Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 11:34, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Академик С. Қирабаев: «Біздің әдебиетіміз − өмір бойы тәуелсіздікті, бостандықты, бірлікті жырлаған әдебиет. Көшпелі тұрмыс жағдайының тұрақсыздығы, көрші халықтардың бізге қарап үнемі отаршыл саясат ұстануы, ішкі рушыл алауыздық біздің ақын-жыршыларымызды осы тақырыпты үзбей жырлауға мәжбүр етті. Халқымызбен бірге әдебиетіміз де осы үшін, бостандықты жырлағаны үшін, отаршылдықтан азат болуды армандағаны үшін таяқ жеді.
Кіріспе.............................................................................................................3
I тарау .Арнау өлеңдердің жалпы сипаты
1.1 Арнау – тілек өлеңдерінің шығу тарихы, сипаты........................................5
1.2 Арнау өлең жазу дәстүрінің әдебиетімізде алатын орны...........................8
1.3 Арнау өлеңдердің жанрлық сипаты..............................................................12
1.4 Арнау өлеңдердің түрлері..............................................................................16
II тарау. XIX ғ ақындарының арнау өлеңдерінің әдеби сипаты
2.1 Махамбет, Шернияз ақындарының арнау өлеңдері ....................................17
2.2 Сегіз серінің арнау өлеңдерінің жалпы сипаты...........................................27
2.3 Дулат, Сүйінбай ақындарының би- болыстарға арнаған өлеңдері...........33
Қорытынды..........................................................................................................40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................42
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Абдухалиева Жадыра
Курстық жұмыс
«XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты»
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Сейсембай Г.А
Қостанай ,2012 жыл
Мазмұны:
Кіріспе.......................
I тарау .Арнау өлеңдердің жалпы сипаты
1.1 Арнау – тілек өлеңдерінің
шығу тарихы, сипаты........................
1.2 Арнау өлең жазу дәстүрінің
әдебиетімізде алатын орны..........................
1.3 Арнау өлеңдердің жанрлық
сипаты........................
1.4 Арнау өлеңдердің түрлері......
II тарау. XIX ғ ақындарының арнау өлеңдерінің әдеби сипаты
2.1 Махамбет, Шернияз ақындарының
арнау өлеңдері ..............................
2.2 Сегіз серінің арнау
өлеңдерінің жалпы сипаты.....
2.3 Дулат, Сүйінбай ақындарының би- болыстарға арнаған өлеңдері...........33
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Тақырыптың өзектілігі. Академик С. Қирабаев: «Біздің әдебиетіміз − өмір бойы тәуелсіздікті, бостандықты, бірлікті жырлаған әдебиет. Көшпелі тұрмыс жағдайының тұрақсыздығы, көрші халықтардың бізге қарап үнемі отаршыл саясат ұстануы, ішкі рушыл алауыздық біздің ақын-жыршыларымызды осы тақырыпты үзбей жырлауға мәжбүр етті. Халқымызбен бірге әдебиетіміз де осы үшін, бостандықты жырлағаны үшін, отаршылдықтан азат болуды армандағаны үшін таяқ жеді. «Ұлтшыл халық, ұлтшыл әдебиет» атанды. Қазіргі отаршылдықтың қамытын сыпырып тастап, егеменді ел болуға ұмтылған тұсымызда осы идеяны жаңғырта жырлау, тәуелсіздік пен бірліктің сөзін айту әдебиеттің абыройлы міндеті болуға тиіс».
Қазақ әдебиетінде арнау жанры - күрделі жанр. Сондықтан да оның ерекшелігін ашуға түрлі-түрлі жағынан келіп талдау жасадық. Қазақ суырып салма поэзиясында тіпті, Абай арнауларының өзі суырып салып шығарылғанын ескерсек, қазақ әдебиетіндегі суырып салмалық поэзияда арнаудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшеліктер қазақ ауыз әдебиетінде айтыс, шешендік өнер, толғау, қара өлең және т.б. бірігіп халкымыздың мол рухани дүниесін жанрлық түрлерін байыта түседі.
Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып бетпе бет айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады.
Курстық жұмыстың мақсат -міндеттері.Курстық жұмыстың негізгі мақсаты:XIX ғ қазақ әдебиеті ақындарының арнау өлеңдерін қарастырып, сараптау.Курстық жұмыстың міндеттері:
Курстық жұмыстың нысаны. Әдеби шығарманың басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай оқиғаға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автордың сөзі, белгілі бір адамның бейнесін, мінез-сипатын суреттеу мақсатымен жазылған дербес поэзиялық туынды- арнау өлеңдер. XIX ғ қазақ әдебиетінде арнау өлеңдердің алатын орны, ерекшелігі.Курстық жұмыс мына әдебиеттерге негізделіп жазылды:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журнал 2010 ж, наурыз, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журнал 2011 ж, наурыз,Тілеуова А. Арнау өлеңдерінің жанрлық табиғаты // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. №39. – 136 -139 б., Мұқатов С «Арнау өлеңдер» Қостанай 2008 , 215 бет, Сүйіншіалиев Х. «XIX ғ әдебиеті», ЖОО филология студенттеріне арналған хрестоматия, Алматы 1992, 300 бет, Үмбетаев А «Ақындық пайым парызы» Ақиқат №3 2002 т.б.
Курстық жұмыстың ғылымилығы.
Зерттеу әдістері.XIX ғ қазақ әдебиеті ақындарының би – болыстарға арналған арнау өлеңдерінің негізгі тақырыбы анықталды.Болыстарды сынға алу себебі, ақындардың арнау өлеңдерінің бір – бірінен ерекшелігі кеңінен ашылды. Курстық жұмыста баяндау, сипаттау, жүйелеу, жинақтау, сараптау, бақылау, қорытынды жасау әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау .Арнау өлеңдердің жалпы сипаты
1.1 Арнау – тілек өлеңдерінің шығу тарихы, сипаты
Арнау - әдеби шығарманың басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай оқиғаға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автордың сөзі.
Арнау өлең – белгілі бір адамның бейнесін, мінез-сипатын суреттеу мақсатымен жазылған дербес поэзиялық туынды.
Арнау-тiлек өлеңдердiң шығу тегiнiң күнтiзбелiк әдет-ғұрыптардан күнге, айға табыну тағы басқа түрлi құбылыстарды киелi деп есептеген анимистiк ұғымнан туындағанын фольклористер сенiмдi дәлелдеп жүр. Қазақ арнау-тiлек өлеңдерiнiң табиғатынан да мұны айқын көруге болады. Мәселен, күнге, айға табынудың сонау Хунн дәуiрiнен берi бар екендiгi белгiлi. Бұл дәстүр кейiннен тәңiрге (көкке, аспанға), жерге (умай) табынуға ұласып, әртүрлi жануарларды, түрлi құбылыстардың иесi бар деген тәрiздi ұғымдарда өрiс алтөтемге айналдыру ды, осы көне түсiнiктiң қай-қайсысы болмасын халық санасында өз iзiн қалдырып отырады. Мiне, ел тұрмысындағы осындай ұғым-түсiнiктер, әртүрлi жолдармен балалар репертуарына да көшкен. Мысалы, қазақ арасында шаман дiнiнен қалған жаңа ай туған кезде оған бата жасау, тiлек тiлеу дәстүрi ертеден бар. Мiне, осы салттың елесi балалар айтатын арнау-тiлек өлеңдерден де байқалады. Мәселен, алғаш ай туған сәтте балалар: Айдың көңiлi жай болсын Балалардың мiнгенi Жорға-жорға тай болсын Қырдан берсiн, ойдан берсiн, Қызыл шұнақ қойдан берсiн... деп тiлек айтады. Немесе сүйел, жара шыққан балалар ата-ананың кеңесiмен айға қолын көрсетiп: Ай-ау, ай, Әйейiмдi алып, Қолымды бер, Әйейiмдi алып, Қолымды бер, – деп айғайлайды. Арнау-тiлек өлеңдерiн орыс фольклортану ғылымында оларды бiр жанр ретiнде қарастыруды ұсынады. Ал В. П. Аникин бұлардың айырмашылығы бағышталған обьектiсiнде ғана емес, орындалу формасында да, яғни «...дети выкрикивают слова закличек нараспев хором, ...а их (приговорок – К.I.) произносит каждый поодиночке», – деп жазады. Бұл пiкiрдi Э.С.Литвин де қолдайды. Кейiнгi зерттеушiлер де осы пiкiрдi жандандырып жүр.Қазақ балаларының репертуарында арнау-тiлек өлеңдерінiң айға, күнге, табиғат құбылыстарына да, жан-жануарларға арналғандары да мол. Мәселен, бұлт арасынан жасырынған күнге балалар: Май берейiн, құрт берейiн, Күннiң көзi, шық, шық! – деп сiркiреп жауа бастаған жаңбырға: Жау, жаңбыр жау, жау, Көк биеңдi сау, сау, – Деп айғайласа, қарақұрттың iнiн көргенде: Белең, белең белең құрт! Белi жуан белең құрт! Шандырыңды созармын, Тас төбеңнен ұрамын, Уытыңды жаймай шық! – деп тепсiнедi. Егер осы көп құрамды арнау-тiлек өлеңдерiнiң iшкi мазмұнына тереңiрек үңiлсек, күнге, айға, табиғат құбылыстарына арналған жырлардан жалбарынудың, өтiне сұранудың нышанын байқаймыз. Ал жан-жануарларға арналған жырларда өтiнiштен гөрi бұйыра айту сарыны басымдау. Оның себебi арнау-тiлек өлеңдерiнiң үлкендер репертуарындағы алғашқы ерекшелiктерiнде жатыр. Қазақ халқында тәңiр дiнiнiң қалдығы әлiкүнге дейiн өмiр сүрiп келедi. Тәңiрдi пiр тұтқан адам Күндi көрсе де, Айды көрсе де, қайран қала табынды, ол табиғатқа табынды, онда өзi көк, көк тәңiрi деп атаған уақыт сияқты мәңгiлiк тылсым күштiң құдiретi бар деп сенедi. Тәңiр дiнiнiң шығу тегi жалпы табиғат пен оның құбылыстарын құдiрет тұтуда жатыр, – деп жазады Шоқан. Осы ұғым-түсiнiкке байланысты арбау, жалбарыну өлеңдерiнiң табиғатын саралай келiп профессор М.Ғабдуллин, әсiресе, табиғат құбылыстарына арналған өлеңдерде: Жандай долым, ақ бұлт, Омыраудан соқ, бұлт! Ескен желдi, сұр бұлт, Елiктiрмей жете көр! – деген сияқты жалбарыну, өтiну сарынының басым екендiгiн айтады. Сондай-ақ, – деп жалғастырады одан әрi ғалым өз ойын, – ертедегi адамдар малды немесе адамды жылан, бүйi, қарақұрт, бәленгi шаққанда әртүрлi ырым жасап арбау өлеңдерiн шығарған... Қай арбауды алсақ та, улы жәндiктерге зекiру, қорқыту, бұйыра сөйлеу басым келетiнi байқалады. Мiне, арбау өлеңдерiнде осы екi сарын балалар репертуарына да көшкен. Арбау жанры, сөз жоқ, қазақтың көне наным-сенiмдерiне қатысты ғұрып фольклорының арналы саласы. Ол жөнiнде Б.Әбiлқасымов еңбегiнде жете айтылған. Бiз жанр ұшқынының балалар репртуарына көшкен элементтерiне ғана назар аудардық. Жалпы халық тұрмысында әлдеқашан ұмыт болған арбау жырларының балалар ортасында сақталып қалуының өзiндiк себептерi бар. Мұндай құбылыс қазақ қана емес басқа халықтар фольклорына да ортақ. Мәселен, Б.Шермұхамедов тәжiк арбау өлеңдерiн түгелге жуық балалар репертуарына қосады. Адамзат санасының балаң дәуiрiнде туған арбау жырларын сәби жүрегi шынайы қабылдайды. Сол әдет-ғұрыптарға сене отырып, өлеңдердi де берiле орындайды. Табиғатқа, жан-жануарларға арналған арнау-тiлек өлеңдерi арқылы бала олармен тiлдеседi, өзiндей көрiп ұғынысуға тырысады. Бала табиғаты қоршаған ортаға қаншалықты етене болса, арнау-тiлек өлеңдерi сол жақындықтың бiрден-бiр дәнекерi. Бала өзiнiң iшкi эмоциясын, арман-мақсатын, қалауын, өлең жырлармен бiлдiруге тырысады. Ол тiлектердiң барлығында дәстүрлi тәрбиенiң, халықтық салт-сананың, ұғым-түсiнiктiң iздерi жатады. Арбау өлеңдерiнiң балалар репертуарына бiртiндеп көшуiне оның өлеңдерiнiң құрылымы да, орындалу мәнерi де әсер еткен. М.Ғабдуллин атап көрсеткендей арбау өлеңдерiнiң мәтіндерінде мағынасы түсiнiксiз жұмбақ сөздер көп қолданылады. Және олар дыбыс үйлесiмдерi (ассонанс, аллитерация) арқылы ұйқасып келiп отырады. Тiптi, түсiнiктi сөздерден құралғанның өзiнде: Тас төбеңнен ұрармын, Тәңiр ұрғандай қылармын, Танауыңды тiлермiн, – деген тәрiздi жаттап алуға да жеңiл, тақпақтай айтуға да ыңғайлы бала мiнезiне де үйлесiмдi болып келедi. Көне жырлардың балалар репертуарында берiк орнығуына олардың өлең құрылысы, түр ерекшелiктерi де көп септiгiн тигiзген. Сондай-ақ арнау-тiлек өлеңдерiнiң көпшiлiгi бала өмiрiмен, күнделiктi тiршiлiкпен тығыз байланысты болып келедi. Мәселен, алғаш түскен тiсiн нанға бала орап итке тастап «Жасық тiсiм саған, пышақ тiсiң маған» деп күбiрлейдi. Немесе «Шiлде қоңызды қолына қондырып алып «Ел қалай көшер? Ел қалай көшер?» деп әндетiп отырады. Дәстүрлi түсiнiк бойынша шiлдеқоңыз қалай қарай ұшып кетсе, қоныс аударған ауыл да солай қарай көшедi, балалар оған имандай сенедi. Қазақ балалар репертуарындағы мұндай өлеңдер тобы осы уақытқа дейiн толық жиналған да, сараланған да емес. Тек 1988 жылы «Ақ сандық, көк сандық» жинағында бұл өлеңдер жеке топталып, «Арнау-тiлек» өлеңдер деген айдар тағылды және ғалым Ш.Ибраевтың алғы сөзiнде олардың өзiндiк ерекшелiктерi де бiраз ашылды. Қолымызға жинақталған мәлiметтердiң табиғаты мен оның қазақ балалар репертуарындағы өмiр сүру формасы оларды бiртұтас жанрлық түр ретiнде топтап қарастыруға мәжбүр етедi. Арнау-тiлек өлеңдер деген термин де бұл шағын жанрлық түрдiң табиғатын толық аша алады деген ойда емеспiз. Бұл әлi де ойлана түсудi, ел iшiндегi жиналмаған тың мәлiметтердi ауқымдап, жанрлық түрдiң iшкi ерекшелiктерiн тереңiрек саралап, термин мәнiн нақтылай түсетiн мәселе. Жалпы, балалар шығармашылығы дәстүрлi дүниетаным сырларын ұзағырақ сақтайтын алтын қойма. Ыждағатпен көңiл бөлсек, балалар ойынымен аралас жүрген осы шағын шығармалардан да талай қызық сыр тартуға болар едi.
Ақынның сөзі алтыннан құнды келетін,
Арзандап кеттік, ағайындар-ау, неге тым?
Құшынаш болып кетпесек біздер жарады,
Көрінген жанға ішірткі жазып беретін.[1,98 бет]
Бұл – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Арнаулар» өлеңінен үзінді. Оқығанда жырдың жалыны өзегіңді өртеп, жүрегіңді шарпиды. Әлдеқандай «арнауларды» есіңізге аласыз да, ұяттың отына өртенесіз. Жүйке тамырларыңыздан ағып өткен жылы ағын көмейіңізге келіп қыстығады да, бар пенделігіңізді қайырып қойып, таза өлең туралы ойлануға жетелейтіні хақ! Бізді толғандырғаны – ақын поэзиясы хақында емес, шынайы өлеңдердің ордасына шырмауықтай тамыр тартқан арнау өлеңдер еді…[2,190 бет]
Жасыратын несі бар, күні кешегі Кеңес дәуірі қазақ өлеңінің көсегесін көгертумен қоса, аталмыш арнаулардың да «жұлдызын» жандырған «алтын дәуір» болды. Оған бола ешкімге де кінә артып, күстәналай алмайсыз. «Сананы заман билеген», өлең-жырдың өзі саясаттың қол шоқпарына айналған сүреңсіз мезгіл еді ол. Өлеңнің «біссіміләсі» «Ұлы көсемге», коммунизмге құлаш ұрған «салиқалы саясатқа» арнау жазудан басталатын. Ал онсыз ақынның қарығы ашылып, бағы жана қоймайтын. Анығын айтсақ, қайсыбір ақынның болмасын, өлең топтамаларының жарияланып, жарық көруінің басты кепілі – осы арнау жырлардың «көмегіне» кеп тірелетін-ді… Әрине, сол бір алмағайып күрделі кезеңнің өзінде, солақай саясаттың сойылын соқпай, ақындығын азаматтығы көтерген не бір жыр сүлейлерінің де өткені әмбеге аян. Сондықтан, бәріне бірдей қырын қарауға болмайтынын қаперге алғанымыз ләзім.
Сонымен, кешегі қылышынан қан тамған кеңес билігі біз секілді бодан елдердің мойнына осындай идеология қамытын жекті. Ақындарымыз «шындықты өткізу үшін, аздаған өтірік қосуға» шарасыз мойын ұсынды . Ал бүгінгі, өз қолы өз аузына жеткен егеменді елдің шайырларына не жорық? Халықтың әлеуметтік жай-күйін кейінге шегіндірген дағдарыс кезеңі, от ауызды ақындарымыздың да басым бөлігін қарын қамын күйттеуіне айдап соғып, жағымпаздық дерті әбден белең алып кеткендей. Қандай да бір газет-журналдарды парақтап отырсақ та, тіпті, өлең бәйгесі саналатын қайсыбір мүшәйраларды тамашалай қалсақ та, әлгіндей арнау жырлардың шоғыры алдыңызды орайды. Ал олардың авторларына келсек – кілең мүйізі қарағайдай аға-апаларымыздан бастап, орта буын өкілдері, ең берісі дегенде, таңдайынан әлі уыз дәмі кеппеген жас өскіндерге дейін мақтау-мадақтауға жанымен құныққандар!
1.2 Арнау өлең жазу дәстүрінің әдебиетімізде алатын орны
Иә, арнау өлең жазу дәстүрі әдебиетімізде әріден бастау алған. Бірақ оның да өз заңдылығы болған ғой. Мәселен, кешегі Бұқарлардың хан Абылайға айтқаны, қазіргі арнау жырлармен үш қайнаса да сорпасы қосылмайтыны анық. Халық санасынан риясыз орын алған қай ақынды алсақ та, олардың өлеңге деген өз адалдығы болды. Бір ғана мысал, М. Мақатаевтың «Әбділдәға» дейтін өлеңінің соңғы шумағы, міне, былай өріледі:
«Бой түзеп, босқа кетпей сауықпенен,
Боз қырау босағасын тауыпты өлең.
Жаман жыр жазғанымда ақ таяғың –
Арқамда ойнай ма деп қауіптенем…»
Ой көзімен байыптап қарасақ, өлеңнің өн бойында қандай бір жағымпаздықтың, болмаса, шашбауын көтерген әсіре мақтаудың нышаны байқалмайды. Керісінше, ағаға деген інілік ізет пен киелі өлеңге деген кірпияз тазалық менмұндалайды. Ал бүгінгі баз бір «арнаушыларымыздың» туындыларын Мұқаңның жоғарыдағы өлеңімен қатар қойып, талдаудың өзі ар көтермейді. Сонда бүгінгі нарық заманы, елдің мұңын мұңдайтын ақындарымыздың мәртебелі поэзияға деген адалдығына ауыз салған ба?! Қазақтың қай ақын-жазушысы Алматыда үйсіз-күйсіз жүрмеді дейсіз? Әйтсе де, мұндай тарығушылыққа иіні түсіп, жырға деген көңілі суымаған қайран Қасым ақын бұған былай деп жауап бермеп пе еді:
«Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,
Сонда да тастамаспын астанамды.
Өлеңнің отын жағып жылытармын,
Өзімді, әйелімді, жас баламды!»
Ақын Абайдың «өлеңге әркімнің-ақ бар таласы…» деген өлең жолын көңіліне медет тұтып, тепеңдейтіндер әлгі жырдың «сонда да солардың бар таңдамасы» деп өрнектелетін келесі жолын қаперіне алды ма екен шіркін! Хакім Абай айтып отырған «талас» тек өлеңге жылты бар, Тәңірдің айрықша рақымы түскен таланттылар арасындағы «өнер таласы» болса керек. Әсте көлденең көк аттылардың қанжығасында кететін «еріккеннің ермегі, щөлдегеннің шөлмегі» емес. Абай сол өлеңінде тағы былай деп толғанады:
«Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы», - міне бұл ақынның өлеңге қояр талабы, талғамы сіпетті.
Өлең аспанынан жұлдыздай ағып өткен Төлеген Айбергенов:
«Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің, қарағым,
Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның…
Нақақтан күйіп баратса нұрлы күн үшін бір тұтқын,
Кес-кестеп барып кеудеңді оғына тосу мылтықтың.
Қалтырмау үшін ұятқа күнәсыз мынау дүниені,
Жамау ғып басу өзіңді аузына барлық жыртықтың», – дейді. Жүрегіңізге салмақ салатын жыр жолдары, ақындық деп аталатын ұлы өнердің алыс жолын, ауыр жүгін аңғартатындай. Әттең, соның қадіріне қаншалықты жете алдық. Тағы да ойшыл Абай өлеңінің өңін аударып айтсақ, дәл қазіргі біздің қоғамда «тыңдаушы түзелгенімен сөз түзелмей тұрған сыңайлы».[3,140 бет]
М. Мақатаев тағы бірде өз күнделігіне былай деп жазады: «Бір кеңше отырып алып маған «Алтын адам» – күмәнді қазақ туралы поэма жаз деп ақыл айтады. Оның мүмкін еместігін айтып, жуырда жазған «Алтын адам» өлеңімді оқып бердім… «Алтын адамның» кім екенін анықта, маған түсіндіріп бер. Өзінің бүкіл алтыны алтын табытқа айналатынын, кейінгі ұрпаққа алтынның өзі ғана жететінін тірлігінде бұл алтынға оранған өлік ойлады ма екен? Поэзия журналистика емес, ал, ақын да дабыра туғызатын жағдайларға жүгіре беретін журналист емес. Алтынмен киіндіріп қойған қаңқа сүйек табылғаны үшін поэзия жазуға бола ма? Алтынға малынған адам туралы жазғанша, елсіз далада көмусіз қалған адамның бас сүйегі жайында қуана-қуана поэма жазар едім». Міне бұл «сөз қадірін бөз қадірінен артық көретін» дана халқымыздың «Әдебиетті ардың ісі» деп түсінетін ақын перезентінің жүрек сөзі.
Информация о работе XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты