Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 09:06, курсовая работа

Краткое описание

Сөзжасамның басты қасиеті - өзінің аты көрсетіп тұрғандай, жаңа мағыналы сөздер тудырып, сол арқылы тілдің сөздік құрамын байыту, сөйтіп, тілдегі сөздердің қатарын көбейту болып табылады. Сондықтан сөзжасам процесінің басты сипаты семантикамен, лексикалық мағынамен байланысты, өйткені сөздің сөз болып саналуы, белгілі бір ұғымды білдіре алуы оның (сөздің) мағына білдіре алуымен байланысты. Сөзжасам мәселесінде ең басты қасиеттердің бастысы – жаңа сөз жасау, тілдің лексикалық құрамын байытатын жаңа туындының пайда болуы да, оның тұлғалық-құрамдық жағы содан туындайтын және сөзжасамды тілдік құбылыстың нәтижесі салдары ретінде айқындайтын грамматикалық сипаты болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. ҮСТЕУЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Үстеулердің грамматикалық ерекшеліктері.
1.2 Үстеулердің мағыналық топтары.
1.3 Үстеулердің сөйлемдегі қызметі.
2 ТАРАУ. ҮСТЕУДІҢ СӨЗЖАСАМЫ
2.1. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер.
2.2. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Устеу.курсовой.doc

— 144.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. ТАРАУ. Үстеулер туралы жалпы түсінік.

1.1 Үстеулердің грамматикалық ерекшеліктері.

1.2 Үстеулердің мағыналық топтары.

1.3 Үстеулердің сөйлемдегі қызметі.

2 ТАРАУ. Үстеудің сөзжасамы

2.1. Синтетикалық тәсіл  арқылы жасалған үстеулер.

2.2. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Сөзжасам - өз алдына зерттеу  обьектісі бар тіл білімінің  жеке саласы. Сөзжасам обьектісіне  сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы  тілдік элементтер, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөзжасам үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мәселелер жатады. Бір сөзбен айтқанда, сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді.

Сөзжасамның басты қасиеті - өзінің аты көрсетіп тұрғандай, жаңа мағыналы сөздер тудырып, сол арқылы тілдің сөздік құрамын байыту, сөйтіп, тілдегі сөздердің қатарын көбейту  болып табылады. Сондықтан сөзжасам процесінің басты сипаты семантикамен, лексикалық мағынамен байланысты, өйткені сөздің сөз болып саналуы, белгілі бір ұғымды білдіре алуы оның (сөздің) мағына білдіре алуымен байланысты. Сөзжасам мәселесінде ең басты қасиеттердің бастысы – жаңа сөз жасау, тілдің лексикалық құрамын байытатын жаңа туындының пайда болуы да, оның тұлғалық-құрамдық жағы содан туындайтын және сөзжасамды тілдік құбылыстың нәтижесі салдары ретінде айқындайтын грамматикалық сипаты болып табылады. Сондықтан да сөзжасамды тіл білімінің бір саласы деп тануда оның тұлғалық-құрамдық жағынан емес, семантикалық тұрғысынан қарау керек.

Сөзжасам  тіл білімінің  басқа салаларының ешқайсысы  атқара алмайтын қызметті жүзеге асырады. Ол – сөзжасамның туынды сөз, жаңа сөз жасау қызметі. Сол себепті  сөзжасам жаңа сөз жасаудың барлық мәселелерін түгел қамтиды. Сөзжасамдық нұсқалардың сөзжасамда атқаратын қызметі, жаңа сөздердің жасалу үлгілері мен  тәсілдері, сөзжасамдық нұсқалардың түрлері, қолданылу ерекшеліктері, сөзжасамдық ірі бірліктер болып саналатын сөзжасамдық ұялар, олардың құрылысы, оның мүшелері, сөзжасамдық ұяның құрамындағы  мүшелердің қызметі, ерекшелігі сияқты т.б. сөзжасамға қатысты заңдылықтар сөзжасамды тілдің басқа салаларынан ерекшелендіреді. Бұл мәселелер тек сөзжасамға ғана қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ТАРАУ. ҮстеуЛЕР туралы жалпы түсінік

 

Қазақ тілінде өзінің грамматикалық ерекшелігімен ерекше көзге  түсетін сөз табының  бірі – үстеулер. Себебі:  үстеу  сөз табына жататын табиғи сөздік қоры жоқ, бұл сөз табына қатысты  келетін сөздер табының барлығы  дерлік өзге сөз таптарының лексикалану жолымен жасалған, яғни үстеу сөз табына ауысқан тілдік тұлғалар болып келеді. Үстеу дегеніміз морфологиялық жағынан түрленбейтін (өте сирек), лексика-семантикалық жағынан өз алдына топ болып қалыптасқан, сөйлемде  анықтауыш қызметін атқаратын сөз табын айтамыз (А.Ысқақов. “Қазіргі қазақ тілі”, -Алматы, 1974, 350-бет).

Үстеулер негізінен  етістікке қатысты болып келеді де, оның  сын-бейнелік, мезгіл, мекендік, мөлшерлік секілді сындық белгілерін білдіреді. Дегенмен, тілімізде бұл  сияқты пысықтауыштық қызметте басқа да сөз таптары атқара береді. Сондықтан қайсыбір кезде бірдей дыбысталатын сөздердің өзі үстеуге жатпауы да мүмкін. Мысалы: Бірге бір қосса екі болады. Олар бірге келді. Бұл сөйлемде алғашқы бірге сөзі септеліп тұрған сан есім де, соңғы сөйлемдегі бірге сөзі қалай деген сұраққа жауап беретін үстеу сөзі болып табылады, бірақ   дыбысталуы бірдей. Ал олардың және осы секілді сөздердің қай сөз табы екендігін ажыратқанда сөйлемдегі мағынасына көңіл бөлу керек (контекске). Өйткені үстеулердің өздері – тілімізде бұрыннан қолданылып келе жатқан зат есім, сын есім, сан есім, етістіктердің т.б. жұмсала келе көнеленіп, лексикаланып кетуінен пайда болған сөздер. Мысалы: бірде, бірге, босқа, зорға, шалқасынан, кейде, ертемен, алға, артта, сонда, мұнда, лашсыздан, қапыда, бірден т.б.  түрлі сөз таптарының лексикалануынан жасалған үстеу сөздер.

Сонымен қатар, жоғарыдағы секілді көнеленіп кетуінен, лексикалануынан  жасалған үстеу сөздермен  қатар, екі жаққа бірдей, яғни сөйлемдегі мағынасына байланысты бірде үстеу, бірде өз сөз табында қалып жүрген тұлғалар да кездеседі. Мұндай жағдайлар, әсіресе, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септікті тұлғаларда жиі ұшырайды. Айталық, өлеңді жатқа айту, қыз бала жатқа жаратылған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Үстеулердің грамматикалық ерекшеліктері

Үстеулер етістік сөз  табынан көсемше формалардың  көнеленуінен де жасала береді. Бірақ  көсемше тұлғаның бәрін үстеу  ретінде де қарастыруға болмайды. Әрине олардың қызметі жағынан  болсын өте ұқсас болып келетінін  де естен шығармаған жөн. Мәселең, ол үндемей, ақырын келді дегендегі үндемей үстеу емес, көсемше тұлғалы етістік болып табылады. Себебі, үндемей, үндеп көсемшелері жіктеледі: мен үндемеймін, сен үндемейсің, сіз үндемейсіз, ол үндемейді әрі жеке қолданысында, басқа етістікпен тіркесінде  басыңқының баяндауышы немесе пысықтауыш та бола алады. Ал үстеулер жіктелмейді.

Мысалы, көсемшенің көнеленуінен жасалған  мына үстеулер жіктік жалғауын қабылдамайды: аздап, аз-азап, азғана, екіншіден  бұлар пысықтауыш  қана болумен  қатар,  етістіктің болымсыздық –ма жұрнағын қабылдамайды. Кейде көсемшелердің қайталануынан сөздер  лексикаланып үстеуге айналатын жағдайлар кездеседі: көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың т.б.

Үстеулер құрым жағынан  негізгі  және туынды түрінде кездеседі. Негізг үстеулерге қазіргі кезде морфемаларға бөлінбейтін, белгілі бір формада қолданылатын сөздер жатады: әдейі, жорта, үнемі, дереу, төмен, әрі, ерте, нағыз, мейлінше, төтенше, аса, тіпті, арасын, ерекше, әрең, ұдайы т.б. Әрине, бұл үстеулерді негізгі деудің өзі шартты нәрсе, өйткені жоғарыда айтқанымыздай үстеулер ерте кезден түрлі формалардың көнеленуінен келіп жасалған сөздер болып табылады. Ал тарихи тұрғыдан оларда жіктеуге болады. Айталық, сыртқары, ішкері, ұшқары, тысқары үстеулері - -қоры қосымшасының сырт, іш, ұш, тыс сөздеріне қосылуының жасалғаны көрінп тұр.

Негізгі үстеулердің  А.Ысқақов (аталған еңбек) мына секілді  ерекшеліктерін атайды:

  1. Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады:

Бұрын – бұрынырақ  – бұрынырақтау – тым бұрын

әрі - әрірек - әріректеу – тым әрі

2. Негізгі үстеулер  қосарланып немесе пленизм жолымен  қабаттаса қолданыла алады: бостан-босқа,  құрдан-құр, жай босқа, бос бекерге,  құр босқа т.б.

3. Негізгі үстеулер  қосымша арқылы, қосарлану, тіркесу  нәтижесінде туынды үстеулер  жасала береді: өзгеше, әрең-әрең, келе сала, ендігәрі т.б. (351-бет).

Туынды үстеулер басқа  сөз таптарынан қосымшалар көмегімен, қосарлану, бірігу, тіркесу тәсілдерінен жасалған үстеулерді айтамыз.

Туынды үстеулер жалаң әрі күрделі  туынды болып құрамы жағынан екі топқа бөлінеді. Жалаң туынды үстеулер сырт формалы  бір сөзден, яғни түбірге қосымшалардың жалғауының нәтижесінде жасалынған үстеу түрін танимыз. Осы жалаң туынды үстеулердің басқа туынды сөз таптарынан ерекшелігі – туынды үстеулердің жұрнақтан өзге көнеленген жалғаулардың жалғануынан жасала береді.

Мәселен, жалаң туынды үстеулер мына секілді жұрнақтар нәтижесінде  жасала береді: 1) –ша, -ше: балаша, балаларша, өзгеше, басқаша, қысқаша, жаңаша т.б. зат, сын есімдерден, есімдіктерден жасала берсе, 2) түрлі сөз таптарынан: -пай (-пей, -дай, -дей, -тай, -тей): жастан, осылай,  екіншісі; -дайын, -дейін (-тайын, -тейін): түлкідейін түн қатып, бөрідейін жол тартып (Махамбет);  -шалық (-ша+лық), -шама (-ша+ма): осыншалық, осыншама, мұншама, соншама т.б.; -шылып, -шіліп (бұл –ша, -ше, -лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп секілді көсемшенің құранды жұрнағы тек адвербиалданған формалары (яғни жақтық мағынаны білдіретіндері) үстеу жасай алады: жаяулап, еңбекте, сулап, отыздап т.б.; ал мына секілді жұрнақтар үстеу жасауда өнімсіз қосымшаларға жатады: а) –қара, -кері: сыртқары, ішкері, ұшқары; ә) –ын, -ін, -сын, -сін: астыртын, үстіртін, ертеңгісін, кешкісін, қысын, жазын, жасырын, түскісін т.б.

Егер бір топ үстеулер қазіргі  кезде құрамы жағынан бөлінбегенмен  тарихи тұрғыда қайсыбір есім сөз таптарынан септік жалғауларының жалғанған түрінде қолданыла жүріп, соңғы кездерде олардың сол сөз құрамында  көнеленуінен үстеулер  жасалынғанын анықтауға болады. Мәселең барыс септік жалғауының көнеленуінен: кейде, әлгіде, алда, түнде, аңдаусызда, қапыда, жаңада,  ескіде т.б.; (шығыс септігінің  көнеленуінен: басынан, шалқасынан, қырынан, ежелден, шетінен, төтеден т.б.; көмектес септігінің көнеленуінен: шынымен, кезекпен, жайымен, ретімен, жөнімен т.б. үстеулер жасалған.

Күрделі туынды үстеулер болса олар сөздің  қосарлануының бірігуінен немесе  сөз тіркестерінің грамматикалануынан идеомалану нәтижесінен жасалынған. Мысалы: көзбе-көз, аунап-қунап, бет-бетімен, қолма-қол, оқтын-оқтын, көре-көре; таңертең, жаздыгүні, биыл, бірқатар, әлдеқайда, сөйтіп т.б.

Грамматикаланған жай тіркестен  жасалынған үстеулерге мына секілді  үстеулер жатады: ала жаздай, күні Кеше, ертеден қара кешке, келе сала, жаза келе, қорқа келе, алдын ала т.б.

Ал мына тіркестер нәтижесінде  үстеулерге айналған күрделі сөздер болып табылады: құлан таза, аяқ астынан, қас пен көздің арасында, томаға тұйық т.б.

Көлемдік септік жалғаулары арқылы жасалған туынды үстеулер. Тілімізде көлемдік септік, яғни барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің жалғаулары арқылы жасалған адвебиалданып үстеуге көшкен сөздер бар. Олар:

1. Барыс септігінің көнеленуі  негізінде жасалған үстеулер: босқа,  жатқа, артқа, текке, бекерге,  бірге, кешке, әзірге. Мезгілдік  мәндегі мұндай үстеулер кейде  дейін, шейін, жақын тәрізді  септеулік шылаулармен де тіркесіп жұмсалады: кешке, жақын, түнге дейін т.б.

2. Жатыс септігінің көнеленуі  арқылы жасалған үстеулеп : түнде,  мұнда, күнде, баяғыда, қапыда, лезде т.б.

3. Шығыс септігінің көнеленуі  арқылы жасалған үстеулер: шетінен,  төтеден, шалқасынан, етпетінен,  қырынан, кенеттен, өз-өзінен т.б. Мезгілдік мәндегі мұндай үстеулер кейде бері, кейін сияқты септеулік шылаулармен де тіркесіп жұмсалады: түннен бері, таңнан кейін т.б.

Күрделі түбір үстеулер. Бірнеше  түбірдің кірігуі, бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, тұрақтануы арқылы жасалған сөздер күрделі түбір үстеулері деп аталады. Мысалы, екіталай (біріккен), ертеңді-кеш, Жан-жағы (қосарланған), күні бойы (тіркесіп тұрақтанған) – күрделі түбір үстеулер.

Күрделі түбір үстеулер мына жорлдар  арқылы жасалады:

1. Басқа сөз таптарының бірігуі, кірігуі нәтижесінде пайда болған үстеулер: бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), жаздыгүні (жаздың күні), қыстыгүні (қыстың күні), ендігәрі (ендігіден әрі) т.б.

2. Сөздердің қосарлануы арқылы  жасалған үстеулер: бірте-бірте,  ьет-бетімен, бостан-босқа, қолма-қол, оқта-текте, анда-санда, жата-жастана, жапа-тармағай, аз-аздап, күні-түні.

3. Сөздердің тіркесуі мен идиомаланған  тіркестер: алдын ала, ала жаздай, күні Кеше, күні бүгін, ертеден  қара кешке, томаға тұйық, күн  ұзаққа, әлі күнгше, күн ілгері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Үстеулердің мағыналық топтары

Үстеудің сөз табы ретінде басты белгісі – оның семантикалық сипаты болып табылады.Соған  сәйкес сөйлемде белгілі бір қызмет атқарады, ол – пысықтауыш және етістікпен тіркесіп жұмсалады, ал морфологиялық жағынан түрленбейді. Ол қимыл, іс-әрекетті әр түрлі мекендік, мөлшерлік сындық сипаттары мен мақсат, себептерін білдіреді. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне байланысты, олар мына семантикалық топтарға бөлінеді: мезгіл үстеулері, мекен үстеулері, мөлшер үстеулері, сын-қимыл (бейне) үстеулері, күшейтпелі үстеулері, мақсат үстеулері, себеп-салдар және топтау үстеулері.

1. Мезгіл үстеулері.  Қазіргі қазақ тіліндегі мезгіл  үстеулері қимыл, іс-әрекеттің  жүзеге асу уақытын, мезгіл, мерзімін  білдіріп, қащан? Қашаннан? Деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеулері мыналар: бүгін, биыл, ертең, кешке, күндіз, бұрын, баяғыда, әуел-баста, күн ара, күні бойы, кейде, кей-кейде, апақ-сапақта, ұдайы, қазір, ала жаздай, енді, таңертең,қыстыгүні, қыстай, жаздай, кеш, әлі т.б. Енді бұлардың бар күшін салып жатқаны... (Мүсірепов). Әлі де желісі үзілмей, ой соңында келе жатқан (Әуезов) тәрізді сөйлемдердегі енді, әлі – қимылдың мезгілін білдіріп тұрған үстеулер. Мезгіл үстеулері құрамына қарай негізгі, туынды түбір және күрделі түбір болып бөлінеді.

Негізгі түбір үстеулер морфемаларға бөлшектеуге келмейтін  сөздерден тұрады. Олар: қазір, бұрын, ерте, жаңа, кеш, енді, кеше т.б.

Туынды түбір үстеулер басқа сөз таптарынан сөз тудыратын  жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Мезгіл үстеулердің жасалу жолдары:

1) –ша/-ше/: бүгінше, биылша, әзірше. Мысалы: Биылша біз бұл  құрылысты тоқтата тұруды жөн  көрдік («Анна тілі» газ.).Уақыт  қана емдейтін, ұзап барып айығатын  әзірше үзілмес шер (Әуезов).

2) Көлемдік (барыс, жатыс,  шығыс, көмектес) септіктердің көнеленуі арқылы жасалғанмезгіл үстеулер: әуел-баста, жазда, қыста, баяғыда, күнде, түнде, басында, лезде, ілуде, бағанадан, бүгіннен, түннен, бұрыннан, баяғыдан, әуелден, ертемен, таңертеңмен т.б.

3) Күрделі түбір мезгіл  үстеулері бірнеше сөздердің бірігіп, қосарланып, тіркесіп тұрақтануы арқылы жасалады. Олар: бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні, қыстыгүні, жазғытұрым, кешқұрым, әуел-баста, бүгін-ертең, енді-енді, апақ-сапақта, бұрын-соңды, ала жаздай, күні-бүгін, таң сәріде, жаз бойы т.б. Мезгіл үстеулері қимылдың мезгілін білдіріп, етістікпен тіркесіп, қашан? Қашаннан? Деген сұрақтарға жауап беріп, сөйлемнің мезгіл пысықтауышы қызметін атқарады.

Информация о работе Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер