Қазақстан Республикасында логистиканың даму мәселелері және болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2014 в 00:55, курсовая работа

Краткое описание

Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың арту логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді.

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................................2
Логистика ...............................................................................................................4
1.1 Терминнің шығуы ...........................................................................................4
1.2 Бизнес-логистика және логистика міндеттері ..............................................4
2. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы .......................... 6
2.1 Логистика ғылым ретінде .............................................................................15
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛОГИСТИКАНЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ................................................................20
3.1. Қазақстан Республикасында логистиканың даму мәселелері және болашағы .............................................................................................................20
Қорытынды ........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

логистиканың даму тарихы.docx

— 63.23 Кб (Скачать документ)

Бизнестегі логистикалық концепцияны жылжытуға тез дамушы электронды байланыс рыногы да әсер етті, соның ішінде: ақпараттарды хабарлау торлары, факсимильді байланыс, электронды пошта, телеконференциялар, көпшілік пайдалануға болатын бағдарламалық қамтамасыз етудің клирингхауздары және т.б. Логистикалық серіктестер коммерциялық (Compu Serve,Amerіca Onlіne), сонымен қатар коммерциялық емес (Іnternet) жаппай ақпараттық қызмет көрсету жүйелерінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана бастады.

Логистиканың интегралды концепциясын қалыптастыруда және бекітуде анықтаушы орынды ақпараттық байланыс жүйелері арқылы (мысалы, спутниктік телекоммуникациялық жүйелер) белгілі бір уақыт масштабында алыстағы материалды ағымдарды әр уақытта бақылап отыру мүмкіндігін алады. Сонымен бірге, ақпараттық технологиялардың революциясы, тек материалды емес, сонымен қатар жүретін ақпараттық ағымдарды басқару қажеттілігі туралы түсінікті күшейтті.

Әлемдік экономиканы интеграциялау және бизнесті ғаламдастыру халықаралық логистикалық жүйелердің құрылуына әсер етті.

Ірі батыс фирмалары ғаламдық стратегияларды дамытуға, яғни әлемдік рынок үшін және арзан шикізат, бөлшектер, еңбек ресурстарын табуға болатын жерлерде өнім өндіруге тырысты. ЕО елдерінде және АҚШ-пен Канада арасында болғандай дәстүрлі ұлттық, сауда, кеден және басқа да кедергілердің жойылуы шекаралар арқылы тауарлардың, қызметтердің және адамдардың еркін өтуіне әсер етті және халықаралық логистикалық үйлесудің мәнін күшейтті. Халықаралық аренада логистикалық белсенділік кешенді болды, ал өндірісті және дистрибьюция орталықтарын орналастыру, көлік түрін таңдау, қызмет түрін, қорларды басқару әдістерін таңдау, байланыс және ақпарат жүйелерін жобалау сияқты мәселелер логистикалық менеджменттің жаңа дағдыларын талап етті.

90-шы жылдардың басында  логистика алдыңғы қатарлы орын  алатын халықаралық бағдарламалар  мен жобалар белсенді түрде  жасалып енгізіле бастады.

80-ші жылдардағы онжылдық  оның алдындағы сенімсіздікті, күдікті  және күрестік бәсекелестікті  алмастырған іскерліктегі одақтар  мен альянстардың тез өсуімен  сипатталады. Интегралды логистика  концепциясының арнасында іскерліктегі  әріптестер дайын өнім қорларын  жоспарлауда және басқаруда, тасымалдауда, жүктерді өңдеуде, сауданы ұйымдастыруда  табысты үйлестірудің жолдарын  іздестіре бастады. Бірлестіктердің  көптеген негізгі формалары логистикалық  шығындарды қысқарту және тұтынушыларға  қызмет көрсету сапасын жақсарту  мақсатында ұйымдастырушылық және  функцияаралық жоспарлауды, басқаруды  жетілдіру бағытында дамыды. Көптеген  логистикалық одақтар тасымалдауда, көтерме сауда және дистрибьюция  жүйелеріндегі маманданған дәстүрлі  бәсекелестер арасында құрылды .

Сонымен, “логистикалық ренессанс”  кезеңінде көптеген іскер ұйымдары үшін логистика бәсекелестік күрестегі маңызды стратегиялық құралдардың бірі болды және алдыңғы қатарлы интегралды логистиканың концепцияларын қолданған фирмалар рыноктағы өз позицияларын бекітті. Қазіргі сатыда болашақ логистикалық концепцияның эволюциясына әсер еткен батыс рынок экономикасындағы негізгі тенденцияларға мыналар жатады:

    • өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы;
    • өнеркәсіптегі маманданудың тереңдеуі;
    • бірлестіктерді және менеджменттің жаңа формаларын ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қажет ететін сауда серіктестерімен жаңа қарым-қатынас;
    • әлемдік интеграциялық үрдістердің дамуы;
    • іскерліктің барлық салаларында күшейген бәсекелестік;
    • жаңа ақпараттық-компьютерлік технологияларды енгізуден оларды тиімді пайдалануға өтуі;
    • жаңа өнім түрлерінің өндірісіне тез өтуге мүмкіндік беретін икемді технологиялық құралдарды, жобалаудың автоматты жүйелерін, икемді автоматталған және роботталған өндірістің енгізілуі;
    • қызмет көрсету өнеркәсібіне логистика принциптерін енгізуді күшейту.

Логистикалық зерттеулердегі басты назар бәсекелестік күрестегі артықшылықты құруға ауысты. Бәсекелестік күшейген жағдайда рынокта өз бәсекелестерін табысты жеңу үшін фирма икемді және қозғалмалы болуы тиіс, яғни бәсекелестіктің маңызды факторы уақыт болып табылады. Бұдан басқа, іскерліктің сыртқы ортасы кешенді және анықталмаған болып келеді, бұл қалыптасушы логистикалық жүйелердің жоғары деңгейлі бейімделуін және тұрақтануын талап етеді.

2.2 Логистика ғылым ретінде

Логистика ғылым ретінде және азаматтық саладағы бизнес құралы ретінде ең алдымен АҚШ-та 1950-ші жылдардың басында қалыптаса бастады. Логистика эволюциясы дамыған капиталистік елдердегі нарықтық қатынастардың тарихымен, эволюциясымен тығыз байланысты, іскерліктегі “логистика” терминінің өзі тек 70-ші жылдардың соңында ғана қалыптасып, әлемде жаппай қолданыла бастады. Міне, шамамен жарты ғасыр бойы Батыста мамандар, ғалымдар, іскерлер арасында қарастырылып отырған түсініктің атауы және мазмұны бойынша талқылаулар әлі күнге дейін аяқталмаған. Логистика бойынша батыс әдебиеттерін сараптай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: көптеген авторлар бірдей логистикалық қызметтерді баяндай отырып әр түрлі терминдерді қолданады. “Логистика” терминінің ең көп кездесетін синонимдерінің тізімі 1 кестеде келтірілген .

Кесте 1. Шетел әдебиеттерінде кеңінен қолданылатын “логистика”терминінің синонимдері

Термин атауы (ағылшын тілінде)

Атаудың аудармасы

Physіcal dіstrіbutіon

Физикалық бөліну

Marketіng logіstіcs

Маркетинг логистикасы

Materіals management

Материалды менеджмент

Logіstіcs engіneerіng

Логистикалық инжинеринг

Іndustrіal logіstіcs

Өнеркәсіптік логистика

Busіness logіstіcs

Бизнес логистика (коммерциялық логистика)

Logіstіcal management

Логистикалық менеджмент

Іntegrated logіstіcs management

Біріккен логистикадағы менеджмент

Supply management

Жабдықтау менеджменті

Logіstіcs pіpelіne management

Логистикалық арна менеджменті

Dіstrіbutіon management

Бөлу менеджменті

Supply chaіn management

Логистикалық тізбек менеджменті (жабдықтау тізбегі)

Tіme-based management

Уақытқа негізделген менеджмент

Іntegrated dіstrіbutіon

Біріккен дистрибьюция

Supply chaіn logіstіcs

Жабдықтау тізбегінің логистикасы

Servіce response logіstіcs

Қызметке жауапты логистика

Іntegrated supply chaіn management

Біріккен логистикалық тізбектегі менеджмент


 

 

Біздің ойымызша, түрлі терминнің қолданылуы зерттеушінің талғамына байланысты және логистикалық процестің жеке жақтарына көңіл бөлуді қалауымен түсіндіріледі. Бұл жағдайда көрсетуге болатыны “физикалық бөлу” терминінің қолданылуы, ол Батыста 1970-ші жылдардың ортасына дейін логистика түсінігінің синонимі ретінде қолданылып келді, ал қазіргі уақытта біріккен логистиканың кешенді функцияларының бірін білдіреді және “дистрибьюция” терминінің синонимі болып табылады . Логистика біршама жас және белсенді дамушы ғылым болып табылады. Оның түсініктеме аппаратына және терминологиясына қатысты көптеген сұрақтар әр уақытта нақты-ланып, жаңа мәнге ие болып, өзгеріп отырады. Осыған байланысты логистика өткен тарихи жолды қарастыру, қазіргі сатыдағы жағдайын бағалау және шетел мен біздің елдегі оның даму перспективасын бағалау қызық.

Отандық және шетел экономикалық әдебиеттерінде логистика түсінігінің көптеген анықтамаларын кездестіруге болады, онда басқару объектісі материалдық ағымдармен шектелмейді. Сондай-ақ “банктік логистика”, “ақпараттық логистика” сияқты бірқатар басқа терминдер пайда болды .

Логистиканы материалдық және олармен байланысты ақпараттық ағымдарды басқарудың теориясы мен практикасы ретінде қарастырады.

Материалды ағымдарды басқару, басқа кез келген объектілерді басқару сияқты, екі бөлімнен тұрады:

    • шешім қабылдау;
    • қабылданған шешімді жүзеге асыру.

Материалды ағымдарды басқару бойынша дәлелді шешімдер қабылдау үшін белгілі бір білім қажет. Осы білімді жасайтын қызметті логистикаға жатқызады; сәйкесінше көптеген анықтамалар логистиканы ғылым немесе ғылыми бағыт ретінде пайымдайды: логистика – материалдық ағымдардың тиімділігін жоғарылатудың жаңа мүмкіндіктерін іздеумен тікелей байланысты пәнаралық ғылыми бағыт.

Ғылым ретінде логистика мынадай міндеттер атқарады:

    • сұранысты болжамдау және соның негізінде қорларды жоспарлау;
    • өндіріс пен көліктің қажетті қуаттылығын анықтау;
    • материалды ағымдарды оңтайлы басқару негізінде дайын өнімді бөлудің ғылыми принциптерін жасау;
    • өндіріс пунктінде және тұтынушылардағы тиеу үрдістерін және тасымалдау-қоймалау операцияларын басқарудың ғылыми негіздерін жасау;
    • логистикалық жүйелердің қызмет етулерінің түрлі математикалық модельдерінің варианттарын құру;
    • дайын өнімдерді бірлесіп жоспарлаудың, жабдықтаудың, өндірістің, қоймалаудың, өткізудің және тасымалдаудың әдістерін жасау және т.б. бірқатар мәселелер.

Ғылыммен алынған білім материалды ағымдарды басқару саласында дәлелденген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Қабылданған шешімдерді тәжірибе жүзінде жүзеге асыру үшін нақты әрекеттер қажет. Сондықтан да анықтамалардың басқа тобы логистиканы шаруашылық қызмет ретінде қарастырады: логистика — өндіріс және айналыс сфераларындағы материалды ағымдарды басқару болып табылатын шаруашылық қызметтің бағыты .

Логистиканың негізгі объектісі – ішкі материалды ағымдардың схемасын, шикізаттың алғашқы көздерінен бастап соңғы тұтынушыға дейін, қарастырып өтейік. Бұл схемадағы материалдар қозғалысының бүкіл жолын екі үлкен учаскіге бөлуге болады:

    • бірінші учаскіде өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдер қозғалады;
    • екіншіде – халық тұтынатын бұйымдар.

Тізбек бойынша қозғалуына байланысты саналық құрамы өзгеріп отырады. Ең алдымен, шикізат көзі мен алғашқы өңдеуші кәсіпорын арасында, сондай-ақ түрлі өндірістер арасында жаппай біртекті жүктер қозғалады. Тізбектің соңында материалды ағымдар тұтынуға дайын әр түрлі тауарлар ретінде көрінеді. Кейбір өндіріс орындары ішінде материалды ағымдар бар. Мұнда цехтар арасында немесе цехтардың ішінде түрлі бөлшектер, жартылай фабрикаттар, дайындамалар орын ауысып отырады.

Логистикалық процесс кезінде материалдық ағым кәсіпорынға дейін жеткізіліп, қойма және өндірістік учаскілер тізбегі арқылы оның тиімді жылжуы ұйымдастырылады, содан соң дайын өнім тұтынушыға оның тапсырысына сәйкес жеткізіледі.

Түрлі сапалы материалды ағымдарды басқару бойынша аталған қызмет түрлері логистиканың мазмұнын құрайды, оны логистикалық терминологиялық сөздік былайша анықтайды: логистика (logіstіcs) – шикізат пен материалдарды өндірістік кәсіпорынға дейін жеткізу үрдісінде, тұтынушының талаптарына сәйкес дайын өнімдерді тұтынушыға дейін жеткізу үрдісінде жүргізілетін материалды және материалдық емес операцияларды, тасымалдауды, қоймалауды басқару, жоспарлау және бақылау туралы ғылым.

Бұл анықтама, оның мазмұнына сәйкес, логистиканы ғылым ретінде пайымдайды. Шаруашылық қызмет ретінде логистика келесі анықтамада ұсынылған: логистика – жабдықтаушыға ақша төлеген кезден бастап тұтынушыға дайын өнімді жеткізгені үшін ақша алу мезетіне дейінгі шаруашылық айналымдағы шикізаттың, бөлшектердің және дайын өнімдердің қозғалысын және сақталуын басқару үрдісі.Логистика түсінігін осылай пайымдау көбінесе шетел әдебиетінде кездеседі.

Материалды ағымдарды басқарудың негізгі объектісі ретінде бөліп қарастыру экономикалық үрдістерді жеңілдетеді. Бірақ мұндай жеңілдік жүктердің қозғалысын, шикізаттың бірінші көзінен бастап барлық аралық үрдістер арқылы соңғы тұтынушыға жеткенге дейін іштей бақылаудың мақсаттарын қоюға және оны шешуге мүмкіндік береді. Бірқатар факторлардан абстракциялау және зерттеу мен басқарудың негізгі объектісі ретінде материалды ағымдарды бөліп қарастыру үлгілеу есептерінің шамаларын қысқарта отырып, ішкі логистикалық тізбектерді жобалауға, олардың жүру тәртібін зерттеуге және болжамдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ экономикалық үрдістерді ресми зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Жоғарыда логистиканың пайда болу тарихын зерттеп, оның ғылым ретінде қалыптасу эволюциясын, логистиканың мән-мағынасын жан-жақты қарастырып кеткен болатынмыз. Логистика – жабдықтаушыға ақша төлеген кезден бастап тұтынушыға дайын өнімді жеткізгені үшін ақша алу мезетіне дейінгі шаруашылық айналымдағы шикізаттың, бөлшектердің және дайын өнімдердің қозғалысын және сақталуын басқару үрдісі.

Информация о работе Қазақстан Республикасында логистиканың даму мәселелері және болашағы