Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 11:34, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Академик С. Қирабаев: «Біздің әдебиетіміз − өмір бойы тәуелсіздікті, бостандықты, бірлікті жырлаған әдебиет. Көшпелі тұрмыс жағдайының тұрақсыздығы, көрші халықтардың бізге қарап үнемі отаршыл саясат ұстануы, ішкі рушыл алауыздық біздің ақын-жыршыларымызды осы тақырыпты үзбей жырлауға мәжбүр етті. Халқымызбен бірге әдебиетіміз де осы үшін, бостандықты жырлағаны үшін, отаршылдықтан азат болуды армандағаны үшін таяқ жеді.
Кіріспе.............................................................................................................3
I тарау .Арнау өлеңдердің жалпы сипаты
1.1 Арнау – тілек өлеңдерінің шығу тарихы, сипаты........................................5
1.2 Арнау өлең жазу дәстүрінің әдебиетімізде алатын орны...........................8
1.3 Арнау өлеңдердің жанрлық сипаты..............................................................12
1.4 Арнау өлеңдердің түрлері..............................................................................16
II тарау. XIX ғ ақындарының арнау өлеңдерінің әдеби сипаты
2.1 Махамбет, Шернияз ақындарының арнау өлеңдері ....................................17
2.2 Сегіз серінің арнау өлеңдерінің жалпы сипаты...........................................27
2.3 Дулат, Сүйінбай ақындарының би- болыстарға арнаған өлеңдері...........33
Қорытынды..........................................................................................................40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................42
Мәселен, оның көпке белгілі
шұрайлы шығармасының бірі-«Мақпал»
әнінің тарихы мынадай екен. Сегіз
сері бірде Сыр бойын мекендейтін
Орта жүз Бағаналы Найманның Қарабала
руының Жауғашты тайпасынан шыққан Мақпал
қызбен бір тойда танысып, оған ғашық
болады. Ол бағаналы елінің ақылды қариясы,
беделді Бақтияр бидің бой
жетіп отырған сұлу қызы екен. Мақпал
өзі асқан дарынды, әрі әнші, әрі
он саусағынан өнер тамған шебер қыз.
Сегіз сері ай мен күндей сұлу қызды
көріп оған құлай беріледі. Бар
ынтасы Мақпалға ауады. Сері жігітті
қызда ұнатады. Ғашық болған Сегіз
серінің қызға деген
әні туралы сөз еткен, сонда ғалымдардың көбі бұл әннің авторы Сегіз сері екеніне еш талас жоқ деп жазғаны да белгілі. [19, 20 бет]
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.
Беу-беу, гауһар тас,
Құсни құрдас.
Раушан жүзің көргенде.
Сәулем-ау, сабырым қалмас.
Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан.
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
Жібекпен қызыл кәріс белін буған.
Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң.
Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң,
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,
Әсемсіп жүйрік аттай мойнын бұрған.
Сегіз серінің жоғарыда айтып
кеткен «Гауһартас», «Ғайни» әндерінің
шығу тарихын түйіндеп айтсақ, Қазақ
ССР Ғылым Академиясының
Сегіз сері бұдан кейін
«Бозшұбар», «Қызға сәлем», «Қалқаш» әнін
шығарған. Осы бесеуін де осы Мақпал
қызға арнайды. Бұл бесеуінен
басқа Мақпал қызға арнап Сегіз
сері «Мақпал» атты жүз елу бес
шумақ өлеңді де шығарады. Ол өлеңде
мынадай жүрек жарды жыр
Берсейші найман қызы тілегімді,
Ұғынып жүрегіңмен жүрегімді,
Кіреуке сауытыма жаға болсын,
Мойныма орай салшы білегіңді.
Сағағың Бозшұбардың сағағындай,
Тал бойың піскен жеміс сағағындай,
Ғашық қып өзегімді өртегенше,
Қайтеді жолықпасаң қарағым-ай.
Ал «Мақпал» әнінің сөзі төмендегідей болып келеді:
Ақша жүз, бота көзді, қасың қара,
Шашыңды түнде жу да, күндіз тара,
Ниязбен мен екеуіміз келген шақта,
Мақпалжан бұлғақтамай бермен қара,
Үш жүзде даңқым шыққан Сегіз сері,
Келгенім Сыр бойында найман елі,
Керейден ант арытып іздеп келдім,
Бір көріп қайтпақ болып Мақпал сені.
Ащыкөл Телікөлге салдым салық,
Артымда қапаланам елім қалып,
Құмартқан нұр жүзіңе асыл Мақпал,
Ғашықтық көкірегімді кетті жарып.
Біз келіп ауылыңызға бастық қадам.
Ұлықтан қуғ\ын көріп көңіл алаң,
Мақпалжан шыныменен уағыда етсең,
Кетуге алып қашып келед шамам.
Бірақ Сегіз сері өзі ғашық
болған осы Мақпал сұлуға қосыла алмайды.
Оның «Мақпал» атты жыр жолдарынан
ұққанымыз мынадай еді. Жырды
Сегіз сері Мақпалға қосылмақ болып
уәде байласып еліне кетеді. Сол
кезде Қоқан хандығы
Сегіз серінің осы «Мақпал»
әніне байланысты мынадай шындықты
да айта кеткен жөн. Өткендегі композиторлардың
бір-бірінен үйренуі, бірінің жақсы
әніне екіншісінің еіктеуі
Бұл жерде елді, қазіргі
ән зерттеушілерді, ән сүюші қауымды
жаңылыстырмай өмірде болғант шындықты
айтуымыз керек. Ақан мен Ыбырайдың
«Мақпалы» өздерінен бұрын
Біз келіп ауылыңызға бастық қадам,
Ұлықтан қуғын көріп көңілім алаң.
Мақпалжан шыныменен уағда етсең,
Кетуге алып қашып келед шамам.
Десе, ал Ақан:
Біз шығып елден бері бастық қадам,
Сипатың хатқа симас айтса адам,
Ей, қалқа, мұнша неге зарланасың,
Елге алып кетпес пе едім келсе шашам,-дейді. [21, 98 бет]
Ал Сегіз серінің «Гауһартас», «Ғайни» атты әндерін кейбір ән зерттеушілеріміз Жарылқапберді Жұмабайұлына (1852-1912ж.ж) апарып теліп жүр. Шындығында, бұл әндерді де Сегіз сері шығарған. Оны біріншіден, 1838 жылы Сегіз сері туралы қарабалық қыпшақ Өске Тасеменұлы (1838-1902ж) ақын шығарған «Мақпал-Сегіз» атты дастаннан кездестіреміз. Онда осы әндердің Сегіз серінікі екені айдан анық айтылған:
Баласы ем Тасеменнің атым Өске,
Сегіздей кеменгерді алдым еске,
Ер Сегіз бен Мақпалдың уақиғасын,
Қисса етіп баяндайын осы кеште.
Сегіздің Мақпалменен жылы барыс,
Арасы елдерінің өта алыс,
Омбыдан іздеп келіп Сегіз сері,
Мақпалмен Сыр бойында болған таныс.
Өнері ер Сегіздің өрден асты,
Баурады өлнңімен өңкей жасты,
Мақпалға ғашықтығын білдірмек боп.
Шығарды ән патшасы-«Гауһартасты».
Сегіздің кереметтей өзі сәнді,
Ақындыққа баулыған сөзі мәнді.
Тағы да ғашықтығын жария етіп.
Шығарды «Мақпал» атты әсем әнді.
Өске ақын әлгі «Мақпал-Сегіз» дастанын енді бір жерде:
Қол шықты Ақбұлақтан түзеп сәнін,
Жігіттер түсінеді жырдың мәнін,
Соңынан ерген ғаскер өтінген соң,
Шығарды Сегіз сері «Қалқаш» әнін,-
деп толғанады. Міне, Сегіз серінің атақта үш әнінің де қалай шыққан тарихы өткен заманның өзінде осылайша жырланған.
Сегіз сері сүйген қызын
жердеп Мақпал қыздың елімен қощтасқалы
жатқанда, артынан хабаршы келеді.
Ертай Бекұлы деген жігіт Исатай
мен Махамбеттің жолдаған сәлем
хатын табыс етеді. Батыр хабарды
алған соң, жолға қамданып үшінші
күні Ойыл-Қиға аттанады. Бірнеше күн
жол жүріп, межелі жерге жақындағанда,
Кіші жүздің қалың көшіне тап болады.
Көш басшыларының Исатайдың қоршауда
қалып, ұрыста ерлікпен қаза тапқанын,
Махабеттің сарбаздарға жетіп
Өтті деп ер Исатай естігенде,
Қолымда болат қанжар шарт үзіліп,
Шешілді кермедегі арғымағым,
Айырылып Исатайдай асыл ерден,
Кетті ғой судан таза, сүттен ағым.
Айырылып Исатайдай көсеміңнен,
Бұзылды қазақ сенің ынтымағың,
Үмітің үзілді ғой қайтан халқым,
Жалп етіп сөнгенннен соң шам шырағың.
Бұған қоса Сегіз сері Исатайға арнап үлкен жоқтау шығарады. Жоқтау былай басталады:
Өзіңменен кездесіп,
Қылыш сүйіп серттесіп,
Көптің мұңын,
Ер жігітке жөн десіп,
Ғұмырлық деп дос болған,
Мейманға көңіл хош болған...
Деп өзінің ұзақ жоқтауын жазып
бастайды. «Сегіз серінің Исатайды
жоқтауы» деп аталатын осы өлеңді
ел аузынан жинаған павлодарлық
Елеуке Қалданов. Ол бұл жоқтауды қазіргі
Қорған облысының Макушин ауданындағы
Кребен селосының тұрғыны әнші-
2.3 Дулат, Сүйінбай ақындарының би- болыстарға арнаған өлеңдері
Дулат Бабатайұлының өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ ССР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. [23, 69 бет]
Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 — 24 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулат ондай әкімдердің мінін бетпе-бет, кеп адамның алдында айтады. Оның "Бараққа", "Кеңесбайға", "Ешенге", "Ақтанға" деген арнау өлеңдері ақынның батылдығын көрсететін шығармалар болып табылады.Мысалы, Барақ төремен кездескенде, оның халықты патша әкімдерімен қосыла талап, жәбір көрсеткенін тайынбай бетіне басады.
О, Барақ жас, Барақ жас,
Жегенге тоқ, ішсең мас.
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас.
Қасқыр тартып, қан шықса,
Жаман ит жұлып жей берер,
Алды-артына қарамас.
Азғын елдің бектері
Қан шықса, елін жұлмалар
Қасқырменен аралас...
Сендер атқа мінген соң,
Тандыр болып суалды
Шалқар көлдей несібем, –
дегі күйінеді, Ақын "Кеңесбайға"
деген арнауын да әңгімені осы сарында
өрбіте келіп:
Ыдысысың параның;
Қотара құйса толмайтын.
Ашылған әбден араның –
Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен,
Қақалмай-ақ толғайтын, –
деп, екіжүзділігін, араны ашылған парақорлығын айтады. Әділ, турашыл Дулат өз тұсындағы қазақтан шыққан әкім-төренің арасында бірен-саран болса да жұртының жайын ойлайтындары барын жоққа шығармайды. "Сүлейменге" өлеңінде Сүлеймен төрені адалдыры, әділдігі, еліне күйінетіндігі, дұшпанға қаһарлы, қаттылығы, мінезінің сабаз, салтанатының сәнділігі үшін марапаттап, шабытты жырын төгеді. Мұнда төренің көңілін аулап, жағынушылық жоқ. Егер ақын Сүлейменнің бойынан мін көрсе, Барақ, Кеңесбай төрелер, Ешен қазы сияқты, бетіне айтқызбайтындай ерекше себеп жоқ – Екіншіден, бұл арнауда да Дулат жаңағы төрелердің міндерін айтып шағынады. Егер бұл міндер Сүлейменнің бойында да болса, онда бұлар жайында сөз қозғамас еді. Үшіншіден, өз көзінің атқамінерлерінің елде итше ырылдасып, патша шенеуніктерінің алдында "қыздай қылышты" бола кететін куыс кеуде құнсыздықтарын:
Информация о работе XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты