Ш.Құдайбердіұлының аудармалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:29, реферат

Краткое описание

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.
Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шәкәрім Құдайбердіұлының аудармалары.docx

— 43.30 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлының аудармалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.

Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.

Туған жері қазіргі Шығыс  Қазақстан облысының Абай ауданындағы  Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі  Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Құдайберді отыз жеті жасында  дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың  тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы  оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен  қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде  ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“  деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді  сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп  ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез  ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге  бейімділігін танытады.

Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге  көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы  тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы  кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.

 «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтікағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған.

Кеңестік заманның әділетсіздігінен зардап шегіп, қарақшының қанды қолынан  қаза болған көрнекті ақын, философ  әрі сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының соңында қалған мол мұрасымен  туған халқы кешігіп қауышты. Шәкәрім  Абайдың қайталанбас  ән дәстүрін жалғастырып қана қоймай, оны ары қарай дамытқан тума талант иесі еді. Оның сұлу сазға, әсем әуенге бай алуан қырлы ойлы әндерінен  адамдық болмысы, өмірге көзқарасы, асқақ арманы айқын көрінеді. ӘКЕ  АМАНАТЫНА АДАЛДЫҚ Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары елдің саяси  өміріндегі орын алған жылымық қазақ  әдебиетінің бір топ шоқ жұлдыздарының  ақталуына өзінің септігін тигізгені  мәлім. Солардың арасында Абайдан кейінгі  кесек тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлы  да бар еді. Дәл сол кездері  ақынды елімен жақынырақ таныстыру  яғни қайта қауыштыру, мол мұрасын  кеңінен насихаттау, зерттеу, талдау мәселесі қолға алына бастағаны  белгілі. Міне, осы тұста біз Шәкәрімнің сазгерлік өнерін зерттеп жүрген музыкатанушы Талиға Бекхожинамен кездесіп, ол кісіні әңгімеге тартқан болатынбыз. «1966 жылдың ақпан айы болатын. Ғылым  академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет  және өнер институтының музыка бөліміне алпысты алқымдаған, ұзын бойлы, тіптік, қара торы кісі келді. Ол кезде бөлім  бастығы академик Ахмет Жұбанов  еді. Екеуі өзара шүйіркелесіп біраз  әңгімелескеннен кейін Ахмет  Қуанұлы мені қасына шақырып: «Мына  кісі белгілі ақын Шәкәрімнің баласы. Сен осы кісі айтқан әндерді жазып  ал, ноталарының бір данасын маған, екіншісін мына отырған Ахат ағаңа  бер»,деді. Сөйтіп, артына аса бай  мұра қалдырған, ғажайып дарын иесі Шәкәрімнің әндерін алғаш нотаға түсіру бақыты менің үлесіме тиді.Сол  жолы Ахат әкесінің «Жастық», «Шын сырым», «Ажалсыз әскер», «Насихат», «Жаңа ойдан  шығарған бір бөлек ән», «Кетермін, артымда сөз, әнім қалар», «Тыныштық  жоқ, тыным жоқ», «Қалқаман  Мамыр», «Дубровский» деп аталатын он үш әнін өзінің орындауында магнитофон таспасына  жаздырды,  деген еді сонда  Талиға ерекше мақтаныш сезіммен. Ал екі  жылдан кейін ол әкесінің тағы бір  әнін әкеліп, Талиғаға тапсырады. «Мен олардың тональдық түрлерін сақтай отырып нотаға түсірдім. Мұхтар Әуезов мұражайындағы бір кездесуде  бұл әндерді күйсандықта ойнап, айтып бергенімде, Ахат ағай қатты  толқып, көзіне жас алды. Ризашылық  білдіріп, алғыс айтты. Ахаттың өзі  де зерек, алғыр болып ержетсе  керек. Тұлпардың тұяғына тән қасиет оның бойына әкенің қанымен дарыған десек ақиқаттан алшақ кетпеспіз. Дерек көздеріне сүйенсек, жастайынан әке өнегесін көріп өскен ол әндерді Шәкәрімнің өзінен үйреніп, жадында жаттап алған көрінеді. Әрі өзіде сазгер болғандықтан әндерді дәлмедәл үйренгені даусыз. «Сондықтан Ахат жаздырған ән үлгілерін негізгі нұсқа деуге келеді. Әрине, Шәкәрімнің өзінің шығыс нота жазуымен қағаз бетіне түсірген қолжазбасы табылса, сөз басқаша болмақ»,  дегенді Талиға. Қазақтың дәстүрлі әншілерінің орындаушылық өнерінің ерекшелігіне байланысты мына бір жайды айта кеткен жөн. Олар алуан қырлы халық әндерін үйрену, игеру барысында өзінің танымталғамына, айту мәнері мен шеберлігіне әрі оның өзіндік деңгейіне байланысты әндерге өзгерістер енгізетіні біз айтпасақ та түсінікті. Кейбір әншілер айтуға ауыр сөздерді, шумақтарды өздерінің дауыс ауқымына қарай алмастырып отырған. Кейде өздері де жеңіл, жүрдек әуен тауып немесе өздері әнге лайықты жаңа сарын шығарып орындап та жүрген.

Ақын поэтикасының рухани бастауларының мән-маңызы бар  және  мәтіндік тұрғыдан өзгешелігі бар «Қорқыттың сарыны» сынды өлеңдері де сөз болды. Қорқыт сарынындағы өмірдің мәні мен адамды сүюге құлшынысын арттыратын күші – саналы адамның жүрегіне қозғау салар күшімен ғұмырлы дүние екендігі де қарастырылды.

 Өмір мен өлім жайын  толғау арқылы Қорқыт бабаның  өмірді сүю философиясын Шәкәрім  ақын кейінгіге үлгі етеді.  «Мен өлсем, сарын жоғалар,  Қимадым көміп тастарға» деп  Қорқыт танымын өлең кестесіне  салғанда да, ақын сопылық сипаттағы  астарлы да, бейнелі сөз бен  ұғымдарға бой ұрады. Шәкәрім «Қорқыт сарынында» адамды рухани жоғары деңгейге көтеретін, рухани тазару, дұрыстық, хақиқат жолы деген үлкен ізгілік танымы жатыр Қорқыттың өмір сүру философиясын таяныш еткен ақын өмір мәнін кетірер залалды мінездерге қарсы көзқарасын осы сарынмен білдіреді:

Басайын қобыз пернесін!

Монтаны талай мұңдар бар.

Нәпсіге ерген сұмдар бар,

Адамды аңша аулатқан.

Алдамшы, арсыз жандар бар,

Ондайлар маған келмесін.

Шәкәрімнің өмірлік көзқарастарының  қалыптасуында Шығыс дүлдүлі  Хафиз тағылымының да орны зор. Шәкәрімнің «Иманым» атты топтама өлендерінде  сопылық сарын мен сопылық  таным қазақи жүйеге сай жүйеленген:

Кел, аяқшы, қымыз кұй,

Көпке бер де, маған бер.

Махаббат салды ауыр күй,

Жан кысылып, ақты тер.

Осы өлеңнің соңында Шәкәрім Хожа Хафизден аударудың мәні бүгінгі қоғам қажеттілігінен туған рухани сұраныс екенін, арақты-қымыз деп т.б. сөздерді қазақ ұғымына сай алғанын жазады. Осы үлгіде жазылған ақынның «Кел, аяқшы қымыз құй», «Кешегі басшы піріміз», «Қорқыт, Қожа Хафиз түсіме енді», «Көрініске шоқынған», «Мәжілісінде досыңның», т.б. «Қожа Хафиз сөзінен» деп берген топтама өлеңдері бар. Шәкәрім Хафиз өлеңдерін зерделей отырып Шығыс шайырының дүниетанымдық ой тереңдігін, хақты сүю, адамшылық, махаббат, дүние, ғалам жайлы ойлар желісінен өзіне жақындық, оның ішінде рухани үндестік табады. Өйткені Хафиз ғазалдарында Хаққа деген махаббатты, дүние жалған, адам жан дүниесінің күрделілігі, тазалық жолы, өмір, өлім, жан тазалығын жырлайды.

Дегенмен ақын сопылық  қалыпта емес, қазақи өлеңге, қазақи ұғымға сай, ұлттық поэзия тудырып оқырманына ұсынған. Сопылық поэзияның бай мазмұны мен түрі қазақ ақындарының жақсы мен жаманды сынау, ізгілікті насихаттау, адам өмірінің мәнділігі, өмір мен өлім жайында, алланың құдыреттілігін баяндаудағы шығыстық әдеби тәсілдер мен амалдарды көркемдік құрал ретінде пайдаланған. Осылайша ақын қазақ поэзиясын мазмұн мен түр жағынан, танымдық, тәлімдік жағынан сапасын арттырған. Сопылық танымның қыр-сырын терең білген Шәкәрім де қазақ поэзиясының кеңістігін кеңейтіп «Иманым» атты  жинағында астарлы сөз тіркестерін қолдану арқылы жаңа мағыналық айшықпен ажар қосқан. Ол осындағы өлендердің әр шумағы мен тармағындағы тың теңеулер мен метафора,  символдарды ұлттық тілдің лексикалық байлығымен, шығыс әдебиетінің классикалық тәжірибесімен ұштастырып, қазақи ұлттық дүниетаным аясын ұлғайтқандығымен сипатталады.

Жар сипатын білсеңіз де,

Нәпсің өлмей, деме Жар.

 «Сен – Жарым» деп алдаған еп,

Тиеді оқ боп кеудеңе.

Қазақ ақындары Құран іліміндегі тамаша қағидаларды, қазақ қауымына өлеңмен жеткізе білген. Олар өз шығармашылықтарында ізгілікті, адамгершілікті, әділетті, махаббатты бейнелеуде әуезді, бейнелі өрнектерді де орны-орнымен пайдалана алды. Әсіресе, Шәкәрім ақынның келер ұрпаққа мұра етіп қалдырған дүниелерінің денінде сопылық шығыс әдебиетінің терең де бейнелі тұстары бар.

Шәкәрім – өлеңге аса  құрметпен қарағандығы тіршілік, қоғам, адам, өлең, өнер және кәсіп, еңбек  жайындағы өлең нақыштарын «қиыннан қиыстырып», ерекше өрнек салуынан және ырғағына күшті тегеурін мен  бай мазмұн енгізгенінен көруге болады.

Абайдың әдеби мектебінентәлім  алған Құдайбердіұлы ұстазының  қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен  таныстыру бағытындағы қызметін жемісті жалғастырды. Шәкәрімнің осы  тұрғыдағы еңбегін үш салаға беліп  қарауға болады. Оның :бірі ақынның  әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін  өз өлеңдерінде насихаттап отыруы десек, :екіншісі оның Н. Толстой сияқты заңғар қаламгермен тікелей хат алысып, шығармашылық байланыста жүруі. Ал :үшінші сала - Шәкәрімнің өзге елдер әдебиетінің  үлгілі шығармаларын қазақшаға аударуы. Шәкәрім Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарын, А. С. Пушкин мен Л. Н. Толстойды қастерледі. Әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының Физули жырлаған нұсқасын қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, А.С. Пушкиннің  «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын, Л. Н. Толстойдың алты әңгімесін, американ жазушысы Гарриэт Бичер Стоудың  «Том ағайдың балағаны» атты романын  аударды.

Абайдың тікелей қатысумен  бірсыпыра деңгейге көтеріліп қалған қазақ-орыс әдеби байланысының одан әрмен дамуына зор үлес қосқан алаш арыстарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы  болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой сынды алыптардың өмір жолын, басты-басты шығармаларын үлкен  білімдарлықпен, ерен талант қуатымен зерделей келіп, аттары аталған ойшылдардың  ту етіп көтерген эстетикалық-философиялық концепциялары жекелеген ұлттың дара жетістігі емес, бүкіл адамзаттың мүддесіне ортақ қызмет ететін бірегей  рухани байлық деп таныды. Туған  халқының осындай озық кәусардан  барынша мол сусындауын игілікті іс деп білген Шәкәрім дүние жүзі, орыс классиктерінің таңдаулы деген  шығармаларын ана тілінде сөйлете  бастады. Соның ең елеулілерінің  бірі - А.С.Пушкиннің "Дубровский" романы.

Шәкәрімнің аталмыш шығарманы  аударғанда қандай принциптер ұстанғанын әңгі­ме­лемес бұрын мына жайларға қысқаша тоқ­талайық. "Руслан мен  Людмила", "Евгений Онегин" сынды  қайталанбас рухани қазыналарды  дүниеге әкелген ұлы классиктің кей сәт прозаға барғаны, бұл  саладағы творчес­тво­лық ізденістердің  де ойдағыдай болғаны баршамызға мәлім. Зерттеушілердің сөзіне бақсақ, ол өзінің кейбір замандастарына орыс прозасына көңілі онша толмайтынын, оның поэзияға қарағанда қарабайырлау, шабан дамып келе жатқанын талай  рет айтса керек. Бұл Пушкиннің 1975 жылғы 10 том­дық шығармалар жинағының 5-томындағы С.Петров жазған соңғы  сөзде байқалады. "Дубровский", "Капитан қызы" шығармалары  мен тағы басқа әңгіме, повестері  әйгілі суреткердің сол олқылықтың орнын толтыру мақсатындағы талпынысы  екен. Ақынның ара-тұра прозаға баруының себебі осылай делік. Ал Шәкәрімнің өзінің де қара сөзге кел­генде құр аттай  желетінін іс жүзінде дәлел­дей  тұра, "Дубровский" мен "Боранды" қазақы қара өлең - поэзия тілімен сөйлеткені қалай? Бұл орайда әртүрлі болжам болуы мүмкін. Біздің де аздаған  өз топшылауымыз бар.

Тәржімемен және оның саналуан проблемасымен айналысқандар поэзияны аударушының түпнұсқаның авторымен  қайткенмен де бәсекелесіп отыратынын, ал прозаны аударушының түпнұсқаның  авторының айтқанына көніп, айдағанына жүріп дегендей, оның ықпалына түсетінін, құлақкесті қызметшісіне айналатыны, құдды дирижердің қолындағы таяқшаның  әрбір қимылынан көз жазбауға тырысатын музыкант сияқты ерекше күй кешетінін айтады. Бұл арада әңгіме аударманың өнерлік деңгейде жеткен түрі жөнінде болып отыр. Пушкиннің жоғарыда аталған шығармаларын қазақшалағанда Шә­кә­рімнің қандай жан азабын бастан кешкенін көзге дәл елестету қиын. Қара сөзбен берілген ойды, сан қилы суретті поэзия тілімен жет­кізу орасан зор еңбекті қажет еткені талассыз. Бір ашық нәрсе - қашанда, қайсымыз да Пуш­кинді ең алдымен ақын деп қабыл­дай­тынымыз. Шәкәрім үшін де оның көркем поэзияның дүлдүлі болғаны даусыз. Сон­дық­тан қазақ әдебиетінің классигі оның про­за­сын, қазіргіше айтқанда, автордың маркасын сақтай отырып сөйлетуді жөн көрген. Оған қоса тағы бір жорамал, аударма саласында да молынан танылып үлгерген ол орыс әде­биеті­нің мынадай кесек үлгілерін сахара тұрғын­дарына ана тілінде таныстыру арқылы өз мүмкіндігінің қаншалықты екенін сын сарабынан тағы бір өткізгісі келген ойы да болған шығар. Тіпті мұны оның ұлы ақынмен бір сәт өнер сайысына түскені десек те шын­дықтан шығандап кетпейміз. Осы болжам­дар­ға қоса тағы бір айтпағымыз, Шәкәрім қажы мына жағдаятты - өз кезіндегі жазу-сызу өнерінің жарытымсыз болуына бай­ла­нысты поэзиядан гөрі проза беделінің төмендеу, сұранымының аздау екенін ес­кер­ген бе дейміз. Жан дүниесін қозғайтын өлең­ді жұрт іздеп жүріп тауып, жаттап алады. Ал қара сөзде қаншама ой, сырлы сурет тұнып тұрғанымен төкпей-шашпай жадыңа ұстай алмайсың. Қысқасы, "Дубровский " мен "Боранның" Шәкәрім қажы жасаған нұс­қасы хақында айтылар салиқалы әңгіме­нің өз кезегін күтіп тұрғанында еш күмән жоқ.

 

Түпнұсқа мен Шәкәрімнің "Дубровскийінсалыстырсақ, қазақ  ақынының аталмыш полотноның бүкіл  бітім-болмысын мейлінше толық шығаруға күш салғанын байқаймыз. Пушкин қағазға  түсірген хикаяның сыртқы нобайы ғана емес, ішкі иірімдері де, айсбергтің су астындағы бөлігінің сұлбасы  да нақышын жоғалтпаған. Кейіпкерлердің мінез-құлқын, олардың әрқайсысының даралық сипаттарын өрнектеудегі түпнұсқа авторының қолтаңбасы білімдарлықпен қоса бесаспап суреткерлікпен жүзеге асқан. Дегенмен Шәкәрімнің Пушкин соқпағынан табан аудармауды жалаң мақсатқа айналдырмағанын азды-көпті кейбір еркіндіктерге бару арқылы шығарманың жұртшылыққа түсінік­тірек болуы  жағын негізгі нысана еткенін  атап айтуымыз керек. Мұны алдымен ескерткен  Шәкәрімнің өзі. Аударманың кіріспесіндегі:

Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін,

Қазақтың шағылдырар надан  көзін.

Ғылымнан көзілдірік кимеген  ел,

Туралап көре алмас күннің көзін.

 

Сөйтсе де кете қойман шетке  басып

Айтармын алыстамай шын  жанасып.

Әншейін ертек айтып отыр демей,

Жүрекке тыңдағайсың ақылдасып, - деген жолдар соның дәлелі.

Бәрімізге мәлім, замана сырын  жан-жақты әрі тереңнен қамтуда  прозаның мүмкіндігі әдебиеттің басқа  салаларына қарағанда әлдеқайда  мол. Ал поэзияның жолы өз алдына бөлек. Ол прозадай емес, өткен-кеткеннің тек  елеулілерін теріп алады да кездей­соқ­тарды, ұсақ-түйектерді жіпке тізе бермейді. Егер М.Әуезов Абайдың өмір жолын, ол өмір сүрген дәуірдің кескін-келбетін өлеңмен жырласа, бізге эпопеядан  таныс талай-талай эпизодтар, штрихтар сахнаның сыртында қалып қойған болар  еді. Кейіпкерлердің де бірсыпырасымен ұшырасу, тілдесу мүмкіндігінен  айрылған болар едік. Бұл айтылғанның "Дубровскийдің" Шәкәрім қажы жасаған нұсқасына да тікелей  қатысы бар.

Пушкинде романның сюжеті бірден: "Нес­коль­ко лет тому назад в одном из своих по­местий  жил старинный русский барин, Кирила Петрович Троекуров" (с.128) деп  басталса, Шәкәрімнің "Дубровскийі" 124 жолдан тұратын прологтан кейін  барып желі тартады. Пушкиннің ой-өрісін, қалам ұстау өзгешелігін, азаматтық  позициясын толық та терең зерделей білген дала ақыны әр дәуірдегі адамның, қоғамның болмысын шола келіп, жеке мен  жекенің, жеке мен көптің арасындағы үйлестіктің не қайшылықтың әрқилы себептерге байланысты бір қалыпта  тұрмайтынын тілге тиек етеді. Бүгінгі  бардың ертең жоқ болуының, бүгінгі  достың ертең жауласып шыға келуінің әлеуметтік, психологиялық астарына үңілуге талпынады. Түптеп келгенде бұл романда айтылатын ойдың негізгі қазығын, идеялық нысанасын меңзейді:

Жазған жоқ Пушкин мұны ермек үшін,

Мақсұты: бізге ғибрат бермек үшін.

Қиянатшыл, зорлықшыл, парақордың,

Мінезінің суретін көрмек үшін.

Осындай толғаныстан кейін  барып біз жоғарыдағы Пушкиннің  өзінен алынған жолдардың қазақшасын оқимыз:

Жер айналмай тұрмайды дүние  жай,

Келер, кетер адамзат із қалдырмай.

Сол өткен көп заманның бір кезінде,

Болыпты Троекуров деген  бір бай.

Келтірілген шумақтың бастапқы екі тармағы жоғарыда Пушкиннен  алынған үзіндіде жоқ, аудармашының өз тарапынан берілген прологтағы айтылатын  ойдың қайталамасы. Ал оның есесіне  түпнұсқадағы "старинный русский  барин" деген айқындама қалдырылып кеткен. Бірақ оқырман романмен әрмен  қарай танысу барысында Троекуровтың ата-бабасынан бері атақты алпауыттар тұқымынан екеніне көз жеткізеді. Демек бұл - қалдырылып кеткен ол тіркестің  орны жоқталмайды деген сөз.

Информация о работе Ш.Құдайбердіұлының аудармалары