Х.ЕСЕНЖАНОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДӘУІР СИПАТЫ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 18:18, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі оқушы қауымның кәдесіне жараған, көркемдік, рухани азығына айналған көптеген шығармалар жарық көрді. X.Есенжановтың «Ақ Жайық» циклы, «Жүнісовтер трагедиясы», Ә.Нұрпейсовтың «Қан мен тер» трилогиясы сияқты көлемді, эпикалық туындылар, Әрине, бұл аталған шығармалар арқалаған әлеуметтік жүгі жағынан да, қазақ әдебиетіне қосқан көркемдік үлесі жағынан да бір-біріне тең емес. Бірақ бұлардың басым көпшілігі-ақ тақырыбы, зерттеген өмір құбылысы, жаңадан жасаған образдар галереясы, көркемдік құралы жағынан тұтас алғанда қазақ прозасына елеулі үлес қосты, оның ілгерілеп келе жатқан жаңашылдығын танытты.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3-5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Х.ЕСЕНЖАНОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ
ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДӘУІР СИПАТЫ.....................................................6-15
2. Х.ЕСЕНЖАНОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ
ТҰЛҒАЛАР БЕЙНЕСІ.............................................................................16-30
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................31-32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жунусовтер трагедиясы.doc

— 159.50 Кб (Скачать документ)

Революция дұшпандары да романда реалистік жолмен жасалған. Патшашыл генерал Михеев, шенқұмар полковник Арон Қаратаев, баскесер Абылаев, ұлтшыл оқығандар Жанша, Халел Досмұхамбетовтер, дәрігер Ехлас Шұғылов, тағы басқалары да қара бояумен сызыла салған кейіпкерлер емес. Олардың да көзқарасы мен түсінігінде өз ортасының, дәуірдің қайшылықты сипаттары мол. Автор қазақ қоғамындағы буржуазияшыл ұлтшылдықтың шығу, даму жағдайларын нанымды суреттейді. Ұлт азаттығы үшін күрес кезінде туып, соның туын ұстағысы келген бұл ағым шын мағынасындағы халық қамқоршысы болуға жарамай қалды, елді прогресс жолына бастауға қауқарсыздық көрсетті, сондықтан да оның ісінен сөзі көп болды да, өздерінен күш кете бастаған кезде революция жауларымен одақтасты. Хамза осы топ өкілдерін біздің кейбір шығармаларымызда кездескендей, күлкіге айналдырмай олардың трагедиясын күрделі психологиялық суреттермен ашады.

Әсіресе Жанша бейнесі  күрделі жасалған. Білімдар, тілмар, ойлы Жаншаның өз жайы, елінің болашағы жайлы ойланыс-толғаныстары негізінде  оның тірелген тұйығы, дағдарысы көрінеді. Халелдің қатал да өткір мінезінде  ісі оңға баспаған адамның ашынуы бар. Олардың маңында топ құрған Ехлас, Сәлмен сияқтылар да өзіндік бейнесін тапқан жандар.

Есенжанов Жайық өңірі  адамдарының жаңа өмір үшін күресін  жалаң алмай, олардың тіршілігі  араласып, астасқан, байланысқан өлкенің табиғатын да, елдің әдет-ғұрып, салт-санасын да кең суреттейді. Оның романдарында Жайық өлкесінің фольклорлық, этнографиялық туындыларынан да көп мәлімет беріледі. Батыс Қазақстан жері мен елінің тіршілігін осы көлемде кең эпикалық суреттеген шығарма бұған дейін біздің әдебиетімізде аз ұшырайтынын ескерсек, Хамзаны шын мағынасындағы Жайық жыршысы деп атауымызға болады. «Ақ Жайық» трилогиясы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының берілуі Хамза туындысының көркемдік қуаты мен тарихи ролін халықтық бағалаудың белгісі болатын.

«Сөйтіп, жоғарыда аталған бес том тарихи-революциялық романдар топтамын туғызып, халқымыздың аппақ ары боп саналатын әдебиетіміздің асыл қазынасына ардай таза алақанымен аялап әкеліп қосып кетті. Оның тағдырлас досы Мұхаметжан Қаратаев осыдан жиырма жыл бұрын X.Есенжановты қаламгер ретінде «Қайсар талант» деп керемет дәл атады. Мұндай атауға бұл буыннан тек Зейін Шашкин ғана ортақтаса алады» [12, 194]. Кезінде ұлы Мұхтар Әуезов те бір кезде дүниеден кетіп бара жатып артына - келешекке қайырыла сөйлегенде айтқан көреген ойлары да осы жайға тікелей байланысты: «Екінші бір өнімді топ: Мұхаметжан, Хамза, Зейін. Бұларды сендер көбірек түсіне ойласаңдар, - әділ болады. Олар – жастай  кетіп, ұзақ заман тұсалып қалған жігерлі талант. Өмірге қомағайлық (жақсы мағынада) ала келген. Шығармалық шабытқа да сондай қомағайлар. Өнімді еңбек етіседі. Сендердей, осылардай адамдарға байланысты болашақты, үдей басатын, алғыдан асатын болашақты ойламасақ кім боламыз?» [13, 396]. Мұнда да көреген жазушының алдын-ала танып, бағалай білгендігін аңғарамыз.

Жазушы «Жүнісовтар трагедиясында» ел өмірінің әдеби, көркөмдік шындығын қаз-қалпында жеткізумен қатар, халыққа есімі аян, тарихи белгілі тұлғалар тағдыры жайында да кең толғана алған. Дәуір рухымен дәлдік тұрғысынан қайшылық кетпесін деп солардың бәрін де ой елегінен өткізгн. Сәкен, Ғабит, Голощекин желілерін былай қойғанда, қаламгер айрықша назар аударған мұралармен де – Бақытжан  Қаратаев жазбалары, Құныскерей деректерімен де, т.б. егжей-тегжейлі танысуымызға тура келеді.

Бүгінгі тәуелсіздік тұсында, бүкіл еліміз бойынша талай ондаған жылдар тұмшаланған қыруар қылмыс енді-енді жүзін жалаңаштап, пәренжесін сыпырып, әлеуметтік әділеттілік үміті ақ желкенін көтерген мынау бастапқы тазару, айығу шеруінде романға қайта бір көз жіберсеңіз,  жазушының заман шындығын риясыз дәл жеткізуге тырысқан қаламгерлік мұратына мейлінше ризашылық сезіміне бөленесіз. Мұндағы автордың кезең көрінісін, адамдар тағдырын мүмкіндігінше қаз-қалпында көз алдыңа келтірер, толғандырар, тебірентер шыншылдық ерлігіне бас имеске амалың жоқ.

Біз назар аударғалы  отырған соңғы тараулардың бірінде  талшық дәм үшін елінен, жерінен - атамекенінен безуге мәжбүр болған босқын елге басу айту үшін Ақтөбеге сапар шеккен әйгілі ақын Сәкен Сейфуллин даналық  шежіресіндей халқының аяулы бір қариясымен – Бақытжан Қаратаевпен жүздеседі. Тоз-тозы шыққан азалы өңірдің сұрықсыз сұмдығын Хакім Жүнісов екеуі аралап көріп, өзі атынан, үкімет атынан үндеу таратып, тентіреген қайыршы халықтың бетін бір қайырмаққа жолға шығар алдында Сәкен бүкіл ел "Ақ Жайық" романдары оқиғаларының күретамыр тарихы арқауы – атышулы  заңгерге сәлемдесуге, ақылдасуға келіп отыр. Бірер сағаттық сұхбат егіз ел арасының жанын сыздатқан тіршілік қасіреті, асыра сілтеушілік, шолақ белсенділік сорын жұтқан ауыл адамдары аянышты халі орайында сырласуға жол ашып береді. Байырғы ұзын бойлы, жұмыр дөнелі адамның торғайдай бүріскен, көзге қораш күрт құбылысын тек төрелігін мықтап дарытқан кәрілік шартымен түсіндіре алмас едік. Өткенге салауат айтып, лұғат ойларын қорытып, болашақты бағдарлар тарихи шолу ғақлияларын жазып жатқан дана қарттың қадірлі қонағына шәйнек ілдіруге де шамасы келмеген жұпыны, жадау тұрмысы көп шындықтан хабардар еткендей.

Роман қазірдің өзінде көбіміз  жете біле бермейтін біраз деректерді алға тартады. Бақытжан Қаратаев ғасыр бастауында, төңкеріс жылдарында халқы үшін игілікті қандай жұмыстар атқарғанын - бәрін-бәрін былай қойғанда, ол 1868-1872 жылдардағы Кіші жүз қазақтарының бас көтеруі жайлы ұзақ өмірінде өзі көрген, естіген, тарихи әдебиеттерден көңілге түйген қыруар мағлұматтарды қағазға түсіріп кеткен адам. Кейінгі ғұламалар, Хакім Жүнісов сияқты жаңа кезең мамандары үшін, әсіресе келешекте заң, соның ішінде сот құрылысының тарихы жазыла қалса, соларға бір пайдасы тиеме деп өз ойларын, топшылауларын жеткіншек ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Әділеттік жолдағы исі қазақтың қашан да тірелер қазығы - әдет-ғұрып заңдары, билер сөзі, құн, барымта деген не, оның төрелік байлам-шешімі, бүгінгі заман тынысымен тоғысатын тұстары.

Қазақ үкіметін, Қазақ  автономиясын құруда аянбай еңбек сіңірген, жиырмасыншы жылдарда өкімет тәртібін қалыптастыру, сот құрылысын ұйымдастыру, өзгерген заманның жаңаша қағидасына лайық қазылық жүйесін қаз тұрғызу жауапкершілігін абыройлы атқарған тәжірибелі заңгерді мақтаныш тұта отырып, Сәкен Сейфуллин ғадет-ғұрып жоралар тегін тексеруге кіріскен ойлы шалдың ізгілік-еңбегі сәтті аяқталуына ақ тілегін қосқан, сенім артқан.

Роман халық тағдырына  қатысты ойға құрылған. Ол, бір жағынан  елім деп еңіреген ерлердің өз тағдырынан туындайды. Сәкеннің Бақытжан Қаратаевпен кездесуі, онымен әңгімесі – соның  бір сәтті көрінісі. Хакім де осы әңгімеге куә бола отырып, өзінің өткен жолы, көргені, өкімет саясаты жайлы ойланады. Сәкен де дана қарттың ой-тәжірибесін тыңдай отырып, «елін, жерін сүюді терең жағынан бастаған ғадеті мен ғұрпын, асыл сөзі мен дәстүрін дәріптейтін ежелгі әділдікті жана әділдікпен ұштастыруға енбектенген» адамдардың азайып кеткенін еске түсіреді. Оларды «алды-артын ойламай, басқа-көзге сабалайтын жайдақ шабуылшылар неге көбейіп кетті, көзі ашық азаматтар неге зұлымдыққа барады, көре тұра, біле тұра неліктен әділетсіздікке бой ұрады, оларды жері мен суы, сол жері мен судың иесі – мал  баққан момын қазақтын қасіреті неге толғандырмайды? деген ойлар қинайды.

Бақытжанмен әңгіме көп  нәрсені түсінуге жол ашады. Ол Қоныскерей тағдырына қатысты да әдемі ойлар айтады.

«Қоныскерей Қожахметов неге бұл ұлы істен аулақтап, бір  беткей жүр? Бұл – талдап  келсеңіз, дәлелдеуге болатын сияқты заңды құбылыс. Қазақ «батыр» деп бір кісіге әлі келетін күшті, қайратын қайтпай жұмсайтын, батыл, ел басына күн туған кезде, ерлігімен ауызға ілінген ардақты жігіттерін айтады. Бірақ өзгермейтін нәрсе жоқ, заң да, әдет пен ғұрып та жаңарып отырады. «Елу жылда ел жаңа» деп мұны қазақ тауып айтқан. Бұрынғы заманның батыры атқарған істер екінші бір замандарда басқаша. Ал, ел басына туатын күн сирек кезде батырлық басқаша түрге, басқаша мағынаға айналады... Батыр Қожахмет күші мен тапқырлығын және қорықпайтын батылдығын алыстан жылқы айдап алуға жұмсаған. Онан туған Қоныскерей кек алу жолына көшкен. Қоныскерей әрі батыл, әрі күшті. Оның үстіне сөзін ешкімге несие жібермейтін жан деп есітемін. Басында да ол әнтек жолмен өзіне бас салған біздің өкімет өкілдерінен бас қорғау үшін қарсыласып, кейін оның түбі кек алу, кісі өлтіруге айналған деседі. Егерде тап осы жағдай ақиқат болса, мен мұны қазақтың ескі қағидасына сүйенген әдет-ғұрып заңымен де, осы күнгі білімге сүйенген совет заңының жолымен де адвокаттар қорғар еді деп ойлаймын. Өйткені бас қорғап, қару жүмсау қылмыс емес деседі. Сонан соң баскесер еткен не нәрсе? Осыны ашар еді қорғаушы... Меніңше, адасқан жандар кері қайтады. Тек олардың адасқаны үшін кешірімін қолға ұстату қажет» [10, 375].

Осы бір сөздер дана қарттың  сол заманның бір бет сыңарезу саясатына қарсы кеңінен ойлайтынын көрсетумен бірге, жеке адамға табыну кезінде демократизмнің, жариялылықтың, адам правосын қорғаудың әлсі-егенін де дәл ашып береді.

«Қараңызшы, - дейді Бақытжан одан әрі, - осы күні Лениннің аты  да ауыздан түсіп бара жатыр. Осыны  пайдаланып, бұрынғы езгіш Россияның жақтаушылары бірен-саран бас көтеріп, кейде бұқпантайлап, ескіні қолдаушылар жаман әрекеттер жасап жүр. Деревня сағалаған көшпенді сорлылар-ды «Сен ұрысың», «Сен пәленсің!» «Сен түгенсің!» - деп айыптап, ешкі-лағын тартып алып, өзін қуып жіберетін көрінеді. Осыны көріп, осыны естіген сорлылар елсіз далаға, құмға қашпағанда қайда барсын. Бұл да бір үлкен қасірет. Ленинді жоқтататын жай»... [0, 375.

Бұл жолдар Хамза романының  көп беттері бүгінгі күгі талабы, тәуелсіздік,  жариялылық, демократизм  рухы тұрғысынан жазылғанын, жеке адамға табыну кезінде социализм принциптерінің бұрмалануы онда жақсы суреттелетінін көрсетеді.

Елінің ежелгі асыл сөзі мен дәстүрін, ғадет-ғұрпын түптеу арқылы туар заманның әділдік, адамгершілік тұғырын  негіздеуге тырысқан ақылман қарияның азаматтық мұратына табына отырып, ақын Сәкен романда бір сәт алды-артын ойламай, көсегем енді көгерер дегенде халқын қан жылатып, қиянат-зорлықтың кеңес кезеңінде зұлымдық, зымияндық бір көріністерін заңдастырып алған шолақ белсенділер туралы тебірене толғап кетеді.

 Отызыншы жылдардағы  ел күйзелісі төркінін халықтан  қол үзген әпербақан басшылардың,  сал сойылдардың жексұрындығынан,  Б.Қаратаев жазғандай, асыл дәстүрлі  елдің өзіндік, хас өзгешелік  салтын елемей, аяқасты еткен  көрсоқырлығынан іздестіреді. Босқын елді мекеніне қайтару, жүдегенге азық, тарыққанға жәрдем беру – дүркірей  көтерілген Адайды, құмға тығылған Ырғызды, Тайсойған, Бүйректіден бастап, Ойыл, Маңғыстау, Арап бетін түгел аталы сөзге жүгіндіру, сабасына келтіру қаншалықты күшке түсерін біз осы тұстарда, сөз жоқ, сезіне аламыз.

"Жүнісовтер трагедиясы" жеткізер тағы бір құнды дерек  – жалпы Х.Есенжанов романдарында  шешуші бір желіге айналған  мейлінше азалы тағдыр тәлкегі  – Құныскерей хикаясы.

Жұрт көзінен тұмшаланған  төртінші тарауда (II бөлім) алғаш Сәкенге бағышталып, бастау-бұлағы анау мұрағат қорында жатқан, шығармада енді Бақытжан әңгімесі түрінде берілетін тарихи толғам өзінің, Хакім Жүнісовтің от алған ортасымен шектелмөй, Құныскерей өмірінің де шежіре-тегін таратқан екен. Құныскерей – есімі  елге аян кәдімгі Кейкіман батырмен кіндіктес жанның немересі. Ата жолы – бірі  баяғы 1869 жылғы "Ел ауа" оқиғасы тұсында патша әскерімен соғыста қаза тапса, тете әулет қару соғып, қолөнермен айналысып, бір қиырдан бір қиырға, Шам мен Жем бойында түн қатар талай есе қайтару еркіндік жортуылын бастан кешкен. Кешегі 1916 жылғы дүрбелең, 1917 жылы басталған бостандық, теңдік жорығы Бақытжан толғанысында қазақтың тұқым қуған ерлік, тұқым қуған дерт деген тәрізді байырғы ұғым-сенімдерімен сабақтас, түп тамырын әріден тартқан ғасырлар бойғы халық мұраты, күресінің заңды жалғасы, жаңа белесі ретінде қарастырылады.

Заманына қарай батырлықты да басқаша бір мағына билеп кететіні болады. Батыл әкенің тапқырлығы барымтамен суырылып танылса, Құныскерейдің жойқын күші кек алу жолына бас ұрған. Сөзіне дейін ешкімге несие жібермейтін қайсарлық құдіреті тағдырының шырғалаң бір сәтінде, о баста әнтек жолмен өзіне бас салған үкімет өкілдеріне қарсыласам деп намыс желігіне берілген де, бас қорғаудың ақыры кек алу, кісі өлімі, жазықсыз төгілген қанға ұласып кеткен.

Біз бұрынғы романдар бойынша жазбаларымызда осы Құныскерейді бірыңғай баукеспе ұры, баскесер, қарақшылық қияметі тұрғысынан қарастырудың қандай түріне де үзілді-кесілді қарсы шығып, төтенше жағдай, заманы тудырған трагедиялық тұлға ретінде, егер сәті, қажетті шағы туса, түптің түбінде қасіретті қылмысын қасық қанымен болса да жууға қауқары жетер ересен тағдыр бағытында сөз етеміз. Мұны шығарманың суреткерлік көрінісі – адалдық  мінез бастауын, характер құбылысын қадағалау, талдау арқылы жобалауға болады. Енді, міне, "Жүнісовтер трагедиясында" заң қызметкерінің көңіл-көзімен сол ұғым-танымның тағы бір тиянағын тауып отырмыз. Құныскерей – қылмыскер. Бірақ қандай қылмыскер? Бақытжан Қаратаев ежелгі әдет-ғұрып қағидаларымен де, қазіргі заң жолымен де мұндай істі қорғап шығуға болар еді деп ойлайды. Бас қорғап қару жұмсауды қылмыс деп, сыңаржақ үкімге байланып қалмай, баскесерді баскесер еткен төтөнше жағдайлар түбіріне үңілуді мегзейді.

Романның  біз үшін айрықша мәнді көркемдік бір шындығы – алтыншы  тарауда, осы қандыбалақ Құныскерей ақырғы сұмдығын "қызықтайтын" шытырман оқиғалы кесек көріністерде жатыр. Тұзақ торы тарылып, Орал өңірінде енді зауалын тартпай әділ жазадан жан сақтай алмайтынын жете сөзінген бойда ол жетімек ұлы Қаршығасын – Ахметше босағасындағы сойқан сүмелегін желіктіре ертіп, сұсты да суыт сапарға біржола бет түзейді. Із кесушілерден кек қайтарудың да қилы қияметін ойластырып үлгерген. Түн асырып табысар шалғайдағы ата қонысынан жанашыр жандарын жол-жөнекей іле тартып, көз көріп, құлақ естімес ит арқасы бір қиянға қарасын батырмақ. Біз әдетте соғыс өнерінде, майдан даласында көзге түсер қабылетті қолбасылар тәжірибесіндей, әсіресе шебер барлаушылар жымын білдірмес жоспар-жобалардай түпкі мақсат пен нақтылы жағдай ыңғайына негізделген (стратегиялық, тактикалық) небір айла-шарғы, сақтық шараларының тікелей куәгері боламыз. Қаныпезерлігіне кіжінгенмен, есті ойластырылған тапқырлық-қулығына қол қоймай қала алмаймыз. Өз "жан алғышының" бірін қапияда қолға түсіріп, мазақ қылғандай бет алды тентіретіп жіберетін Құныскерей иесіз жұртында өзін есеңгіретіп қанжығаға сөзсіз бөктердік деп дәмеленген қарулы топ қоршауын да көзсіз көрегендікпен быт-шыт қылып, қанға бояп тайып тұрады.

Информация о работе Х.ЕСЕНЖАНОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДӘУІР СИПАТЫ