Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 19:52, курсовая работа

Краткое описание

Жалпы, тіл білімінде фразеология мәселесі көп зерттеліп келеді десек те, әрбір әдеби тіл кезең ерекшелігін ашатын оның бай фразеологиялық қоры мен құрамы туралы арнайы зерттеулер жүргізілген емес. Яғни біздің бұл тақырыпқа арнайы баруымыздың себебі, әдеби тіл дамуының ұлттық кезең сипатын танытатын алғашқы көркем қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер ғылыми тұрғыдан зерттеу нысаны болған емес. Бұл – бір. Екіншіден, XX ғасыр басындағы қазақ прозасы тілі әр түрлі себептермен толыққанды зерттелмей келеді. Бұның үстіне осы кезең қазақ жазушылары шығармаларының аттары аталмай келгендері де болды.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................

І-тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы
1.1 Фразеологизмдердің түрлері және тұрақты тіркестердің басқа
тілдік тұлғалардан айырмашылығы..................................................................
1.2 Фразеологизмдердің белгілері.....................................................................
1.3 Фразеологизмдер және олардың зерттелуі.................................................

ІІ-тарау. Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі.
2.1. Аударма тарихы және теориялық мәселелері............................................
2.2 Фразеологизмдерді аудару мәселелері........................................................
2.3 Фразеологизмдердің көркем шығармалардағы қызметі және
оларды аударудың жолдары...............................................................................

Қолданылған әдебиеттер..................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

фразеология.doc

— 379.50 Кб (Скачать документ)

В.В.Виноградов фразеологиялық топқа семантикалық анализ жасап, оның мағыналық жіктерін дәл ажыратып классификациялаған. Ең алдымен, ол бұл топтан фразеологиялық тіркестерді (фраз. сочетания) бөліп шығарды да, Ш.Баллидің «единства» деп жүргендерін екіге ажыратты; фразеологиялық түйдектер (тұтастықтар) және фразеологиялық тізбектер (единства) деп. Осының әрқайсысын жеке-жеке талдап көрейік.

1) Фразеологиялық тұтастықтардың (сращения) негізгі белгілерін тізіп айтсақ мынадай түйін жасауға болады. Біріншіден, бұлар ішкі формасынан айрылған, дәлелдемесі жоқ жеке сөздер сияқты лексика-семантикалық единицалар. Екіншіден, тұтастықтар компонентінің бірде-бірі жеке өзіндік мағынаға ие бола алмайды. Яғни олар негізгі лексикалық мағыналарынан мүдде айрылған. Бір бүгіннің беретін мағынасы мен жеке компоненттердің әрқайсысының лексикалық мағынасы арасында ешқандай байланыс жоқ. Үшіншіден, мұның құрамыңдағы сыңарлардың сырттай қарағанда жеке-жеке тұруы тек тілдің өзінің ежелден қалыптасқан дәстүріне, дағдысына байланысты нәрсе. Егер В.Виноградовтың өз сөзімен тұжырсақ, фразеологиялық тұтастықтар – «ертіндіге айналған лексикалық бөлшектердің химиялық қосындысы». Бұл сияқты тұтастықтарды идиома деп те атайды. Идиомаландырылған сөз тіркестерінің грамматикалық мағынасы да өзгеріп кетеді. Оның себебі фразеологиялық тұтастықтардың семантикалық жағынан бөліп жаруға келмейтіндігіне байланысты. Яғни семантикалық біртұтастық оны грамматикалық жақтан мүшелендірмейді.

С.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақовтың «Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігі» кітабында фразеологияның бұл терминдерінің бәріне қысқаша анықтама берілген. Мәселен, фразеологиялық түйдектерді (тұтастықтарды) былай түсіндірген: «Түйдекті тіркес ішіндегі сөздердің бір-бірімен лексикалық, грамматикалық берік байланыста болып, бөлініп-жарылмайтын фразалық мағынаның ол сөздердің лексикалық мағыналарымен ешбір жуыспайтын томаға-тұйық тіркестер».

2) Фразеологиялық тізбектердің В.В.Виноградов негізгі төрт қасиетін көрсеткен. Фразеологиялық тізбек болу үшін бұл белгілердің бәрі түгел болуының қажеті жоқ. Осының бірі де жеткілікті. Енді сол белгілерді жеке-жеке қарайық.

а) Біртұтас фразалық тіркестің бейнелі, ауыспалы мағынада болуы шарт. Бұл мағына бірден ұғынылмай, кей жағдайда ғана сезілуі тиіс; ә) Экспрессивт тығыздық (насыщенность); б) фразалық тізбектің лексикалық элементтерінің ешқайсысын басқа бір синоним сөздермен ауыстыруға болмайды; в) Егер ауыстырар болсақ, онда фразалық тізбекті түгелімен ауыстыру мүмкін екендігі. Бірақ айтылған белгілердің бәрі де ешбір дау туғыза алмайтын ақиқат емес. Сондықтан мұны өзінде де біраз солқылдақтық бар (В.Н.Телия).

Жоғарыда көрсетілген  тіл білімі терминдерінің сөздігінде фразеологиялық тізбектерді «Тұгас тізбек (бірліктер) күйінде бүтін бір мағынаны білдіретін, бірлік жігі ажырамайтын, компоненттері басқа сөзбен алмаспай тұратын тұрақты сөз тіркестерінің бір түрі» деген.

Фразеологиялық тізбектердің негізгі қасиеттері оның ең алдымен, бірден аңғарыла қоймайтын астарлы мағыналылығында болса, екіншіден, мұндай тіркестер өте әсерлі, әрі мәнерлі болады; үшіншіден, бұлардың компоненттерінің ешқайсының орнын ауыстырып, не орнына басқа бір сөз қоюға келмейді; төртіншіден, фразеологиялық тізбекті мәндес бір сөзбен немесе синонимдес тіркеспен алмастыруға болады.

3) Фразеологиялық  тіркестер фразеологиялық единицалардың  ең молырағы. В.В.Виноградов мұны  тізбек пен тұтастыққа қарама-қарсы қойып қарайды. Бұл тіркестер семантикалық жағынан жіктеуге келеді. Мұндағы тіркескен сөздердің мағыналық салмағы бірдей. Фразеологиялық тіркестердің құрамындагы сөздер өзінің негізгі лексикалық мағынасында тұрады. Жалпы мағына осы сыңарлар мағынасымен тікелей байланысты.

Енді осы  классификацияға қазақ ғалымдары қалай қарайды екен және жалпы фразеологиялық тіркестер жайындағы пайымдауларын талдап көрелік.

І.Кеңесбаев  пен Ғ.Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» деп аталатын кітабында автор тіркес атаулының бәрін фразалық тіркес деп алады да, алдымен оны идиомдар және басқа фразалық топтар деп екіге бөледі. Идиомдарды ерекше категория ретінде өз алдына бөлек қарайды да, тіліміздегі басқа тұрақты сөз тіркестерінің бәрін (мақал, мәтел, қанатты сөз т.б.) фразаның қатарында әңгімелейді. Идиома мен фразаның негізгі айырмашылықтарын былай түсіндіреді: «Идиом тобындағы сөздер өзінің жеке тұрғандағы негізгі мағынасынан айырылып қалады да, өзара жымдасып, бір ғана негізгі лексикалық ұғым береді. Басқаша айтқанда, идиом ішіндегі компоненттер өзінің лексикалық формасы мен мағынасын жоғалтады да, грамматикалық формасын сақтайды; бұлар (компоненттер) – негізгі бір кесек күрделі лексикалық единицаның грамматикалық элементтері (мүшелері) болып есептеледі [18]. Идиоманың негізгі белгілері: біріншіден, «тұтас бір ұғым жеке сөздерінің ұғымынан алшақ кетеді де, жеке сөздер (компоненттер) өзінің дербес ұғымынан не жартылай, не мүлдем айрылып қалады», екіншіден, «бұл тізбектердің көпшілігі екінші тілге сөзбе-сөз аударуға келмейді» [18]. Ал фраза «жеке элементтердің негізгі мағынасынан барып жасалған тізбек» [18].

Идиом мен фразаның ортақ қасиеттері де бар, ол – тиянақтылық. Сөйтіп, біз идиом мен фразаның айырмасы олардың құрамындағы сөздердің жеке күйіндегі мағынасынан айрылу, айрылмауына байланысты ажыратылатынын байқап отырмыз. Авторлар мақал-мәтелдердің де негізгі қасиеттерін ашып, идиомдармен салыстыра зерттейді. Олардың ортақ белгілерінің бастысы орнықтылық, яғни бұл тіркестерді құрауға қатысып тұрған сөздердің арасына сөз қосып немесе олардың орнына басқа бір сөзді пайдалануға болмайтындығы деп көрсетілген. Бұлардың бәрін топтап келіп, жасалған мына бір тұжырымға назар салыңыз:

«Мақал, фраза, идиомдарды басқа системалық күйге аударарда бұлардағы өзара негізгі айырмашылықтардың бірі айқын көзге түседі – идиом сөздердің дені сөзбе-сөз (мақал, фразадағы сөздердей) аударуға келмейді. Бұл – жоғарыда біз атап кеткен лексикалық өзгешеліктен туған қасиет» [18].

Жалпы, авторлар идиома мен фразаны егжей-тегжейлі талдағанмен, мақал-мәтелді тұрақты сөз тіркесінің қай түріне жатқызуға болатынын ашып айтпайды.

Идиомдардың тағы бір ерекше белгілерінің бірі – олардың көнелігі. Сөздер тізбегі идиом болу үшін көп замандар керек. Оның құрамындағы сөздер мүлде дерексізденіп, өзінің негізгі лексикалық мағынасынан алшақтауы осындай ой туғызады. Мақалдарды қолданғанда, оны өзгертпей сол қалпында алып, басқа сөздермен араға де («деп», «деген», «дегендей») етістігін дәнекер етеміз. Ал идиомдарды морфологиялық өзгерістерге салуға болады да, олардың синтаксистік тиянақтылығын ешбір өзгерте алмайсыз. Морфологиялық, әрі синтаксистік беріктігі бірдей идиомдар да бар, бірақ олар көп емес. Идиомдар түгесінді бір ғана ойды білдіруіне орай, олар көбінесе бір сөздің орнына жүреді.

Идиом, фразалардың  тағы бір ерекшелігі – біразының дыбыс үйлесімі. Бұл тізбектерде біркелкі не дауысты, не дауыссыз дыбыспен (аллитерация) келетін немесе не біркелкі жуан, не жіңішке сөздерден келетін идиомдар бар.

Идиом, фразалардың  лексикалық мағыналарын бөлек әңгімелеу қажет.

«Қазақ тілі» практикалық курсында (авторлары: Н.Оралбаева, Г.Мадина, А.Әбілқаев, жалпы редакциясын басқарған проф. М.Балақаев) «Лексика» тарауының бір бөлімі «Тұрақты сөз тіркестері» деп аталған. Мұнда авторлар тұрақты сөз тіркестерін идиома, фраза, мақал-мәтелдер деп жеке-жеке бөліп талдайды. Қысқа болса да әрқайсысына анықтама беріп, нақты тұжырым айтуға тырысқан. Әрқайсысына берілген анықтамаларға жеке-жеке қарап шығайық.

а) Идиома деп  іштей бөліп, жаруға келмейтін және оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер тобын тұрақты тіркес дейміз.

ә) Тұрақты тіркестердің енді бір түрін фраза деп атайды да, оған да нақты анықтама бермегенмен, мұның өзіндік айырмасын түсіндіреді. Авторлардың түсініктемесін берейік: «Тұрақты тіркестің бір түрі – фраза. Ол да идиома сияқты түйдекті тіркес қалпында айтылады. Алайда мұның идиомадан айырмашылығы құрамындағы сөздердің бәрі не біреуі өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан айрылып қалмайды».

Шынында бұл  келтірілген мысалдар құрамындағы  сөздер өзінің негізгі лексикалық мағынасынан  онша алшақтамайды. Ендеше идиомалар сияқты, фразалық тіркестер де сөзімізді өткір, көрікті, образды ету үшін жұмсалады деген тұжырымды әбден қолдаймыз.

б) «Мақал-мәтелдер халықтың ғасырлар бойғы іс-тәжірибесінен, өмір тануынан қорытылып, ереже түрінде тұжырымдалған аталық сөзі, ой түйіні». Біз авторлар анықтамасын бұлжытпай беріп отырмыз. Олар мақал-мәтелдің идиома, фразаларға ұқсас жағы мен өзгешелігін ажыратқан. Ұқсас жағы – мұның бәрінде «сыртқы құрылымы, сөздердің орын тәртібі тұрақты» болуында да айырмасы – біріншіден, «мақал-мәтелдің құрамындағы сөздер өздерінің лексикалық мағынасын толық сақтап, сөйлем мүшесіне талдауға келеді»; екіншіден, «егер идиома мен фраза сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысу үшін тұлғалық өзгеріске ұшыраса, мақал-мәтелдер ешбір өзгеріске түспей, басқа сөзбен не сөйлеммен де етістігі арқылы байланысады».

Авторлар мақал  мен мәтелдің өзара айырмасын  да ажыратқан: «мақалда өмір тәжірибесінен екшеліп алынған ақыл, өнеге, оқушыны жақсыға баулып, жаманнан аулақ болуға үйрететін кеңес берілсе, мәтел белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайды, онда астарлап, жұмбақтап айту мәні басым» болады.

Мұның қай-қайсысы  болмасын, айтайын деген ойды нақты, анық етіп және тыңдаушыға бірден аңғартуға немесе сөйлеген сөзімізден қысқа, тұжырымды қорытынды шығаруға үлкен жеңілдік жасайды. Бұларды талғамсыз қолдана беруге болмайды. Екінші жағынан мақал-мәтел әдебиеттің бір жанры есепті таптық сипатта боп келеді. Міне, сондықтан сақ болған жөн.

Фразеология жөнінде К. Ахановтың пікірлері көңіл аударарлық. К.Аханов өзінің кітабында [19] фразеологияны біраз талдайды. Ол осы еңбегінде бұларды екі топқа бөліп: оның бірін – еркін тіркес, екіншісін – тұрақты фразеологиялық тіркес деп алады. Мұның алдыңғысын синтаксистің сыбағасына беріп, кейінгісін лексиканың құрамында қарастырады.

Фразеология деген  терминге келсек, мұның екі түрлі мәні бар тәрізді: біріншіден, «белгілі бір тілдегі тұрақты фразеологаялық сөз тіркестерінің жиынтығы» дегенді білдірсе, екіншіден, сол тіркестер жиынтығын ғылыми түрде зерттеп талдайтын ілім мағынасында түсініледі. Автор тұрақты сөз тіркестерін жақшаның ішінде фразеологиялық единицалар деп алады. Бұл терминологиялық сөздіктерінде орныққан термин. Мұнда да алдымен тұрақты тіркес пен еркін тіркестердің айырмасы нақты талданады. Автор мынадай басты-басты ерекшеліктерін көрсетеді:

Біріншіден, «тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орны, еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнына қарағанда әлдеқайда тұрақты, бекем болады.

Екіншіден, «тұрақты фразеологиялық сөз тіркестерінен туатын бір бүтін мағына оны құрастырушы сыңарлардың мағынасынан басым» болады [19].

Үшіншіден, «тұрақты фразеологиялық сөз тіркестері бір тілден екінші тілге аударуға икемсіз келеді, әсіресе оларды тікелей сөзбе-сөз аударуға болмайды» [19].

Ағылшын тіліндегі  фразеологизмдерді зерттеу, оларды аудару мәселесімен айналысқан А.В.Кунин. А.В.Кунин өзінің еңбектерімен ағылшын фразеологиясының және де жалпы фразеологияның дамуына өте көп үлес қосты. А.В.Куниннің бұл салада көптеген еңбектерін атауға болады. Мысалы: «Фразеология современного английского языка», «Англо-русский фразеологический словарь» т.б.

Кунин А.В. фразеологиялық единицалар мен сөз туралы айта келіп, олардың төмендегідей өзгешеліктерін көрсетеді. Екеуінің бірінші айырмашылығы жасалуында, үшіншіден фразеологиялық единицаның мағыналық құбылысы еш уақытта сәйкес келмейді деп сөзден айырмашылығын айтады.

 

ІІ-тарау. Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі.

2.1. Аударма  тарихы және теориялық мәселелері

 

Жер бетінде  ежелден өмір сүріп келе жатқан халықтардың көбі осыдан жарты ғасыр бұрын бір-бірінің дүниеде бар екені жайлы да бейхабар болатын. Бірақ дүниені дүрліктірген ұлы оқиғалар бұйығып жатқан елдердің өміріне орасан өзгерістер өкелді. Ғылымның, техниканың дамуына байланысты халықтар арасындағы кеңістіктер жақындасып, қашықтықгар қысқарды. Енді адамдар өз үйінен алысқа ұзамай-ақ бір-бірін біле бастады. Осының нәтижесінде ортақ мүдде, бірегей мақсат, бірегей сөздер пайда болды. Бірақ адамдар тілінің әр түрлілігі бұрынғы қалпынша қала берді де, халықтар достығының дәнекері ретінде аударма өнері жандана бастады.

Аударма араласпайтын, аударма қатыспайтын мәдени өмірдің бірде-бір саласы жоқ.

Аударма деген  сөздің ауқымы (аумағы) кең. Бір тілден екінші тілге өлең, көркем проза, ғылыми және ғылыми-көпшілікке арналған әрқилы еңбектер, дипломатиялық документтер, іс қағаздары, саяси қайраткерлердің мақалалары мен шешендердің сөздері, газет материалдары т. т. толып жатқан дүниелер аударылуы мүмкін. Мұның бәрінде де аудармашыға қойылатын талап аударма теоретиктерінің айтуынша екі ыңғайда көрінуге тиіс.

1) Аударманың  мақсаты – түпнұсқа тексін тіл білмейтіндерге таныстыру;

2) Ал аудару  дегеніміз - өзге тілдің құралдарымен баяндалған тексті екінші тілдің құралдарымен барынша толық, әрі дәл жеткізу деген сөз.

Шынында, аударма  өнерінің мәселелерін жан-жақты талдап беру қиын.

Аударма осы  заманның өз мұқтаждығына сай туған өнер. Оның мәселелерін қарастыру деген сөз – дүниежүзі халықтарының ынтымақ, бірлігінің жаршысы болу деген сөз. Өйткені халықтардың өзара қарым-қатысының күшеюі, бір-бірімен жақындасуы заманымыздың жарқын белгілерінің бірінен саналмақ.

Халықтардың өзара ынтымағы мен достығынан туындап жатқан жарқын ойлар мен жалынды істер лаулағанда «ошақ басында отырып қалу» жөн емес. Ендеше ұлттық мәдениетіміздің даму, өркендеу жайы оның интернационалдық сипатына тікелей қатысты екеніне дау жоқ.

Информация о работе Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі