Қазақтың тұңғыш операсы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 12:18, реферат

Краткое описание

«Қыз Жiбек» – қазақтың тұңғыш операсы екенiн жұртшылық жақсы бiлсе керек. Иә, халқымыздың кәсiби опера тарихының алғашқы бетi осы «Қыз Жiбектен» бастау алған. Ұлттық нақыштағы әйгiлi классикалық туынды сахнаға алғаш рет 1934 жылы қанат қақты. Евгений Брусиловский мен Ғабит Мүсiреповтiң «Қыз Жiбегi» ә дегеннен-ақ жұртшылықты баурап алды. Аса биiк талғаммен жазылған операның мән-мазмұны да, музыкалық әдеби көркемдiлiгi де, сахнаға қойылуы да бiр-бiрiмен үндесiп, құдiреттi туындыны құрады. Сол құндылығын әлi күнге дейiн жойған жоқ. Халық та «Қыз Жiбегiнен» жалыққан емес.