Қалмақан халық жүрегінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 10:40, статья

Краткое описание

Қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілі, халқымыздың рухани мәдениетін жаңа сапалы биікке көтеруге мол үлес қосып, артына елеулі қазына қалдырған қаламгер Қалмақан Әбдіқадыров әдебиетке өмірінің қырық жылдай уақытын арнады. Оның шығармашылық тағдыры ұлттық мәдениетіміздің алдыңғы буын өкілдерінің тағдырымен ұқсас. Өйткені олар ең алдымен халықтың ауыз әдебиетінен сусындап көңіл көкжиегін кеңейткен еді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қалмақан халық жүрегінде.DOC

— 107.50 Кб (Скачать документ)

Ал Мұхамеджан Рүстемов, Өтеген Жаппарханов, Сұлтанәлі Балғабаев, Мұрат Күлімбет, Ибрагим Иса, Қатира Жәленова, Сәрсенбек Бекмұратұлы, Дәулетбек Байдрахманұлы, Серік Байхонов, Қуандық Түменбай, Нұртөре Жүсіп, Серік Пірназар, Нәзира Жәрімбетова, Асылбек Жақаев, Расул Серіков, Ағайша Ысқақова, Дүйсенбек Беркінбаев, Ержан Байтілес есімдері республикаға тараған қарымды қаламгерлер. Олардың көркем шығармалары, журналистік өтімді мақалалары әрдайым өз оқырманын тауып жатады.

Алдыңғы толқын ардагер қаламгерлер Жүніс Шәукебаев, Тұрсынбай Ахметов, Мәрия Жұматова, Сәфи Құрманаев, Тұрғанбек Кәрімқұлов, Нағашыбек Иманғалиев, Қамбар Құлпейісов, Серікбай Әлжанов салған жолды ауданда кейінгі толқын жастар жақсы жалғастырып келеді. Алтай Айып, Таубай Ортаев, Бақберген Әбілдаев, Қадыр Мырза, Жанар Абызова, Айнұр Батталова, Ботагөз Икрамова және басқалар облысқа мәлім танымал. Шиелі жері қашаннан шайырлардан кенде болмаған, бұл шоғар жаңа таланттармен әлі жалаға береді.

Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ,

журналист-заңгер,

Қазақстанның мәдениет қайраткері,

Қызылорда облысы Шиелі  ауданының құрметті азаматы




Информация о работе Қалмақан халық жүрегінде