Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:29, реферат
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.
Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Залым кім, парақор кім, жазықсыз кім,
Қайсысы ақ жүректі, қайсысы сұм?
Кекті кім, кекті жеңіп кешірген кім?
Білдің бе күшті екенін махаббаттың? - деген риторикалық сұрақтармен аяқталуы сол айтылған ойға жетелейді.
Біз бұл мақалада Шәкәрімнің "Дубровскийді" ана тілімізде сөйлету ісін қолға алғанда нендей мақсат-міндет қойғаны және оның жүзеге қалай асқаны туралы өз ойымызды білдірген болдық. Түйген-түйсінгендерімізді нақты мысалдармен дәлелдеуге тырыстық.
Шәкәрімнің поэма жанрындағы шығармалары «Еңлік – Кебек» «Әңгіме алдында аз сөз», «Нартайлақ пен Айсұлу» поэмасы «Әңгіменің сыры», «Дубровский», «Сөз алдынан» деген сөз басымен басталады. Бұларға ортақ жай – аталған поэмалардың сөз басы философиялық толғаммен басталып, онда ақынның адам, өмір, қоғам жайындағы дүниетанымдық толғамдары көрініс тапқан. Эпикалық туындылары осылайша бастау – ақын қаламына тән ерекшелік.
Абайдан кейінгі Пушкин шығармаларының қазақ тіліндегі көркем аудармасын жасауда Шәкәрім шоқтығы биік. Ақын Пушкиннің «Дубровский» мен «Метель» әңгімесін 1908-1912 жылдарда өлеңмен еркін аударғанда әрбір сөзінің мәніне терең үңіліп айрықша мән берген. Оның түпкі идеясына, ақындық иіріміне терең сезімталдықпен қарап жалпы адамзаттық мәселелерді қозғайтын ойларымен өз жандүниесі де үйлесім тапқан.
«Малым жанымның садақасы, Жаным арымның садақасы» деген халық даналығын ұстана отырып, тәржіманы ұлттық дүниетанымға негіздеген. Яғни, Шәкәрімнің Пушкин шығармашылығын тәржімалауда бейнелі де әдемі қазақи нақышпен еркін де, жатық туынды жасауы қазақ поэзиясын тақырыптық, мазмұндық жағынан да жаңаша бір белеске көтерді.
Ақын монолог, диалог, кейіпкер сөзі, авторлық баяндау сынды көркемдік компоненттерді дастанда негізгі кейіпкерлер бейнесін ашуда шебер қолдана білген.
Надандау Троекуров ғылымға олақ,
Сүйтсе-дағы қадірі елге мол-ақ,
«Сүйек қайда көп болса, ит сонда», – деп,
Үйінен үзілмейді мың-сан қонақ,
– деген авторлық баяндаудың өзі-ақ оның кім екендігінен мол хабар береді.
Абай мен Шәкәрімнің аудармалары
жөнінде А.Исмакова: «Иное предпочтение
обнаруживается в казахских переводах.
Не случайно обращение Абая к переводу
реалистического романа А.С.Пушкина
«Евгений Онегин», Ш.Кудайбердиева
к «Дубровскому» рассказам Л.Н.
Шәкәрім мұрасының құндылығы – оның рухани бастау көздерінің күрделілігінде. Ең алдымен ол өзі өсіп өнген қазақ жұртының халықтық мұрасын терең меңгеріп, асылын бойына жинақтаған. Сондықтан да рухани жетілу жолындағы алған өзге әсер ықпалдарының ізгі үрдісін халқының қажетіне жарата алған. Шәкәрім адамның ізгі қасиеттерін дамыту жолдарын айқындап, бұл тұрғыда адамзаттық игі дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, барлық діндердің мәнін дұрыс бағалай отырып, қазақ жұртшылығы үшін мұсылмандық жол құран ілімі дейтін тұжырымды ұстанған. Сол арқылы «Жар», «Жаратушы» ұғымдарын жаңғыртып, оны бүкіл дүние тіршліктің түп негізі етіп көрсетуге дейін көркемдеген. Ақын поэтикасына әсер еткен орыс әдебиетінің игі әсері Пушкин шығармашылығын аударып жалпы адами құндылықтарды бағалаудағы ортақ ойларының үйлесім тапқандығынан көрінеді. Ақынның көлемді эпикалық туындыларындағы тың ізденістер мен өзгеше өрнектер көркемдік амал-тәсілдер ақынның әртүрлі поэзиялық жанрлардағы көркемдік ізденістерін айғақтайды. Жинақтай келгенде, зерттеу нәтижелері көрсеткендей Шәкәрім поэтикасы – сан-алуан суретке толы, өмір құбылыстарын көркем айшықтаған күрделі сала. Оның сырларына үңіліп, философиялық, психологиялық, тарихи себептерін ашу әлі талайіргелі зерттеулерге негіз болары анық. Біз өз мақстамыз тұрғысынан ғана ой тұжырымдар түйіндедік.