Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 21:00, реферат
Материалдар өздерінің сақталып тұрған жері бойынша, яғни шаруашылық субъектісінің қоймасында және субъектісінің бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық құндылықтардың коймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық құндылықтар түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрган материалдардың мөлшері және тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың аналитикалық (талдамалық) есебі белгіленген түріне сәйкес олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық құндылықтардың тек қана сандық есебі жүргізіледі.