Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 15:49, реферат
Жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні бар зор құбылыс. Жазусыз мәдениет те, әдебиет те, ғылым да дамымас еді. Жазудың арқасында адамдар сан түрлі жетістіктерге жетті, өз ойларын ғасырлар бойы ұрпақтар үшін сақтады. А. Байтұрсынұлы жазудың адам өміріндегі орнын ерекше бағалай келіп, өзінің алғашқы оқу құралында былай дейді: «Біздің заманымыз – жазу заманы. Жазумен сөйлеу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бұ шетінен екінші шетіндегі адаммен сөйлесе аласың».