Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 09:06, курсовая работа
Сөзжасамның басты қасиеті - өзінің аты көрсетіп тұрғандай, жаңа мағыналы сөздер тудырып, сол арқылы тілдің сөздік құрамын байыту, сөйтіп, тілдегі сөздердің қатарын көбейту болып табылады. Сондықтан сөзжасам процесінің басты сипаты семантикамен, лексикалық мағынамен байланысты, өйткені сөздің сөз болып саналуы, белгілі бір ұғымды білдіре алуы оның (сөздің) мағына білдіре алуымен байланысты. Сөзжасам мәселесінде ең басты қасиеттердің бастысы – жаңа сөз жасау, тілдің лексикалық құрамын байытатын жаңа туындының пайда болуы да, оның тұлғалық-құрамдық жағы содан туындайтын және сөзжасамды тілдік құбылыстың нәтижесі салдары ретінде айқындайтын грамматикалық сипаты болып табылады.
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. ҮСТЕУЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Үстеулердің грамматикалық ерекшеліктері.
1.2 Үстеулердің мағыналық топтары.
1.3 Үстеулердің сөйлемдегі қызметі.
2 ТАРАУ. ҮСТЕУДІҢ СӨЗЖАСАМЫ
2.1. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер.
2.2. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сөз табының бірінен саналатын үстеудің жасалу жолы әр түрлі амалдардың негізінде жүзеге асады. Олар – синтетикалық және аналитикалық тәсілдер.
2.1. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер.
Сөзжасам саласында үстеудің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы әр қилы болып келеді. Өйткені бұл сөз табының қалыптасуына түрліше жұрнақтар қатысады.
-да/де, -та/те жұрнағы үстеу, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөз таптарына қосылып, мезгілдік, мекендік ұғымдағы үстеулердің қалыптасуына себепші болады. Мысалы: бүгінде, қазірде, ертеде, мезетте, алшақта, анада, бұндайда, бірде т.б.
-ша/ше жұрнағы үстеу тудыратын ең өнімді жұрнақ болып табылады. Ол амалдың қалай істелгендігінің белгісін білдіреді: балаша, құсша, батырша, көзінше, адамша т.б. Сын есімге жалғанып, туынды үстеу жасайды: ескіше, жаңаша, қысқаша, туынды сын есімге де жалғанады: биылғыша, бұрынғыша, жіктеу есімдіктеріне жалғана алады: менше, сенше, біздіңше, оларша, өздік есімдіктеріне жалғанады: өзімше, өзінше, өзімізше, кейбір белгісіздік есімдіктеріне жалғанып, үстеу тудырады: әлдекімше, кейбіреулерше т.б.
-ын(да)/-ін(де) қосымшасы мезгілдік ұғымда жұмсалатын сөздердің құрамында келіп, түбірімен біріге тұтасқан қалпын сақтайды. Түбірге қосылу арқылы амалдық мән туындатады. Мысалы: қысында, жазында, күзінде, қалпында, артында т.б.
-лай/лей, -дай/дей, -тай/тей туынды үстеу тудырады: жастай, осылай, күзжей, қыстай, бүгінгідей, анадай, екіншілей т.б.
-лап/леп қосымшасы
құрамы жағынан құранды. Бұл
үстеу сөздерге жалғанып, амал, мезгіл
мәндерінде жұмсалады: егіздеп,
-дайын/дейін, -тайын/тейін – аса өнімді жұрнақ, әрі –дай және –ын қосымшалары арқылы құралған құранды қосымша. Мысалы: тотыдайын, сұңқардайын, жаздайын тәрізді сөздерге жалғанып, салыстырма, амалдық , мезгілдік мәндегі үстеулер жасайды.
-шалық, -шама жұрнақтары
сілтеу есімдіктеріне
-шылап/шілеп – құранды жұрнақ: сиыршылап, жылқышылап, Бейсеншілеп.
-қары/кері санаулы
сөздерге ғана жалғанып, мекендік
мағыналы үстеу жасайды:
-ын/ін, -сын/сін жұрнағы
мезгілдік мәндегі сөздерге
Көнеленген формалар арқылы туған үстеулер. Оларға сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден қалыптасып, бір-бірінен бөлінбейтіндей болып кеткен көнеленген сөздер жатады.
Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: зорға, бекерге, босқа, әзірге, артқа, алға т.б.
Жатыс септігінің көнеленуінен туған үстеулер: алда, артта, кейде,
абайсызда, қапыда т.б.
Шығыс септігінің көнеленуінен туған үстеулер: шалқасынан, етпетінен, жүресінен, төтеден, әуелден, тосыннан, кенеттен, лажсыздан, жаңадан, бірден, өздігінен т.б. Бұлар мезгілдік және амалдық мән білдіреді.
Көмектес септігінің көнеленуінен туған үстеулер: шынымен, қалпымен, жайымен, ретімен, түйдегімен, жөнімен т.б.
Сөзжасам саласында үстеудің синтетикалық тәсілдер арқылы жасалуы әр қилы болып келеді. Өйткені бұл тәсілдер сөз табының қалыптасуына түрліше жұрнақтар қатысады. Мұндай жұрнақтар үстеудің туындауында үстеусөз табының өзіне не болмаса басқа сөз таптарына жалғанады.
Үстеу сөздің өзінен пайда болған үстеулер. Мұндай үстеу сөздердің негізі мезгілдік ұғымда (кеше, бүгін, қазір, әзір, ақыры, ерте, жаңа т.б.) жұмсалып , өзімен біте қайнасып кеткен қосындыны да осындай мәнде болуға бағыштап тұрады.
Зат есімнен пайда болған үстеулер. Бұл тәріздес үстеулер болған оқиғаның мезгіл мөлшерін білдіріп тұрады. Әбден әңгімелесіп, тамақ ішіп боған мезете келді.
Сын есімнен пайда болған үстеулер. Мұндайда сөздің түбір қалпы сын есімдік мәндекеледі. Алайда мағыналық үндестігі жағынан кейде мұндай сөздер үстеулермен де астарласып жатады. Мысалы, Ауылдары алшақта отырған Сүлеймен старшина мен Бәкір молда келіп, ботаның басында болды.
Есімдіктен пайда болған үстеулер. Үстеулердің бұл түрінде сөз түбірі есімдік болады да , -да, -де қосымшаларының әсерімен ендіолар мезгілдік ұғымдағы үстеу сөзтабын жасайтын болады: Анада Ерғали барып қайтқанда бір сөзінен денем түршіккен.
2.2. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы дегеніміз негізінен алғанда екі сөздің қатысуымен жасалған үстеулерді түсінетін боламыз. Мұндай сөздер қосарлана жұмсалса, енді біреулері бірігу арқылы болса кейбір үстеулер екі сөздердің қатарласа жұмсалуы негізінде жасалады.
Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер. Үстеулердің аналитикалық жолында екі сөз қатарласа (қосарлана) қолданылып, әр мәнде жұмсалған сөздер туындайды. Мысалы, келе-келе, бара-бара, жре-жүре, берілсе, ендібірде екі түрлі сөздердің қосақтала айтылуы негізіндеболады(әне-міне, кеше –бүгін, мәре-сәре).
Екі сыңары мәнсіз қосарланған үстеулер. Қосарланған үстеулердің бі тобы мәндік қолданыстары жағынан түсмініксіздеу болып келеді. Бұлардың әрқайсысы жекетұрғанда ешбір мәнге ие бола алмаса, қосарланған түрде ғана белгілібір ұғымды білдіреді. Мысалы: алас-күлес, апы-күпі, қым-ғуыт т.б.
Бірігу арқылы жасалған үстеулер: үстеулердің енді бір тобы екі сөздердің бірігуі ақылы жасалады. Бірігу арқылы жасалған үстеулер табиғаты жағынан бірдей болып келмейді. Бірігу арқылы жасалған үстеулер өз ішінен екіге бөлінеді: біріккен және кіріккен үстеулер.
Біріккен үстеулер дегеніміз: бұлар екі сөздердің еркінірек түрде бірігуі арқылы жасалады. Олар құрамы жағынан көбінесе екі түрлі сөзтабының бірігуі , сондай-ақ бір сөзтаптарының бірігуі арқылы да жасала береді.
Кіріккен үстеулер дегеніміз: құрамындағы жеке сөздер деформацияға ұшырайды, не болмаса бірсыңары (көбінесе екінші сыңары) фонетикалық өзгерістерге түмеді. Мысалы: биыл, бүгін, ертең т.б.
Үстеу сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалып, туынды түбір үстеу сөздер жасалады. Мысалы: меніңше, осынша онша, жыланша (иіріліп) байқаусызда т.б.
Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары да өнімді, өнімсіз болып бөлінеді. Өнімді жұрнақтар ішінен –ша, -ше жұрнағын ерекше атауға болады. Бұл арқылы жасалған туынды түбір үстеулер үлкен бір топ құрады.
Ал өнімсіз жұрнақтар үстеуде өте көп. Мысалы, Екі жас, жаңа өсіпірім.
Үстеудің жұрнақтары жалаң және құранды болып бөлінеді. жалаң жұрнақтар: -ша,-ше, -ы, -ай, -лық, -са, -се,
Құранды жұрнақтар: -лата, -лете,- кірім,-құрым,- ыртын,-іртін т.б.
Қорытынды
Үстеудің сөзжасамы деп үстеудің сөзжасамдық бірліктерінің белгілі сөзжасамдық тәсілдер арқылы туынды үстеулер жасауы аталады. Мысалы, балаша қуында, қыстай оқуда болды, ілгері басқан жас, тырым-тырағай қаша жөнелді деген туынды үстеулер жасалып тұр. Үстеудің басқа сөз таптарындай күрделі сөзжасамдық жүйесі болмаса да, өзіндік ерекшелігі бар, белгілі бір заңдылықтары мен шағын сөзжасамдық бірліктері бар, тілдің сөзжасамдық тәсілдерінің бәрі дерлік қызмет ететін сөзжасамдық жүйесі бар.
Үстеудің сөзжасамдық жүйесінің басқа сөз таптарынан ерекшелігі – олардың жалғаулардың түбірге кірігіп, көнеруі арқылы туынды үстеудің жасалуы. Мысалы, алға, бірге, әзірге, баяғыда, күнде, лезде, төтеден, етпетімен сияқты үстеулер түбір сөздерге барыс, жатыс, шығыс , көмектес септік жалғауының кірігіп көнеруінен жасалған. Бұл тілдік құбылыс басқа ірі сөз таптарында жоқтың қасы. Тек сын есімді өзге , басқа сияқты жекелеген сөздер ғана осы жолмен қалыптасқан.
Үстеу де – өзінінің құрамын басқа сөз таптары арқылы толықтыған сөз табы. Анық айтқанда, үстеудің жасалуында басқа сөз таптарының лексикалық бірліктері негіз сөз қызметінатқарады, өзіде ол қызметке қатысады. Олардан үстеудің өзінен басқа мына сөз таптарын атауға болады: зат есім, сын еміс, сан есім сөздер мен есімдіктер. Мысалы; әдейілеп келдім, қыстай ауырды, бүтіндей жұтады, назарын бүкілдей аударды дегендегі әдейілеп – үстеуден, қыстай зат есімнен, бүтіндей – сын есімнен, бүкілдей есімдіктен.
Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары шағын, алайда олар арқылы тілде бірсыпыра туынды үстеулер жасалған.
Тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдердің бәрі дерлік туынды үстеу жасауға қатысады. Туынды үстеу жасауға синтетикалық тәсіл бірсыпыра қызмет атқарады. Туынды үстеу жасауға аналитикалық тәсіл деелеулі қызмет атқарады, ол арқылы жасалаған күрделі үстеулер бірсыпыра: бұратала, (бір жолата), биыл, бүгін, жайбарақат, жаздыгүні, аққұла (қыдыру) т.б.
Сөзжасам саласында үстеудің синтетикалық тәсілдер арқылы жасалуы әр қилы болып келеді. Өйткені бұл тәсілдер сөз табының қалыптасуына түрліше жұрнақтар қатысады. Мұндай жұрнақтар үстеудің туындауында үстеу сөз табының өзіне не болмаса басқа сөз таптарына жалғанады.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы дегеніміз негізінен алғанда екі сөздің қатысуымен жасалған үстеулерді түсінетін боламыз. Мұндай сөздер қосарлана жұмсалса, енді біреулері бірігу арқылы болса кейбір үстеулер екі сөздердің қатарласа жұмсалуы негізінде жасалады.
Синтетикалық тәсілге жалғаулардың түбірге кірігіп, көнеріп бір түбір сөз жасауын да жатқызуға болады: алға , артта, жүресінен, түнімен, зорға, демде, бірден т.б. Бұл туынды үстеулердегі жалғаулар лексикалық жағынан бір тұтас мағына жасағанымен , ондағы түбір мен қосымшаның жігі анық көрінеді, тек мұнда жалғаулар сөзасамдық қызмет атқарады. Сондықтан оларды туынды көнерген түбірлер деп атаған дұрыс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер