Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 21:00, реферат
Материалдар өздерінің сақталып тұрған жері бойынша, яғни шаруашылық субъектісінің қоймасында және субъектісінің бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық құндылықтардың коймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық құндылықтар түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрган материалдардың мөлшері және тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың аналитикалық (талдамалық) есебі белгіленген түріне сәйкес олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық құндылықтардың тек қана сандық есебі жүргізіледі.
Өндіріске қолданылатын материалдарға бақылау жасау үшін мынадай әдістер қолданылады: нормадан ауытқушылықты құжаттық рәсімдеу, партия бойынша есеп, инвентаризация (түгендеу әдісі).
Нормадан ауытқушылықты құжаттық рәсімдеу шоттардың бір түрін екіншісімен ауыстыру, нормадан тыс материалдарды босату жағдайында М -10 үлгілі түрдегі «Материалдарды алмастыру талап актісі» толтырылады.
Материалдардың әр партиясы бойынша ауытқуларды анықтауда партия бойынша есеп әдісі қолданылады. Бүл есеп цехтың жоспарлы кезекшілік бюрасы, мастер - распридителдермен іске асады. Есептік картада берілген партияны ашу нәтижесінде қандай көлемде және қандай детальдар алу керек екендігін және норма бойынша қалдықтар саны көрсетіледі. Нәтижелерді анықтау үшін нақты алынған детальдар саны нормативпен салыстырылады. Норма бойынша материалдар шығысы өңделген өнім санын шығын нормасына көбейту жолымен анықталады. Үнемдеу немесе шектен тыс шығын шығысталған материалдардың нақты санын нақты шығарылған өнімнің шығын нормасына салыстыру арқылы анықталады. Есептік картада ауытқу себептері мен материалдарға жауапты тұлға көрсетіледі. Партиялық есепті қолдану мүмкін болмаған жағыдайда ауытқушылық материалдың әр түрлі әр орындаушылар, бригада, бөлім немесе цех бойынша кезекті түгендеу көмегімен анықталады.
Цехтың ағымдық есебінің берілгендері негізінде бухгалтериядағы өндіріске материалдардың қолданылған, нормадан ауытқушылығы, үнемдеу немесе шектен тыс шығыстау себептері көрсетіліп рапорттар мен отчеттар тапсырылады.
Материалдардың қозғалысының
есебі бойынша шотаралық
1. Жабдықтаушылардан
қосымша құн салығысыз келіп түскен материалдар құны
Дебет 1310/201, 1315 206,1317/ 208;
► Жабдықтаушылардың сальіқ счет - фактурасына қосылған қосымша құн салығы сомасына Дебет 1420/ 331 «Қосымшы құн салығы». Кредит 4110/671 «Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есептесу» счет - фактураның жалпы сомасына қоймаға материалдар түсіп кірістеледі.
Егер салық счет — фактурасы болмаса және Қазақстан Республикасының есебінде қосымша құн салығы бойынша есепте тұрмаған жеткізушілермен төленген қосымша құн салығы есепке алынбайды, яғни 1420/331 шот дебетіне қатысы жоқ.
2. Негізгі құралдарды жоюдан түскен материалдар: 1315/ 206 «Басқадай материалдар» дебеттеліп, 6160/ 727 «Қаржыландырудан түскен басқада кірістер шоты кредиттеледі.
3. Өндірістегі
ақаудан алынған, өндіріс
Дт: 1310/201 «Шикізаттар мен материалдар», 1311/202 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар, бұйымдар, конструкциялар», 1312/203 «Отындар», 1314/205 «Қосалқы бөлшектер», 1315/206 «Басқадай материалдар».
Кт: 2930/ 126 «Аяқталмаған құрылыс», 7440/ 821 «Жалпы және әкімшілік шығындар», 6312/ 862 «Табиғи апаттардан болған табыстар (шығын)», 6313/863 «Тоқтатылған операциялар табысы», 8011/901 «Материалдық шығындар», 8031/ 921«Қосымша өндірістің материалдық шығындары»,
4. Қоймада сақтауға, тиеп - түсіру, тасмалдауға кеткен шығындар төленеді. Дебет:1310/201-1317/208.
Кредит: 4110/671 «Жабдықтаушылар мен, мердігерлермен есептесу», 2150/333 «Жеке тұлғалар берешегі», 1060/441 «Есеп айырысу» шоты, 1010/451 «Кассадағы ұлттық валюта», 3350/681 «Еңбек ақы бойынша есептесу», 3440/687 «Басқадай кредиторлық есептесу» бөлімінің шоттары.
5. Қоймадан материалдарды шығыстау: 20 «Материалдар» бөлімі шоттары 1310/201 -1315/ 206,1317/ 208 кредиттеледі .
Дебет: 1316/207 «Өңдеуге берілген материалдар», 8011/901 «Негізгі өндірістік материалдың шығындары», 8031/921 «Қосымша өндірістік материалдардың шығындары», 8041/931 «Әлеуметтік саланың материалдық шығындары».
Кредит: 7210/821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» жөндеу және ғимаратты ұстауға кеткен, басқару және шаруашылық бағыттағы шығындар, 7450/845 «Негізгі емес қызметтің басқадай шығындары» - дебеттеледі, нақты құнымен жіберілген еншілес кәсіпорынмен есептесу.
Келісілген бағамен өткізілген материалдар — 1350/301 «Сатып алушылармен есеп айырысу», 1210/ 322 «Тәуелді кәсіпорындардың бережағы», 2110/323 «Бірлесіп бақыланатын ұйымдардың берешегі және 6130/ 727 «Негізгі емес қызмет табысы» шот кредиттеледі
«Табиғи апаттар мен
Өткізілетін материалдардың
өзіндік құны есепті кезеңдегі
(шығын ретінде) табыс пен
ҚОРЫТЫНДЫ
Тауарлық- материалдық қорлар келесідей активтер түрінде болады:өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикі заттар және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Материалдар өздерінің сақталып тұрған жері бойынша,яғни шаруашылық субъектісінің қоймасында және субъектінің бухгалтериясында есептелінеді.
Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуінежәне жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты.
Материалдардың аналитикалық есебін ұйымдастыруда олардың кірісі мен шығысын сандық және ақшалай өлшемде есептеу көзделеді.
Материалдық қорлар кез-келген өндірістің негізі болып табылады. Қорларды кешенді пайдалану, олардың рационалды шығысталуы, арзан және тиімді материалдарды пайдалану өнімді шығаруды көбейтудің маңызды бағыты және қаржылық жағдайының жақсаруы болып табылады. Қандай да бір өнімді өндіруматериалдық қорларды пайдаланумен байланысты.
Тауарлық – материалдық
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Қазақстан "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы " Республикасы Президентінің 2002 жылғы 6 маусымдағы заң күші бар Жарлығы.
2.Қазақстан Республикасы
Президентінің "Қазақстан
3. "Салық және бютжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2006 жылғы Қазақстан Республикасының салық кодексі.
4. 15 маусым 2005 жылғы.№427 заң « Аудиторлық қызмет туралы заң» \\Бюллютень 2005 №24
5. Радостовец
В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ.,
Шмидт О.И. Кәсіпорындағы
6. Баймуханова С.Б. Бухгалтерлік есеп: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған, э.г.д., профессор Дүйсенбаев К.Ш. 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: Издат.Маркет, 2005 ж.
7. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева
З.Н., Құдайбергенов Н.А.
8. Канке А.А., Кашевая И.П.
Анализ финансово-
9. Бухгалтер бюллетені №17, сәуір 2006 жылы Кәсіпорынның меншік құқығына тиесілі жер учаскесін өткізу .
Информация о работе Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы