Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 11:34, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Академик С. Қирабаев: «Біздің әдебиетіміз − өмір бойы тәуелсіздікті, бостандықты, бірлікті жырлаған әдебиет. Көшпелі тұрмыс жағдайының тұрақсыздығы, көрші халықтардың бізге қарап үнемі отаршыл саясат ұстануы, ішкі рушыл алауыздық біздің ақын-жыршыларымызды осы тақырыпты үзбей жырлауға мәжбүр етті. Халқымызбен бірге әдебиетіміз де осы үшін, бостандықты жырлағаны үшін, отаршылдықтан азат болуды армандағаны үшін таяқ жеді.
Кіріспе.............................................................................................................3
I тарау .Арнау өлеңдердің жалпы сипаты
1.1 Арнау – тілек өлеңдерінің шығу тарихы, сипаты........................................5
1.2 Арнау өлең жазу дәстүрінің әдебиетімізде алатын орны...........................8
1.3 Арнау өлеңдердің жанрлық сипаты..............................................................12
1.4 Арнау өлеңдердің түрлері..............................................................................16
II тарау. XIX ғ ақындарының арнау өлеңдерінің әдеби сипаты
2.1 Махамбет, Шернияз ақындарының арнау өлеңдері ....................................17
2.2 Сегіз серінің арнау өлеңдерінің жалпы сипаты...........................................27
2.3 Дулат, Сүйінбай ақындарының би- болыстарға арнаған өлеңдері...........33
Қорытынды..........................................................................................................40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................42
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан-дағы қылықты.
Ұлық кетсе, қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты, –
деп шенеп, күлкі етеді. Әйтсе де Дулат Сүлейменге елдің нағыз еріне лайық іс тындырдың демейді. Қайта "ниетің түзу болғанмен, сен де айтарлықтай ештеңе тындырған жоқсың" дегенді астарлап жеткізеді.
Бірақ, жалған, қайтейін,
Мезгілсіз келіп дүниеге,
Аптапқа түскен басың бар.
Жау айбынар досың жоқ,
Жар-жапсарда қосың бар.
Жылайсың да шыдайсың, –
деп, төренің тілегі мен іс-кимылының арасындағы алшақтыққа кешіріммен, түсіністікпен қарайды. Бұл – өте мәнді мәселе. "Отарлық жүйе толық үстемдік құрған жағдайда елі үшін туған ерлер не істеу керек" – деген сұрақ туатыны заңды. Дулаттың күмілжуі мен Сүлеймен төренін бойындағы қайшылыққа "түсіністікпен" қарауы әлгі сұраққа өзінін де анық жауабының болмауынан.
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берме бекерге.
Көмбеге тақап қалғанда,
Жүйрікке керек көтерме. [24,88 бет]
"Толқынды теңіздегі сенімді кеме" жайында астарлай сөйлей келе, ақыры шыншыл ақын төренің әрекетсіздігін айтып тынады.
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берме бекерге, –
дейді. Мұның өзі – білген кісіге ауыр
сәз. Ал Сүлеймен төре – білетін кісі.
Дулаттың іле-шала "жүйрікке керек көтерме"
деп, ауыр сынын жуып-шаюы да сондықтан."Атаны
бала алдады" деген толғауында ақын
елдің жағдайына үңіледі. Ақын «Тегімді менің сұрасаң»,
«Ал, қарағай сұлу
сындарлы», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні
жоқ» атты өлеңдерінде ел басқару
ісіндегі озбырлық, әділетсіздікті, патшаның
отаршылдық саясатының әсерінен жер-қонысынан
айрылған ел жағдайын сөз етсе, «Сүлейменге»,
«Кеңесбайға»,
«Бараққа», «Ел аралаған ишанға»,
«Еспембет» өлеңдерін
жеке кісілерге арнайды. Ақын 19 ғасырдың
40-50 жылдарында өндіре жазған. Бұл - Ресей патшалығының қазақ жерін отарлау
саясатының барлық салада бел алған кезі.
Дулат осыны жыр өзегі етсе, кертартпа
феодалдық-хандық дәуірді жоқтағаны емес,
тәуелсіздікті, еркіндікті аңсағаны еді.[25,
100 бет]
«Сауыр жерден айрылып,
Қазақ елі жұқарды.
Сауыр емес, шап болды...
Заманға сай адамы -
Қу заманға сұм басшы
Сорымызға тап болды...»
- десе, тіпті өткен ғасырдың
орта тұсы емес, одан 100-150 жыл кейінгі
біздің заманымыздағы қазақ
«Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан дағы қылықты...
Майырдың алса бұйрығын.
Борбайға қысып құйрығын
Ел пысығы жортады-ай»
- сияқты шындық жергілікті
басшыларға бұдан бір, бір
Дулат ақынның бұл жердегі байқағыштығын кейін ұлы Абайдан да көрмейміз бе? Отаршылдық қамытын мықтап киген қазақ қоғамының ащы шындығын жырлауға келгенде, Дулат пен Абай көп сәттерде бір-біріне үндес келіп жатады. Дулат суреттеген өз елін, қазақты қорқытатын «ел пысығы», айталық, болыс «майырдың бұйрығын алғанда, борбайына құйрығын қысып, алдына түсіп томпаңдаса», Абай бейнелеген болыс та:
«Күштілерім сез айтса,
Бас изеймін шыбындап...
Әлсіздің сезін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап...»
-деп өзі мойындайды. Абай да:
«Мәз болады болысың Арқаға
ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың Шенді шекпен жапқанға...»
-
деп, Дулат айтқан «шен-шекпенге сатылған, батпаққа елін батырған» ұлықтар портретіне ұқсас етіп беріп тұр. Әрине, бұл жерде Абай образды Дулаттан «ұрлап тұрған» жоқ: екеуін де осылайша сөйлетіп қойған - өмір шындығы, олардың сол шындыққа барған суреткерлік талғамдары. Абайдың қазақ халқының тағдырын толғаған кеп сөзі жүз жыл кейінгі біздің заманымызға арналғандай көрінсе, Дулаттың да:
«Жеріңнің алды шұрайын,
Дуан салып жайланып.
Датыңды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып.
Бейнең қандай болды екен,
Қарасаңшы бір мезгіл Қодцарыңа айна алып...»
-
дегені де бейне бізге айтып тұрғандай. Ар жағын былай қойғанда, соңғы 70-80 жыл бойы Дулат айтқандай:
«Болашақты болжамай,
Жол сауданы олжалай.
Ақбекендей алданып,
Жылқыдай делбе сандалып...» -
империялық торға, коммунистік әміршілдік құрығына түскен жоқпыз ба? Жалғыз ел билеу, заң-сот істеріне қатысты ғана емес, езге сәттерде де екі алыптың үндес, идеялас тұрғанын кереміз. Мысалы, ақынға, ақындыққа екеуі де қатаң талап қояды. Дулат:
«Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен елең жаттаса.
Сез - жібек жіп, жыр - кесте,
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз қылып баттаса...»[27, 190 бет]
Сүйінбайдың олардан бір өзгешелігі – оның қатты сынайтын адамның бірі – Тезек төре Жетісудың билеушісі ғана емес, дарынды ақыны да еді, ал Үмбетәлі – қырғыз елінің қаһарлы ханы болатын.
"Төрелерге" деген
өлеңінде Сүйінбай бір өңірдің
атқа мінерлерінің нашарға
Дәулетбақтан – Ноғайбай, сен бір арсыз,
Байсүгір – Қараталдан тұғыянсыз.
Ыстанбек, төремін деп мақтанбағын,
Бұл арсыздың ішінде сіз де барсыз.
Дүниеден Сарыбай да кетті көшіп,
Бұл жерде Нарбота отыр желдей есіп.
Алдыңа бір жауапкер екей келсе,
Түйе басы тоғызды салма кесіп.
Ала бұқа көзденген Атамқұл бай,
Жұртыңа жақсы болсаң, боласың жай.
Құланаян, маржаны айдап жедің,
Тәңір алдына барғанда қайтесің-ай!
Ақын әрі қарай әр билеушінің қиянатының түрін, әдіс-айласын атап көрсетеді.
Біреудің көз саласың құзырына,
Мен тұрмын аң-таң болып қызығыңа.
Аударып ақты арамға пәре жейсің,
Не дейін әділетсіз бұзығыңа.
Келдіңдер осы топқа барайын деп,
Бір шайқам май түсе ме, қарайын деп.
Момын малын зұлымға алып беріп,
Нашардың қайтарсыңдар талайын жеп.
Айтамын білгеннен соң, көзім ашық,
Төрелер, кеп отырмын дидарласып.
Тау басына жиналған тазқаралар,
Жемей ме қарны ашса көкей жасық.[28, 63 бет]
Сүйінбай ақын ретінде
өзінің бар жан тәнімен ақиқатты,
шындықты жақтады.Ол сараңдыққа, мейірімсіз
жандарға, қатігездікке, дүниеқоңыздыққа
қарсы сөйледі.Феодалдық
«Жұмыққа» атты өлеңінде Сүйінбай ақын:
Сүйінбай Алатаудай атым дардай,
Жатқанымда болдым ғой шөккен нардай.
Еңбегңмнен екі ауыз сөз қалмастан,
Көктемдегңі жер тартты кеткен қардай.
Ақылымды қараңғы қалған басып,
Сау күнімде құдайым еске салмай.
Ауру билеп, бойымнан әлім кетті –ау,
Бауырсаққа илеген кескен нандай, -
Деп толғанады.
Бұл келтірілген
үзіндідегі өз есімін Алатауға
теңеуі болсын, халі бітіп, тұруға
зар боп жатқан кезін шөккен
нарға салыстыруы болсын, өзінің
дариядай талантын жерге сіңіп
кеткен көктемгі қар суына
балауы болсын, өз бойындағы
әлсіздікті бауырсаққа илеген
кескен нанмен салыстыруы болсын
– бәрі үйлесімді, суретті.Бұл
теңеулер ақын тілінің
Сүйінбайдың біраз өлеңі әйел теңсіздігіне , оның бас бостандығына арналған.Ол өзінің бір өлеңінде қызық Бәзіл деген сүйген жігітіне бермей , қалың малға сатпақ болған Қаспан деген кісіне төңе қарап, былай дейді:
Сүйінбай айтқан сөзден тайып па еді,
Кедейлік Бәзіл жасқа айып па еді.
Қыздарын қалың малға матап беріп,
Атаң сенің Тайторы байып па еді?
Сөйтіп ақын екі
жастың бір – біріне сүйіп
қосылуын жақтап, қыздық қалауынсыз
, келісімінсіз қалың малға
сатылуына барынша қарсы
Арнау жырлары, өзінің атауынан
белгілі болып тұрғандай, шығарманың
белгілі бір объектіге
Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналыбетп айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады.
Жалпы Махамбеттің шығармалары
көтеріліске қатысты туғанмен, екі
жақтың бітіспес өшпенділігін паш етуге
арналған дүниелер ғана емес.Әміршіге
қарата сөз айту – қазақ поэзиясында
ежелден келе жатқан дәстүр.Асанқайғының
Жәнібек ханға, Шалкиіздің Би Темірге,
Жиембеттің Есім ханға ,Бұқардың Абылай
ханғағ Сүйінбайдың Тезек төреге
айтқандары қазақ қоғамында «бас
кеспек болса да тіл кеспек жоқ»
деген қағиданың ертеден
Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған
Сүйінбай ақын ретінде
өзінің бар жан тәнімен ақиқатты,
шындықты жақтады.Ол сараңдыққа, мейірімсіз
жандарға, қатігездікке, дүниеқоңыздыққа
қарсы сөйледі.Феодалдық
Сонымен қорыта келе, Арнау өлеңдердің XIX ғ Әдебиетінде алатын орны ерекше.Өйткені ақындар арнау өлеңдерді болыстарға қарсы шығып, сынап айтқан. XIX ғасырда арнау өлеңдер ерекше мәнге ие болып, қалыптасып , әлі күнге дейін оқырмандардың назарынан қалған емес.
.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Елеукенов С. «Әдебиет – тәуелсіздік қаруы» Алматы : Баспа үйі 2009 , 472 бет
2.Мақпырұлы С. «Адамтану өнері» Алматы : Арыс 2009, 214 бет
3.Шәбжантайқызы М. «Әдебиет көркемсөз ғылымының айнасы» Көкшетау 2002, 300 бет
4 «Қазақ тілі мен әдебиеті» журнал 2010 ж, наурыз
5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журнал 2011 ж, наурыз
6.Қабдоллов З. «Сөз өнері», таңдамалы шығармалар 2 том, монография 358 бет
7. Тілеуова А. Арнау өлеңдерінің жанрлық табиғаты // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. №39. – 136 -139 б.
8.Мұқатов С «Арнау өлеңдер» Қостанай 2008 , 215 бет
9.Сүйіншіалиев Х. «XIX ғ әдебиеті», ЖОО филология студенттеріне арналған хрестоматия, Алматы 1992, 300 бет
10.Қабдолқайырұлы Қ. «
11. «XIX ғ қазақ ақындары» Алматы : Ғылым 1989 , 400 бет
12. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журнал 2011 ж, ақпан
13. «Қазақ Әдебиетінің тарихы» 4 том ,XIX ғ бірінші жартысы , 480 бет
14.Сүйіншіалиев Х. «Ш.
15. Сүйіншіалиев Х «XIX ғ әдебиеті», 5 кітап Алматы : Ана тілі 1962, 300 бет
Информация о работе XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты