруге бағытталған;
  3. Кез келген таарауды, тақырыпты немесе ұғымды оқып үйрену себепке сай болуы тиіс және оны оқу қажеттілігі оқушыға түсінікті болуы тиіс.
  4. Оқу материалын оқып үйрену мазмұндық жинақтау принципі бойынша құрылуы тиіс, жалпы және абьстарктілі сипаттағы білімді меңгеру неғұрлым жиі және нақты біліммен танысуға септігін тигізеді.
  5. Ол басынан бастап ғылыми-теориялық қызмет ретінде қалыптасады. Орта білім беру жүйесіне қосылған төменгі сыныптарда балаларда оқу қызметін мазмұны мен баяндалу тәсіліне қарай ғылымыи білімге сай оқу пәндерін меңгеру түрі ретінде қалыптастыру қажет.

Математиканы оқу оқушыларда 1 сыныптан бастап қоршаған, ортаны көре білу және ондағы қатынастарды математикалық теория призмасынан өткізу білу қабелітн ұялатыу қажет.

  1. Өздігінен оқу әрекеті жалпы білім берудің қазіргі мәселелерін шешудің негізгі құралы табылады. Өздігіне оқу әрекетін қалыптастыру оқушылардың өзіндік психологиялық ерекшеліктері мен қабілеттірн танып, дамтуы, бұл өзін өзі бағыттау мәселесін шешу негізі болып табылады. Оқушылардың өзін өзі тануы мен өзін өзін дамытуы  өздігінінен оқу әрекетін қалпытсатыру үрдісінде саналы және эстетикалық тәрбиелеу міндлетін шешуге әкеп соғады.

 

5 Тақырып Математиканы  оқыту үрдісін ұйымдастыру

Жоспар:

  1. Мұғалімнің іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы
  2. Математиканы оқыту процесінің құрамдас бөліктері
  3. Оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формалары
  4. Математиканы оқытудың кейбір әдістері.
  5. Математиканы оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау және бағалау.
  6. Мұғалім қызметінің құрылымы:
  • Тақырыптың оқу материалын логикалық-психологиялық талдау. Мақсаты-осы тақырыпты білу саласында енгізілген амалдар арқылы оқушының нақты әрекетерінің мазмұны мен құрылымын анықтау.
  • Оқушының оқу қызметігнің моделін құрастыру. Оқушылардың осы тақырыптың мазмұнын толық меңгеруге жетелйетін оқушылардың әрекеттер жүйесін алдын-ала сипаттау.
  • Сабақ жоспарын құру
  • Тақырыпты оқып үйрену үшін қажетті материалды дайындау
  • Тақырыпты оқып үйрену барысында мұғалімнің қызметі. (3 кезеңнен тұрады: себеп салдарлдық, операциялытанымдық, рефлексті-бағалау).
  1. Математикадан негізгі және маңызды білім түрі жоспарлы сабақтар жүйесі болып табылады. Соның ішінде оқу құрамына: үй тапсырмасы, сабақтан тыс сабақ түрлері мен жұмыстар, қосымша сабақтар, мекпетік жұмыс түрлері кіреді.
  1. Ұйымдастыру нысаны: жеке, фронтальды, ұжымдық. Нысанды таңдап алуға мына тәрб. Мақсаттары әсер етеді:
  • Оқушыларда өзін өзі реттеу қабілетіне баулу.
  • Мағыналық кедергіден өту.
  • Оқушының әлеуметтік көреген тұлға қасиетін тәрбиелеу.
  1. Қазіргі заманғы әдістер: проблемалық оқыту әдістері, бағдарламалық оқыту, оқытуда тарихылық.
  1. Оқыту үрдісінде үш бақылау түрін ажыратады: мұғалім іске асыратын сыртқы, оқушылдардың өзара арасында өзара бақылау, өзін өзі бақылау.

Мысал ретінде не алынатынына қарай бақылаудың мына түрлері мүмкін: соңғы нәтиже бойынша бақылау, қадамдық бақылау, белгілі жағдайлар немесе қызмет өлшемдері бойынша бақылау.

Қазіргі таңда оқушылардың математикалық жетістіктері диагноикасы әдістемесі кеңінен қолданылады.

 

6 тақырып. Математикалық есептерді шығару кезінде дағды мен қабілетті қалыптастыру

Жоспар:

  1. Дағды, ептілік пен қабілет.
  2. Дағды мен ептілікті қалыптастырудың жалпы жағдайлары
  3. Математикалық есептерді шығарудың жалпы ептілігін дамыту
  4. Дағды саналы автоматтандырылған әрекет ретінде туындап, содан кейін әрекеттерді автоматты орындау тәсілі ретінде қызмет етеді. (С.Л. Рубенштейн). ептілік – әр түрлі жағдайда күрделі әрекеттердің орындау үшін оқушыларда білім мен дағдыларын саналы қолдану.

Егер ептілік пен дағды оқушы әрекетін сипаттаса, оның қабілеті оның тұлғасын сипаттайды.

Қабілетті талдау кезінде адамның белгілі бір әрекетті орындаудағы қасиеттері, ерекшеліктері алынса, ал ептілік пен дағдыны талдауда адам іске асыратын әрекет сипаты мен ерекшеліктіре алынады (В.А.Крутецкий).

  1. Саналы әрекеттерді қалыптастыру үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар, оларды орындау дағдылар мен ептлікіті үйренудің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді:
  • Саналы әренкеттердің бағытты негізіне толы болуы.
  • Әрекеттердің оны бастапқы көріп, игерген кезде ашу.
  • Күрделі әрекетті сатылай меңгеру
  • Дағды мен ептілікті қалыптастыру үрдісінің ұзақтығы
  • Әрбір дағды мен ептіліктің сатылы өңдеу
  1. Математикалық ойлау мен шығармашлықы қабілетті дамыту оқушылардың тапсырманы орындау барысында ойлауы арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың өзіндік қызметі математиканы оқуыда негізгі рөлге ие. Тапсырманы орындай алу ептілігі математиканы жақсы оқу критерийі.

Математикалық ойлау мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту стандартты емес тапсырманы орындауға септігін тигізеді.

Бала дамуының негізі мектепте алынған білімі болып табылады. Бала «саналы түрде» опеарцияларды орындай алу ептілігіне ие болады. Оқушы меңгерген ұғымдар мен түсініктер ауқымы жаңа салаларды игеріп, кеңей түседі. Бала заттың жекелеген қасиеті мен белгісін емес, көптеген қасиметтері мен белгілерін тани бастайды, бастысын, басқасынан бөліп қарауды үйренеді.

Баланың білім деңгейі, оқу қызметінің өнімділігі, шағырмашылық қабілеттің дамтуы көбінесе назар аудару сияқты таным үрдісінің қалыптасу деңгейіне байланысты болады.

Кіші сынып оқушылары назар аудару қасиеті әлсіз болады. Белгілі стандарт бойынша шығарылмайтын тапсырма оқушы тарапынан шығармышылық пен білімінің белгілі деңгейін талап етеді.

Стандартты емес тапсырмалар –математика курсында оларды шешудің белгілі бағдарламасымен анықталатын жалпы ережелер мен шарттардың болмайтын тапсырмалар.

Дамытушы стандартты емес тапсырмаларға мыналар жатады:

  1. Қалыпты емес сұрағы бар тапсырма;
  2. Шарты толық емес тапсырма;
  3. Шарты артық толық тапсырма
  4. Абстарктілі жоспарлы тапсырма жүйесі
  5. Берілген үлгіде тапсырам құру (кері, өзара кері)
  6. Бас қатырғыш тапсырма
  7. Нақты емес тапсырма
  8. Нақты және кері тапсырма
  9. Бірнеше шешімі бар тапсырма

Дамыту қызметі бар есепті шығару дағдыға айнлмайды. Оқушылар әрбірі өз мүмкіндігіне қарай осы есептерді шығаруы тиіс. Оларды шешу кезінде оқушылар тек білім ғана емес, математиканың барлық курсын меңгеру кезінде бірден көрінетін оның дамуы да іске асады.

Математиканы оқыту біртіндеп қиындайтын есептерді шығару немесе әдеттегі қиын есептер кәдімгі қарапайым жаттығуларға айналатын есептерді шығаруды көздейді.

Төменгі сынып оқушыларының математикалық дамуын арттыруға қойлытан қазіргі заманғы талаптар оқу жұмысында әр түрлі жолдармен іске асырылады. Есептерді осындай мақсатқа қол жеткізундегі рөлі барлығы белгілі. Есептерді әр түрлі жолмен шығыра білу қасиеті жоғары саналы және математикалық дамуын көрсетеді.

Егер оқушының ителлектісін оқудың негізгі мақсаты ретінде қарастырсақ, ал  тапсырманы орындау кезінде  оқушының жұмысын осы мақсатқа қол жеткізу құралы ретінде қарастырсақ, мұғалімнің басты мақсаты оқушының шешімінің өзі таба білуіне жетелеу болып табылады.

Осындай ептілік пен дағдыны дамыту дұрпыс ойлауға жетелейді.

Мұнда мұғалімнің рөлі зор. Ол есепетерді шебер шығаруы, қандай тәсілдермен  және қанша тәсілмен шағыралытынын алдын ала біліп отыруы тиіс.

Балалардың матерматикалық қабілетін дамыту мәселесі бүгінгі таңда бастауыш сыныпта математиканы оқытудың әдістемелік негізгі мәселесі болып отыр. Математикалық қабілет деген ұғымды әртүрлі көзқараспен қарау концептуалды негізделген әдістеменің жоқтығы, бұл өз кезгінде мұғалім жұмысының қитындауына әкеп соғады. Сондықтан ата- аналар арасында ғана емес мұғалімдер арасында да, математикалық қабілет не берілген не берілмеген деген түсінік қалыптасқан. Бұнда жасар шара жоқ.

Әрине, белгілі қызмет түріне қажетті адамның негізі генетикалық биологиялық компоненттер комбинция жеке басының психикасына байланысты болады. Алайда бүгінгі таңда жүйке тканьдерінің белгілі қасиеттері тікелей белгілі қабілеттің болу не болмауына әсер етеді деген дәлелдер жоқ.

Сонымне қатар, қолайсыз табиғи жағдайлардың болуы айқын көрінетін қабелттері бар тұлғаларды қалыпсатыруға әкелуі мүмкін, тарихта болған мысалдар да аз емес. Математикалық қабілеттер арнайы қабілеттер тобына жатады. Оның көрнуі мен бұдан әрі дамуы белгілі білім қоры мен белгілі ептіліктің болуын талап етеді, оның ішінде жинақталған білімді ойлау қызметінде қолданылу ептілігі де жатады.

Математика баланың психикасның жеке ерекешілктерін (назар, аудару, қабылдау жады, ойлау, елестету) пәнді игерудің шешуші рөл атқаратын пәні болып табылады. Мінез құлықтың маңызды сипаты мен оқу қызметінің табыстылығы жоғарыда айтылған табиғи динамикалық ерекшеліктерге байланысты болады. Олар білімдегі өзгешелік тереңдігі, беріктігі, жинақылығын тударады. Адамның психикалық өмірінің мазмұнды жағына жататтын білім сапасы бойынша әдетте балалардың дарындығы туралы айтылады.

 

 

 

 

 


Информация о работе Бастауыш математика курсының мазмұны мен құрылымын психологиялық-педагогикалық талдау