Жазу мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 15:49, реферат

Краткое описание

Жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні бар зор құбылыс. Жазусыз мәдениет те, әдебиет те, ғылым да дамымас еді. Жазудың арқасында адамдар сан түрлі жетістіктерге жетті, өз ойларын ғасырлар бойы ұрпақтар үшін сақтады. А. Байтұрсынұлы жазудың адам өміріндегі орнын ерекше бағалай келіп, өзінің алғашқы оқу құралында былай дейді: «Біздің заманымыз – жазу заманы. Жазумен сөйлеу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бұ шетінен екінші шетіндегі адаммен сөйлесе аласың».

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жазу мәселесі.docx

— 40.97 Кб (Скачать документ)

А. Байтұрсынұлының орфограммасын  шешіп алуды алдына мақсат еткен  әріп қатары «үйлестікпен дүдәмал естілетін» б-п, т-д, ж-ш, з-с, ш-з фонемалары болды[4,7б.].

Бүгінгі елімізде қосымшалардың  түбірдің соңғы дыбысына немесе түбірдегі  дауыстыға үйлесіп жазылуы проблема тудырмайды. Аффикстік морфемалар болсын, сөз тудырушы, түрлендіруші жұрнақтар  болсын бірнеше нұсқада жүреді [2, 162б.].

Ал А. Байтұрсынұлы, мысалы, жедел өткен шақ жалғауын ұяң  вариантымен ғана жазуды дұрыс көрген. « Сондай орындарда күңгейленбейтін  айқын жерге келтіріп айтып, сондағы  естілуінше жазу. Мәселен: « Қасекең сау күндегі әнге басты» дегенде «басты» деген жіктік жалғауында «т» естіле ме, «д» естіле ме» - дүдәмал, ашық емес. Қасындағы «с» дыбысының әсерімен күңгейленіп, анық естілмей тұр. Күңгейленіп тұрған дыбыстан аулақ, басқа жерге қойып айтып көру керек. Мәсеен, «Қасекең сау күндегі әнге салды» десек, қай дыбыс екені анық естіледі. Сол сияқты септік жалғаулары да көмескі естіліп, дүдәмалдық танытатын жерлерде, аяғында әсер етпейтін дыбыс бар сөздерге жалғап қарау керек дейді [7,7б.]. Позициялық әсері болмайтын дыбыстарға л, р, з фонемаларын жатқызады. Мысалы, балдың, қардың, қозда [2, 162б.].

Ғалымның шартты рай жұрнағы –са, -се ме, әлде –ша, -ше ме дегенді анықтау үшін неғұрлым тәуелсіз позиция ретінде қонса, сепсе, келсе, қуса, қанса тұлғаларын таңдап алуы – кешше (кешсе), пішше (пішсе) сөздерінде бұлар әлсіз позицияда тұрғанын анықтағаны. Сондай-ақ ғалым Қорғамбай-Қорғанбай, Арғымбай-Арғынбай, Тасқымбай-Тасқынбай, қоңған- қонған, жоңған-жонған, жаңған-жанған, көңген-көнген, өңген-өнген, сеңген-сенген, күңге-күнге тұлғаларынң соңғысы дұрыс, өйткені сөздің түбірі «қорғам», «арғым», «тасқым» емес қорған, арғын, тасқын болады деп анықтайды. Содай-ақ [н] дыбысын қ,  ғ, г дыбыстарының әсерінен айырсақ, дүдәмалдық жоғалады, «қоныс», «жону», жондым», «жанып», «жанды», «көніп», «көнді», «өніс», «өнім», «мініп», «мініс», «сеніп», «менім», «күнде», «күндік» дегенде, «ң» емес, «н» екені айқындалады дейді ғалым.  А. Байтұрсынұлының ойлары емлені әлі позицияға қойып тексеру әдістері арқылы негіздейтін бүгінгі орыс жазу нормасында енді айтылып жүр [2, 163б.].

Ғалымның келес негіздеген мәселесі – жалғаулықтардың сөздің аяққы дыбысына қарап айнып келуі  жайында. Автор мұнда мен, менен, бенен, пен, пенен шылауларының ұяң, үнді варианттарына артықшылық беріп, қатаң вариант позициялық өзгерістің әсері дегенді айтқан. Қайталап айтсақ, ғалымның қазақ сөздерін жұмсартып айту жағын қатты назарға алғанын байқаймыз. Оған дәлел: « Аспан ба?», «асбан ба?» - дүдәмал екен, жоғарыдағы айтылған жолмен айқынға шығарып алу болмайды екен. Сол сияқты сөздер өте көп болғанмен, қазақ тілінде ұшырайды: дұспан – дұсбан, оқпан – оқбан, кетпен – кетбен, шекпен – шекбен тағысын тағылар. Бұлардың «п» мен «б» дүдәмал болған орындағы ашылуы ылғи «б» жағында болғандықтан, «б»-мен жазу. Түбін қарап тексергенде де солардың көбі «б»-мен жазылуға тиіс болып шығады. Мәелен: «асбан», дұсбан, «данышбан», «кетбен», деген сөздер «асман», «дұшман», «данышман», «кетмен» деген сөздерден шыққан: «м» дыбысы «б» дыбысымен алмасып отырады. «Қақбақ», «қақба», «қақбақ», «өкбе», «оқыбан» сөздерде «қақбан», «қақба», «қақбақ», «екбе», «оқбан» дегеннен дыбыстары алмасу мен «б» дыбысты сөз екені көрініп тұр деген жолдар. Жалпы мұнда жазу тарихы, жазудың өзіндік ерекшелігі тұрғысынан келсек, А. Байтұрсынұлының араб жазу дәстүрін, үзбеу, жазу әстүрін сақтау жағына көбірек көңіл бөлгенін байқаймыз       

[2, 164б.].

Қ. Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдамалары

Қазіргі қазақ графикасы  мен әліпбиіндегі әріп-дыбыс қатынасы, емле принциптері, кірме сөздердің  орфогрфиясы, кірме сөздерге қосымша  жалғану қағидалары алдыңғы мектептен  өзгеше бағыт алды десек, ол негізінен Қ.Жұбанов көзқарастарының өміршеңдігі мен ұсынған пікірлерінің қолдау тауып кеткеніне байланысты. Сондықтан қазіргі қазақ жазуы туралы сөз ету үшін Қ. Жұбановтың әліпби, фонема, орфография туралы ойларына тоқтала кеткен жөн [2, 167б.].

Ғалым қысаң, езулік ы, і дыбыс  таңбалары туралы «Жанғазыға хатында» (1936 ж.) автор орыс тілінен енген сөздердегі ы, і –лерді қысқарту жағын көп ойластырады. Сондай-ақ қазақ тілінің бір буынды төл сөздерінде ы/і таңбасын салып, екі буындыда түбірдегі қысаңды түсіріп жазуды ұсынады: біл – білек, қыр – қрау, ыс – стау. «Буын айыртуды есепке алма. Қандай емле болса да, соған қарай буын жігін таптыру методикасын шығаруға болады» деді [2, 168-169б.].

Қазақ тілі фонемалар санын  анықтауда һ дыбысы одағайларда  болғанмен, қазақ сөздерінде жоқ, ал одағайларда кездесетін дыбыстың неше бір саны бар, сондықтан бұл фономорф негізі емес деп табады Қ. Жұбанов  [2, 169б.].

Сөз жіңішкелігі e, k, g әріптерімен, болмаса дәйекші арқылы белгіленетін етеді [2, 169б.].

Жобадағы өзгеріс –  қазіргі қазақ графикасының басты  проблемасы – қосар әріп (ұу, үу, ый, ій) таңбаларының дара таңбаға ауыстырылуы  болды. Қ. Жұбановтың көзі тірісінде қабылданбаған жоба 1956 жылы М.Балақаевтың ұсынуымен ірі ғалымдардың құп көрмегеніне қарамастан жүзеге асқаны белгілі [2, 169б.].

Біздіңше, Қ. Жұбановтың бүгінгі  қазақ жазуының жетілуіне қосқан үлкен үлесі осы тұс. Ғалым  құлаққа шалынғанның бәрі таңбаға  ие болмайтынын парықтап, бір таңбамен мағына ажырататын екі фонеманы да беруге болатынын көрген деп ойлаймыз. Қ. Жұбановтың айтуынша, дауыссыз дыбыстар жеке бөліп айтуға келмейді. Б әрпін не бы, не ыб, р әрпін не ыр, не ры деп айтамыз. Қазақ тілін әлі дыбысшыл кезеңге түгел жетіп болмаған, буыншыл қасиеттерін жойып бітірмеген тіл деп табады ғалым. Ал Ахмет пікіріне келсек, ол сөз басындағы үнділердің алдынан келетін қысаңдар туралы ғалым былай дейді: р, л, у, и әріптерінің алдында «ы» әрпі жазылу-жазылмауы естілуінше: естілсе жазылады, естілмесе жазылмайды. Мәселен: лыпа, леп, лепес, лап қойды, лаулап жанады, лоқы, лықылдап деген сөздердің алдында келген «л» тап-таза «ы»-сыз естіліп тұр. Ал күмәнданатын жердің тексеру әдісі өлең өлшеуі болады деген [2, 170б.].

Сонымен, А. Байтұрсынұлы қазақ  грамматикасы мен әліпбиін, емле ұстанымы мен орфограммалау әдістерін  саралаған лингвистердің бірі дейміз [2, 167б.]

Қайраткер ретінде де, ғалым-ұстаз ретінде де А. Байтұрсынұлы ұлтты тұтастырудағы, оның өмір сүруіндегі, рухани дүниесіндегі тілдік маңызы мен орнын ерекше бағалады. «Қазақ» газетіндегі мақалаларында ол үнемі тілді сақтау, дамыту мәселелерін көтеріп отырды. Тіл ұлттың жан дүниесі, сонымен бірге халықтың саяси-әлеуметтік өміріндегі пәрменді құрал ретінде оған айрықша мән берді [1, 16б.]

А. Байтұрсынұлы – қазақ  тілінің әліппесі мен оқулықтарының  авторы ретінде соныдан із салған жаңашыл ағартушы, араб графикасына  негізделген қазақ жазуларының  реформаторы, қазақ әдебиеті мен  тілін, мәдениет, тарихын зерттеуші  тұңғыш филолг ғалым және Қазақстан  ғылымын ұйымдастырушылардың бірі, туған халқына адал қызмет еткен қоғам қайраткері [1, 17б.]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім: 

1) А. Байтұрсынұлы – қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы

2) А. Байтұрсынұлының емле ұстанымы, орфограммалау тәсілдері

3) Қ. Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдамалары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Шүкірұлы С., Тілешов Е.  «Алаштың» тілдік мұрасы. Алматы, 2009 ж.
  2. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. Екінші басылым. Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту орталығы», 2010 ж. -377б
  3. Ұлттық рухтың ұлы тіні. Алматы: «Ғылым», 1999 ж.
  4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: «Ана тілі», 1992 ж.
  5. Ахмет Байтұрсынұлы. III-IV томы
  6. Уәлиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері: фил. ғыл. канд. ...автореф. Алматы, 1993.-162б.
  7. Байтұрсынұлы А. Емле туралы // ҚР БжҒМ ҒА Хабарлары. 2000, №3

Информация о работе Жазу мәселесі