Қазақтың тұңғыш операсы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 12:18, реферат

Краткое описание

«Қыз Жiбек» – қазақтың тұңғыш операсы екенiн жұртшылық жақсы бiлсе керек. Иә, халқымыздың кәсiби опера тарихының алғашқы бетi осы «Қыз Жiбектен» бастау алған. Ұлттық нақыштағы әйгiлi классикалық туынды сахнаға алғаш рет 1934 жылы қанат қақты. Евгений Брусиловский мен Ғабит Мүсiреповтiң «Қыз Жiбегi» ә дегеннен-ақ жұртшылықты баурап алды. Аса биiк талғаммен жазылған операның мән-мазмұны да, музыкалық әдеби көркемдiлiгi де, сахнаға қойылуы да бiр-бiрiмен үндесiп, құдiреттi туындыны құрады. Сол құндылығын әлi күнге дейiн жойған жоқ. Халық та «Қыз Жiбегiнен» жалыққан емес.

Прикрепленные файлы: 1 файл

бота.docx

— 36.60 Кб (Скачать документ)

Қыз Жiбек

 

Қазақтың тұңғыш операсы

 
«Қыз Жiбек» – қазақтың тұңғыш операсы екенiн жұртшылық жақсы бiлсе керек. Иә, халқымыздың кәсiби опера тарихының алғашқы бетi осы «Қыз Жiбектен» бастау алған. Ұлттық нақыштағы әйгiлi классикалық туынды сахнаға алғаш рет 1934 жылы қанат қақты. Евгений Брусиловский мен Ғабит Мүсiреповтiң «Қыз Жiбегi» ә дегеннен-ақ жұртшылықты баурап алды. Аса биiк талғаммен жазылған операның мән-мазмұны да, музыкалық әдеби көркемдiлiгi де, сахнаға қойылуы да бiр-бiрiмен үндесiп, құдiреттi туындыны құрады. Сол құндылығын әлi күнге дейiн жойған жоқ. Халық та «Қыз Жiбегiнен» жалыққан емес. 

 
Күллi қазақтың да, қазiргi Абай атындағы мемлекеттiк академиялық опера және балет театрының да опера әлемiндегi ең үлкен табысы «Қыз Жiбек» операсы болды. Тек өз халқымыз ғана емес, кезiнде мәскеулiктердiң өзi қазақтың «Қыз Жiбегiне» басын иген. 
1936 жылы Мәскеуде қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң онкүндiгi болғаны белгiлi. Оған Темiрбек Жүргенов бастаған Жұмат Шанин, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек пен Күләш Байсейiтовтер, Манарбек Ержанов, Шара Жиенқұлова сынды қазақ өнерiнiң негiзiн қалаған небiр саңлақтар барды. Бұл – Опера театры жаңадан тәй-тәй басқан кезi. Өнер қайраткерлерi онкүндiкке «Қыз Жiбек» пен «Жалбырды» алып барған. Екi спектакльдiң де барынша табиғи шығуына ерекше мән берiлген екен. Әсiресе, алғашқы ұлттық опера «Қыз Жiбекте» қазақ халқының жан дүниесi, әдет-ғұрпы көрiнiс табуы тиiс болған. Темiрбек Жүргеновтiң бұл идеясы бұлжымай орындалады. Операда Жiбек кәдiмгi алтындатқан күймеде отырып сүйгенiне жүрек сырын ақтарады. Сахнада қазақтың киiз үйi бау, басқұр, дөдегелерiне дейiн құрылып, ою-өрнектерiмен, бар сән-салтанатымен табиғи күйiнде мәскеулiктерге көрсетiлдi. Аңшының қолына қондырған бүркiттi де жұртшылық тiрiдей көрдi. Тiптi Базарбай ханның сарайында тартылған еттабақта та кәдуiлгi үйiтiлген қойдың басы жатты...Табиғи көрiнiстер қашан да халықтың жүрегiне жақын. «Қыз Жiбектiң» сол кезде таңқаларлық тамаша табысқа жетуiнiң бiр ұшы да осы шынайы бiтiм-болмысында жатса керек. 

 
Сонымен, 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерiнiң онкүндiгi 17 мамыр күнi «Қыз Жiбек» спектаклiмен ашылады. Жiбек – Күләш Байсейiтова, Төлеген – Қанабек Байсейiтов, Бекежан – Құрманбек Жандарбеков. Шетiнен таланттар. Олардың тасыған дарыны, орындау шеберлiгi, әртiстiк қабiлетi спектакльдi құлпыртып әкетiп, талғампаз көрермендердiң таңдайын қаққызды.

 
Қазақтың алғашқы операсының даңқы  алысқа кеттi. Орталық газет-журналдардың бәрi жоғары талғаммен қойылып, асқан шабытпен орындалған спектакль туралы жарыса жазып жатты. Мысалы, «Социалистiк Қазақстан» газетi: «Москвада ойын көрсетiп жатқан Қазақ мемлекет музыка театры «Қыз Жiбектi» екiншi рет қойды. Үлкен театр филиалы халыққа лық толы болды. Көрушiлер ойынды өте жақсы қарсы алды. Шымылдық ашылып, бiрiншi пердеде қазақтың ерте кездегi шалқыған бай, құлпырған әсем киiз үйiнiң тамаша көрiнiсi алға тартылып, неше түрлi сәндi киiнген қыздардың қосылып салған әндерiнен соң көрушiлер ұзақ қол шапалақтады. Ойын уақытында жұрт қайта-қайта қол шапалақтап отырды. Әрбiр пердеден соң жұрт тамаша ойын көрсеткен театрдың айта қалғандай үздiк коллективiне овация жасап, құрмет еттi. Жұртты өте-мөте сүйсiндiргендер, басты рөлдерде ойнаушылар – Қазақ Республикасына еңбегi сiңген әртiс Күләш Байсейiтова, әртiстерден Қанабек Бәйсейiтов, Құрманбек Жандарбеков, Манарбек Ержанов, Үрия Тұрдықұлова, бишi Шара Жиенқұлова және басқалар болды» десе, «Советское искусство» басылымында спектакль туралы: «»Қыз Жiбектiң» музыкасы бiрiншi тактысынан соңғысына дейiн сұмдық сүйкiмдi. Мәселен, «Гәкку» әнi тыңдаушыларының есiн алды; әшекей-бояусыз қоңырқай ғана ән болғанымен, оның әуендiк суреттемесi қаншалық мәндi, мағыналы... қандай әсерлi... Драматург Ғабит Мүсiрепов пен композитор Брусиловский қазақ халық творчествосының негiзiнде керемет музыкалы-сахналық туынды жасаған...», - дей келе бұл газет те бiртуар өнер қайраткерлердiң талантын жер-көкке сыйғызбай мақтап жазған. 

 
Мiне, Мәскеудi осылайша дүр сiлкiндiрген тұңғыш қазақ операсы едi бұл. «Қыз Жiбектен» кейiн небары 24 жасар Күләшқа «КСРО-ның халық әртiсi» атағы мен «Еңбек Қызыл Ту» орденi берiледi. Темiрбек Жүргенов, Құрманбек Жандарбековтер де осы ордендi кеуделерiне тағып келдi. Қанабек Байсейiтов, Манарбек Ержанов, Үрия Тұрдықұлова, Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский сынды дарабоздар «Құрмет белгiсi» орденiмен марапатталады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адырна – көп  ішекті шертпелі саз аспабы

 

Адырна – қазақ халқының көп ішекті шертпелі көне саз аспабы. Аңыз деректеріне сүйенсек, бұл аспап көне түркілер мен қыпшақтар арасында кең таралған, танымал аспап. Қазақ жерінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген кезде табылған.

 

Көне заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Зерттеушілердің айтуы бойынша, адырна аспабының көне түрі садаққа ұқсайды. Кейін марал, бөкен, бұғы, киік, арқар тәрізді аңдардың тұлғасына ұқсас болып келген, мүйіз бен құйрық арасына ішектер тартылған екен.

 

Адырна аспабының шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Шанақ мен мүйіз ағаштан жасалады. Мүйізге құлақтар бекітіліп, ішектер тартылады. Ішектер шуда жіптен не болмаса тарамыстан тағылады. Ішектердің жалпы саны 7-ден 17-ге дейін болады. Аспап қалыңдығы 8-10 см, жалпы тұрқы 48-50 см. 

Адырна арфа аспабына ұқсас, шерту әдісі де жақын. Адырнаны тізеге қойып, басын иыққа тіреп, сол қолмен сүйеп, оң қолмен ішекті іліп (кейде шертіп) ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рахмади Жабықпаевтың ұлы Еркеғали 1930 жылдың 1 тамызында сол кездегі Семей облысының Шұбартау ауданындағы бұл күндері «Мәдениет» деп аталатын ауылында дүниеге келген. Ол 6-сыныптан бастап «Үлгі» колхозы мектебінің интернатына орналастырылады. Еркеғали оқуда алғыр болып өсті. 1948 жылдың маусым айында концерттік ансамбльмен Нұрғиса Тілендиев, Бекен Жылысбаев және баянда ойнайтын Константин Ошлаковтар ауылға келеді. Олардың ойында Балқаш маңындағы ауылдарға өнер көрсетумен қатар, П.И. Чайковский атындағы училищеге дарынды жасөспірімдерді таңдап алу мақсаты да бар еді.[1] Жоғары сыныптардың оқушыларын тыңдап, сынаған комиссия мүшелері олардың ішінен Еркеғалимен қоса есептегенде төртеуін таңдап алды. Еркеғали 1948 жылдың күзінде домбыра класы бойынша музыкалық училищенің оқушысы болып қабылданды. Училищені ойдағыдай тәмамдаған Еркеғали 1952 жылдың жазында емтихандарды жақсы тапсырып, консерватория студенті атанды. Ол қабылдау сынында қобызға арналған «Трио» пьесасын және «Жасыл орман» әнін орындады. Енді Еркеғали Л.Хамидидің ұсынысымен профессор Евгений Брусиловскийдің класында өнерін жетілдіруге кірісті. 1957 жылы Еркеғали Рахмадиев өзінің дипломдық жұмысы ретінде Мемлекеттік емтихан комиссиясының алдына «Қамар сұлу» операсының бірінші бөлімін ұсынды. Оның ұстазы Е.Брусиловский келешек Қазақстанның көрнекті композиторы болатындығын таныған-ды. Осы бағытта білімін дамыта түсу үшін Еркеғали Рахмадиев П.И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясына бір жылдық тәрбие алуға келді. 1962 жылы Мәскеуде жас композиторлар конкурсында Еркеғали Рахмадиевтің «Балқаштағы кеш» атты хорға арналған поэмасы бірінші дәрежедегі дипломмен бағаланды. «Қамар сұлу» операның 1963 жылдың 15-сәуірінде Абай атындағы ҚМАОБ театрында қойылуы үлкен шығармашылық шабытқа жетеледі.1970 жылы композитор Еркеғали Рахмадиев оркестрдің қолдауымен трубада орындалатын «Скерцоны» вокалдық-хореографиялық «Қызыл киіз үй» композициясын, М.Әуезовке арналған лирикалық поэма-реквиемін, «Аястан» атты кантатасын және драмалық қойылымдарға арналған «Қабаған ит», «Әке тағдыры», «Сұхбаттасу» музыкаларын жарыққа шығарды. 1972 жылы опера "Алпамыс"тәмамдалды, оған ілесе шығарылған симфониялық күй «Дайрабай» композитор Еркеғали Рахмадиевке үлкен жетістік әкелді.1980 жылы Еркеғали Рахмадиев Қ.Мұхамеджановтың либреттосы бойынша «Тың туралы» жаңа операны өмірге әкелді.1980-жылдары Еркеғали Рахмадиевтің трубалық оркестрдің қостауымен және скрипкаға арналған, оркестр демеуімен орындалатын концерттік екі шығармасы тағы да өмірге келді. Қазақстанның әйгілі скрипкашысы, талай халықаралық конкурстардың үздігі, профессор Айман Мұсақожаева, Қазақстанның халық әртісі Ю.Н. Клушкинмен бірге екі шығарманы тамаша орындады. 1990-жылдарда Еркеғали Рахмадиев өзі сүйетін камералық-вокалдық жанрға қайтадан ауысты. Бірінші концертте Шаһимардан Әбілевтің орындауында Абайдың өлеңдеріне жазылған романстар тізбегі тұтастай бірнеше театр сахналарында тыңдаушыларды баурап алды Еркеғали Рахмадиевтің Әбіш Кекілбаевтың либреттасына сүйен-ген «Абылай хан» атты эпикалық операсы екі бөлімнен тұрады. Операның мазмұны – Қалмақ, Қоқан, Хиуа хандықтарынан Отанды, жерді, елді қорғау. Мұнда Бұхар жырау мен Абылай ханның бейнесі операның негізгі тақырыбы. Композитор қандай музыка жанрында болмасын жазылған шығармаларында жаңалық әдісін, есте қалатын тың қатпарларды аударады. Оның әрбір шығармасы (опералар, концерттер, симфониялық поэмалар, күйлер, кантаталар, әндер және романстар) республиканың мәдени өмірінде айырықша орын алады. Еркеғали Рахмадиевтің мекемелердегі қызметі студенттік кезінде басталды. Қыздар педагогикалық институтында оқытушы болған-ды. Мәскеудегі мамандығын шыңдау курсынан кейін 1958 – 59 жылдары Алматы консерваториясында фольклор кабинетін басқарды, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жетекшісі, 1961 – 65 жылдарда Қазақ КСР-нің Мәдениет министрлігінде Көркемөнер бас басқармасының бастығы, ал 1966 жылы Абай атындағы опера және балет театрының директоры болып тағайындалды. 1967 жылы ол Құрманғазы атындағы консерваторияның ректоры, 1968 жылы Қазақстан композиторлар одағының төрағасы және КСРО композиторлар одағының хатшысы.Консерватория қабырғасында театралдық факультет және режиссерлік бөлім ашылды. Консерватория жыл сайын 170-200-дей музыка мамандарын дайындайды. Профессор Еркеғали Рахмадиевтің ұстаздығымен Ө.Несіпханов, Т.Қажығалиев, С.Еркімбеков, О.Жанияров, С.Ромашенко, В.Стригоцкий, :М.Тайменкеев және басқа да дарынды композиторлар консерваторияны тәмамдады. 1991 – 93 жылдар аралығында ҚР Мәдениет министрі қызметін атқарды. Музыка өнерінде, қоғамдық жұмыста және атқарған жемісті еңбектері үшін «Еңбек қызыл ту», «Халықтар достығы» ордендерімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР-ның және Армения, Өзбекстан, Эстон республикаларының, Татар автономиялық республикасының мақтау грамоталарымен марапатталған. 1966 жылы оған Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, 1975 жылы Халық әртісі, 1981 жылы КСРО халық әртісі атағы берілді, ал 1980 жылы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы тапсырылды

 

 

 

 

Түркі тілдес халықтардың  музыкалық аспаптары - Түркі тілдес халықтардың қазіргі музыкалық аспаптарын тереңірек зерттеп білу үшін, қолдағы бар деректерге сүйене отырып, көне музыка аспаптарының үлгілерін мүмкіндігінше дәлірек етіп қайта жасап шығу жұмысы тұрды. 
Тіл білімі сияқты музыкада да екі түрлі қозғаушы күш болатыны байқалады, олардың бірін—негізгі қозғаушы күші десек, екіншісі — жанама, яғни өзге халықтардан алынатын өзге жүрттан келіп қосылатын қозғаушы күш дер едік. 
Белгілі этнограф ғалым С. Е. Малов V—XV ғасырлаға жататын ежелгі түркі жазу-сызуларын көп уақыт бойы зерттегеннен кейін: «...Осы ескерткіштердің бәрі немесе осы ескерткіштердің бәрінің айтары түркі тілдес халықтар тарихы үшін ортақ арқау болып табыладьі - деген деді 
Қазақтың музыкалық аспаптар Батыс Сібірді мекендейтін түркі тілдес халықтарының, сондай-ақ қалмақтар мен монғолдардың музыкалық аспаптарына көп ұқсастығы бар. Қырғыздың халық музыкасын зерттеуші - Виноградов былай дейді: «Музыка аспаптарының өз ара байланыстылығы тайға таңба басқандай болып, ап-айқын көрінетін белгілері Солтүстікке, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Сібірге, Алтайға жетелейді». Одан әрі былай делінген: «.„қырғыз музыкасы да, қазақ музыкасы да бір кезде бейне бір тамырдан өсіп шығып, бөлек-бөлек бүр жарған қос өркен іспетті». Аспаптар өздерінің аталуына, құрылысына пішін-түріне, ою-өрнегіне, шығатын үніне қарай белгілі бір ұлтқа тән болған, сол үлттың өнерін паш еткен. 
Бізге белгілі бір тектес аспаптар өз ара ұқсас болғанымен, олардың жасалуында бірқатар айырмашылықтар бар. Сібір халықтары: алтайлықтар, хакастар, тувалықтар, тофылар, шорцылар өз музыкалық аспаптарыныц бұрынғы құрылысын өзгертпей, сол күйі сақтаған. Әр түрлі халықтардың бір тектес аспаптарын зерттегенде оның, эволюциялық дамуының кейбір жақтарын аңғаруға болады. 
Үрлеп және ұрып ойналатын аспаптар ерте заманда адамдардың бір-біріне дыбыс беруі үшін немесе аң мен құстың даусын салу үшін пайдаланылғаны ешқандай дау туғызбаса керек. Мұндай аспаптарды біздің арғы аталарымыз жорыққа шыққандарында, ан, аулағанда өздерімен бірге ала жүрген, сондай-ақ діни салт жораларда, бекзадалардың сауық-сайранында пайдаланған. Әсіресе, дабыл қағуға өте қажет болғандықтан көне аспаптардың үрлеп тартылатын және мембраналық ұрып ойналатын түрлері өте көп болған, өйткені, бұлардың даусы қатты шығады. Ал, кейін келе сирек қолданылатын болғандықтан осы айтылған аспатардың кейбір түрлері мүлде ұмыт қалдырылған. Көне аспаптардың бір қатары ән мен жырды сүйемелдеу үшін пайдаланылған. Халықтың ән-күйінің дамуы аспапты жетілдірумен және орындау шеберлігін арттырумен қатарласа жүріп отырған. Әуелгі қарапайым әндер әдетте аспаптық техникалық мүмкіндігіне қарай, сондай-ақ, айтушының өнері мен шеберлігіне қарай түрлі нұсқада орындалып келген. 
Музыканы, ән мен биді ансамбль сүйемелімен орындау түрлері кен дамыған халықтарда көне аспаптар жақсы сақталған. Ансамбльдік аспаптарға жататындар: үрлеп тартыілатын керней; сілку арқылы дыбыс шығаратын сафаиль, ұрып ойналатын нагора. Тунур, орба сияқты аспаптар Сібірді мекендейтін түркі тілдес халықтарда бақсылар арасында ғана сақталған. Ежелгі тайпалардың негізінен аңшылықпен айналысқаны белгілі. Олар аңға шыққанда пырғы, амырғы, авырғы, эдиски, сымысха, хомыс және басқа аспаптарды пайдаланған. Бұл аспаптар алтайлықтарда, хакастар мен тувалықтарда күні бүгінге дейін сақталып отыр, өйткені оларда аңшылықпен айналысу кәсібі қазір де экономикалық маңызды саласы болып табылады. 
Шертіп ойналатын аспаптың бірі — арфаның алғашқы түрі садаққа ұқсас болып келген. Варган (шаңқобыз) тектес сым тілшелі аспап, флейта тектес үрлеп тартылатын аспап, қобыз тектес қияқпен ойналатын аспап, барабан, бубен тектес ұрып ойналатын аспап т. б. бұрын барлық халықтарда болған, оларда қазір де бар. 
Көптеген халықтарда жекелегем кейбір аспаптардың кең тарағаны байқалады. Мысалы, өзбектердің, азербайжандардың, ұйғырлардың, музыкалық аспаптары, парсы және араб аспаптарымен, тувалықтардікі монғол аспаптарымен біршама ұқсас келеді. Өзбек пен ұйғырлардың аспаптарының аталуы да, жасалуы да араб, иран аспаптарына ұқсайды (ауған аспаптары — тамбур, дамбура, дотар, рабаб, дойра, чанг). Нақ осындай, тува аспабы — лимби, буиікуур, бурээ, чанзы, кеигирге, шан монғол аспаптарынан аумайды. Сәйтсе де, сырттан келген аспаптар жергілікі і халықтың бұрынғы өз аспаптарын ығыстырмақ емес. Мысалы, Өзбекстанда бақташылардың үрлеп тартатын қошнай (қазақтың, қоссырнайына ұқсас жіңішке екі түтікті біріктіре жасалған), қазақтың сыбызғысына ұқсас чупон най немесе гажир най намыс сырнайына ұқсас. 
Ескі Қазан маңындағы қазбалардан (XIII—XV ғасырлар) төрт тесігі бар балшық ысқырғыш және ені 0, 7 см, ұзындығы 7 см. қырналған қаз сүйегі табылған. Балшық ысқырғыштың, балшықтан жасалған саз сырнай және үскірік сияқты аспаптардың ұқсастығы бар. Саз сырнай Шымкент облысындағы орта ғасырлық Отырар қаласының орнын қазғанда табылған болатын. 
Түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптарының пайда болу, шыққан тегі бір. Ежелгі түрік жазу-сызуларында аттары аталатын кейбір аспаптар түркі тілдес халықтарда күні бүгінде, кездеседі. Бұлар — сырнай, чанг, жетіген, накара, шаңқобыз, сыбызғы, дабыл, керней, абырға. О баста бір нұсқадан шыққан музыкалық аспаптар кейін келе, әрбір халықтың өзіне тәи ерекшелігімен көптеген өзгерістерге ұшырай отырып дамыған.

 

 

 

 

 

Елім-ай

Қаратаудың басынан көш келеді,        
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, 
Елім-ай, Елім-ай. 
  
Ел-жұртынан айрылған жаман екен, 
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді, 
Елім-ай, Елім-ай. 
  
Мына заман қай заман? Бағы заман, 
Баяғьідай болсайшы тағы заман, 
Елім-ай, Елім-ай. 
  
Атадан үл, енеден қыз айрылды, 
Көздің жасын көлғылып ағызамын, 
Елім-ай, Елім-ай. 
  
Мына заман қай заман? Қысқан заман, 
Бақыт құсы алаштан үшқан заман, 
Елім-ай, Елім-ай. 
  
Көк аспаннан топырақ, шаң борады, 
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман, 
Елім-ай, Елім-ай

 

 

Шертпе күй — аспаптық дәстүрі өте көне және Қазақстанның түгелдей дерлік аймағына кең тараған дәстүр (Қазақстанның батысын қоспағанда, онда төкпе күй сақталған).

Шертпе күй деп  ел арасында домбыраға арналған күйлердің ертеден сақталған, бірақ өте жоғары дамыған өзіндік бір ерекше мақамы бар айырықша күйде орындалатын түрін айтады. Шертпе күйлер негізінен лирикалық сезімге бай, бұларда пәлсапашылдық — ойға шомып жан-дүниеге түрткі салатын сыршылдық басым. Ең көп тараған шертпе күйлер арқаның күйлері (Сары Арқа, Орталық Қазақстан өңірі) оның бәйтерегі Тәттімбет (1815—1862). 20 ғ. Тәттімбеттің ізбасарлары Әбікен Хасенов пен Мағауия Хамзин.

Шертпе күйдің Қаратау өңірі (Қазақстанның оңтүстігі) аймағындағы дәстүрі кенжелеп кейін дамыды. Оған әрине қатарлас, көршілес жатқан Арқа дәстүрінің әсері тиді және басқада дәстүрлер қобыз күйінің, кей тұста домбыра тартудың өзгеше сипаты төкпе күйлік әсеріде сезіледі. Шертпе күйлердің қаратаулық дәстүрі аты аңызға айналған ұлы Сүгір (1882—1961 ж.) есімімен тығыз байланысты. Сүгірдің жолын қуған оның шығармаларының кең таралуына өз үлестерін қосқан тамаша музыкант күйші Төлеген Момбеков болды.

 

 

 

Айгөлек 
Көлдей шалқып жас өмір, 
Тасып жатқан шағында 
Кемерінен шалықтап, 
Асып шатқан шағында 
Ойын ойнап, ән салмай  
Өсер бала болар ма 
Күміс күлкі көрмей ол 
Кемеліне толар ма. 
 
Айгөлек ау айгөлек, 
Айдың жүзі дөңгелек, 
Айгөлек деп ән шырқа 
Ел бөбегі кел, бөбек. 2 рет 
 
 
Асыл сөздің ұстасы- 
Ақын болар ұрпақпыз 
Өнер, білім, еңбекке, 
Жақын болар ұрпақпыз 
Он саусағы майысқан 
Шебер болар ұрпақпыз, 
Тұла бойы толған бір 
Өнер болар ұрпақпыз. 
 
Айгөлек ау айгөлек, 
Айдың жүзі дөңгелек, 
Айгөлек деп ән шырқа 
Ел бөбегі кел, бөбек. 2 рет

 

Ақ дариға 
Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі, 
Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі. 
Орныңнан әрі отырған, ахау, бермен отыр, 
Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі-ай. 
Ақ дариға, ілдіргелі-ай. 
Қолымда бір қамшым бар бунақтаған, 
Бәйгеден екі ат келер ойнақтаған. 
Жүрмісің есен-аман, беу қарағым, 
Көзіңнен айналайын жайнақтаған. 
Ақ дариға, жайнақтаған-ай.


Информация о работе Қазақтың тұңғыш операсы