Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2015 в 20:55, реферат

Краткое описание

1 Көне парсы деректері
2 Көне грек авторларының шығармалары
3 Скиф данасы — Анахарсис
4 Қытай жазба деректері
5 Пайдаланылған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

типы речи.docx

— 882.07 Кб (Скачать документ)

Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан.

Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты.

Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды.

Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер,қол өнер, сауда және ақша айналысы дамыды.

Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора – қопсылар болды. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары да пайданылған.

Қаңлылардың діні.

Қаңлылар табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Әр жылдың маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп отырған. Олардың бір бөлігі будды дінін қабылдады. Көп құдайға табынушылық болды. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған.

Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады.

Сонымен қаңлы тайпаларында сонау ерте кезден бастап мемлекеттік дәрежесіне дейін көтерілген тайпа бірлестіктері болды деп айтуға болады.  
 
3. Ғундар. Ғунну державасынның құрылуы.

Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның этникалық – саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікте таман және Ордасқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді.

Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған.

Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр.

Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың біріншісі Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюнулар (ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады.

Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді.

Сонымен Қытай жылнамаларымен археологиялық зерттеулерге қарағанда, б.з.б IV-III ғасырларда Қытайдың Солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген күшті ғұн тайпаларының бірлестігі құрылды. Олар өздерімен көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жерінде дүркін-дүркін шабуыл жасап тұрған. Бұл жағдай Қытай патшасының наразылығын тұғызып отырды. Сөйтіп, ғұндар мен Қытай өкіметінің арасында бір-біріне алма-кезек жасалған ұрыс–талас, соғыстар олардың ұрпақтарының арасында 300 жылдан астам уақытқа созылған.

Жылнамалар бойынша, ғүн тайпаларының бірігіп саяси күшейген кезі б.з.б. 209 жылы Мөде ханның билік жүргізген мезгілі. Оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Олар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, быт-шытын шығарды. Олардың аман қалғандары Монголия, Маньчжурияға дейін қашып бас сауғалауға мәжбүр болады. Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай б.з.б. 203-202 жылдары Саян-Алтай таулары және жоғарғы Енисей жеріне дейін шабуыл жасап, Қытайдың хань әулетінің негізін салушы (б.з.б. 202 ж.) Лю-банды б.з.б. 200 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етеді. Қытай императоры ғұндардың Шаньюіне (ханына) қыз беріп, алым-салық төлеп тұрған. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістанның Хуанхэ өзінінің Орта ағысына дейінгі аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде «Ғұн державасы» пайда болды.  
 
Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы.

Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған.

Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы болды. Сонымен бірге, Шаньюй ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды.

Ғұн мемлекетінде Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды. Бұданбасқа Шаньюйге туменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.

Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізгі тез жүретін атты әскер болды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Олар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы. Ондай семсерлер Қазақстанда Ақтөбе Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған.

Ғұн қоғамында патриархаттық – рулық қатынастары әлі күшті болған еді. Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.) «Тарихи жазбаларда» ғұндардың Левират ғұрпы туралы былай дейді: «Әкесі мен ағалары өлсе тұқым құрымасын деп олардың әйелін өздеріне алады, сондықтан ғұндарда қан араласу болса да, тұқым құрымайды». (Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Среденей Азии в древние времена. т. 1. М.-Л., с. 58)

Ғұндардың шаруашылығы.

Ғұндарда мал шаруашылығы жақсы дамыды. Олар үй-жануарларының барлық түрлерін өсірген. Жазба деректер ғұндар үйір-үйір жылқы, қора-қора қой өсіруші еді деп хабарлайды. Оларда егін шаруашылығы да маңызды роль атқарды. Әсіресе, ғұндар тарыны өсірген. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде, егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал саймандар табылған. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан.

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй және жартылай жертөбелер болды. Олар үйдің бір бұрышына салынған ошақтан еден астымен тартылған кәңмен (труба) жылытылған.

Ғұндарда қол өнер ойдағыдай дамыған. Әсіресе, олардың шеберлері ыдыс-аяқтар, ұсталары темірден қару-жарақтар жасаған. Ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, металдан жасай білген.

Ғұн тайпаларының ішінде атақты зергерлер болған. Ауқатты адамдардың зираттарынан табылған алтын сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасалған белдіктер жасалуы жағынан сақ тайпаларының әшекей бұйымдарынан бірде-бір кем түспейтіндігің көрсетеді. Бұйымдарды сәндендіруге басты бейне есебінде жабайы аңдардың бейнесі қолданған.

Ғұндардың діни-наным, сенімдері ата – бабаның аруағына сенуі – дүниеге табуныдың дәлелі. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа табынған.

Алайда, «ғұн державасы» орасан үлкен, бірақ саяси жағынан батыраңқы, экономикалық жағынан әлсіз, этникалық жағынан ала-құла біріккен ел болды. Ішкі қайшылықтар, билік жүгізу үшін күрес және сыртқы сәтсіздіктер б.з.б. I ғасырда ғұндар державасының құлдырауына әкеліп соғып, ол ыдырай бастады. Б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды.

Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар хань империясына бағынды. Ал Чжичжи-шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Монголияға және Шығыс Туркістанның солтустік аймақтарында көшіп қонып жүрді.

Қазақстанның оңтүстік батыс және Арал бойына Ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б.з. I ғ. басталады (93 ж.). Кейбір археологиялық материалдарға қарақанда олардың ескерткіштері Испания жерінен табылған. Сондықтан Европа деректемелерінде олар гундар деген атпен белгілі.

Сонымен ғұн тайпаларының шығыстан, батысқа қарай жылжуы б.з.б. I ғ. басталса, б.з. IV ғ. дейін созылған. Алайда, олардың жылжуы жай ғана жүрген жоқ, олар бүкіл Евразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың саяси картасына, этникалық құрамына үлкен өзгерістер туғызды.

Тарихта бұл жылжу тек ғұн тайпаларында болып қойған жоқ, басқа да ірі тайпалармен жаңа құрыла бастаған халықтардың да жылжуына әсерін тигізген. Бұл тарих сахнасына «халықтардың ұлы қоныс аудару» мезгілі деген атпен белгілі . Бұл қоныс аудару Қазақстанға өзінің үлкен әсерін тигізді. Ол, біріншіден, жергілікті сақ, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай жылжуына немесе орын ауыстыруына әсер етсе, екіншіден, ол тайпалардың антропологиялық жағының өзгеруіне әсерін тигізген, үшіншіден, түркі тілінің таралуына және оның жергілікті диалект болып орнығып нығаюын күшейтеді. Соңғы екі жағдай б.з. V ғ. Қазақстанға түркі тайпаларының жаппай келе бастауы тереңдей түсті.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Сақтардың тайпалық одақтарына  қатысты деректерді атаңыз.  
2.Сақ одағы қандай тайпалардан тұрды?  
3. «Алтын адам» археологиялық ескерткіш қашан қай жерде табылды?  
4.Үйсіндердің территориясы мен басты қаласын көрсетіңіз.  
5. Ғұндар туралы қандай тарихи деректерді білесіңдер .  
6. Ғұн державасы қашан құрылды және оның негізін қалаған кім?  
7. Қаңлылар қандай территорияда орналасты?

 

 

4…………………………………………………………………………

                   Асыл-билим

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

 

 

(Тас және қола дәуірлері)

 

 

 

 

Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар.

 

 

Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады. Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар - ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклевстар. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника "малта тас мәдениеті" (өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады. Мұны тапқан археолог халел Алпысбаев (Памятники нижнего палеолита Южнего Казахстана А. 1979). Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда -Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас.

 

 

Мустье кезінде тас өңдеудің жаңа техникасы табылды. Ол оңтүстік Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ деп аталынады. Адамдар бизон, жылқы аулаған.

 

 

Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық даму жағынан хомо сапиенс (саналы адам) сатысына сай келеді.

 

 

Соңғы палеолит -б.з.б. 40-35 мың жылдық аяқталады. Адамдар жер бетінің барлық аймағында өмір сүрді. Ру пайда болды. Ана жағынан (экзогамия-аналық ру). Дүниетанымы өсті. Өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда болды.

 

 

О дүниеге сену болды. Мәдениеті - Шығыс Қазақстанда- Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбі тұрақтары.

 

 

Мезолит - Қазақстанда аз зерттелді. Тек 80-90 жылдары Батыс және оңтүстік Қазақстанда археологиялық жұмыстар жүргізілді. Мезолит (орта) кезінде садақ пен жебе пайда болды. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары -Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная, Маңғыстауда - Қызылсу және т.б.

 

 

Жаңа тас ғасыры - неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық-2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Қыш құмыра, тоқымашылық пайда болды. Қазақстанда 600-ден астам неолиттік, энеолиттік ескерткіш бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік болып 4-ке бөлінеді. Бұлақтық тұрақ көп тарады. Үй малдары пайда болды. Жылқы. От жағу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).

 

 

Энеолит - адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті (Көкшетау облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б.з.б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В.В. (Энеолит. Урало-Иртышского междуречья, Петропавл,1993). Қазір 158 тұрғын үй жұрты табылды, сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70.000 жылқының сүйегі табылды. Маңғыстауда ең елеулі тұрақ Бозащыда, Шебірде табылды. Шақпақ тас, керамика, кішкене метал, біз табылды. Жылжымалы мал шаруашылығы пайда болды.

 

 

Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.В.Грязнов ашты. Ғылымда шартты түрде қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды.1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібірден табылып отыр.

 

 

Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі - қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.

 

 

Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола -б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д.15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар).

 

 

Орталық Қазақстандағы андронов мәдениеті. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.

 

 

Ертедегі Нұра кезеңі -жерлеу салтында кремация (мәйітті өртев) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.

 

 

Келесі - Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлев жиірек ұшырасады.

 

 

Кейінгі кезеңі - Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі - мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы -2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған.

 

 

Информация о работе Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде