Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 09:06, курсовая работа

Краткое описание

Сөзжасамның басты қасиеті - өзінің аты көрсетіп тұрғандай, жаңа мағыналы сөздер тудырып, сол арқылы тілдің сөздік құрамын байыту, сөйтіп, тілдегі сөздердің қатарын көбейту болып табылады. Сондықтан сөзжасам процесінің басты сипаты семантикамен, лексикалық мағынамен байланысты, өйткені сөздің сөз болып саналуы, белгілі бір ұғымды білдіре алуы оның (сөздің) мағына білдіре алуымен байланысты. Сөзжасам мәселесінде ең басты қасиеттердің бастысы – жаңа сөз жасау, тілдің лексикалық құрамын байытатын жаңа туындының пайда болуы да, оның тұлғалық-құрамдық жағы содан туындайтын және сөзжасамды тілдік құбылыстың нәтижесі салдары ретінде айқындайтын грамматикалық сипаты болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. ҮСТЕУЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Үстеулердің грамматикалық ерекшеліктері.
1.2 Үстеулердің мағыналық топтары.
1.3 Үстеулердің сөйлемдегі қызметі.
2 ТАРАУ. ҮСТЕУДІҢ СӨЗЖАСАМЫ
2.1. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер.
2.2. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Устеу.курсовой.doc

— 144.00 Кб (Скачать документ)

2. Мекен үстеулері.  Қазіргі қазақ тіліндегі мекен  үстеулері қимыл, іс-әрекет, амалдардың  мекенін, орнын, бағытын білдіріп, қайда? Қайдан? Деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулерге мына сөздер жатады: төмен, жоғары, ілгері, әрі, бері, әрмен, алға, артқа, артта, тысқары, осында, мұнда, кері, кері, сонда, әлдеқайда, алды-арты, әрі-бері, жолшыбай, жол-жөнекей т.б. Мекен үстеулері құрамы жағынан негізгі, туынды, күрделі түбір үстеулері болып бөлінеді.

1) Негізгі мекен үстеулері  жеке-дара сөздерден тұрып, морфемдік  жағынан бөлшектеуге келмейді. Олар: жоғары, төмен, әрі, бері, кері  т.б.

2) Туынды мекен үстеулер сөз тудыратын жұрнақтар арқылы және көлемдік септіктердің консервациялануы арқылы жасалады.

Мекен үстеуінің жасалу жолдары:

а) –қары (-кері), -ғары (-гері) жұрнақтарының жалғануымен жасалады: ілгері, тысқары, сыртқары, ішкері т.б. Бұлардың кейбірі түбірмен кірігіп, қазіргі кезде туынды түбір болып есептелмейді де.

ә) Көлемдік (барыс, жатыс) септігінің көнеленуі жолымен жасалады: алға, артқа, төменде, жоғарыда, артта, осында, мұнда, ілгеріде т.б.

Күрделі түбір мекен үстеулер. Бұлар  сөздердің қосарлануы арқылы жасалады. Қосарлану арқылы жасалған мекен үстеулер: алды-арты, жол-жөнекей, әрі-бері т.б. Мекен үстеулері негізінен, етістікпен тіркесе келіп, оның орнын, мекенін, бағытын білдіріп, сөйлемнің мекен пысықтауыш мүшесі болады. Базаралы басын шайқады да, кейін қозғалды (Әуезов).

3. Мөлшер үстеулері. Қазіргі  қазақ тіліндегі мөлшер үстеулері  қимыл, іс-әрекет, амалдың немесе  сынның көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіріп, қанша? Қаншалық? Қаншама? Қаншалап? Кейде қалай?  Қалайша? Деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулеріне төмендегі сөздер жатады: Сонша, осыншама, мұнша, сондайлық, анағұрлым, бірен-саран, онша, едәуір, бірталай, бірқыдыру, көптеген, аздаған, біраз т.б. кейде мөлшер үстеулері есім сөздермен де тіркесіп жұмсалады: бірталай уақыт өтті, сонша жүк көтеріп, сондайлық сыпайы т.б.

Морфологиялық құрамы жағынан мөлшер үстеулері негізгі түбір бола алмайды, себебі тілдегі барлық мөлшер үстеулері басқа сөз таптарына  жұрнақ жалғану арқылы немесе сөздердің  бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалған.

Мөлшер үстеулерінің жасалу жолдары:

1) Туынды түбір мөлшер үстеуі  мына қосымшалар арқылы жасалған: -ша (-ше): сонша, мұнша, онша т.б.

-шама: соншама, мұншама, осыншама, біршама т.б.

-шалық: мұншалық, срншалық, осыншалық.

-дайлық: мұндайлық, ондайлық, сондайлық, бұндайлық т.б.

2. Күрделі түбір мөлшер үстеулері  сөздердің бірігуі, қосарлануы  арқылы жасалады.

а) Бірігу тәсілімен жасалған мөлшер үстеулері: анағұрлым, бірсыпыра, бірқыдыру, недәуір, неғұрлым, бірталай т.б.

ә) Қосарлану тәсілі арқылы жасалған мөлшер үстеулері: бірен-саран, бірлі-жарымды, азды-көпті, некен-саяқ т.б.

Мөлшер үстеулері бірде етістіктермен  тіркесіп, іс-әрекет, қимыл, амалдың  мөлшерін білдірсе, бірде зат есім, сын есімдермен тіркесте қолданылып, оның мөлшерін білдіреді. Мысалы, соншама өкпеледі, недәуір ер жетіпті, анағұрлым өсіпті етістіктерімен тіркесте қолданылып, қалай? Қанша? Деген сұрақтарға жауап беріп, қимылдың шама-шарқын білдіріп тұр. Ал осы мөлшер үстеулерін сын есім сөздермен тіркестіргенде, қалай? не қанша? Деген сұрақтарға жауап беріп, сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін көрсетеді. Мысалы, соншама үлкен үй,и недәуір терең, анағұрлым төмен т.б. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесте келіп, сөйлемнің мөлшер пысықтауышы қызметін атқарады. Сонымен бірге зат есім, сын есімдердің алдында келіп, оны анықтап, сөйлемнің қабыса байланысатын анықтауышы болады. Мысалы: осынша өнер тауып асқан Адам (Шәкәрім). Бірен-саран жатақтар көше жөнелуге әзірленіп қалды (Мүсірепов).

4. Сын-қимыл (бейне) үстеулері.  Қазіргі қазақ тіліндегі сын-қимыл үстеулері қимыл, іс-әрекеттің жсалу амал-тәсілін, сынын, бейнесін білдіріп, қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? Деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл үстеуге мына сөздер тобы жатады: ақырын, тез, шалқасынан, әзер, оқыс, дереу, өзінше, зорға, қапыда, лезде, үнемі, бостан-бос, емін-еркін, ерекше, өзгеше, көйлекшең, тікелей, ретімен, жүрісінен, кезекпен, жайымен, астыртын, жасырын, үстіртін, бірден, біржола, шала-пұла, зым-зия, бетпе-бет, қолма-қол, бекер, осылайша, бірте-бірте, әлінше, келе сала, бұрынғыша, өйтіп, бүйтіп, ашықтан-ашық, айтар-айтпастай жападан-жалғыз т.б.

Сын-қимыл үстеулері құрамы жағынан  негізгі түбір, туынды түбір, күрделі  түбір қимыл-сын үстеулері болып  бөлінеді.

Негізгі түбір үстеулер мағыналық  бөлшектерге бөлінбейтін жеке-дара сөздерден тұрады. Олар: тез, әзер, оқыс, дереу, үнемі, ерекше т.б.

Туынды түбір сын-қимыл  үстеулері басқа сөз таптарынан сөзжасам жұрнақтарының жалғануы, көлемдік септіктердің көнеленуі арқылы жасалады. Атап айтқанда, туынды үстеулердің  жасалу жолдары мынадай:

а) –ша (-ше) жұрнағының әр түрлі сөз таптарына жалғануы арқылы көптеген сын-қимыл үстеулері жасалған. Олар: адамша, балаша, құсша, қазақша, ауызша, жазбаша, ескіше, керісінше, қысқаша, өзінше т.б.

ә) –шаң (-шең) жұрнақтары зат есімдерге жалғану арқылы жасалады. Олар: көйлекшең, етікшең, байпақшаң  т.б.

б) –лай (-лей), -дай (-дей) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады. Олар: жартылай, осылай, былай, бірде, ойлай, тікелей, шикілей, өлердей т.б.

в) Көлемдік, яғни барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің  көнеленуі арқылы жасалған сын-қимыл  үстеулері төмендегідей.

Барыс септігі жалғауы арқылы: бірге, босқа, зорға үстеулері.

Жатыс септігімен: қапыда, оқыста, лезде, қапелімде, аңдаусызда.

Шығыс септігі арқылы: өздігінен, шалқасынан, кенеттен, төтесінен.

Көмектес септігінің жалғануы арқылы: жайымен, ретімен, кезекпен, өздігімен, шынымен т.б. үстеулер.

Күрделі түбір түріндегі  қимыл-сын үстеулері сөһздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады.

а) Сөздердің бірігуі  арқылы жасалған сын-қимыл үстеулер: біржола, біржолата, жайбарақат, ауызекі.

ә) Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сын-қимыл үстеулер: бостан-босқа, емін-еркін, шала-пұла, зым-зитя, бетпе-бет, қолма-қол, жападан-жалғыз т.б.

Сын-қимыл (бейне) үстеулері, негізінен, етістікпен тіркесіп, қимылдың сынын білдіріп, сын-қимыл пысықтауыш қызметін атқарады.

5. Күшейтпелі үстеулер. Қазіргі қазақ тіліндегі күшейткіш үстеулер заттың сындақ қасиетін және қимыл, іс-әрекеттің белгі, сапасын, мөлшер, көлемін күшейтіп не солғындатып көрсету үшін қолданылады. Күшейткіш үстеулерге мына сөздер тобы жатады: ең, тым, өте, аса, орасан, нағыз, әбден, мүлде, кілең, өңкей, дәл, керемет, ең, ылғи, сәл, тіпті, нақ, мейлінше, ерен т.б.

Күшейткіш үстеулер, негізінен, сапалық сын есіммен тіркесіп қолданылып, сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасайды. Ақылды ой, алғыр  сөз – адамның ең жоғары қасиеті (Мүсірепов).

Күшейткіш үстеулердің  көбі етістік алдында келіп, қалай? Деген сұраққа жауап беріп  қимылдың сапасын күшейтеді немесе солғындатып көрсетеді. Шешесі әбден  таниды екен... (Әуезов).

Морфоллогиялық құрылысы жағынан күшейткіш үстеу тек  негізгі түбір болып келеді. Ол басқа сөз таптарына жұрнақтар жалғану арқылы немесе бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалмайды. Мысалы: Өзге жұрт ойды нетсін, өңкей соқыр (Абай) деген мысалдағы өңкей үстеуі морфемдік бөлшектеуге келмейтін сөз.

6. Мақсат үстеулері.  Қазіргі қазақ тіліндегі мақсат үстеулері қимыл, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіріп, не мақсатпен? деген сжауап береді. Мақсат үстеуге жататын сөздер көп емес. Олар: әдейі, жорта, қасақана, әдейілеп немесе аналитикалық тәсіл арқылы: саған бола, білімге бола, жолдасына бола т.б. секілді жасалған үстеулер. Мақсат үстеулері құрамы жағынан тек негізгі түбір болып келеді. Сөйлемде етістікпен тіркесіп, мақсат пысықтауыш қызметін тқарады. Құнанбай бағанадан әзіл салғанда да әдейі соған шұқшиған (Әуезов) деген сөйлемде не мақсатпен? Деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш қызметінде тұрған үстеу - әдейі сөзі.

7. Себеп-салдар үстеулері.  Қазіргі қазақ тіліндегі себеп-салдар  үстеулер қимыл, іс-әрекет, амалдың  болу, болмау себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіріп, не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеулерге жататын сөздер мыналар: босқа, амалсыздан, бекерге, текке, лажсыздан, құр босқа, шарасыздан, оқи-оқи, айта-айта, жоққа т.б.

Құрамы жағынан себеп-салдар үстеулер туынды түбір болып келеді. Олар көлемдік (барыс, шығыс) септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалады. Олар: бекерге, босқа, текке, жоққа, шарасыздан, амалсыздан, лажсыздан.

Себеп-салдар үстеулер сөйлемде қимылдың жүзеге асу себеп-салдарын білдіріп, сөйлемнің себеп-салдар пысықтауышы қызметінде жұмсалады. Жандыкең лажсыздан өзінің артықтау кеткенін түсінді ме (Айымбетов).

8. Топтау үстеулері.  Қазіргі қазақ тіліндегі топтау  үстеулері қимыл, іс-әрекеттің  жасалуының топтық сипатын білдіреді  де, нешеден? Қаншадан? Деген сұрақтарға  жауап береді. Топтау үстеулеріне жатиатын сөздер төмендегідей: біреулеп, екеулеп, көптеп, қос-қостап, топ-тобымен, он-оннан, аз-аздан, көп-көптен, топ-тобымен, бас-басына, үйді-үйіне, реет-ретімен, үшеулеп, тең-теңімен, бір-бірлеп т.б. Мофологиялық құрамы жағынан топтау үстеулері туынды түбір күйінде және қосарланған, яғни күрделі туынды түбір күйінде кездеседі. Топтау үстеулерінің жасалу жолдары:

1) –лап (-леп), -дап (-деп), -тап (-теп) жұрнақтары жалғану  арқылы жасалады. Олар: екеулеп, мыңдап, көптеп, аздап, қостап, жекелеп т.б.

2) Қосарлану арқылы  жасалған күрделі туынды түбір  топтау үстеулері: қос-қостап, топ-тобымен,  он-оннан, бір-бірлеп, бес-ондап т.б.

Топтау үстеулері сөйлемде қалай? Деген сұраққа жауап беріп, сын-қимыл пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Жұмыскерлер жер барактарынан бір-бірлеп шығып айналаға тітіркенен қарайды (Мүсірепов).

Сонда қазақ тіліндегі  үстеу сөз табын сегіз түрлі  мағыналық топтарға бөлуге болады.

Үстеу сөз табы жоғарыда ескерткеніміздей грамматикалық жағынан  түрленбегенімен, кейбір сөз таптарымен тіркесе әрі байланыса алуының нәтижесінде түрлі сөйлем мүшелері бола алады. Негізінен үстеу сөздері басым көпшілігінде етістік сөз табына қатысты болып келуіне байланысты әрі оның түрлі сандық-бейне жағын сипаттайтындықтан, сөйлем құрамында пысықтауыш қызметін атқарады. Таңертең ерте тұрып, жолға шықтық, бірақ ауа райының қолайсыздығынан амалсыз кері қайттық.

Кейде үстеулер жіктелгенде (әрине бәрі емес) баяндауыш бола алады: Біз осындамыз. Олар бұрыннан бірге.

Немесе: Бүгін – халық  мейрамы. Бүгінді қой, ертең барасың деген сөйлемде бірі – бастауыш, бірі – толықтауыш.

Басқа сөз таптарына  қарағанда (етістікті сөз етпегенде) үстеулердің сөйлемдегі орны біршама  тұрақты. Бұл заңдылыққа бағынбайтын  мезгіл үстеуі. Себебі, мезгіл үстеулері  егер баяндауыштан басқа мүшелердің біреуін пысықтаса, тікелей сол пысықтауыштық мүшенің алдынан, ал баяндауышты пысықтауыштан болса, онан алшақ та тұра алады. Ал қалғандары пысықтайтын мүшелердің тікелей қасында тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі

Үстеулер сөйлемде басқа сөздермен, көбіне, етістікпен қарым-қатынасқа түсіп, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқарады. Ол, негізінен, пысықтауыш қызметінде жұмсалады.

1) Үстеу семантикалық  сипатына сәйкес қимылдың, іс-әрекеттің  әр түрлі сын-сипаты, белгісін  білдіреді. Осыған байланысты мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын-қимыл, мақсат себеп пысықтауыш бола алады. Жайнағаның қараңғы түнде құлындай шыңғырған даусы естілді (Мұқанов). Тұра қаштым жалма-жан (Абай). Ерекше бір азап дүниесінен келгендей (Әуезов). Боранды күні ығып келе жатқан қойға араласып, бет-бетімен бөліп-бөліп әкетіп, талай қойды қырып шықты (Сонда). Оразбай жалғыз көзін төмен салып... (Сонда). Аңшылық өмірінде талай қыранды көріп өткен (Сонда) деген мысалдардағы түнде үстеуі қашан деген сұраққа жауап беріп, қимылдың өту мезгілін білдіріп, мезгіл пысықтауыш қызметінде, жалма-жан, ерекше сөздері қалай№ сұрағына жауап беріп, іс-әрекеттің амалын білдіріп, қимыл-сын пысықтауыш болса, төмен үстеуі қимылдың орнын білдіріп, қайда? Деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің мекен пысықтауыш мүшесі қызметінде, ал талай үстеуі қанша? деген сұраққа жауап беріп, мөлшер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.

2) Кейбір үстеу сөйлем  аяғында жіктеліп, баяндауыш болады. Іркітің де сонда, өлген малдың  тері-терсегі де сонда, төлің де сонда (Мүсірепов) деген сөйлемдегі сонда үстеуі ІІІ жақ жіктік жалғауының нөлдік тұлғасында тұрып баяндауыш қызметін атқарып тұр.

3) Кейбірі атау септігінде  тұрып, субстантивтеніп, бастауыш  болады. Еріншектің ертеңі бітпес (Мақал). Біразы – уылжыған жас, бірқатары – сақалдары күректей мұжықтар (Мүсірепов( деген сөйлемдердегі ертеңі, біразы, бірқатары атау септігінде тұрып, бастауыш қызметінде жұмсалып тұр.

4) Зат есіммен, сын  есіммен тіркесіп келіп, кейде  анықтауыш қызметін атқарады: бірталай  уақыт өтті, бірен-саран Адам көрінеді, осынша өнерді қалай игердің? т.б.

5) Сөйлемде септеліп, заттанып толықтауыш та болады. Бірталайымен қол алысып амандасты  (Мүсірепов). Талайды осы күні-ақ  жүрмін көріп (Торайғыров) сөйлемдеріндегі  бірталайымен, талайды үстеулері көмектес септігі мен табыс септігінде тұрып, толықтауыш қызметін атқарып тұр.

Информация о работе Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер