Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 15:49, реферат
Жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні бар зор құбылыс. Жазусыз мәдениет те, әдебиет те, ғылым да дамымас еді. Жазудың арқасында адамдар сан түрлі жетістіктерге жетті, өз ойларын ғасырлар бойы ұрпақтар үшін сақтады. А. Байтұрсынұлы жазудың адам өміріндегі орнын ерекше бағалай келіп, өзінің алғашқы оқу құралында былай дейді: «Біздің заманымыз – жазу заманы. Жазумен сөйлеу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бұ шетінен екінші шетіндегі адаммен сөйлесе аласың».
Жазу мәселесі
Жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні бар зор құбылыс. Жазусыз мәдениет те, әдебиет те, ғылым да дамымас еді. Жазудың арқасында адамдар сан түрлі жетістіктерге жетті, өз ойларын ғасырлар бойы ұрпақтар үшін сақтады. А. Байтұрсынұлы жазудың адам өміріндегі орнын ерекше бағалай келіп, өзінің алғашқы оқу құралында былай дейді: «Біздің заманымыз – жазу заманы. Жазумен сөйлеу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бұ шетінен екінші шетіндегі адаммен сөйлесе аласың».
Жазусыз өркениет болмасы анық. Тас дәуірінен атом дәуіріне дейінгі адамзат мәдениетің жетістіктерінің бәрі жазудың арқасында [2, 12б].
Жазу- тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы. Жүйесі мен құрылымы бар тілдік таңба жазуға түсіп, денотаттық тұрпатқа ие болғаннан кейін мәңгілік құндылыққа айналды. Өйткені жазу ауызша сөзді таңбалап қана қоймайды, адамның тіл туралы түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді [2, 13б.].
Жазудың екінші қызметі тілдің жүйелі құрылымға айналуына әсер етуі боп табылады. Тілдің барлық потенциалды мүмкіндіктерін ашып, пайдалануға әсерін тигізеді. Сондықтан да бүгінде жазылған дүниені сол тілдің жүйесі мен құрылымы ретінде тануға, қабылдауға, тілдің «өзі» деп түсіндіруге, түсінуге күмән қалмайды [2, 14б.]
Үшіншіден, жазу – адам ойының материалданып, жарыққа шығуының, дәлірек айтқанда творчествалық әрекетінің құралы [2, 14б.].
Қазақ халқының пайдаланған дыбыстық жазу түріне көне түркі жазуы, ұйғыр, араб жазуы және А. Байтұрсынұлының төте жазу үлгісі, латын графикасына негізделген қазақ жазуы, орыс графикасына негізделген қазақ жазуы жатады. [2, 103б.] Аталған әліпби түрлерінен А. Байтұрсынұлының төте жазу үлгісіне тоқталамыз.
Ахмет Байтұрсынұлы жиырмасыншы ғасырдың алғашқы қырық-отыз жылы ұлт мәдениеті, үлкен әдебиет, қазақтың ғылым, білімінің қаз тұрып кетуіне, қалыптасуына тікелей мұрындық болды [3].
Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміндегі алатын орнын белгілі ғалым Н. Уәлиев бір сөзбен былай деп түйген еді: «Жалпы тіл білімінде тұңғыш фонолог деп әдетте әліпби түзушілерді атайды (олардың фонологиялық зерттеу жазуы шарт емес). Олай болса қазақ тіл біліміндегі алғаш фонолог – А. Байтұрсынұлы» [6, 38б.]. А. Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің өзге салаларындағы еңбегі бір төбе болса, әліпби, жазу теориясы, емле жайындағы еңбегі бір төбе [2, 159б.].
Ғалымның сауатсыздықты жою үшін алдымен алфавит, әріп мәселесін, оқулық мәселесін дұрыс жолға қою керектігіне көзі жетеді. Қазақ халқы тұтынып отырған араб алфавитінің теріс жақтарын, кемшілік тұстарын көріп, өзгеріс енгізуді қажет деп санайды [3].
Жазу мәселесіне арналған «Айқап», «Қазақ» беттеріндегі мақалаларында ғалым қазақ тіліндегі 24 дыбысқа арнайы тоқталады, әрқайсысының жазу қағидаларын көрсетеді. Мұндағы А. Байтұрсынұлының жетістігі – қазақ тіліндегі дыбыстардың жуан, жіңішкелігіне қарай бөлініуін дәл белгілеп, әрбір дауысты дыбысқа арнап арнайы таңба белгілеуінде. Ғалым 24 әріптің ішінен араб жазуынан 16 таңбаны дайын күйінде алған да, 8 таңбаны өзі қосқан. Араб жазуынан алынған екі әріптің таңбасы А. Байтұрсынұлы әліппесінде басқа әріптерді таңбалайды [3].
А. Байтұрсынұлы – қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы
Ғалымның әліппе жасаудағы үлкен еңбегі әр жылдары жазған оқулықтарының негізінде айқындалады. 1912 жылы А. Байтұрсынұлы «Оқу құралы» деп аталатын тұңғыш кітабын шығарады. Қазақ балалары тұңғыш рет өз ана тілінде әріп танып , жаза алатын халге жетеді. Ғалымның осы еңбегі қазақтың ұлттық жазуын қалыптастырудағы алғашқы табысы болады. А. Байтұрсынұлы 1914 жылы шыққан «Тіл – құрал» оқулығында былай дейді: «...Әр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін, басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше, әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқыту тиіс» [1, 15б.].
«Тіл – құрал» - қазақ
мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс
еді. Ол тек мектеп оқулықтарының
басы емес, қазақ тілін ана тілімізде
танудың басы болды, «Қазіргі қазақ
тілі» атты ғылым саласының іргетасы
болып қаланды. Бұл кітап 14-15 жыл
бойы қазақ балаларының бірнеше
буынын тәрбиелеген, ана тілінің
табиғатын танытқан қазақ тіліндегі
бірден бір оқу құралы болды. «Тіл
– құралы» қазақ тілінің
Жалпы, қазақ тілін зерттеп, танып білу тарихымызда А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл – құралдарының» орны айрықша. Осы оқулықтардың жалғасы ретінде А. Байтұрсынұлы 20-шы жылдары тілді дұрыс қолдана білу тәртібін көрсету үшін «Тіл жұмсарды» шығарды, сауат аштыру, қазақ тілін оқыту әдістемесін насихаттау үшін «Баяншы» мен «Әліпби астары» деген оқулықтарды жазды. Бұл еңбектерінде тіл үйретудің тиімді жолдары мен тәсілдері көрсетіліп, оның әдістеме саласын терең білетіндігін байқатты [1, 16б.].
Қазақ тілі білімінің ана
тіліміздегі іргетасын
А.Байтұрсынұлының қазақ тілі біліміндегі, жалпы қазақ руханиятындағы зор еңбегі – араб әліппесін қазақ тілі заңдылықтарына сай реформалап, өз кезінде «Байтұрсынов алфавиті» атанған жаңа әліпби ұсынуы. Қазақ және басқа да түркі халықтары ғасырлар бойы қолданып келген араб әліпбиінің балаларды сауаттандыруда, ана тілін дұрыс сақтауда кемшілік жақтарының көп екені бұрын сөз боп келе жатса да, Байтұрсынов оны өзінің оқытушылық тәжәрибесінде жете сезініп, 1910 жылдардан бастап осы алфавитке өзгеріс енгізуді ұсынды: 1) араб әліпбиіндегі жуан дауыссыздардың қазақ тілі үшін қажетсіз таңбаларын алмау; 2) қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, у дыбыстарының әрқайсысна таңба белгілеу; 3) к, г дыбысынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін білдіру үшін сөздің алдынан да дәйекше таңба қою. А. Байтұрсынұлы ұсынған осы әліпби негізінде жаңа жазу 1912 жыдардан бастап жұртшылықтың мақұлдауымен өмірдің барлық саласында қолданыла бастады, бұған басқа түркі халықтары да үлкен қызығушылық білдірді. Халықтың сауатын ашуға үлкен көмегін тигізген бұл әліпби латын әліппесіне көшкенге дейін, яғни 1929 жылға дейін қолданылды [1, 16б.].
А. Байтұрсынұлының емле ұстанымы, орфограммалау тәсілдері
А. Байтұрсынұлы әліпбиінде 24 әріп болды. Ал дыбыстың саны, ғалымның өзі айтқандай, - 43. Графеманың бесеуі (а, о, ұ, ы, е) дауыстының, 17-і (б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н) дауыссыздың, 2-і (й, у) жарты дауыстының таңбасы. Ал фонеманың 9-ы дауысты, 34-і дауыссыз. Сөйтіп, ғалым тіл дыбыстарын бір жарым есе аз әріп таңбаға сыйдырып, өз кезеңінде ең үнемді әліпби түрін жасады. Әліпби теориясында әріп саны фонема санынан аз әліпби жетілген жазу сипатын көрсетеді деген қағиданы қалыптастырған А. Байтұрсынұлының төте жазуы деп білеміз. Ғалым ерін үндесіміне қарағанда қазақ тілінде тіл үндесімі жетекші қызметте екенін пайымдап, лингвальды сингорманизмге жазуда доминанттық сипат береді. Сөйтіп, өзге түркі тілдері ішіндегі қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігін анықтап, орнын айқындайды. Сөздің бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылатыны басқа дыбыстық заңдылықтарға қарағанда жаппай қамтитын құбылыс екенін пайымдайды. Және ол жуан-жіңішкелікке «жетекшілік» ететін саны аз дауысты дыбыстар болатынын біледі. Осы белгілерді байқай отырып, ғалым 43 дыбысты мүмкіндігінше аз әріпке сыйдыруды қарастырады: «Дауысты дыбыстар сөздің жаны есебінде, дауыссыз дыбыстар һәм жарты дауысты дыбыстар сөздің тәні есебінде. Тәнді жан қандай билесе, дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды сондай билейді; яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар да солай айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, басқа дыбыстар да жіңішке айтылады. Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ, басқа дыбыстардың да жуан-жіңішке айтылатындығы да айрылғаны. Дауысты дыбыстар а, о ,ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады, мысалы: аз, оз, ұр, сары. Бұлардың жіңішке айтылатын орнын айыратын белгі аламыз ()-ні дәйекше. Бұл белгі сөздің алдында дәйекшіге тұрып, ол сөздің жіңішке оқылмағын хабарландырады, яғни бұл белгі тұрған соң сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішке айтамыз. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, олардың қатарындағы басқа дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар да жіңішке айтылады, мысалы: арман-әрмен, тор-төр, тұр-түр, жоны-жөні. Жіңішкелік үшін жалғыз ғана белгі алып, 43 түрлі дыбысты 25 белгімен дұрыстап жазуға болады» [7, 325б]. Мысалы: ̔пале (пәле), ̔ыш (іш) т.б [2, 119-120б.]
Қазақ жазуы кезеңдерінен <ұ>, <ү>, <у> дыбыстарының фонемалық мәртебесін анықтау қиынға соққаны белгілі. Бұған араб графикасындағы ұ, ү, у, о, ө дыбыстарына бір таңба арналуы себеп болды. Дыбыстардың еріндік, қысаң интегралауын белгілерінен бөтен, өзара жуанн-жіңішкелік (ұ-ү, о-ө) дифференциалды белгісі және еріндік реңкі күшті, әлсіз, орта, орталау белгілері бар. Сондықтан олар сөзайырымдық, сөзтанымдық қасиетке ие фонема деңгейінде қарала алатынын айқындаған А. Байтұрсынұлы бұл бес фонемаға үш таңба арнайды. Олар жуан-жіңішке белгісі арқылы ажырайды. [2, 120б.]
Бұл мәселеге ол «Жазу мәселесі» мақаласында тоқталады. Ол 1913 жылы «Қазақтың» 34-35-нші номерлерінде жарияланған. Мұда әліпбиге байланысты пікір таласу, яғни Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған әліпбиді жақтаушылар мен жақтамаушылар арасындағы даулы әңгіме. А.Байтұрсынұлы бұл мақалада Ғ. Муси деген мырзаның қос дауыстыларға берілген ноқатпен келіспеуі оның дұрыс түсінбеуінен «у» мен «ұ»-ны, «ү»-ні, «ы» мен «і»-ні, «о» мен «ө»-ні бір-бірінен ажырату үшін оларға берілген таңбаны «дәйекше», «үтірлермен» сүйеу арқылы дыбысталуындағы ерекшеліктерді айыру оқушыға керек екенін дәлелдейді. Қазақ пен ноғай арасындағы дыбыстың айтылу ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, өз ойының дұрыстығын, түзулігін нақты деректермен түсіндірген. [5, 311б.]
Ғалым: «о мен ұ екуіне зор ілтипат керек. Бұлардың жазылуы ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас емес. Қой (мал) деген сөзбен құй (шай құй) деген сөздердің мағыналары қандай басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа. Ұ көмескі айтылса да, қалдырмай жазу керек, Ұ тұр, жұрт, құм деген сөздерде т-ның, ж-ның, қ-ның соңынан қандай дыбыс естіледі, сол дыбыстың белгісі. Бұл дыбыстың қарпін о-дан айыру үшін, үстіне () қоямыз. Ұ-ны оқығанда һәм оқытқанда сол естілген қалыпта айтарға тиіс» деген. Бірақ сонда да <ұ>, <у>-дың арасын айыру қиындығы болғанға ұқсайды: «у – азу, қару, жабу деген сөздерде з-ның р –дың, б-ның соңында естілетін дыбыстың белгісі. У,Ұ –сөздің бас буынында қысқа һәм көмескі естіледі. Құрау, құлақ, құрғақ деген сөздер ішіндегідей. Сөздің басқа жерінде ұзын, һәм анық айтылады. У-дан ұ-ны айыру керек. Қысқасы сөздің басқы буынында у ұзын һәм анық естілсе, екі әріппен жазарға тұура, тұумас, буұн, бұуаз дегендей. (у)-ды (ұ)-дан айыру үшін үстіне () қоямыз. Себебі, (у) менен (ұ)-ның жазылуы ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас емес» [7, 383б.]. Проф. М. Жүсіпов А. Байтұрсынұлы ілімінде қысаң езуліктің төрт түрі (ы, і, ый, ій), қысаң еріндіктің төрт түрлі (ұ, ү, ұу, үу) варианты бар деген. Оған А. Байтұрсынұлының «Сіздер у бар дерсіз, жоқ. Ол уауға сакін болады» дегені дәлел. «Ал сөз ортасында, я басында анық һәм ұзын естілетін жерлерде екі /ұ/ жазуға тиіс. Мысалы, тура, туыс деген сөздерде. Басқа түркі тілінде екінші ұ орнына ғ келеді. Мысалы, тұғра, туғыш» [4, 383б.] деп ұу, үу тіркесін ұұ, үү арқылы беру керек деп топшылайды. Сөз басында айтылса, екі таңба сөз аяғында қалай естілсе де, жағыз /у/ әрпімен беруді ұсынады [.]. Мысалы, ашу, ашулану, тату, татулық, татуласу. Бұдан А. Байтұрсынұлының объектіні бір деңгейде, объективті түрде сипаттайтынын көреміз. Мысалы, ашулану деген сөздегі бірінші /у/ әрпі ортаңғы буын болғанмен, ол ашу сөзінде соңғы буында тұр деген сияқты [2, 121б.].
Ал <ы>, <і> фонемаларының орфограммасы туралы ғалымның өз сөзін тыңдағанымыз жөн: «ы-жаны, малы, тары деген сөздерде н-ның, л-дың, р-дың соңынан естілетін дыбыстың белгісі. Сөздің басында, ортасында ы-ны қысқы һәм көмескі естіп, бар-жоғы еленбейтін орындарда жазбаймыз. Мысалы қн, қр, қрн, жлм, жлтр деген сөздердің ішінде <ы>-ның барлығы аз естіледі, хатта сезілмейд деп те айтуға болады. Бұл сөздерді /ы/-ны жазғанда да, жазбағанда да осылай оқимыз. Жазбағанда оқылуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажет жоқ. Қаны, жаны, малы деген сөздерді ы-ны жазбай, солай оқи алмаймыз, сондықтан сөздің аяғында ы жазу қажет. Сөз басында өзі жазылмаса да, сүйеніш харпі алиф жазылады. Мысалы: ықтын, ынтық, ырғақ» [2, 121б.].
Ғалым фонемалық мәні болғанымен, жазылған сөзді оқуға зияны тимесе, үнемдеп жазу приниципін осы дауысты таңбасына қатысты айтқан. [2, 121б.].
Ал жарты дауысты <й> фонемасы туралы, зерттеуші «жарты дауысты тек дауыстылардың жанында ғана айтылады. Қай жерде /й/ тұрса, оның алдында [ы],[і]-нің біреуі болады» деді. Сондай-ақ /й/-дің алды, артынан ы естілсе, алдыңғысы жазылмайды да. соңғысы жазылатынын көрсетті, мысалы: қиын, тиын,киім, киік [2, 122б.].
А.Байтұрсынұлы «е жазылады сөздің бас буынында. Мысалы ер, ерік, еркін, мен, менің, менікі, ерке, серке, келеке. Қосылмайтын харіфтердің соңынан () орнына () жазылады. Мысалы, кіре, тізе, керек, кедей сияқты жазылған сөздердің алдында дәйекше () қойылмайды. Себебі бұл дыбыс ол болмаса да жіңішке айтылатын дыбыс» деді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы әліпбиінде /е/ графемасының үш мәні бар болып шығады:
<йе> йер,йерік,йеркін.
<э> есэк, шелэк, кемэ, төбэ, келэке.
<е> кіре, кедей, керек.
Жалпы, ғалым дауыстылар жүйесінің таңбалануын былай бөлген. Бірінші, <ы> дыбысына қатысты жазу үнемділігін жасаған. Екінші, <е> дыбысының таңбасын үнемі бейнелеп отыру керек, өйткені сөз мағынасына әсер етеді. <о>,<ө> қысаң еріндіктердің таңбасы сөз аяғында ресми түрі е-мен ауыстыру. Үшінші, и дыбысына екі таңба алу [2, 122б.].
А.Байтұрсынұлы әліпбиінде <қ>,<к>,<ғ><г> фонемаларының арнайы таңбалары бар. Ғалым оның себебін «қ, ғ әрдайым жуан айтылады, жіңішке айтуға келмейді. <к> һәм <г> дәйім жіңішке айтылады, жуан айтуға келмейді. Қ мен ғ жазылған сөздердің алдында дәйекші қойылмайды, оны қойғанмен бұл хәріптер жіңішке айтылмайды. К мен г алдында дәйекші қойылмайды, оны қоймаса да айтылатын болған соң» деп анықтайды [2, 122б.].
Төте жазу орфографиясының бір өзгешелігі <ш> орнына ч әрпінің қолданылуы. Оның себебі А.Байтұрсынұлы былай ашады: « <ш> дыбысы <с>дан гөрі <ж>-ға жақын, олай болғанда ш әрпінің түрі де (ж-ға) жақын болғаны ұнамдырақ көрінеді. Осы айтылған оймен қазақ тілінде /ш/ хәрпі алынбай /ч/ харпі алынады. Мұны алғаннан кемшілік аз, ұнамы көп. Мысалы, екінші, үшінші, бесінші һәм басқа сондай /ш/ келетін сөздерді екінчі, үшінчі, бесінчі деп жазсақ, бастапқылары ұнамдырақ көрінеді. Себебі, менің ойыша, мынау боларға: ш араб тілінде с-ға жақын дыбыс боларға керек, сондықтан басқа түркі тілінде біздің с орнына жұмсалады. Мысалы: бас-баш, тас-таш, қас-қаш деген сөздерде». Сонда ғалымның ойынша, араб тілі мен қазақ тіліндегі ш~с сәйкестігінен, <ш> дыбысын ч әрпімен таңбалап айыруға болады. « Әлбетте, хәріп тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса, хәріпі жоқ деп, тілдегі дыбысты жоғалту емес, ол дыбысқа жоқ харіпті іздеп табарға керек. Ол жалғыз бізде емес, өзге жұртта да болған, харіпке бола тілді бұзбайды. Тілге бола харіпті бұзып өзгертеді». Бұл Һ дыбысы одағайларда ғана естілетін дыбыс болса да, әріп арналу керек деген пікіріне келеді.