Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 09:19, лекция
1. Психологиялық-педагогикалық талдау дегеніміз не?
2. Жалпы білім берудің мақсаттары мен міндеттері
3. Бастауыш математикалық білім мазмұнының әдістемелік негзідері
4. Жалпы білім беруде математиканы оқыту рөлі мен орны
5. Математиканың мектеп курсының құрылымы туралы.
1 тақырып. Бастауыш математика курсының мазмұны мен құрылымын психологиялық-педагогикалық талдау
Жоспар:
1. Психологиялық-педагогикалық
2. Жалпы білім берудің мақсаттары мен міндеттері
3. Бастауыш математикалық білім мазмұнының әдістемелік негзідері
4. Жалпы білім беруде математикан
5. Математиканың мектеп курсының құрылымы туралы.
1. Математиканы пән ретінде оқыту үрдісінде матемика ғылымының белгілі бір түрінде көрінетін математиканы оқу курсы қолданылады, ал үрдіске қатысушылар мұғалім мен оқушылар болып табылады. Сондай-ақ, оқушылардың қызметіне жағдай жасайтын және оны қамтамасыз ететін оқушылардың ата-аналары мен білім беру органдарының қызметкерлері мұндай үрдіске жанама түрде қатысады.
Математиканы оқыту үрдісінің құрылымы өте күрделі, сондықтан оны әрі түрлі көзқарас жағынан талдауға болады. Осылайша, осындай үрдісті талдау негізіне математика ғылымы мен математика оқу пәнінің өзара байланысын айтуға болады. Мұндай жағдайда -онтодидактикалық талдау туралы айтамыз. Мұндай үрдісті мұғалімнің қызмет тарапынан қарауға болады. Онда біз әдістемелік талдау жасаймыз. Егер оны ұйымдастыру және материалдық жағдаймен (кабинет, жабдықтар және т.б.) қамтамасыз ету тарапынан қарасақ, математиканы оқыту үрдісіне мектептік талдау болады. Онда оның құрылымында тағы бір топ - оқу жабдығы мен оқу құралы пайда болады, бұл оқу пәні, мұғалім мен оқушы арасында байланыс тудырады. Егер мұндай үрдісті оған қатысатын барлық тұлғалар арасындағы өзара байланыс тарапынан қарасақ, үрдісті әлеуметтік-психологиялық немесе тіптен социологиялық талдау деуге болады.
Математиканы оқыту үрдісін талдаудың әртүрлі түрі көп екендігін көруге болады. Тіптен кибернетикалық талдауға да болады, мұнда үрдіс басқару тарапынан қарастырылады.
Негізі үрдіске басты қатысушы -оқушы тарапында қарау қажет. Шын мәнінде, оқу оқушылар үшін ұйымдастырылады және қызмет етеді, сондықтан олар ең басты қатысушы тұлға болып табылады. Мұндай үрдіс нәтижелерін оқушының көзрасымен қарап, бағаланады. Ол оқу кезінде қандай өзгерістер болды, оның психикалық дамуында, оның әдетінде және мінез-құлқында алға жылжу болды ма, онда ғылыми-диалектикалық дүниетанымы қаншалықты дамыды және т.б.
Математиканы оқыту үрдісін оқушының қызметі тарапынан талдау психологиялық-педагогикалық талдау болып табылады.
Барлық талдау түрлері өзара байланыста және өзара әрекетеседі.
2. Математиканың жалпы білім
беру курсының мазмұнын және
құрылымын психологиялық-
Бала тұлғасын қалыптастыру баланың барлық өткен ата-баба жетістіктерін еске түсіру арқылы тәжірибе жинақтау үрдісінде жүзеге асады. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру дегеніміз әр бала барлық адами қызмет түріне бірдей қабілетті деген сөз.
3. Математика ғылым ретінде жан-
Кез-келген ғылым нақты заттармен труа байланыспайды, олардың абстрактілі сиптатарымен олардың модельдерімен байланысады. модель дегеніміз өзге объектіні алмастыра алатын объект (құбылыс, үрдіс) болып табылады және осы өзге объектіні зерттеу тәсілі ол туралы ақпаратты, жаңа білімді алу арқылы жүзеге асады.
Математиканың ғылым ретінде ерекшелігі ол өзге ғылымдардан нақты әлемнің заттар моделін емес, осы модельдердің жалпы схемасын, былайша айтқанда модельдердің моделін зерттейді.
Үшінші аспект -математиканы ғылымның жалпы ортақ тілі деп қарау.
Математика тілі табиғи ғана емес, гуманитарлық көптеген ғылымдарда ұғымдар мен эмпирикалық табылған байланыстардың нақты біртекті сипаты үшін қызмет етеді.
Әдетте, кез-келген ғылымның математикалық тілі ғана емес өзіндік тілі де бар, алайда математика тілін қолдану деңгейі аталған ғылымның даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Кез-келген ғылымның маңызды сипаттамасы оның логикалық құрылымы болып табылады. Әдетте, логикалық құрылымның элементтері. негіздері, заңдары, негізгі ұғымдары, теориялары, идеялары болып табылады.
Математикада осындай элементтері өзіндік нысанға ие. математика оқу пәні мен әдістері бірлігіне байланысты көптеген жекелеген математикалық ғылымдардың жүйесі болып табылады. Математикаға тек заңдар түрінде қол жеткен нәтижелер ғана емес, болжамдар да жатады. Математикалық жеткістікке қол жеткізу үрдісі мүмкіндігін беретін идеялар, әдістер шексіз.
Математиканың әрекеттік жағына келсек, оны мына құрамдас бөліктерден-деңгейлермен сипттауға болады:
1) оқу объектілерінің тамаша моделін құру;
2) құрылған модельдерді зерттеу
аппаратын әзірлеу және
3) практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін алынған заңдар-білімдерді қолдану әдістерін әзірлеу мен оны қолдану.
Сондай-ақ математикалық қызметке мәселелер мен міндеттерді қою, қойылған міндеттерді шешу үшін болжамдар мен идеялар шығару кіреді.
4. Математика оқу пәні ретінде ғылым ретінде математиканың педагогикалыұ проекциясын құрайды.
Математиканы оқыту мақсаттарын психологиялық-педагогикалық талдау оқушылар математиканы не үшін оқу қажеттігін анықтап алу қажет. Математиканы оқыту мақсатын анықтау - арнайы қасиетті көрсету, сол мақсатты көздеп мектепте математика оқытылады және оқушылардың жан-жақты дамыған және әлеуметтік көреген тұлға болып қалдыптасуы қажет.
Мектепте математиканы оқыту мақсаты - оқушы математикалық білім жүйесіне және дағды мен қабілетке негізделген білімге ие болуы дегенді білдіреді. Мақсатқа жету үшін бірнеше факторға байланысты.
5. Оқу пәні ретінде математика құрылымының негізгі психологиялық-педагогикалық мәселелері:
- математиканы оқытудың
- оқу мазмұнын құрастыру және
оқу практикасында оны жүзеге
асыру кезінде математиканы
- математиканың мектеп курсының
барлық құрылымы негізіне
- оқушыларға идеялар мен әдістер ашылмаған қалыпта болып, кейіннен олардың есеюіне қарай, олардың оқудағы жетістіктеріне қарай ашылып, кеңейіп, жаңа мазмұнға ие болуы тиіс.
- осы идеялар мен әдістер математиканы оқыту мазмұнын құрайды. қалған мектеп курсының қалған мазмұны осы иедялар мен әдістерді анықтау мен қолдану, оларды аша түсу үшін қажет болуы тиіс.
2 тақырып. математиканы оқыту үрдісінде төменгі сынып оқушыларының ойлауын, танымы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жоспар:
1. Ойлау, оның ерекшеліктері мен түрлері.
2. Математикалық ойлау туралы.
3. Ойлау мәдениетіне тәрбиелеу.
4. Төменгі мектеп жасында елестетуді дамыту ерекшеліктері, жағдайлары мен заңдылықтары.
5. Төменгі мектеп жасында елестетуді дамытудың психологиялық механизмдері мен оны анықтау критерийлері
6. Төменгі мектеп жасында шығармашылық қабілетті дамыту ерекшеліктері, жағдайлары мен заңдылықтары.
7. Математиканы оқытуда көрнекілік пен модельдеу.
1. Ойлау арқылы адам қоршаған ортаны таниды. Ойлау адамға танылатын нысандарда адамның сезімі арқылы, олардың жекелеген қасиеттері мен жақтарына ғана емес, осы қасиеттер мен жақтар арасында байланыс пен қатынас заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Сол арқылы адамның ойлау арқылы жалпы қасиеттер мен қатынастарды таниды, осы қасиеттер арасында нысандардың сипатын анықтайтын маңыздыларын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл адамға қадағаланатын оқиғалар, құбылыстар мен өзінің дербес әркеттерінің нәтижелерін көруге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс ойлау операциялары: салыстыру, талдау, синтездеу, абстрактілеу, жинақтау мен нақтылау арқылы орындалады.
Сезімдік және дерексіз элементтер арасында байланысқа қарай ойлау 3 түрге бөлінеді: 1) көрнекілік -әрекеттік (кіші жаста 3 жасқа дейін балаға тән); 2) көрнекілік-бейнелік (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасына тән); 3) теориялық (дерексіз, ұғымдық) (мектептік кезеңде пайда болады және абстрактілі ұғымдар мен пікірлер түрінде іске асыру тән).
Ойлау дамумен бірге сөйлеу де дамиды. Сөйлеуде ой материалдық қалыпқа түседі.
Саналы даму мен оқу үрдістері өзара байланысты және мынаған сай болады: оқу дамудың қол жеткізген деңгейіне және баланың бұдан әрі дамуына, келесі кезеңге өтуіне, неғұрлым жоғары даму деңгейіне өтуге сүйенеді. Алайда даму оқу мазмұны мен сипатына және көптеген өзге факторларға -әлеуметтік және тәрибелік факторларға байланысты болады.
2. Математиканы оқыту үрдісінде ең алдымен арнайы математикалық ойлауды дамытуға мән берген жөн. Көптеген кеңестік педагог-математиктер А.Я.Хинчин, Л.С.Трегуб, А.К.Сухотин, А.А.Столяр және т.б. осы мәселені зерттеді.
Математикалық ойлау -бұл шекті абстрактілі, теориялық ойлау, оның нысаны заттай қасиетке ие емес және олардың арасында орнаған қатынастар сақталатын ерікті түрде сипатталады.
А.А.Столяр математикалық ойлаудың 5 деңгейін бөліп қарастырған. Ол, алғашқы 2 деңгей бастауыш сыныптарға, үшіншісі- орта сынып оқушыларына, төртіншісі - жоғарғы сынып оқушыларына тән екендігін көрсетеді. бБесінші деңгейге қатысты А.А.Столяр оны геометрияны және тіптен алгебраны оқытудың бірде бір деңгейінде қол жеткізуге болмайды деп санайды. Бұл пікірді біздің, сондай-ақ шетелдегі мектептер тәжірибесі теріске шығарады.
3. Математикалық ойлау жалпы ойлау мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады, оған баулу жалпы білім беру міндеті болып табылады. Ойлаудың математикалық стилі жалпы ғылыми-теориялық ойалау стилінде көрінеді. ғылыми-теориялық сипатта ойлаудан басқа, ойлау мәдениеті басқа белгілермен де ерекшеленеді: ақылдылық, логикалық бейімділік, тәртіптілік.
Ойлау мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастырудың жалпы жағдайлары:
1) ойлау мәдениетіне тәрбиелеу
үрдісі адамның барлық
2) маңыздысы, мұғалім, мектеп оқулықтары ойлау мәдениетінің тұнұсқалы үлгілерін көрсетуі қажет. Себебі оқушылар өзінің ойлау қызметінде мұғалімге, оқу құралына еліктейді.
3) оқушыларды өзін-өзі тәрибелеу
бойынша белсенді жұмысқа
4) оқушылардың ойлау мәдниеті қабілеті мен дағдылары саналы түрде болуы үшін, математиканы оқыту мазмұнына белгілі теориялық білім жүйесіне енгізу керек.
4. Төменгі мектеп жасы бала дамуының ерекше сатысы болып табылады, мұндай жаста балалар елестетуді дамытудың ерекше резервісіне ие.
Елестетуді дамытудың негізгі заңы былай қалыптасады: елестету өз дамуында екі кезеңнен өтеді, олар сыни фазамен бөлінген және ойға қонымды қызметті дамытумен тығыз байланысты. Бірінші кезең елестетуді дамыту барысы ерте басталады және интеллектінің даму барысымен салыстырғанда, қарқынды жүреді, интелектің дамуы әлдеқайда көп тәжірибенің жинақталуын және неғұрлым күрделі қайта өңдеуді талап етеді.
Төменгі мектеп жасында елестің дамуы екі сатыдан өтеді:
Біріншісі, оқу басында кіші сынып оқушысының елестетудің сипатты ерекшелігі оның нақты заттарға сүйенуі болып табылады. Бұл бірінші сынып оқушыларының ойлау қызметінің ерекшеліктерімен, қабылдау мен ойлаудың өзара байланысымен түсіндіріледі. 7-8 жастағы балалар ойлайтын бейнелер көбінесе олардың өткен тәжірибесімен, өзі қабылдайтын бейнелерге тығыз байланысты.
Екінші сынып соңында 9-жаста, содан кейін үшінші сыныпта елестің дамуының 2-сатысы басталады. Бұл сатыда бейнелерде белгілер мен қасиеттер саны ұлғаяды. Олар толыққанды және нақты бола бастайды, бұл нысандардың әрекеттесу және өзара байланысу элементтерінің қайта туындауынан болады. Оқушылар ұғымдардың шығармашылық қайта өңдеуден өткізеді. Балалар шындықтың бейнесін қайта құрастырады. оларды суреттеусіз немесе ерекше нақтылаусыз жады арқылы немесе жалпы схема-графикті басшылыққа алады.