Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 21:00, реферат
Материалдар өздерінің сақталып тұрған жері бойынша, яғни шаруашылық субъектісінің қоймасында және субъектісінің бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық құндылықтардың коймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық құндылықтар түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрган материалдардың мөлшері және тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың аналитикалық (талдамалық) есебі белгіленген түріне сәйкес олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық құндылықтардың тек қана сандық есебі жүргізіледі.
1.1.Кәсіпорында тауарлық-
Материалдар
өздерінің сақталып тұрған
Бұл карточкада материалдық құндылықтардың аты, мөлшері, көлемі , өлшем бірлігі, номенклатуралык номері және есептеу бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алынған материалға шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету ордерімен (реестр) бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынган карточкаға материалдық құндылықтардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардық кіріс - шығысының сорттық - сандық есебі сол материалдарға жауапты адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін.
Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын шаруашылық субъектісінің қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда шоттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет.
Қоймашы белгілеген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алуын және есептен шығарылуы операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыру керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.
Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген материалдың алынған немесе алынып болғанына қарамастан лимиттік –жинақтама карточкасының барлығы тапсырылуы керек. Алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа лимиттік – жинақтама карта жазып береді. Қоймашы материалдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден аутқуы, көптен бері пайдаланбай жатқан материалдар жайы деректер беріп отырады.
Қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін бухгалтерия бақылап отыруы керек. Бухгалтерия қызметкері жиі - жиі (апта сайын, 10 күнде) қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жолына қол қояды. Қоймалық - сорттық карточкаларындағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептерінің негізінде жүргізіледі.
Қойма меңгерушісінің
бухгалтерияға тапсыратын
Егер орталық
қойма немесе цех қоймасы
Шаруашылық
субъектісінің орталығынан қаш
Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкамен қатар үлгілі түрі М - 20 қоймадағы материалдар қалдығын есептеу ведомосы жүргізіледі.
Қойма меңгерушісі (бастығы) карточкалардағы әрбір ай ішіндегі жиынтық деректері бойынша материалдардың келесі айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын осы ведомосқа көшіріп жазады. Ведомоста материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға (субшоттарға) және синтетикалық шоттарға топталған күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы сомасы анықталады. Егер пайдаланатын материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар тек 1 (бір) айға ғана ашылып, ай соңында бухгалтерияға тапсырылады. Келесі айда олардың орнына жаңа қоймалық есеп карточкасы ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық - сорттық карточкасының орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі түрі М -19А санды карточкасын толтырып есеп беріледі. Бұл есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі.
Материалдық ресурстардың
Материалдардың
аналитикалық есебін
Есеп жұмысына есеп
регистірінің мүлде ұжымдық
Соңғы кезге дейін бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық бағаларының есебін карточкаларда жүргізіп келеді. Номенклатуралы нөмірлері карточка бөлек ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуына жасалған әр бір құжат деректері тиісті карточкаларға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін әр карточка бойынша материалдардың кірісі мен шығысының қорытындысын шығарып, олар жылдық айналым ведомостына жазылады.
Сөйтіп, бухгалтериядағы карточка қоймадағы жазылған деректер қайталанады. Айырмашылығы қоймадағы карточкада сандық есеп жүргізілсе, бухгалтериядағы карточкаларда сандық есеппен қатар олардың құндары да көрсетіледі.
Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу көптеген адам күшін және уақытты керек етеді. Сондықтан да бухгалтерияда карточкалар мен айналым ведомостарын толтыру кей кездері кешігіп қалып отырады. Мұндай есеп материалдарға дер кезінде көмек жасауға жетілдірілген айналым ведомостін пайдаланып, жүргізілген сорттық, сандық есебінде орын алады.
Есептін бұл әдісін қолданылған кезден бастап бухгалтерияда соттық, сандық, бағалы карточкалар пайдаланылмайтын болады. Шығысталған материалдардың сандық есебі алғашқы құжатта тікелей жинақталып қалдығы шығарылады. Ай біткеннен кейін 10-15 күн ішінде материалдардың айналымы мен қалдығы сорттық айналым ведомосында жазылады.
Бұл әдісті пайдалануда бухгалтерия жұмысын жеңілдеткенмен кемшіліктер кездеседі. Ол кемшілік қоймадағы материалдардың сандық есебі мен бухгалтерияда осындай есеппен қатар жүргізіледі. Материалдардың бұл екі есебі көбіне бір - бірімен есеп байланыссыз материалдар есебін одан әрі жүргізу негізінде жедел бухгалтерлік, оперативтік, салыстырмалы есептеу әдісі пайда болады.
Егер ай бойы материалдарға кіріс, шығыс болса, онда саны мен
сапасы келесі айға жазылады. Материал қалдықтарының қойма карточкасы М -20 ведомосында сандық өлшемде көрсетілген материалдар жоспарлы бағасына көбейтіліп, материалдардың әр бір есептелу топтары мен синтетикалық шарттары бойынша сомалары есептеліп жазылады. Материалдардың сомалық есебі синтетикалық шарттар бойынша олардың ішінде әр бір материалдық топтары бойынша жүргізіледі. Өндірісте алдымен әр цех бойынша және шарттар материалдардың кіріс - шығыс №11 ведомоста топтастырылады. Ал №10 ведомоста өндіріске пайдалануға келіп түскен материалдар сонымен қатар сатылатын материалдар синтетикалық шарттар бойынша көрсетіледі. Пайдаланылған, сатылған материалдар №10 ведомость негізінде үлгілі түрі 10 -1 шығындарды есептейтін журналға жазады.
Құрылыста материалдардың
Жинақтау ведомосты материалдар есебі карточкасы мен материалдар қалдықтары кітабының берілгендерін бухгалтерия және қойма есебін салыстыру үшін жасалады.
Материалдар қалдықтар кітабы ай бойы бухгалтерияда қолданылып, ай соңында қоймаға беріледі. Онда қоймашы материал қалдықтарын жазып келесі айдың 1 - 3 - і аралығында бухгалтерияға қайтарылады. Жинақтау ведомостындағы материалдар қалдықтары кітабымен салыстырылады.
Бухгалтерияда жинақтау
Бухгалтерияда шығысталған материалдардың алғашқы құжаттарын негізге ала отырып «Материалдардың шығысталуын бөлу» таблицасы құрылады. Бұл кестеде тұтынушылардың цехы және шоттары, тапсырыстары, шығын статьялары, есептік басқадай объектілері немесе колькуляциясы және есептік бағасы бойынша материалдардың шығысы көрсетіледі. Осы кесте бойынша Цех шығындары» ведомостына мынадай жазбалар жасайды: Дебет 8011/901, 8031/921,8041/931 шоттар, кредит 1310/201, 1311/202,1312/ 203, 1313/204,1314/ 205, 1315/206,1317/ 208.
Бухгалтерияда
құндылықтардың сақталуына
Ай соңында цехта
қолданылмай қалған
Информация о работе Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы