Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2015 в 20:55, реферат

Краткое описание

1 Көне парсы деректері
2 Көне грек авторларының шығармалары
3 Скиф данасы — Анахарсис
4 Қытай жазба деректері
5 Пайдаланылған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

типы речи.docx

— 882.07 Кб (Скачать документ)

Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдық басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.

Ежелгі кең[1] шілер[өңдеу]

Кен өндіру б.з.-дан үш мың жыл бұрын пайда болды. Мысалы, Жезқазған осы кезде-ақ кен өндіріле бастады. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ әрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасады. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып күйдірген. Ыдыстар әртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Үй кәсіптері Андроновшылар үй тіршілігіне қажетті нәрсені өздері жасады. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен әдіптев бәрін игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Тоқыма станогы, ұршық болды. Олар өкшесіз аяқкиім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киген. Әйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киіп жүрді. Әшкейлік бұйымдар сырға, салпыншақтар, моншақтар таққан. Ерлері қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланды.

Халық, қоғам, әдет-ғұрып[өңдеу]

Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабырлар қазу ісінде өзгешеліктер болған. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар абыздар тәрізді әлеуметтік жік болған.

Діні мен өнері[өңдеу]


Өліктер қабырда бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең қасиетті жері болды.

Тастағы суреттер[өңдеу]


Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер — жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қарату мен Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды.

[2]

Пайдаланған әдебиет[өңдеу]

  1. ↑ «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—88 ISBN 978-601-282-026-3

  1. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

 

 

 

 

9.................................................................................................

Сактар

Атауы[өңдеу]

Бұл халық өзін өзі сака, сақа деп атаған, (аккадша: ashkuza; қыт. 塞 — Sai, көне қытайша: *sək).

Оларды көне юнандар скифтер (гр. skythai) деп атаған. Ол туралы юнан тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағрапияшы Страбон «Жағрапиясында» жазып қалдырған.

Сақтар мекендеген жерлер.

Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.[2]

Қоныстанған жерлері[өңдеу]

Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.

Fылымда сақтардың  бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда енген.Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызcтан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:

  • парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;

  • хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;

  • тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.

Тарихы[өңдеу]

Парсыларға тұтқынға ұсталған сақалардың Скунха деген көсемі, Бехистун, Иран

Парсылардың патшасы Құрыш II, Лүдия патшасы Кройсоспен 558—29 жж. ЗБ соғысқанда, сақалармен одақтасқан. Кейін Құрыш сақаларды, соның ішінднгі массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Құрыш сөйтіп, Сақа жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақаларды жеңдік деген кезде, сақа жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Құрыш та, әскерлері де өлтіріледі. Тұмар туралы аңыз осы кезде шықты. Бұл аңыз расқа тән — Құрыш ұлы Қамбуджия — массагеттерге өкілдерін жіберіп әкесі мәйітін кері алған. Сына жазуы мәтіндерінің кейбір этнонимдері грек деректемелеріндегі тайпалар аттарымен иланымды ұқсастырылады. Мәселен, Геродоттың өз айтуы бойынша Ахеменид державасының оныншы әкімшілік округіне кірген (Геродот, Ш, 92) ортокарибантийлері тиграхауда-сактарға, амюргийлік сақтар — хаумаварга-сақтарға (Геродот, VIII, 64), ал дайлар — Авестаның және Ксеркс жазбасыньщдахтарына сәйкес келеді. Басқа да грек авторларының көпшілігі сияқты, Геродот та кейде «азиялық скифтер» деген терминді қоса отырып, сактарды скифтер деп атайды. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз еңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі скиф тайпаларына қарап айтылды. Бірақ грек деректемқлерінде ахеменидтік сьша жазуларыңда кездеспейгін басқа атаулар да бар, олар: массагеттер, савроматтар (кейінгі кезде сарматтар), аргиппейлер, аримаспылар, ассилер, пасиандар, сакараулдар (сакарауктар) және басқалары.[3]

Парсы жэне антик деректемелеріндегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның осы замангы картасына орналастыру туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін екі көзқарас болып келді. Бірінші көзқарас (В.В. Струве) тұрғысынан, парадрайа-сақтарды Арал теңізінен шығысқа таман және Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі бойларына орналастыру керек еді. Мәселені бұлайша коюға I Дарийдің сақтарға қарсы жорығының жүрген жолы туралы әңгімелейтін Бехистун жазбасынын бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. Бехистуннан алынған мәтінінін қалпына келтірілген болігін, ал одан кейін Накши-Рустем және Персеполь жазуларын антик деректемелерінің мәліметтерімен салыстыру негізінде — парадрайа-сактардың және «Соғдының ар жағындағы» сақтардың массагетгерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі туралы болжам жасалды.

В.В. Григорьев басқаша көзқарасын айтады, оған карағанда парадрайа- сақтар деп Оңтүстік Ресей және онымен шектес аймақтар аумағын мекендеген еуропалық скифтерді түсіну кажет болады. Бехистун жазбасын жаңадан зерттеу және аудару Бехистун жазбасының V бағанасын баскаша карап, басқаша түсіндіруге әкеп соқты. Қазіргі уақытта парадрайа-сақтарды Қара теңіздің солтүстік төңірегіне орналасты деу дұрысырақ деп саналады10. Орта Азия мен Қазақстан сақтарының басқа екі тобы (хаумаварга мен тиграхауда) Таяу Шығыстың халықгарына көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий жорықтар жасаған тиграхауда-сақтар Ахеменид бедерлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы баска да бағындырылған халықтардын патшаларымен бірге Дарийдің бұйрығы бойынша Ирандағы Бехистун деген жердегі жартасқа қашап салынған. Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси кұжаттарының бірі деп әбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқынға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20—30-жолында былай делінген:

«Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым... Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады».

Бұл мәтін шошақ бөрік киетін тиграхауда-сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірден-бір жазбаша құжат болып табылады. Онда тиграхауда-сақтар жері басталатын бір судың бар екендігі де айтылады. Сақтар мен массагеттер еліне Ахеменид патшалары Дарий мен одан бүрынғы II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады. Осы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі әңгімелейтін Геродот массагеттер жерін Каспий теңізінен шығыскһқа таман, «Аракс оһөзінінің арғы жағындағы күннің шығу бағыты бойынша орналастырады (Геродот, I, 201, 204). II Кир мен Дарий жорықтарының жолдары талас туғызады. Біреулер Дарий өзінің ізашарының жүрген жолын кайталай отырып, сақтармен Әмударияның арғы жағында Арал теңізі маңында кездесті деп санайды, екінші біреулер II Кир массагеттермен Үзбой өзені арғы жағында (Әмударияның бүгінде тартылып қалған батыс саласы) шайқасты, ал Дарий сақтар жеріне Әмударияның орта тұсынан өтті деп санайды. Бір нәрсе айқын: пікірлердің қайшылықтарына қарамастан, екі жорыкта массагет-сактар тайпаларына карсы бағыт- талған; бұлардың жері Геродоттың ортокарибантийлерініңнемесе Бехистун жазбасындағы тиграхауда-сақтардың жерімен толық немесе ішінара сәйкес келеді деп топшылау керек. Географиялық жағынан алғанда, бұл — Каспийдің шығыс төңірегі мен Үзбойдан Сырдария өзеніне дейін қоса алғандағы Арал өңірінің аймағы12. Массагет одағы, сірә, дербик- тер, абийлер, апасиактар сияқты тайпаларды да біріктірсе керек.

Сондай-ақтиграхауда-сақтар Шашты, Тянь-Шаньді және Жетісуды мекендеген деген пікір де бар. Страбонның айтуы бойынша, массагеттерден солтүстікке таман, «Меотидадан жоғары» (Страбон, XI, 9,2) жерлерде дай тайпалары қоныстанған. Сырдарияның арғы жағындағы олар Александр Македонскийдің замандастарына да мәлім болды . Антик авторлар оларды, бұрынырақта Геродоттың жазғанындай, массагеттердің иелігіндегі жерлерде орналастырады. «Дах» атауы неғұрлым ертеректегі деректемелер- «Авеста» мен Ксеркстің «дэвтер» туралы жазбасында да мәлім. Мұның бәрі дахтардың (дайлардын) әуелде массагеттердің солтүстігіне таман аймақты мекендегенін, не массагеттердің бірлестігіне кіргенін көрсетеді. Б. з. б. III ғасырдың орта шенінде дайлар тарих ересінде массагетгердің орнын алып, Каспий маңының оңтүстік-шығысынан, Парфия шекарасынан келіп шығады. Осы уақыттан бері «көптеген скифтер, Каспий теңізінен бастап, дайлар деп аталады» (Страбон, XI, 8,2).

Парсы сына жазуларының хаумаварга-сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы болды, олар грек деректемелерінде амюргий-сактар деп аталады. Көптеген зерттеушілер амюргий-сактарды ежелгі Бактрия және Маргиана аймақтарына (Әмудария мен Мұрғаб езендерінін жағалауы) орналастырады. Бұлар ертедегі парсылар танысқан алғашқы сак тайпалары еді. Геродот былай деп жазды: «Бұл — амюргийлік сақтар деп аталған тайпа (ол шын мәнінде, скифтік тайпа). Өйткені парсылар скифтердің бәрін сақтар деп атайды.

Құрыштың Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын Дараявауш I (521—486 жж. ЗБ) жалғастырды. Парсылар сақаларды аз уақыт бағындырады. 6 ғ. ЗБ соңы — 5 ғ. ЗБ басында (500—449 жж. ЗБ) ежелгі Шығыстағы юнан-парсы соғысында сақа тайпалары парсылар жағында болды. 490 ЗБ ж. юнан-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақалар парсылармен бірге юнандарға қарсы соғысты.

4 ғ. ЗБ 330 жж. Ескендір Зұлқарнайынның македон әскерлері Ахеменидтердің ең соңғысы Дараявауш III Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Александрия Эсхата (Шеткі Александрия) деген қала салады. Алайда македондықтар жеңгенімен, ыстық табиғатқа шыдамаулары, Ескендірдің аурып қалуы македондықтар Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Ескендір 323 ЗБ ж. Бабыл қаласында сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті. Бірақ хаумаварга-сақтардың қоныстанған аумағы Бактрия мен Маргиана денгейімен шектеліп қалмайды. Амюргийлік сақтар бірлестігінің құрамына сына жазуы деректемелерінің «Соғдының ар жағындағы» сақтары да кірген деп топшылауға негіз бар. Олар Сырдарияның арғы бетінде, осы күнгі Ташкент облысы аудандарында және ішінара Ферғана алкабында тұрған".

Көне парсы сына жазулары мәтіндерінде сақтардан солтүстікке таман өмір сүрген тайпалар мен халықтар туралы ештеңе айтылмайды. Тек Авестада ғана сайрим деген атау айтылады, бірақ бұл халыктың кай жерді мекендейтіні туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ежелгі грек деректемелеріндегі мәліметтер көбірек, оларда Авестаның сайримдерімен салыстыруға болатын савроматтар тайпасы туралы айтылады. Савроматтар туралы алғашкы деректер Геродотга бар: «Танаис өзенінің (казіргі Дон өзенінің) арғы жағы енді скиф өлкесі емес, бірақ ондағы алғашқы жер иеліктері савроматтардың қолында. Савроматтар Меотия көлі ойпатынан бастап солтүстікке карай он бес күнде жүріп отуге болатын жерді мекендейді...» Мұның өзі Донның құйылысынан Еділдің сағасына дейінгі аумаққа сәйкес келеді.

Информация о работе Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде