Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 19:52, курсовая работа

Краткое описание

Жалпы, тіл білімінде фразеология мәселесі көп зерттеліп келеді десек те, әрбір әдеби тіл кезең ерекшелігін ашатын оның бай фразеологиялық қоры мен құрамы туралы арнайы зерттеулер жүргізілген емес. Яғни біздің бұл тақырыпқа арнайы баруымыздың себебі, әдеби тіл дамуының ұлттық кезең сипатын танытатын алғашқы көркем қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер ғылыми тұрғыдан зерттеу нысаны болған емес. Бұл – бір. Екіншіден, XX ғасыр басындағы қазақ прозасы тілі әр түрлі себептермен толыққанды зерттелмей келеді. Бұның үстіне осы кезең қазақ жазушылары шығармаларының аттары аталмай келгендері де болды.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................

І-тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы
1.1 Фразеологизмдердің түрлері және тұрақты тіркестердің басқа
тілдік тұлғалардан айырмашылығы..................................................................
1.2 Фразеологизмдердің белгілері.....................................................................
1.3 Фразеологизмдер және олардың зерттелуі.................................................

ІІ-тарау. Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі.
2.1. Аударма тарихы және теориялық мәселелері............................................
2.2 Фразеологизмдерді аудару мәселелері........................................................
2.3 Фразеологизмдердің көркем шығармалардағы қызметі және
оларды аударудың жолдары...............................................................................

Қолданылған әдебиеттер..................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

фразеология.doc

— 379.50 Кб (Скачать документ)

Ч.Диккенстің «Оливер  Твист» романындағы фразеологизмдерді  аудару мәселесіне келетін болсақ, бұл мақсатта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылған. Ч.Диккенстің «Оливер  Твист» романындағы фразеологизмдерді  аудару барысында біріншіден, фразеологизмдердің жалпы мағынасы берілген.

Екіншіден, фразеологизмдерді  аударуда олардың қазақ тіліндегі  фразеологизмдермен мәндес келетіндігі  ескерілген.

Үшіншіден, көптеген фразеологизмдер сөзбе-сөз аударылған.

Фразеологизмдердің  грамматикалық, стилистикалық және функционалдық өзгешелігі бар.

Ч.Диккенс пайдаланған фразеологизмдердің өзіндік ерекшеліктері бар. Фразеологизмдер көркем әдебиетте қашан да белгілі бір сөйлем ішінде беріледі. Олай болса бұларды сөйлеммен байланысты тексерген дұрыс. Кейде бұлар өзара синоним болып та жұмсалады. Бірақ мұның сыры әдеттегі синонимдерден басқаша. Фразеологияның грамматикалық ерекшелігі дегенде осы қасиетін, яғни сөйлемде белгілі бір грамматикалық формада, белгілі бір сөз табын тілейтінін айтамыз. Сөйтіп ол грамматикамен әсіресе морфологиямен байланысты. Ал лексикологиямен байланысты болатын себебі, онда лексикалық сөздердің болатындығынан. Фразеологизмдер белгілі бір сөйлем мүшелері ретінде көрінетіндіктен синтаксиспен де тығыз байланыста.

Фразеологиялық  тіркестердің грамматикалық заңдылықтары олардың стилистикалық қызметін де танытады. Яғни бұл синтаксистік стилистика элементі. Бұдан біз фразеологазмдердің белгілі бір грамматикалық формаға түсіп, қажетті стилистикалық қызмет атқаратынын көреміз. Сөйлем біздің қатынас құралымыз – тілдің ерекше единицасы. Егер сол сөйлемдегі кейбір сөздің, не жай тіркестің бірінің орнына фразеологиялық тіркесті қолдансақ, сөзіміз басқаша стилистикалық өң-ажарға ие болатынын байқаймыз. Әлгі сөйлеміміз бұрынғыдан гөрі экспрессивті-эмоциональды кейіпке түседі, басқаша айтқаңда, әсерлі әсем болмақ. Бұлар сөйлемнің басқа мүшелерімен байланысқа түскенде әрқилы мінез танытады. Егер бастауыш рөлінде тұрса, сол бастапқы дербес күйі сақталады, ал сөйлемнің басқа мүшелерінің бірінде тұрса әбден кірігіп кетеді. Сөйтіп олардың грамматикалық байланыстары әртүрлі.

Ч.Диккенс шығармаларынан байқалатыны, ондағы фразеологизмдердің бәрі дерлік әрқилы қызметте жұмсалатыны. Яғни олар барлық грамматакалық, синтаксистік стилистикалық қызметте жұмсала береді.

Ч.Диккенс өмір шындығын, қоғамдық құбылысты, болмыстың неше алуан фактілерін көркем суреттеу үшін фразеологизмдерді жиі қолданған.

Ч.Диккенс фразеологизмдерді творчестволықпен қолдана білген. Ол баяндалатын құбылыстың ыңғайына орай фразеологизмдерді әрқилы қызметке жегеді. Құрылысы, формасы өзгеруі де, өзгермеуі де мүмкін. Ол автордың творчестволық мақсатына байланысты.

Ч.Диккенс шығармаларында фразеологизмдерді қолдануда әртүрлі тәсілдерге барған. Фразеологизмдердің сипатын, құрылысын, мәнін анықтау аударма теориясының кейбір мәселелерін шешуді жеңілдетеді. Бұларды айқындап алмай олардың аудармасын сөз ету мүмкін емес. Өйткені автордың өзіне ғана тән стилін осы тектес құбылыстар танытады. Біз мұны анықтау арқылы жазушы стилінің сипатын және әдеби тілге қатысының қаншалықгы екенін қадағалаймыз. Бұл аударма үшін, аудармашы зерттеуші үшін қажет.

Күрделі тіркестер – идиомдарды, фразеологиялық топтарды былай қойғанда, жеке сөздердің өзін де екінші тілде беру процесі оңайға түспейді.

Өйткені қайсыбір тілді алсаңыз да, оның әрқайсысының өзге тілге сай келе бермейтін толып жаткан ерекшеліктері бар. Туыстығы басқа тілдердің бірінен-біріне аудару процесі оңайға соқпайды.

Әлгі қиындықтар осы тектес ерекшеліктерге де байланысты. Қазіргі реалистік аударма теориясы түпнұсқаның осы типтес өзгешеліктерін толық жеткізуді талап етеді. Шығарманың тек мазмұнын қанағат тұтып отыратын кез де болған. Енді мазмұн мен идеяға қоса шығарманың сан қилы тілдік құбылыстарын, автордың стилін жеткізу – өмірдің өзі туғызған заңды талап. Яғни белгілі бір шығарма түпнұсқада қандай болса, аударма тілде де үлкенді-кішілі бар қасиетімен түгел жеткізілуі тиіс. Ғалымдардың, тәжірибелі аудармашылардың пікірінше, идиомдар мен фразалық топтар аударманың ең қиын саласы екені анық. Бұл фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің өзіндік қасиеттерінен туатын қиындықтар. Және фразалық топтардың әр тілде өзінше тұрақтанған, сол тіл аясына ғана сыйымды тұтас мағынасы болатынын жоғарыда жеке-дара тексеріп қараған болатынбыз.

Әдетте идиомдар барынша қысқа боп келеді де барлық компоненттері жиылып бір-ақ мағына білдіреді. Ал компоненттерін жеке-жеке алып қарасаңыз, өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан айырылып, дерексізденіп кеткенін байқамыз. Бұл көптеген жыл жемісі болса керек.

Фразалық топтар да идиомдар тәрізді қысқа, нақты, тұжырымды боп келеді. Компонентгерінің негізгі орны тұрақты. Бірақ мұның компоненттері бастапқы, негізгі мағынасынан айырылмай-ақ бір тиянақты ойды бейнелеп, тұспалдап жеткізіп тұрады. Идиомдардан айырмашылығы осы қасиетінде. Бұларды аудару кезінде туатын қиындықтар осындай қасиеттеріне байланысты. Бәлкім, осы қасиеттерінің кесірінен болар идиомаларды тек сол халықтың мүлкі деп қарап, оны өзге тілге аударуға мүлде болмайды деген ұғымның соңғы уақытқа дейін белең алып келуі. Ондағы айтылатыны идиом құрамындағы сөздерді жеке-жеке аударғанда мағынасыз бір бөлдір-батпақ боп шыға келеді деу. Осылай қараған да дұрыс. Бірақ, олар әлгі идиом компоненттерін сол тілдің өзіңде жеке-жеке алып қарағанда да ешбір мағына бермейтінін ескермейтін. Сондықтан бұл жерде идиомдардың компоненттерін жеке-дара бөліп қарамай, солардың бәрі жиылып беретін мағынасын ғана екінші тілден іздестіруіміз қажет. Сонда біз әлгідей ел мен елдің, халық пен халықтың арасына қорған орнатып, шек қоймайтын боламыз. Сайып келгенде, бір халықтың тілінде жазылған, айтылған ой мен мазмұнды және оның қалай айтылуын екінші тілде әбден беруге болады. Өйткені ұлт пен ұлттың зат, әлем тұрғысындағы түсінігінде жоғары, төмендік жоқ, бәрінің ойлау жүйесі бірдей.

Міне, сондықтан аудармашы-ғалымдар, жазушылар автордың қандай бір ерекшелігі болмасын, стилін сақтап аудару керек деп тұжырады. Идиома, фразаларды аудару дегенімізді автордың стилін беруге жол деп қарауымыздың себебі осыдан.

Идиомдарды  аудару жайында түрлі-түрлі пікір  тараған. Бірі аударуға болады десе, екіншісі, керісінше, аударуға болмайды дейді. Мұндай кереғар пікірлердің туу себебі мынада. Біріншіден, идиомдардың жоғарыда ескертілген ерекшеліктеріне байланысты. Екіншіден, идиом сөздердің аударылу тәжірибесін қорытып зерттеген нақты еңбектің күні бүгінге дейін болмауында. Үшіншіден, бұл мәселе жайында пәлендей бір ереже жасау қиын-ақ. Сондықтан әрбір нақты іс, тәжірибе үстінде аудармашы өзінің білімі, таланты, шеберлігінің шама-шарқына орай бұл мәселені өзінше шешуі тиіс. Оның негізгі сүйенетін тірегі автордың стилі болу керек.

Идиом мен фразалық топтарды, мақал-мәтелдерді аударудың біздіңше, бірнеше жолы бар сияқты.

Екіншіден, аударылатын тілден сол мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің эквивалентін іздеу қажет. Ондай эквиваленттер көптеп табылады.

Халықтардың тіршілік ету формасы, тұрмыс жайы ұқсас келе береді. Соған орай әрбір ұлттың өмір тәжірибесін тұжырып, нақтылап, ұйқастыра айту қабілеті байқалады. Әлгі айтылған сөздің объектісі бір болуына байланысты ұқсас фразеологиялық орам жасалады.

Мақал-мәтелдерді аудару керек пе немесе эквивалентін табу керек пе деген мәселе айналасында да талай пікір тараған. Жоғарыда ескерткеніміздей, кейбір әдебиетші ғалымдар егер фразеологазмдерді аударсақ түпнұсқадағы мағына мүлде жоғалады, бастапқы әсерден жұрдай болады дегенді айтады. Ал басқа зерттеушілер, әсіресе К.Чуковский барлық жерде бірдей мақал-мәтелдердің ана тіліңдегі баламасын іздей бермей, қайта мүмкіндігінше аударуға тырысу керек дейді... «ибо народные пословицы тем-то дороги, что в них самобытная живопись. Национальные приемы мышления».

Бірақ қайсыбір тілді алсаңыз да, өзінше бейнелеу әдісі, сол образды тек өзіне ғана тән белгісімен әсемдеп, әсерлеп беру жүйесі болады. Мұндай ерекше белгілер фразеологизмдер мен мақал-мәтелден айқын көрінеді. Сондықтан ондай құбылыстарды қарадүрсін аудара салу білімсіздік болар еді.

Сонымен фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аударудың тәсілдерін мынадай үш топқа жинақтап айтуға болады. Біріншіден, мақал-мәтел құрамындағы сөздердің заттық мағынасын түгел беріп, дәл аударуға болады. Екіншіден, кейбір сөздердің заттық мағынасын өзгертіңкіреп аудару керек. Үшіншіден, аударылатын тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдерді пайдалану қажет. Макал-мәтелдерді аударудың осы типтес қағидасы орыс тілінде қалыптаса бастаған. Біз ұлттық ажары айқын аңғарылып тұратын фразеологазмдерді мұндай формулаларға салмаймыз. Бұлардың жөні бөлектеу.

Көркем әдебиетте жалпы халықтық тіл барлық грамматикалық айшықтарымен, сөздік құрамының күллі байлығымен жазушының шеберханасына түседі де, шындықты суреттеудің құралы есебінде пайдаланылады. Жазушы дәл осы жалпы халықтық тіл арқылы әдеби кейіпкерлер мен мінез-құлықтарды сомдап соғады. Кейіпкер бейнесін дараландырып, типтендіріп, диалог жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін құрады. Шығарманың тақырыбы мен идеясын айқындайды, жазушы стилін тұрақтандырады. «Оливер Твист» аудармасы дегенде ең алдымен айтарымыз бұл шығарма тәжірибелі аудармашының қолына тиген. Қайсыбір аудармашыларды қарағаныңызда, аудармашының кейбірінің түпнұсқа тілін немесе аударма тілін жете білмейтіндігі көрініп тұрады. Тілді аудара білу үлкен шеберлік. Ал енді сол тілді түпнұсқаның ыңғайына қарай бейімдеп, өзге тілде өрнектелген сом бейнелердің сан алуан сөз түйдектерін жасауын, сөйлеу мәнерін, түпнұсқаның шеңберінен шығып кетпей, екінші тілде беру және сол аударылғалы отырған тілдің ішкі заңдылықтарын бұзбай беру бұдан да асқан шеберлікті тілейді. Аудармашы аударма өнерінің осындай қиын да қызықты принциптеріне ыждағатпен қараған.

Бұл шығармада  фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді қолданатын кейіпкердің бірі Оливер. Ол өзі өмір сүрген ортаның бар тірлігіне белсене араласып, өз пікірін қаймықпай айтатын адам. Оның сөздері бейнелі, бедерлі.

Белгілі бір  халықтың ғасырлар бойғы әдет-ғұрып, салт-санасы, күнделікті тұрмысына байланысты қалыптасқан ұғымдары болады. Соған орай түрлі мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, нақыл сөздер жасалады. Яғни, керісінше, әлгі мақал-мәтелдер белгілі бір халықтың, белгілі бір дәуірдегі тіршілік-тынысынан хабар беретін тарихи факторлар.

Аудармада мұндай факторларға мән бермеуге болмайды. «Оливер Твисттегі» фразеологизмдердің біразын қазақ тұрмысына байланысты туған мақал-мәтелдерімен аудару ұшырасады. Көп жағдайда бұл тәсіл оқушыны түпнұсқадан аулақтататын тәсіл.

Мақал-мәтелдерді, фразеологизмдерді аударуға болатынын көрдік. Оның бірнеше жолы бар. Әрине, мұның бәрі аударма сияқты азабы мен қызығы мол істе дөп келе бермеуі мүмкін. Қалай дегенде де аудармада түпнұсқадағы кестелі сөздерді келісімді етіп беруге әбден болады.

 

Қорытынды

 

Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі тарихи бел-белестер, ұлы өзгерістер ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші - көркем әдебиеттің де шынайы болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді. Ал осы тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігі – фразеологизмдер болғандықтан, әлем жұртшылығы XXI ғасырдың табалдырығын аттаған бүгінгі таңда әдеби тілдің фразеологиялық қорын зерттеудің теориялық және практикалық жағынан да өз негізі бар.

Жалпы, тіл білімінде фразеология мәселесі көп зерттеліп келеді десек те, әрбір әдеби тіл кезең ерекшелігін ашатын оның бай фразеологиялық қоры мен құрамы туралы арнайы зерттеулер жүргізілген емес.

Тілдегі фразеологизмдер  – тілдік бірліктердің ішінде аккумулятивтік қызметі ерекше байқалатын, бірнеше мыңжылдықтар бойына пайда болып, дамып, қалыптасқан, әдеби тіл дамуы кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі. Әр жазушы өз өресіне қарай тілдің фразеологиялық қорынан қажетін алады да, өз кезегінде әдеби тілдің дамуына үлесін қосып отырады. Шын мәніндегі ағылшын көркем әдебиетінің ұлы тұлғалары ретінде танылып, Шекспирмен негіздеген жазба әдеби тіл дәстүрін әрі қарай жалғастырған ағылшын жазушылары осы тіл қазынасын мәнді материал, көркем құрал етіп, әдеби тілдің көркемдік дамуын ілгерілетті.

Көркем шығарма  тілінің фразеологиялық қорын зерттеу  – бір жағынан жалпыхалықтық  тілдің кезеңдік ерекшелігін терең  білуге себептессе, екінші жағынан, әр суреткердің тіл шеберлігін жан-жақты  ашып, оның әдеби тілімізді дамытудағы рөлін анықтаудың бірден бір жолы болып табылады. Себебі фразеологизмдер көркем әдебиет қажетін өтеуде халықтың эстетикалық талғамын ақтайтын ең бір күшті тілдік құрал болып келеді. Сондықтан әдеби тіл дамуы кезеңдерінің көркемдік сипатын танытуда қомақты материалды «тілдің әдебилік сипаттарының біреуі» -фразеологизмдер береді.

Көркем шығарма  тілін біршама терең зерттеген  орыс ғалымы А.И.Ефимов әдеби тілдің негізі жалпыхалықтық екенін және сөз  шеберлері сұрыптаған, байытқан тіл  екенін айтады. Көркем әдебиет тілі, жеке жазушылар тілі - әдеби тілдің сипатын толығырақ көрсететін элемент және әдеби тілдің өзге стильдеріне қарағанда, жалпыхалықтық тіл нормасына көркем әдебиет тілі жақын тұр, яғни әдеби тілдің жалпыхалықтық сипаты көркем әдебиет тілінен көбірек сезіледі.

Көркем шығармада  тілдің сөз байлығы мейлінше мол  жұмсалып, әр алуан ой мен сезімді  білдіретін тілдік мүмкіндіктерді кеңінен  пайдалану орын алады. Яғни мұнда  көркем тіл үшін икемділігі мол фразеологизмдер  мен мақал-мәтелдер жинақталады. Жазушы осы қазынаны пайдаланып, соның үлгісінде жаңаларын жасайды. Осы арқылы өз кезегіңде әдеби тілдің дамуын жетілдіре, толықтыра түседі.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Боранбаева Г.С. ХV-XVІІІ ғ. Қазақ поэзиясы тіліндегі фразеологизмдер. Филол. ғылым. канд. дис. –Алматы, 1994. -169 б.
  2. Боранбаева Г.С. ХV-XVІІІ ғ. Қазақ поэзиясы тіліндегі фразеологизмдер. Филол. ғылым. канд. дис. –Алматы, 1994. -169 б. 
  3. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтакиссі. Алматы, Рауан. 1991.-176 б.
  4. Кунин А.В. Английская фразеология. Москва. 1970.
  5. Лингвистический энциклопедический словарь. 560-б.
  6. В.В.Виноградов. Основные понятия русской фразеологии как лингвистической дисциплины. 1946.
  7. В.Н.Телия. Что такое фразеология? Москва. 1966.
  8. М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев. Қазақ тілінің стилситикасы. Алматы, 1966.
  9. «Халық мұғалімі», 1946, №1-2.
  10. Ф. Буслаев. Исторические очерки народной словесности и искусства, т. I-II. стр. 131.
  11. И. И. Срезневский. Замечания об образовании слов из выражений// «Изв. ОРЯС», 1873, т. X, стр. 68.
  12. Ф. Ф. Фортунатов. Сравнительное языкознание. Избранные труды, т. I. М., 1956, стр. 173-174.
  13. А. А. Шахматов. Синтаксис русского языка. Л., 1941.
  14. А. А. Потебня. Из лекции по теории словесности. Басня. Пословица. Поговорка. Харьков, 1894, стр. 103.
  15. Ш. Балли. Общая лингвистика и вопросы французского языка. М, 1955, стр. 29.
  16. «Современный русский литературный язык» (Программы задания для заочных пединститутов), вып. 24, 1933, стр. 12-16).
  17. «Русский язык в советской школе», 1929, № 6.
  18. І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). Алматы, 1962.
  19. К.Аханов. Тіл біліміне кіріспе. Алматы, 1965.
  20. М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев. Қазақ тілінің стилситикасы. Алматы, 1966.
  21. М. Қаратаев. Туған әдебиет туралы ойлар. Алматы, 1958.
  22. Айтбаев Ө.А. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. - Алматы: Ғылым, 1975, -227 б.
  23. Акаева М.А. Субстантивированные слова в составе фразеосочетаний казахского языка // Тезисы республиканской научно-практической конференции «Актуальные проблемы преподавания казахского языка и литературы в вузах республики с русским языком обучения, -Кзыл-Орда, 1990. - 145 с.
  24. Аронов Қ.Ғ. Қазақ тіліндегі халықтық космонимдердің этнолингвистикалық табиғаты: Филол. ғылым. канд. дис. - Алматы, 1992. - 196 б.
  25. Ахметжанова Ф.Р. Фразеологические типы «относительное прилагательное плюс существительное» в казахском языке. Дис. канд. филол. наук. - Алма-Ата, 1988. - 220 с.
  26. Ахметжанова Ф.Р., Кудрявцева В.А. Слово в системе словарей русского и казахского языков. - Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ, 1996. - 126 с.
  27. Ахметжанова Ф.Р., Кудрявцева В.А. Фразеологические словари в системе лингвистической подготовки будущего словесника // Русский язык и литература в казахской школе. -1998. - № 1. -с. 47-52.
  28. Ахметжанова Ф.Р. Определительные фразеосочетания казахского языка: Монография. -Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ, 1998. - 212 с.
  29. Ахметжанова Ф.Р., Ережепова С.К. Моделирование коммуникативных ситуаций при обучении казахскому языку как второму: Учебное пособие. -Усть-Каменогорск: Изд-во ВГИ. -1999. -36 с.

Информация о работе Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі