Дананың дидары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2015 в 18:42, реферат

Краткое описание

Ия, Мұхаңның, Мұхтар Әуезовтің сүйікті шәкіртіне, жылдар өте келе дос-інісіне айналған Зекеңнің таланты, дарыны ұлы суреткердің назарын бірден өзіне аударып, ғұлама ғалымның ұзақ жылдар бойында терең ілтипатына бөленгені бәрімізге белгілі. Шәкірт Зейнолла Қабдолов та өз кезегінде ұзақ жылдар бойында ұстаз еңбегін бір сәтке де көзден таса қылмай, әрдайым Мұхаңның, Мұхтар Әуезовтің әр жанрдағы, әр жылдардағы шығармашылық мұрасын жинаумен, жазумен, зерттеумен, насихаттаумен ғұмыр кешті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАНАНЫҢ ДИДАРЫ.docx

— 84.38 Кб (Скачать документ)

Мұхтар Әуезовтің ұзақ та, ұланғайыр шығармашылық сапарын, суреткерлік ерен еңбегін автор әр тарауда қиялай соғып әңгіме арқауына айналдырады. Осы беттерден Мұқаңның жеке пендешілік тіршілігі де, от басы, ошақ қасы тіршілігі де, ағайын-туыс, дос-жаранға қатысты мол өмірдеректік суреттеулер де өз орнымен, өз кезегімен көз алдымыздан өтеді. Олардың бірде-біреуі де Мұқаңның өміріне қатыссыз айтылмайды. Хакім Абай жырлағандай «соқтықпалы», «соқпақпыз» ғұмыр кешкен, қазақ руханиятына қайталанбас көркем мұра қалдырған суреткер қаламгердің тұтас тұлғасымен роман соңында оқырман қимай қоштасады. Осылайша роман-эссенің күллі эстетикалық әсері,  көркемдік күші Мұхтар Әуезовтің өз туындыларымен қатар жарыса биіктей береді, биіктей береді.

Қорыта айтқанда, саңлақ суреткер, көрнекті әдебиеттанушы ғалым, академик Зейнолла Қабдоловтың аталған романын ұлы қаламгер Мұхтар Әуезовтің қара шаңырақ – Қазақ ұлттық университетінде өткен өмір белесін, жазушы тағдырындағы азапты күндер мен шұғылалы сәттердің тарихын қайта тірілткен, яғни ұлы гуманист жазушының қайталанбас көркем бейнесін тұлғалаудың үздік үлгісі ретінде қарастыруымыз қажет. Үлкен суреткерлікпен, шұрайлы да құнарлы тілмен баяндалатын тартысты оқиғалар арнасы, толыққанды кейіпкерлер шоғыры, ең бастысы Мұқаңдай қалам қайраткерінің ішкі жан дүниесін қопара танытатын, күллі дүниетанымын, әдебиетке, өнерге деген әлемдік деңгейдегі, ауқымды көзқарасын тұтастай, шынайы бейнелеп бере алған бұл көркем туындыны қазақ әдебиетінің соңғы онжылдықтағы үлкен табысы ретінде бағаласақ орынды.

Мұхтар Әуезов және оның Қазақ ұлттық университетіндегі биік орны мен өлшеусіз сіңірген еңбегін бағалаған тұста да «Менің Әуезовім» романы алдымен көзге түседі.  Түйіндей айтқанда, Қазақ ұлттық университетінде ұзақ жылдар еңбек еткен (М.Әуезов отыз жылға, З.Қабдолов алпыс жылға жуық ұстаздық жасаған) осынау ұлтымыздың заңғар тұлғаларының тағдыр кешкен заманы, олардың қаламгерлік, ғылыми шығармашылықпен айналысқан ұзақ та тағылымды белестері университет тарихында алтын әріппен жазылғандай жарқырап көрінеді. 

Қазақ әдебиеті мен өнері орны толмас ауыр қазаға ұшырады. 79 жасында халқымыздың қайталанбас саңлақ перзенті, аса көрнекті әдебиетші, ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның халық жазушысы, белгілі қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз Зейнолла Қабдолұлы Қабдолов ұзаққа созылған науқастан дүние салды.

З.Қабдолов 1927 жылы 12 желтоқсанда Атырау облысында туған. 1950 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін үздік бітіріп, сонан бері осы білім ордасында өмірінің соңына дейін елу жылдан астам ұстаздық етті. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ширек ғасыр осы университеттің әдебиет кафедрасын басқарды. “Жұлдыз” журналы мен “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болды. Қазақ және Қырғыз республикалары ғылымдарының еңбек сіңірген қайраткері.

З.Қабдоловтың осындай қоғамдық жауапты қызметтер атқара жүріп, қазақ әдебиетін өркендетуге, жас таланттарды тәрбиелеуге қосқан үлесі ұшан-теңіз. Жазушының қаламынан туған “Ұшқын”, “Жалын”, “Менің Әуезовім” романдары әдебиетіміздің алтын қорынан орын алған туындылар болды. Республика сахналарында кеңінен қойылған “Сөнбейтін от” драмасы, “Адам”, “Сыр” атты очерктер жинақтары кезінде әдеби сыннан да, қалың жұртшылықтан да жоғары бағасын алды.

Жазушының “Менің Әуезовім” романы 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

З.Қабдолов көркем аударма саласында аса жемісті еңбек етіп, А.Пушкин мен Н.Гогольдің бірсыпыра шығармаларын, Л.Кассиль, В.Добровольский, В.Закруткиннің романдарын, А.Островскийдің “Ұшынған ақша”, М.Горькийдің “Күн перзенттері”, Н.Хикметтің “Елеусіз қалған есіл ер” шығармаларын шеберлікпен тәржімеледі. Өзінің де шығармалары көптеген шет тілдеріне аударылды.

З.Қабдоловтың Отан алдындағы елеулі еңбегі жоғары бағаланып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, “Құрмет Белгісі”, Халықтар достығы, “Парасат” ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталды. ВЦСПС пен КСРО Жазушылар одағы сыйлықтарының, Ұлттық Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Бірінші дәрежелі сыйлығының, Қазақ ПЕН-клубы сыйлығының лауреаты болды.

Ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаздың “Әдебиет теориясының негіздері” атты монографиялық зерттеуі отыз жылдан астам уақыттан бері сөз өнерінің сыры туралы қолдан түспес оқулыққа айналды. Дуалы ауыз сөз зергері, ел ағасы З.Қабдолов айтқан өнегелі уағыздар ұлтты елдік пен бірлікке үндейді. Қазақ қауымының рухани өмірінде азаматтық пен кісіліктің, кішілік пен зиялылықтың орасан үлгісі бола білген осынау аяулы тұлғаның ардақты бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады

 

Біздің ұрпақтың абызы

 

Арсыз ажал біздің ұрпақтың қатарын сирете бастады. Кешегі Тахауи мен Қалтай, Мүсілім және өзім топырақ салып қайтқан Павлодардағы Аманжол біздің арыстарымыз, қимастарымыз еді ғой. Бүгін міне, солардың қатарына жансерік тағы бір досымызды қосып тұрмыз.

Зекең өз ұрпағының ең талантты өкілі еді. Оның дарыны ерте танылды. Соның арқасында жиырмаға әлі толмаған студент Зейнолланың аты 1947 жылы өткен республикалық жас жазушылардың кеңесінде ағаларының аузына ілігіп, Аманжол Шамкенов екеуі одаққа мүше болды. Олардың қатарына әскерден жаңа оралған Тахауи қосылып, Қазақстан Жазушылар одағына үшеу болып өтіп еді. Содан кейінгі олардың шығармашылық өмірлері ағаларының үміттерін, үлкен сенімдерін ақтағаны белгілі.

Зейнолламен біз бір жылдың төлі едік, қатар өстік, қатар отбасын құрдық, көрші тұрдық. Біз Зекеңнің анасын көрдік, апасы Қоңырды, інісі Орынды жақсы білдік. Балаларымыз да қатар дүниеге келіп, бір-бірімен жақын араласып өсті. Творчестволық ынтымақтастығымыз да ерте басталды. Екеуміз бірігіп жазған мектеп оқулығы 1951 жылдан бері үзілмей басылып келеді. Соның соңғы нұсқасын былтыр ғана жөндеп, қайтадан ұсынып едік. Достығымыз, бір-бірімізге деген сыйластығымыз қалтқысыз болатын. Зейнолла мені Сері аға атандырды, мен болсам оны үнемі Зеке деуші едім. Зайыбы Сәуле мен біздің үйдегі Әлияның да достығы, сыйластығы ерекше.

Зейнолла біздің ұрпақтың абызы, батагөйі сияқты болатын. Өзіміз жиналғанда оған ылғи төрді ұсынатынбыз. Ол болса төрді толтырып, өзінің ақсақалдығын мойындайтын.

Күні кеше ғана Астана Ақмолаға көшкенде ол қазақ зиялыларының атынан Президент көшіне бата беріп, шығарып салды. Айтқаны келіп, тілегі қабыл болып, елорда бүгінде көркейіп, Президенттің көңілі жай табуда.

Зекеңнің достары, тілектестері көп еді. Атап айтарлығы, ол біз сыйған аудиторияға сыймайтын. Образдық мағынасында да, сөздің тікелей мағынасында да солай. Оның жүрегі адамды сүю үшін, жақсы көру үшін жаратылған-ды. “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын”, деген қағиданың адамы еді ол. Сондықтан да туған халқы, туған елі оны жақсы көрді, сыйлады. Бүгін сол халқы, жанындай сүйген жақсылардың бәрі көңіл айтуда.

Қасиетің көп еді, досым! Қайсыбірін айтып тауысайын. Бақұл бол, хош. Топырағың торқа, жаның жәннатта болсын.

 

Серік ҚИРАБАЕВ, академик.

 

Қанатымыз қайырылды-ау...

 

“Зекеңе уақыт болды” дегенде, қанатымыз қайырылғандай күйге түстік. Қазақ сөзінің қабырғасы сөгілді. Көз бұлдырап, көңіл құлазыды.

Дүниеден талайлар өтіп жатыр. Ұлтымыздың қаламына бұйырған  тарландар кетіп жатыр. Тамұққа да үйренеді дейтін пенде басымыз сонда да Зекеңдей дүлдүлдің тау суындай тасқындап, тамылжыта төгілтіп бергенін енді естімейміз дегенге сенгісі келмейді. Жарықтық қазақ тілі оның көмейінен жақұттай болып, жарқылдай төгілгенде, ең бір топас құлақтарды да елеңдетіп, топас көкіректерді жарқырап таң атқандай жайнатар еді-ау. Осынша сұлулықты, осынша шешендікті, осынша көсемдікті қатігез қара топырақтың астына қалай қиярсың?!

Сондай қиянатқа қимаймыз да, көңілге жұбаныш іздейміз. Теңдесі жоқ кемел суреткердің қаламынан аз да болса саз болып, қапысыз сомдалған, қыздың баласындай сүйкімді, Қызырдың алақаны сипағандай, жан-жүрегіңді елжіретіп қоя берер абзал да әсем прозалық шығармалар онымен бірге кетпей,  мына дүниеде талайды тамсантып, тұра беретініне тәубе дейміз. Әсемдік әлемінің піріндей, әдебиет табиғатының тамыршысындай, суреткерлік болмыстың сұңғыла сарапшысындай болған қайран Зекеңнің жазып кеткен ғылыми-теориялық, сыншылық еңбектері  мен оқулықтары қазақ ұрпақтарының талайының көзін ашып, көңілін суара беретініне де тәубе дейміз.

Мұхиттай төгілген шалқар білімді ғұлама ұстаз, академик ағаның алдын көрген, тәрбиесін алған, тағылымына қаныққан сансыз шәкірттің ұлан-байтақ еліміздің қиыр-қиырында есен жүргеніне шүкірлік етеміз.

Ешкімнің бетіне жел боп келмей, жібектей есіліп тұратын есіл сабаздың сабыры мен ақылынан санаулылар ғана емес, күллі ұлтымыз жақсылық көргенін жанға медет етеміз.

Зекеңнің өзі бақилық болса да, өнері мен өнегесі, биік рухы мен асыл дидары келешек ұрпақтармен бірге биіктеп, ұлтымен бірге мәңгі жасайтынына сенеміз.

 

Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ.

 

Ардақ тұтқан асылымыз  

 

Ерлік пен өрліктің айбыны — ақ алмас ақын Махамбет пен Құрманғазы, Динадай дүлдүл күйшілер кіндік кескен киелі Атырау топырағында туғанымен күллі қазақ жұрты ардақ тұтқан,  алты алашқа танымал абыз жазушы Зейнолла аға Қабдолов өмірден өтті деген суыт хабар қабырғамызды қайыстырып кетті.

Қазақтың азаттығын аңсаған алаш зиялыларының алдын көріп, Абайдай алыпты айдай әлемге паш еткен Мұхтар Әуезовтен дәріс алған, оны “Менің Әуезовім” деп ардақтап, өзіне өмірлік ұстаз тұтқан жайсаң жан бақи дүниеге аттанып кете барды дегенге кім сенеді?!

Тырнақалды туындысын өзі туып өскен ортаның, соның ішінде жеті қат жер астындағы  қара алтынды ел игілігіне жаратқан мұнайшылардың тыныс-тіршілігіне арнаған абзал аға атыраулықтардың әр қадамына  қуанып жүретін. Оған қай қиырда жүрсе де ел тағдыры деп,  қарапайым халық тұрмысы деп тынбай соққан жүрегі дәлел.

Зейнағаның қазақ әдебиетіне қосқан мол мұрасын сөз етпегеннің өзінде әріптестерінің алды болып өндіріс тақырыбына, әсіресе, мұнайшылар өмірін арқау еткен “Ұшқын”, “Жалын” атты туындыларында туған жерге деген перзенттік махаббат пен азаматтық борыш сезімі айқын аңғарылып тұратын. Сондықтан да Атырау жұрты Зейнеағаңдай заңғар жазушыға жерлестігін мақтан тұтатын еді.

Сол әзиз жан,  жанашыр аға, даңқты жазушының артындағы мол мұрасын медет тұтамыз. Топырағың торқа болсын, абзал аға! 

 

Аслан МУСИН, Атырау облысының әкімі.  

 

Ешкімге бөтені жоқ бөлек ерім 

 

Жан аға, асыл ұстаз, ардақты есім,

Арманың кетті өмірдің  шарлап төсін.

Қолымнан жетеледің  жеткізем деп,

Айтайын мен оларды зарлап несін.

 

Шарладың дүниені құс-қанатпен,

Тұрмадық сол биікте ұстап, әттең.

Жүрдің сен  кемеңгерлер қатарында,

Көрмедім сені олардан 

кем санап мен.

 

Кемелім,  кемеңгерім, кереметім,

Бұрды ерте өмір сенен неге бетін?

Ұл тапқан  анадай боп жүретін ең,

Ұрпаққа  ұлы ұстаздар  береді отын…

 

Жігіттің сұлуы едің,  сүйікті едің,

Парасат, біліміңмен биіктедің.

Ұғады ұлағатыңды келер ұрпақ,

Шығады  неге ішімнен

күйік демім?

 

Өсірді  баптап сені өрелі елің,

Ешкімге  бөтені жоқ бөлек ерім.

Өзіңнен дәріс алған өмір бойы

Біздерге  өте-мөте  керек едің. 

 

Өмір ғой, күн сәулесі талда ойнайды,

Қолдарын жолаушының  жол байлайды.

Қош аға, өзің еккен еменіңнің

Ешқашан  жапырағы сарғаймайды.

 

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ.

 

Үлкен жүректі ұстаз  

 

Зейнолла аға Қабдолов халқымыздың рухани-мәдени элитасының аса көрнекті өкілі, ел мақтанышына айналған айтулы тұлға еді. Ол жан-жақты талант иесі ретінде өзінің артына мол ғылыми мұра мен көркем шығармалар қалдырды, ал үлкен жүректі ұстаз ретінде жүздеген терең білімді әдебиет зерттеушілері мен талантты жазушылар қауымын тәрбиеледі.

Қай қырынан қарасаңыз да ірі тұлға болған ол адами қатынастарда барынша қарапайым еді. Зекең өзінің ұлы ұстазы Мұхтар Әуезовті, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдыздарының бірі болған Ғабит Мүсірепов сынды ағаларын шын жүректен құрметтеп, олардың алдында барынша ізетті болса, шығармашылық жолды таңдап алған іні-қарындастарына үнемі жан-жақты қамқорлық жасап отырды. Мен өзімді Зейнолла ағаның көп жақсылығын көрген осындай інілерінің қатарына жатқызамын.

Кезінде Зекең айтқан: “Ғабит Мүсіреповті мақтаудың қажеті жоқ, онымен мақтану керек”, деген сөз халық арасына кеңінен тарап кеткен еді. Енді осы сөздерді Зейнолла Қабдоловқа да арнап айтар кез келді.

Сөз соңында Зекеңнің өмірлік қосағы Сәуле апайға мықты денсаулық, үрім-бұтағына аманшылық тілеймін.

Жаның жәннатта болсын, жан аға! 

 

Кеңес НҰРПЕЙІСОВ, академик.

 

Қарашаңырақта өткен ғұмыр 

 

Өткен ғасырдың ортасында қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің ұлттық университеттегі дәрісін бүкіл Алматы тыңдауға құштар болса, сол ұлы тұлғаның орнын ардақты Зекең – Зейнолла Қабдолов басқан еді. Университетімізде ол кісінің дәрісін бәріміз сүйсіне тыңдап, тағылым алып, тәрбие үйреніп жүретінбіз. Жастар жағы Зекеңмен пікірлесудің өзін бір ғанибет санайтын. Тек қана филология факультетінің ұжымы емес, бүкіл білім ордасы асыл ағаны айбын санап, ардақ тұтатын. Әркез біздерге ағалық ақылын айтып, жол сілтеп, жөн көрсетсе, студент шәкірттеріне ақбас Алатаудай кескін-келбетімен үлгі болып, өнеге көрсетіп жүретін. Ұшан-теңіз білімін күн шуағындай шашып, ұлы Абайға арқа сүйеп, атаңның баласы емес, адамның баласы бол дейтін.

Ендігі жерде парасат-пайымы бөлек, білім-білігі ерен, зейін зердесі ерекше Зейнолла Қабдоловтың университеттегі екінші өмірі басталары күмәнсіз. Өзі “Менің Әуезовім” деп ұлы ұстазы туралы өлмес дүние жазса, күні ертең бүкіл саналы ғұмырын әдебиет әлеміне, ғылымның сан саласына арнаған академик Зейнолла аға туралы да шәкірттері том-том еңбек жазары анық.

Ғұламадан айырылған қарашаңырақ ұжымы қабырғасы қанша қайысса да: “Қош, алаштың арысы” деуге мәжбүр болып тұр.

 

Төлеген ҚОЖАМҚҰЛОВ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры. 

 

Жер астына сыймайтын жан едіңіз

 

Біздің бір әкеміз 100-ге жақындағанда артынан қаулап өсіп келе жатқан ұрпақтары “Көке, өмір қандай екен?” деп сұрапты. Сонда әлгі әкеміз: “Несін сұрайсыңдар, шырақтарым. Өмір деген есікті ашып-жапқандай екен ғой!” депті. Сол айтқандай адам баласы жер бетінде мәңгі жүретіндей болып көрінеді. Бірақ осындай бір қимас жақының, асылың дүниеден өткенде өмірдің опасыз екеніне көзің анық жетеді.

Зейнаға ХХ ғасырдың ортасынан бері түр-тұлғасымен, өзіндік кескін-келбетімен ерекшеленген, Алатаудың шыңындай биіктеп шоғырланған алыптардың бірі еді. Оның өзі де, сөзі де әдемі еді. Жаны да таза еді. Пендешіліктен биік тұратын еді. 1955 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің бірінші курсына түскенімізде екі ұстазымыздың дәрісі ерекше есімізде қалыпты. Бірі – ұлы Мұхтар Әуезов, екіншісі – жаны жас, ер біткеннің ажарлысы, жастарға жақын жүретін Зейнаға еді.

Информация о работе Дананың дидары