Қазақстан Республикасында логистиканың даму мәселелері және болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2014 в 00:55, курсовая работа

Краткое описание

Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың арту логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді.

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................................2
Логистика ...............................................................................................................4
1.1 Терминнің шығуы ...........................................................................................4
1.2 Бизнес-логистика және логистика міндеттері ..............................................4
2. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы .......................... 6
2.1 Логистика ғылым ретінде .............................................................................15
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛОГИСТИКАНЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ................................................................20
3.1. Қазақстан Республикасында логистиканың даму мәселелері және болашағы .............................................................................................................20
Қорытынды ........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

логистиканың даму тарихы.docx

— 63.23 Кб (Скачать документ)

Осы біріктірулер негізінде кешенді сауда-көліктік логистикалық объектілер құру қажет. Бүгінгі күні тауар нарығының отандық инфрақұрылымы дамыған елдердің инфрақұрылымынан бірнеше есе артта қалып отыр. Қазіргі кездегі аралас мультимодальды жүктік терминалдар осы ұғымда жоққа тең. Бұрындары салынған қоймалар, көтерме базалар, сақтау орындарының бүгінгі күні тек 30-40 пайызы қолданылуда, ал көбісі иесіз қалды. Осы кезде кәсіпорындар өз жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін дайын өнімнің үлкен қорын сақтау керек және меншікті көлігін ұстау керек, ал бұл кәсіпорын шығындарын көбейтіп, тауар бағасына кері әсерін тигізеді. 

Қазақстан жағдайында бүгінгі күні біз тек мемлекеттік меншіктегі логистикалық басқару объектісін құра аламыз, оны көбінесе логистикалық орталық деп атайды, себебі фирмаларда әлі күнге дейін логистиканың мәнін түсінбеушілік бар және фирмалардың өзара келісімдерге келуі ұзақ уақытты алады, ал мемлекет тарапынан әкімшілік құралдар арқылы фирмаларды бір-бірімен келістіріп, кездестіріп, логистикалық жүйеге кіру қажеттілігін сендіру керек. 

Енді осы логистикалық орталықты әрбір аймақтағы өнеркәсіптік-сауда палаталарының маңайынан немесе жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрамында арнайы орталық ашу қажет, ол әрбір облыс орталығында орналасуы керек. Осы отралықты сауда саласының соңғы нәтижесінде түсетін жанама салықтар арқылы қаржыландыруға болады. Ол көбінесе акциздік салық. 

Көп жағдайда «өнімді өндіру-тұтыну» циклында тауар өнімін дайындауға барлық уақыттың 10 пайызы жұмсалса, ал қалған 90 пайызы көліктік-қоймалық және делдалдық операцияларға жұмсалады. Жүктерді контейнерленген түрде өңдеу арнайы комбинирленген жүкті өңдеу орталықтарында-бір тұтас ғаламдық логистикалық желі құрайтын терминалдарда біріктірілген. Дамыған логистикалық негіз аймақты дамыту кешені болып табылады. Шет елдерде әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымды дамытуға тауар ағымы менинвестициялар қарату үшін өнеркәсіптік-сауда-көліктік түйіндерде құрылатын ерекше экономикалық зоналар механизімін кеңінен қолданады. әлемде бүгінгі күні аралас тасымалдаулар барлық жүк тасымалдаулардың 50 пайызын құрайды, ал Қазақстан және ТМД елдерінде ол 2 пайыздан да төмен. Бізде кеңінен қолданылып жүрген челночты бизнес шағын тасымалдау мен мауданың ортағасырлық тәсілі, ол өте артта қалған елдерде қолданылады және халықтың қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі кездегі логистика-бұл копьютерлі-интегрирленген логистика. Логистикалық инфрақұрылымның жағдайы әлемде нарықтық дамудың, инвестициялық тартымдылықтың және қандай да – бір территорияның экспортты-активизирлеуші факторы болып табылады. Көлік, қойма, сауда және сервис бірігеді және өзара бір-бірін дамытады. Сенімді сауда-көліктік инфрақұрылым-аймақтардың шаруашылық интеграциясының мықты негізі, мемлекеттің дезинтеграциясына қарсы әсер етудің қажетті факторы.  
Сондықтан шет елдердің көпшілігінде сауда-көліктік және оған сәйкес ақпараттық инфрақұрылымның дамуы мемлекеттің қатаң бақылауында болады, ол тек тура бюджеттік ассигнациялар түрінде ғана емес, сонымен қатар заңдылықты ұйымдық-экономикалық реттеу және координациялау арқылы. 

Логистиканың ғылым ретіндегі мазмұны материалдық және ақпараттық ағындарды басқарудың тиімді ұйымдастыру нысандары мен әдістерін практикада айқындау және жүзег асыру мақсатында, тауар қозғалысының процесіне тән заңдылықтарды және себеп-сладар байланыстарны белгілеу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Жаңбыров  Ж.Ғ «Автокөлік логистикасы» НұрПринт Алматы 2008 -340 бет
  2. А.Н. Тулембаева, А.Т. Бейжанова «Логистика» Алматы 2011
  3. Ғаламтор желісі «Уикепедия» сайты
  4. Е.В. Панасенко Логистика: персонал, технологии, практика. — 1-е. — Москва: Инфра-Инженерия, 2011. — С. 224.
  5. Аникин Б. А. Практикум по логистике. Учебное пособие.- М: Инфра-М, 2007. 
  6. Неруш Ю. М. Логистика. — М.: Проспект, 2010. — 517 с.

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасында логистиканың даму мәселелері және болашағы