Ш.Құдайбердіұлының аудармалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:29, реферат

Краткое описание

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.
Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шәкәрім Құдайбердіұлының аудармалары.docx

— 43.30 Кб (Скачать документ)

Пушкиндегі Тимошканың жарамсақ сөзіне қатал тойтарыс берудің орнына, дарақылана мәз болған Троекуровқа  Дубровскийдің қатты ренжігені, сөйтіп, аңға шығудан осы жолы көпе-көрнеу бас тартқаны, оның бұл "тәртіпсіздігіне" өлердей долырған әпербақан алпауыттың думанды сайранға өзге үзеңгілестерін ертіп кете барғаны, бірақ қырсық шалған­дай ұзақты күн тек бір  қоянды ғана олжа­лап, кешке имениесіне көңілсіз оралғаны баяндалатын елеулі эпизодты Шәкәрімнің сол бастапқы өңін жоғалтпай жеткізуге ерекше күш  салғанын айқын көреміз. Бірақ келтірілген  эпизодтың соңғы тұсы қазақшасында аздап өзгертілген. Яғни, Кирила Петрович "на возвратном пути, со всею своею  охотою нарочно поехал по­лями Дубровского" (с.132) деген жолдар:

Андрейдің егінін таптап-таптап,

Кешке келді үйіне қайта  салып, - деп тәржімаланған. Бұл ауытқуда үлкен мән бар. Айталық, ол кездегі  өлшеніп, пішіл­ген және онысы мұқият хатталған мекен-жайда тіршілік еткен орыс жұртындай емес, кең  сахараға бытырай қоныстанған көшпелілер үшін ауылдың не жайлаудың үстінен  салт аттылардың өтіп кететіні жан  сыздататын әрекеттің қатарына қосыла қоймайды. Ал егінді таптау деген қашанда  үлкен қастандықпен, бүліншілікпен  пара-пар қимыл. Шығармада өрнектелетін тартыстың қандай себептерден бастау алып, бара-бара қалай асқынғанын молырақ  аңғарту орайында аудармашы әлгіндей еркіндікке әдейі барған.

Пушкиндегі Троекуров  пен Дубровскийдің ара қатынасы бара-бара қатты шиеленісіп, ақыры  соңғысының ауыр сырқатқа ұшырағаны, төсек  тартып жатып қалған оның маңына қызметшілерінің  батып жақындай алмағаны, қожайынды  тек Егоровнаның күтіп-баққаны, соның  қолынан ғана аздап дәм татқаны  баяндалатын жолдарды Шәкәрім мейлінше тартымды, әрі жатық сөйлете білген. Тек түпнұсқадағы: "Она (Егоровна - З.Ж.) смотрела за ним (Дубровским - З.Ж.), как за ребенком, напоминала ему  о времени пищи и сна, кормила  его, укладывала спать" (с.139) - деген  жолдар қазақшасында:

Уақытымен жатқызар төсек  салып,

Стақанмен шәй берер қолына алып.

"Тамақ ішер мезгілің  болды ғой", деп

Нан салады аузына майға  малып, - болып өзгеріп шыққан. Бұл - аудармашының жағ­даят­ты дала оқырмандарына  толығырақ, толым­дырақ жеткізу  ниетінен туған еркіндік. Түп­нұс­қаға тигізер қиянаты, залалы жоқ толықтырма.

Пушкиннің қолынан шыққан нұсқадан Троекуров пен Дубровскийдің  тартысқа түскен тұсында соңғысының жалғыз ұлы Владимирдің Кадет  корпусын бітіргеннен кейін Петербург­тегі жаяу әскер полкінде қызмет атқарып  жүргенін оқысақ, аудармада аттары аталған орыс Капулеттиі мен Мантеккиінің өзара сойылдасу кезінде Владимирдің  астанадағы "университет деген  медреседе" дәріс алушылардың  бірі екені айтылады. Бұл ауытқудың  себебі не? Біздің ойымызша, романдағы негізгі орталық тұлға­ның бірі - бала Дубровский. Оның озық түр-тұрпатын толығырақ жеткізу мақсатында Шәкә­рім қажы осы тұста да аздап еркіндік қажет деп білген. Демек, қатардағы көп ұланның қайсы­сынан да үлкен білім ордасында тәрбиеленіп жүрген талапкер жастың еңсесі биік, аруақты, айбынды деп топшылаған. Университет деп дара атасам, мүмкін кейбіреулер түсінбей қала ма деп, оған үлкен-кішінің бәріне мәлім медресе атауын тіркеуді орынды көрген.

Пушкиннің "Дубровскийінде" Егоровна­ның хатынан бірсыпыра  жайдан хабардар болып, асығыс үйіне  оралып келе жатқан Владимирді Антон  жәмшіктің "Песочное" стансасында (аудармада "Құмдыбекет") күтіп  алғаны, жолда бала Дубровскийдің  әкесінің жай-күйін сұрағаны, қызметшінің  нендей жауаптар қайтарғаны жөнінде  бір алуан мәлімет бар. Бұл  эпизод Шәкәрімде жоқ. Мұның мәнісі, біздіңше, мынау. Оқырмандар Троекуровтың қолдан жасаған қиянат-қысымынан  кәрі Дубровскийдің дертке ұшырап, қатты науқастанып қалғаны туралы бұрыннан толық таныс болатын. Екі  байдың не себептен араздасқаны шығарманың бұдан кейінгі беттерінде там-тұмдап әртүрлі жағдаяттарға орай қайталанып отырылады. Сондықтан Шәкәрім алдында  айтылып өткен оқиғаны жұрттың  есіне тағы да бір сала кетуді артық  деп санаған. Прозада әуел бастағы  белгілі эпизодтарды белгілі  бір мақсатпен қайыра жаңғыртулар  жасауға бола береді. Ал поэзияның  табиғатына мұндай жомарттық жараса қоймайды. Аудармашы мұнда міне, осы ұстанымда қалған сияқты.

Пушкинде жас Дубровскийдің  жәмшік Антоннан біраз жәйттің сырын  аңғарғаннан кейін көңіл-күйі құлазып, көпке дейін өзімен-өзі болғаны  қысқаша баяндалса, қазақ ақыны  оның сол сәтіндегі мұң мен  шерге толы ішкі әлемін молырақ қамтуды  дұрыс деп санаған. Мұны дастанның  бойындағы ең бір тартымды жолдар деп білеміз.

Шал Антон бишік бұлғап божы қақты,

Сар желді күрмедегі ат, шеткі ат шапты.

Өткенін қанша уақыт пайым  етпей,

Владимир тым терең  ой ойлапты.

Ат пыр-пыр, арба күр-күр, қоңырау шылдыр,

Тау, ағаш кейін қалып, қақты бұлдыр.

Бұлардан Владимир түк  сезбейді,

Әкетпес әлдеқайда көңіл құрғыр.

Түпсіз ой, түпсіз қиял неше мыңдап,

Бірі бүйт, бірі сүйт деп  тұрады ымдап.

Тұңғиық тұманданған алдыңғы  өмір,

Тұрғанын біліп болмас не дайындап.

Қайрайды, кейде ыза боп жауға тісін,

Ойлайды кейде реттеп, қылмақ ісін.

Ашық көзі жұмулы есепті боп,

Көрсе де көрмегендей түктің түсін.

Осындай ұйқылы-ояу бір ой басты,

Қайғы, үміт, қайрат, ыза араласты.

"Әнекей, "Покровский" қышылақ" деген,

Антонның дауысымен көзін  ашты.

Осы келтірілген үзінді аудармашының сөзбен келісті өрнек сала білетін  үздік талант иесі, майталман психолог екенін, демек Пушкиннің суреткерлік  қолтаңбасын жетік түсінгенін айнытпай айғақтайды. Нағыз өнер сайысы осындай  болмақ. Арбаға жегілген аттардың қайсысының қалай жортқаны да тәржімешінің өзінің болжамасымен дүниеге келген жолдар. Төл еңбегі.

Пушкинде кәрі Дубровскийдің  ауыр сыр­қат­тан дүние салған сәті: "Он лежал в креслах, на которые  перенес его Владимир, первая рука его висела на полу, половина опущена  была на грудь - не было уже и признака жизни всем теле, еще не охладело, но уже обезображенном кончиною" (с.145) деген жолдармен берілсе, Шәкәрімде сол көрініс:

Өлмей, өшпей тұра ма адам фәні,

Мұзға айналып қалыпты ыстық тәні.

Басы иіліп кетіпті  кеудесіне,

Ашулы оң қолының алақаны.

Басын имек - тағдырға көндім демек,

"Фәрмәнына мойнымды бердім", - демек.

Алақаны ашылған ишараты -

"Несін алдым, мен  ақтан өлдім" - демек, - деген өлең  тармақтарымен бейнеленген. Шәкәрім  қажы түпнұсқадан арнайы ауытқи  отырып жер басып жүргендердің  бәріне қатысты ой түйеді. Кім  болсаң ол бол, тірші­ліктегі  көрген жақсылық пен жамандықтың  бәрі көз жұмылған соң түгел  тәмам. Жиған-тергеннің қадыр  қасиетін, береке-бұйыруын бас аман, ден сауда бағалай біл. О  дүниеге қора-қора мал айдап,  бума-бума ақша алып кеткен  ешкім жоқ. Ең ақырғы алар  еншің - қол созым қараңғы қуыс  пен 3-4 аршын шүберек қана. Осының  жайынан кәрі-жастың бәрі хабардар. Бірақ жұрттың бәрі жер үстінде  жүргенінде тәңірге бағып, бұйырғанға  шүкіршілік ете қоя ма. Бастың  құнына татитындай нәрсе болса  бір сәрі, кейде қотыр ешкінің  терісіне тұрмайтын бірдеңе үшін  жанжалдасып, сойылдасып жатқаны.

Өмірде талай-талай қақтығыс-тартыстың  куәсі болған ғұлама ақынның орыстың  сонау кезден өзара сырласып, сыйласып келген екі алпауытының аяқ астынан  нілдей бұзылып, бір-біріне көр қазуға дейін барғанын зерделеу үстінде  ой тұңғиығына тағы бір терең бойлағаны  күмәнсіз. Адам табиғатының оңы мен  солын шындықта болған немесе болуы  мүмкін оқиғаны қисынын келтіре  әңгімелеу арқылы таразыға тартып, замандастарын өзара сыйластыққа, мейірімділікке, бірлікке үндеген, шынайы сезімнің қарапайым пендешілікпен  қоңсы қона алмайтын шуақты нұрын  шырқата әуелеткен Пушкиннің  жай аударушысы ғана емес, ол оның бірегей  пікірлесі, әріптесі екенін дәлелдейді.

Шәкәрім жасаған нұсқада  Владимирдің Дефорж деген жалған есіммен Троекуровтың имениесіне алғаш  мұғалімдік қызметке келген бетінде  кейінгісінің келіссөз соңында оған мынадай қатаң шарт қойғаны айтылады:

Білмейді французша байдың өзі,

Наданның тіпті топас келер сөзі.

Марияны тілмаш қылып жігітке айтты:

"Жүрмесін қызымда боп  екі көзі".

Аталмыш деталь Пушкинде бұдан  біраз өзге. Онда Троекуровтың "французға" басты міндеті Сашаны жақсылап оқытып, тәрбиелеу екенін, қызметші қыз-келіншектерге  көз салмауын, егер осы орайда кінәсі сезіле қалса, иттің күшігі құсатып  қуып жіберетінін ескертеді. Бұл  арадағы әңгімеге Мария Кириловнаның қатысы жоқ. Ал Шәкәрім осының бәрін  біле, ұға тұра жаңағыдай ауытқуға неге барған? Оның мәні, біздіңше, оқырмандардың  бүкіл назарын Мария Кириловнадан өзгеге бұрмау мақсатынан туған. Түпнұсқаның  бастапқы беттерінің бір жерінде "Покровское" қыстағының қызметші қыз-келіншекке толы екені, оның кейбіреулері Троекуровтың рұқсатымен тұрмысқа шыға қалса, орны жас бикештермен толықтырылып отырылатыны, аталмыш мекен-жайда қожайынның өзінен айнымайтын, бірақ ресми әкесі  белгісіз сәбилердің көрген күні, хал-жағдайы  туралы қысқаша мәліметтер бар-тын. Мұны аудармашы қажетсіз деп есептеп, қалдырып кеткен. Өйткені күнделікті өмірдегі ұсақ-түйекті прозаның қамтуға  мүмкіндігі көтергенімен, поэзияның  табиғатына жинақылық, аз сөзділік қана жарасады. Алдында керегі жоқ деп  танылған детальды біраздан соң шегініс  жасау арқылы сюжетке енгізген жағдайда, басқа түк те емес, бір бүйір  қысыр кеңеске орын берілген болар  еді. Сондықтан қазақ ақыны жұртшылықтың ықыласын әуел бастан жақсы таныс  Мария Кириловнадан басқа жаққа  аудармауды дұрыс санаған да, азды-көпті  әлгіндей иіп-бүгуге барған. Біздің ойымызша, бұдан ұтпаса ұтылмаған. Бұл - бір. Екіншіден, мол байлықтың арқасында кердеңдей  басып, кесірлене сөйлеуді әдетке айналдырған  дарақы байды өзінің туған жалғыз қызының көзінше солай бейпіл сөйлету арқылы жұртшылықты жақсылық пен жамандықтың не екені туралы тағы бір рет шындап пікір түюге  шақырады. Троекуров тәрізді жандармен  қандай қарым-қатынас ұстаған дұрыс? Осы сауалдың лайықты да тиімді жауабын ойластыруға жетелейді.

Владимир Дубровский бастаған кекшілдердің үлкен жолмен әрлі-берлі  өткен жүргіншілерді тонап, зәбірлеуі  күшейген тұстың бірінде Антон Пафнутьич  есімді чиновниктің Троекуровтың үйіне  келгені, оның қауіпсіз деген жобамен  түнде Дефорждың бөлмесінде тыныстағаны, бірақ бишара жанның көйлегінің ішіне жасырып жүрген мол қазынасынан қалай айырылып қалғаны Пушкинде: "Он (Пафнутьич. - З.Ж.) чувствовал сквозь сон, что кто-то тихонько дергал его за ворот рубашки. Антон Пафнутьич открыл глаза и при лунном свете у осеннего утра увидел перед собою Дефоржа; француз в одной руке держал карманный пистолет, другою отстегивал заветную сумму" (с.167) деген жолдармен берілсе, Шәкәрімде ол көрініс:

Көзін ашса шошынып бір мезгілде -

Француз кеудесіне мінген мүлде.

Бір қолында алтыатар ақшаны алған,

Қорыққаннан бай айтты: "Тақсыр бұл не?" - деген өлең тармақтарымен  кестеленген. Осы келтірілген үзінділерді  өзара салыстырып қарасақ, олардың  ара-қатынасында бірсыпыра алшақтықтың  бар екені байқалары сөзсіз. Түпнұсқада күзгі таңның тәтті ұйқысына қаннен қаперсіз балбырай берілген Павнутьичтің ақшаға толы дорбасынан қалай айырылғаны қарапайым баяндалса, қазақ классигі оның мұқият жасырған қазынасын айқыш-ұйқыш  қызу айқастың нәтижесінде амалсыздан алдырғанын айтады. Аудармашының пайымдауынша, дала оқырмандары үшін соңғы көріністің бояу нақышы әсерлілеу. Біз де осы  тұжырымға қол қоямыз. Айта кету керек, бұл да жоғарыда келтірілген  мысалдар сияқты ұлы данышпанға жасалған орынсыз базыналық, немесе баса-көктеу емес, өмірі, салт-дәстүрі өзгелеу  халықтың психологиясын мұқият ескеруден, шығарманың мейлінше жылы, шынайы қабылдануын  ойластырғандықтан туған творчестволық  еркіндік.

 

Тағы бір салыстырма. Зер  сала қарасақ, Мария Кириловна мен  Дубровскийдің ең соңғы жолығуы  суреттелген эпизод екі авторда  түп-түгел бірдей шықпаған. Жат адамның  тұтқынынан құтқарғалы келіп тұрғанын білдірген Владимирге қыз ол күтпеген, мүлде тосын жағдайды хабарлайды. Яғни, кейінгі күндердің оқиғаларына  орай бұрынғы берген уәдеден тайғанын, шариғат заңын бұза алмайтынын, некелескен адамымен тұрмыс құруға бел буғанын, қояр ақырғы өтініші - қасындағы жол  серіктерін қиянат-залалсыз жөндеріне  босатып жіберуі екенін айтады. Пушкинде Владимирдің мұны естігендегі көңіл-күйі былайша суреттелген: "Он (Дубровский. - З.Ж.) упал у колеса, разбойники окружили его. Он успел сказать им несколько  слов, они посадили его верхом, двое из них его поддерживали, третий взял лошадь под уздцы, и все поехали  в сторону, оставил карету посреди  дороги, людей связанных, лошадей  отпряженных, но не разграбя ничего и  не пролив ни единной капли крови  в отомщение за кровь своего атамана" (с.192). Ал орталық тұлғалардың мәңгілікке қоштасар сәті Шәкәрімде:

Тұрды да Владимир аң-таң  қалып,

Естімей сөз аяғын кетті  талып.

Қансырап жарасынан талды ғой деп

Әкетті жолдастары сүйреп алып

"Қош" - деді біраз ғана есін жиып,

Ауыздан айырыларда бір-ақ сүйіп.

Қарасы үзілгенше қарап тұрып,

Аһ, деді Мария талды жанып, күйіп, - деген шумақтармен берген. Бұл келтірілген үзінділер арасындағы айырмашылықтың мәні неде? Аудармашы  екі жастың бір-бірін қатесіз  танып, құлай ұнатқанын, олардың  қашан да, қайда жүрсе де сол  ардақты, аруақты сезімге қылау  жолатпайтынын, негізінен табиғаты қатал, кесек әрекеттің иесі Владимирдің  мүмкіндіктері бола тұра ата жауы Троекуровқа, сондай-ақ дүниедегі қимасын  жүрегінен суырып алып бара жатқан Верейскийге ешбір қиянат жасамауына махаббаттың құдіреті себепкер деген  ұғымды оқырмандардың зердесіне  тереңірек сіңіру мақсатында тағы бір  ептеген еркіндікке барған ба дейміз. Романның қазақша нұсқасының:

Информация о работе Ш.Құдайбердіұлының аудармалары