Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 19:52, курсовая работа
Жалпы, тіл білімінде фразеология мәселесі көп зерттеліп келеді десек те, әрбір әдеби тіл кезең ерекшелігін ашатын оның бай фразеологиялық қоры мен құрамы туралы арнайы зерттеулер жүргізілген емес. Яғни біздің бұл тақырыпқа арнайы баруымыздың себебі, әдеби тіл дамуының ұлттық кезең сипатын танытатын алғашқы көркем қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер ғылыми тұрғыдан зерттеу нысаны болған емес. Бұл – бір. Екіншіден, XX ғасыр басындағы қазақ прозасы тілі әр түрлі себептермен толыққанды зерттелмей келеді. Бұның үстіне осы кезең қазақ жазушылары шығармаларының аттары аталмай келгендері де болды.
Кіріспе..................................................................................................................
І-тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы
1.1 Фразеологизмдердің түрлері және тұрақты тіркестердің басқа
тілдік тұлғалардан айырмашылығы..................................................................
1.2 Фразеологизмдердің белгілері.....................................................................
1.3 Фразеологизмдер және олардың зерттелуі.................................................
ІІ-тарау. Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі.
2.1. Аударма тарихы және теориялық мәселелері............................................
2.2 Фразеологизмдерді аудару мәселелері........................................................
2.3 Фразеологизмдердің көркем шығармалардағы қызметі және
оларды аударудың жолдары...............................................................................
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................
Ал қазақ тіл білімі уәкілдерінің көзқарастарына тоқталсақ, оның мән-жайы мынадай. Қазіргі қазақ тілі оқулығының бірінші басылымында: «...фразеологиялық тізбектер өздерінің жасалуы, фразалық материалы, грамматикалық байланысы, лексикалық мәні жөнінен төмендегідей үш ірі түрге бөлінеді: идиомдар, мақалдар, мәтелдер», - ал аталған оқулықтың 1962 жылғы басылымында: «фразеологиялық тіркестердің құрамына идиомалар және баска фразалық топтар жатады», - делінген.
Бастапқыда фразеологиялық орамға не жататыны айқын айтылған болса, соңғыда ол жалпы айтылған. Бірақ мақал, мәтелдердің де сөз болуына қарағанда, мұнда да олар фразеологиялық орамдардың белгілі тұлғасы ретінде алынған деуге болады.
Профессор М.Балақаев пен профессор Т.Қордабаев тұрақты тіркестерді идиомалық тіркестер, фразалық тіркестер деп екіге бөлген. Профессор А.Ысқақов та күрделі сөздерді топтастыру мәселесіне қатысты айтқандарында тұрақты тіркесті идиомалық тіркес, фразалық тіркес деп екіге бөледі. Профессрр К.Аханов: «...мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді фразеологиялық единицалардың қай тобына жатқызу – өте күрделі мәселе», - дейді.
Сонымен қазақ тіл білімінде де фразеологиялық орам тұлғалары идиома мен фраза болатыны күмән тудырмайды. Проблема фразеологиялық тұлғаларды басқа тілдік құбылыстардан ажыратуда нені межелік белгі етіп алу керек екендігіне байланысты туады.
Орыс тіл білімінде фразеологиялық тұлғалар жайында сөз қозғаған тіл мамандары оны басқа тілдік құбылыстардан ажыратарлық белгі ретінде, негізінен, компоненттерінің тұрақтылығын, бүкіл тіркестің беретін жалпы мағынасы бөліп-жаруға келмейтін, тұлғасының күрделі, құрылымы жағынан вариаттары болатын, сөйлеу кезінде құрастырылып жатпай даяр, жаттанды қалпында ойдан шығарып айтқандай қолданылатынын, басқа тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейтінін айтады. Ал қазақ тілінде тіл мамандары пікірлері де негізінен осы бағыттас болып келеді.
Фразеологиялық тұлғаларды онымен құрылымдас басқа тілдік құбылыстардан ажыратуда арқа-таяныш етіп жүрген белгілеріміз мүлтіксіз деуге келмейді.
Фразеологиялық единица, оның сөз тіркестеріне қатысы туралы мәселеге тоқталайық.
Сөз тіркесінің көптеген мәселелері жете зерттелмегенімен, оған фразеологиялық единицалардың қатысы арнайы зерттеудің объектісі болған емес.
А.Н.Коклянова «О границах фразеологии тюркских языков» деген мақаласында фразеологияның мол зертгелгенін айта келе, «Тұрақты сөз тіркестері негізінде екі тұрғыдан қаралады: не жеке бір түркі тілдерінің фразеологиясы ретінде, не белгілі бір жазушы шығармалары тілінің ерекшеліктері», - деп көбіне таза фразеологиялық тұрғыдан зерттенгендігін көрсетеді. Фразеологиялық единицалардың тілдің басқа да салаларымен қатысып арнайы көрсететін еңбектер де шыға бастады. Л.Архангельский, Г.Ф.Булгаков, З.В.Валюсинская-Донскова, В.П.Жуков, П.В.Орлов, Х.М.Сайкиев т.б. авторлар фразеологиялық единицалардың ішкі ерекшеліктерін айтумен бірге олардың тілдегі басқа да ерекшеліктерін, яғни синтаксистік ерекшеліктерін де арнайы сөз етті.
Фразеологиялық единицалар туралы көптеген мақала, еңбектер жазылды [3, 74].
І.Кеңесбаев еңбектерінде фразеологиялық единицаның синтаксистік жағы онша еленбейді. Р.Сарсенбаев, Ө.Айтбаевтың еңбектерінде фразеология тек таза ФЕ аспектісінде зерттелініп, синтаксистік ерекшеліктері сөз болмайды. Т.Қордабаев, Х.Қожахметованың, М.Копыленколардың еңбектерінде тұрақты тіркестердің синтаксистік ерекшеліктері біраз айтылады.
Сонымен, жалпы фразеология туралы шыққан еңбектерге шолу жасай келгенде, біріншіден, ол еңбектер өте көп, екіншіден, олардың бір бөлігі таза фразеологиялық аспектіде жазылған, үшіншіден, синтаксистік өзгешеліктері туралы жазылған еңбектер жоқтың қасы.
Профессор М.Балақаев сөз тіркестері, оның ішінде түйдекті тіркестердің жасалу жолының бірі – тұрақты тіркестер дей келіп, қазақ тіл білімінде тұрақты тіркестердің сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатындығын алғаш көрсетіп берді.
Тілдік фактілер әр уақытта да бір-бірімен тығыз байланыста қолданылуға тиіс десек, фразеологиялық единица да тілдің басқа салаларымен тығыз байланысты. ФЕ сол тілдік фактілердің ішінде синтаксис, оның ішінде сөйлем мүшесімем де, тіпті сөйлемнің түрлерімен де тығыз байланысты. Сол сияқты ФЕ сөз тіркестеріне де қатысы бар категория.
ФЕ сөз тіркссінің белгілі сыңары қызметінде жұмсала алады десек, оның өзінің іштей ерекшеліктерін айқындау қажет. Сөз тіркесінің сыңары қызметінде жұмсалуын сөз етуден бұрын олардың ішкі ерекшеліктерін айқындау ксрек. Сондықтан, біріншіден, ФЕ-ң сөз тіркесінің әрбір сыңарынан айырмашылығын, екіншіден, ФЕ-ң жалпы сөз тіркесінен айырмашылығын айқындау орынды.
Академик В.В.Виноградов ФЕ туралы айта келіп, оның сөзден бүтіндей айырмашылығының барлығын, бірақ күрделі сөзге ұқсастығы болғанымен, екеуінің жігінің бір еместігін көрсетеді.
Америка және ағылшын лингвистикасында фразеологияға арналған еңбектер өте аз. Ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді зерттеу, оларды аудару мәселесімен айналысқан Кунин А.В. Кунин А.В. өзінің еңбектерімен ағылшын фразеологиясының және де жалпы фразеологияның дамуына өте көп үлес қосты. А.В.Куниннің мынандай еңбектерін атауға болады: «Английская фразеология», «Фразеология современного английского языка», «Англо-русский фразеологический словарь» т.б.
Кунин А.В. фразеологиялық единицалар мен сөз туралы айта келіп, олардың төмендегідей өзгешеліктерін көрсетеді. Екеуінің бірінші айырмашылығы мазмұнында, екінші айырмашылығы жасалынуында, үшіншіден, фразеологиялық единицаның мағыналық құбылысы мен сөздің мағыналық құбылысы еш уақытта сәйкес келмейді деп сөзден айырмашылығын айтады [4, 15].
Кунин А.В. ФЕ мен сөз туралы айта келіп, олардың төмендегідей өзгешеліктерін көрсетеді. Екеуінің бірінші айырмашылығы мазмұнында, екінші айырмашылығы жасалуында, үшіншіден, ФЕ-ң мағыналық құбылысы мен сөздің мағылалық құбылысы еш уақытта сәйкес келмейді деп сөзден айырмашылығын айтады [4, 19].
А.И.Молотков фразеология, оның өзіндік ерекшеліктері туралы айта келіп, оны тілдің баска да өзіне ұқсас категориялардан, яғни, бір жағынан, сөзден, екінші жағынан сөз тіркесінен айырмашылығын көрсетеді. Сөйлемде фразеологизм сол тобымен бір бүтін ретінде жұмсалатын болса, ал сөз жеке дара-ақ өз алдына жұмсала береді. Фразеологизм мен сөз тіркесінің ұқсастығы:
1) екеуі де кемінде бірнеше сөзден болады;
2) екеуінің тарихи байланысы бар.
Міне, осы аталған еңбектерде сөз бен фразеологиялық единицаның айырмашылықтары арнайы айтылғанмен, әрқайсысында түрліше көзқарастың барлығы айқын.
І.Кеңесбаев сөз бен фразеологияның кей ретте мағына жуықтығы болғанымен, олардың арасына теңдестік белгісін қоюға болмайтындығын көрсетеді. ФЕ-да мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы қайталанбайды дей келе, ондай ерекшеліктер сөзде болмайтындығын айқындайды. Автор ФЕ-ң сөзден айырмашылығын айтса да оның сөз тіркесіне қатысы туралы сөз қозғамайды.
Сөз |
ФЕ |
1) Сөз бір ғана сөзден, ол түбір туынды, қос сөз, қысқарған және біріккен сөз болады; |
1) ФЕ кемінде екі сөзден болады; |
2) жеке сөздің әрқайсысының жеке лексикалық та, грамматикалық та мағынасы бар; |
2) ФЕ-ң әрбір
сөзінің лексикалық немесе |
3) сөз жеке-дара қолданыла алады; |
3) ФЕ-ң әрбір сөзі жеке алынбай, сол тобымен бір-ақ жұмсалады; |
4) сөзде жеке ғана ұғым болады. |
4) ФЕ-да сол тобымен мағына тұтастығы басым. |
Жалпы сөз бен ФЕ айырмашылығы мен ұқсастығы туралы мынадай қорытындыға келуге болады: фразеологизмдер мазмұн жағынан жеке-дара сөздің беретін мағынасына жақындайды. Алайда жеке сөз тікелей атауыштық мәнде жұмсалса, фразеологизмде бейнелік-атауыштық мағына басым. Сөз белгілейді, фразеологизм бейнелейді. Тұрақты сөз тіркесі атауыш мәнде жұмсалса да, экспрессивтік бояуы басым бағалау мәнінде жұмсалса да - бәрінің орнында сурет, бейне болады. Ол бейне көмескіленген оқиғалардың, дәстүрлердің, ырым-түсініктердің көлеңкесі немесе фразеологизм – заттың, құбылыстың күрделі құрылымын, сыр-сипатын дәл атайтын айшықты атау. Жеке сөздер көбіне халықтың тікелей дүние тану дәрежесінің айғағы секілді көрінсе, фразеологизм адамның ойлау мүмкіндігінің, психикасының, адамға тән түрлі табиғи қабілеттер мен қасиеттердің дәрежесін аңғартады.
Жалпы, еркін сөз тіркесі адамның өзін қоршаған объективті, субъективті дүниемен қарым-қатынасының дәрежесін көрсетеді.
Тілде тұрақты тіркес те, күрделі сөздер де лексикологияның қарайтын объектісіне жатады. Алайда екеуі де тілде атаулық қызмет атқарғанымен, бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар. Олар мынадай:
1) екеуінің де төркіні сөздердің еркін тіркесі болғанымен, одан ажырап, басқа категорияға қалыптасуға әр түрлі процестер ұйытқы болған, мәселен, тұрақты тіркес тұлғаларына идиомалану процесі, ал күрделі сөздерге фонетикалық фактор мен лексикалану, идиомалану, делексикалану, грамматикалану процесі ұйытқы болған;
2) екеуінде де қалыптасып қалған құрылым болғанмен, күрделі сөзге қарағанда фразеологиялық тұлғалардікі берік, бекем және де ол көп компонентті; оның құрамы күрделі сөздердей дербес мағынасы бар атаушы сөздермен шектелмей, оған көмекші сөздер де қатысады; олардың кейбіреулері сөз тіркесі, сөйлеммен де құрылымдас келеді;
3) идиома, фразалар күрделі сөздердей тура, ауыспалы мағынада емес, үнемі беймелі мағынада жұмсалады;
4) тұрақты тіркес тұлғалары сөз табы болмайды, бірақ негізгі сөз табымен орайлас келіп, оның сөйлемдегі қызметінде жұмсалады.
5) күрделі сөз
басқа көздің жасалуына негіз
болу қасиетін белгілі
6) күрделі сөздердің қолдану аясы кең, тұрақты тіркес тұлғалары негізінен, мінез-құлық немесе жеке затқа тән ерекше бір белгі-қасиетті білдіреді;
7) идиома, фразалардың дені басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейді;
8) фразеологиялық тұлғалар сөйлем ішінде қолданылғанда әуел бастағы түр-тұрпатын сақтайды, ал күрделі сөздер алуан түрлі қосымшалармен өзгеріп түрленеді.
Фразеологиялық тұлғалардың білдіретін жалпы ұғымы мен беретін мағынасына ой жіберсек, олардың бірі оны құрастырушы элементтердің бірде-бірінің лексика-семантикалық мән-мағынасына ешбір қатысы болмай, одан мүлде басқаша мағына білдіретіні, ал екінші бірі керісінше, ондағы сөздердің бірі немесе екіншісімен қалайда бір байланыста болатыны байқалады. Осыған орай бұларды өз ішінде екіге бөліп қарауға болады. Бүкіл фразеологизмдер идиомдар мен фразалық топтарға ажыратылады.
1.2 Фразеологизмдердің белгілері
Фразеология туралы еңбектерде фразеологизмдердің негізгі үш белгісі болатыны көрсетіліп жүр: мағына тұтастығы, құрылымының тұрақтылығы және қолданылу тиянақтылығы. Бұл белгілердің қатарында фразеологизмдердің бейнелілігі көрсетілмеген. Фразеологизмдердің тұтастығы жай ғана тұтастық емес, бейнелі, мәнерлі тұтастық. Бейнелілік, мәнерлілік фразеологизмдердің басқа белгілері сияқты маңызды белгісі болып табылады. Сөйтіп, фразеологизмдер басқа тіл бірліктерінен төрт түрлі белгі-қасиетімен ерекшеленеді: 1) құрылым тұрақтылығы. 2) мағына тұтастығы. 3) даяр қалпында қолданылу тиянақтылығы. 4) бейнелілігі, мәнерлілігі. Осы белгілер фразеологизм атаулының бәріне тән, тек бірінде толық, бірінде солғын болуы мүмкін. Фразеологизмдердің жоғарыда көрсетілген белгілерін құрылымы немесе мағынасы жағынан оларға ұқсас басқа тіл бірліктерімен (еркін сөз тіркестері, күрделі сөздер, сөйлемдермен) салыстырғанда айқын көруге болады.
Фразеологизмдердің
еркін сөз тіркестерінен айырма
Ал фразеологизмдерге келсек, олар да кем дегенде екі сөздің тіркесуінен жасалады, бірақ олардың құрамы тұрақты.
Екінші айырмашылығы – фразеологизмдердің мағына тұтастығында. Фразеологизмдер мағына тұтастығын сақтайды, фразеологизмдердің мағыналық тұтастығы құрамындағы сөздердің жеке мағыналарына тәуелсіз. Фразеологазмдердің мағыналары құрамындағы сөздердің лексикалық мағыналарымен сәйкеспейді, яғни лексикалық мағыналардың жиынтығы емес. Фразеологизмдік мағына дегеніміз – құрамындағы сөздердің не жеке бір сыңарының лексикалық мағыналарының қайта жаңғыртылған жинақты мағынасы. Сол себепті фразеологизмдер семантикалық жағынан біртұтас тіл бірлігі ретінде қолданылады.
Тіпті фразеологизмдердің
құрамындағы сөздердің
Үшінші айырмашылығы – фразеологизмдердің даяр қалпында қолданылу тиянақтылығында. Оған негіз болған фразеологизмдердің жоғарыда айтылған құрылымдық тиянақтылығы мен мағына тұтастығы. Осы белгілердің сақталуы нәтижесінде фразеологизмдер даяр тұрақты тіркес сипатына ие болады. Фразеологизмдер сөйлеу кезінде, қарым-қатынас үстінде жасалынбайды, біртұтас тіл бірлігі ретінде даяр қалпында жұмсалады.
Сөйлеуші бұларды сөйлеу үстінде өздерінше өзгерте алмайды. Олар осы қалпында адамдардың жадында сақталған, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп, даяр қалпында қайталанып отырады.
Ал еркін тіркестер керісінше сөйлеу кезінде, қарым-қатынас үстінде құрамындағы сөздердің өзара үйлесіп еркін тіркесуі арқылы жасалады. Еркін тіркестердің мағыналары құрамындағы сөздердің лексикалық мағыналарына тәуелді, яғни фразеологизмдердей қайта жаңғыртылған мағыналар емес.
Төртінші айырмашылығы – фразеологизмдердің көпшілігіне мәнерлілік, айқындық, бейнелік қасиет тән екендігінде. Бұл қасиет фразеологизмдердің стилистикалық мәнін аттырады. Бесінші айырмашылығы – еркін тіркестер бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға көнеді.
Ал фразеологизмдер әдетте бір тілден басқа тілге сөзбе-сөз аударуға көнбейді, оларды басқа тілдегі баламалары арқылы немесе фразеологиялық мағыналарын түсіндіру арқылы беруге болады.
Информация о работе Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі