А.Байтұрсынов - әдебиеттанушы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 18:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ әдебиеті тарихында Ахмет Байтұрсыновтың әдебиет зерттеушісі ретінде алар орны мен рөлін көрсету.
Зерттеудің міндеттері: А.Байтұрсынов шығармашылық зертханасының ерекшеліктерін зерттеу барысындағы міндеттер:
- Ахмет Байтұрсыновтың әдебиет теориясы негізін салудағы еңбегінің маңызы мен ғылыми жаңашылығына назар аудару;
- Ахмет Байұрсыновты әдебиетші ретінде көрсету барысында ғалымның «Әдебиет танытқыш» еңбегін негізгі нысанға алу;
- Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері бүгінде қалай бағалануда, осыған көңіл бөлу.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................2
1 А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ БІЛІМІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУЫНЫҢ РЕФОРМАТОРЫ
1.1 А.Байтұрсынов - қазақ әдебиеттануының іргесін қалаушы ғалым....4
1.2 «Әдебиет танытқыш» ғылыми маңызы.................................................8
1.3 А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыштағы» басты ойлары..........................................................................................................15
1.4 Әдебиеттану теориясы бүгінгі зерттеушілер көзімен.......................20
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................24
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

А.Байтурсын адебиеттанушы.doc

— 154.00 Кб (Скачать документ)

Романның көтеретін  жүгін әңгімеге де артуға болады екен. М.Бахтиннің «романдық стиль» - повесть, әңгіме мен басқа жанрларға да үстемдік  етеді» деген әйгілі  қағидасын А. Байтұрсынұлы 1926 жылы, Ресей ғалымынан отыз жыл бұрын айтып, дәлелдеп қойған екен.

  1. Романның стилінде қорытындылап, жинақталатын ұлттық сөйлеу жүйесінің жанрлық түрлері  туралы қағиданы («речивые жанры») Ахмет Байтұрсынұлының қазақ сөз өнерін талдай отырып айтқан пікірлерінен де ұштастырамыз: «Ұлы әңгімеге жан беретін адамның ісі болғандықтан, мінезіне кейіп беретін ұлы, кіші адамдардың ірілі-уақты істері болатындықтан, ол істер біріне-бірі ұласып, біріне-бірі оралып, байланысып, шиеленісіп жатқандықтан, осының бәрін суреттеп шығару оңай емес. Мұны келістіріп, дұрыс пікірлеп, дұрыс суреттеп, уақиғаларды жақсы қиыстырып, салыстырып шығару көп сөздің әуезде, толғау, айтыс-барма түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек». демек, роман стилін жүйелей келе , А.Байтұрсынұлы оны «айтылу түріне қарай: әуезе, толғау, айтыс» деп жіктейді. Бұл атаулардың негізін де аша түседі: «Әңгімелеуші айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда болған істі әңгіме қылады. Әуезе – тысқы ғалам турасындағы сөз... Толғау – ішкергі ғаламның күйі. Толғау – іш қазандай қайнаған уақытта шығатын, жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі. Ақындық жалғыз өз көңілін, күйін талғай  білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда».  Яғни, «сөйлеу жүйесінің мақсаты – сөйлеу жүйелерін меңгеріп, сөзден нендей нәрселер жасап шығаруға болатындығын көрсету», - деп түйіндейді А.Байтұрсынұлы.
  2. Көркем туындыны талдағанда оның ішіндегі осы көркемдікті тудыруға тікелей атсалысатын қатысушыларды А.Байтұрсынұлы былай деп анықтапты: Асыл сөздің сипаттарын білу тыңдаушыға да қажет. Абайдан кейінгі сөзге толғау кіреді: айтушы да, тыңдаушы да сөзді талғайтын болды. Олай болғаны – Абай асыл сөздің нұсқаларын айқындап көрсеткенінің үстіне, аз да болса, асыл сөз сипаттарын айтып та, жұртты хабардар қылды.  Абайдың « Өлең сөздің – патшасы, сөз сарасы» деген өлеңінде  жақсы өлеңнің сипаттары да, қазақ ақындары мен тыңдаушыларының жоғарыда айтылған асыл сөзді танымайтын надандықтары да айтылып, мағлұмат берілген».
  3. А.Байтұрсынұлының еңбектерінен сыпайылық (корректность) пен әдебиетті танытуға бейімделген жоғары этикалық деңгей есіп тұр. Талдаулар, жүйелеу тәсілдері осы ғылыми мақсатқа қызмет атқаруға бағындырылған. Оның тек «пән сөзінде» сөйлеуі мен әдебиет теориясының негізін салып кеткендігін біз бүгін мойындауымыз қажет.

А.Байтұрсынұлы әдебиет  теориясының терминдерін, талдау жүйелерін  қазақша күмбірлете сөйлетіп, ғылыми тілдің деңгейін сол кезде көтеріп тастағанын біз бүгін мақтаныш ете аламыз. 

Ұлтына, еліне, ғылымға, әдебиетке  арымен беріліп, оған адал қызмет еткен  Ахмет Байтұрсынұлы еңбегінің қазақ  елі тарихында алатын орны айрықша  зор екенін 26 жасар замандасы – М.Әуезов былайша тұжырымдапты: «Ақаңның бұрынғы айтқан сөзін әлі қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңіндегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ даласының күшті сарыны болып, Арқаның қоңыр желімен бірге есіп шалқып жатыр. Бұдан он-онбес жыл бұрын:

Алаштың үмбетінің бәрі мәлім

Кім қалды таразыға тартылмаған, -

деп Ақаң айтса, біз де осы күнде соны айтамыз. Айналып  келіп таразыға тартылған , сыннан өткен  деп Ақаңның ғана ардақты атын атаймыз.

Ақаң ашқан қазақ  мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұран, «Қырық мысал», қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты – біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын».

 Бұдан артық айта  алмаспыз. Бұл ұрпақ бірінің қадірін  бірі біліп, бірін-бірі сыйлап, бағалай білген. Бұл шынайы иманды тектіліктің үлгісі екені сөзсіз. Ахмет Байтұрсынұлының жазықсыз жазаға ұшырап, айыпталуына орай қайта құру кезеңіне дейінгі уақытта оның еңбектерін пайдалануға тыйым салынып, оның аты да аталмай, ілуде еске алына қалса, тек мансұқталумен келді.

Қайта құру мен жариялылық заманы орнағаннан кейін жүзеге асырылған  ақтау шараларына байланысты Ахмет  Байтұрсынұлы мұрасы қайтадан халқынымұрасы  қайтадан халқының  игілігіне айналды. Қазіргі өмірімізді Алаш орыстарынан  мирас қалған мұрасыз көзге елемтетудің өзі мүмкін емес.

Ахметтану саласында  бүгінгі таңда атқарылған қыруар шаруаның қомақты бір көрінісі –  Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін көпшілікке таныстыру. Жоғарыда аталған қаулы  жарияланған соң Ахмет Байтұрсынұлының  еңбектері, мерзімді басылымдар мен ұжымдық жинақтарды есепке алмағанда, төрт кітапта қайта жарияланды.

 

2.3 Әдебиеттану теориясы бүгінгі зерттеушілер көзімен

 

Қазақ тілі ғылымының теориялық негізін орнықтырған Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеттануының дамуына мұрындық болған іргелі ғылыми зерттеулердің авторы. Бұл тұста ең алдымен ауызға «Әдебиет танытқыштың» ілінетіні – заңдылық.

«Қазіргі қазақ тіл  біліміндегі секілді, қазақ әдебиеттануындағы  әдеби терминдердің басым көпшілігінің баламаларын ойлап тапқан да Ахаң: көріктеу, меңзеу, ауыстыру, алмастыру, кейіптеу, пернелеу, әсірелеу, шендестіру, дамыту,  түйдектеу... –осылардың бәрінің түп-тамыры Ахаңда жатыр. Мұхтар Әуезовтың «Ахаң түрлеген ана тіл» дейтін әлдейінің әдебиет аясындағы бір нақты да затты көрінісі – осы». «Әдебиет танытқыштың» ең басты байлығы – осылайша әдеби терминдерді қазақша қалыптастырғандығы», – дейді академик Зейнолла Қабдолов.

Әдебиет деген не? Бұл  сауалға бүгін дайын жауап  бар ма? Осы орайда академик З.Қабдолов былай дейді: «Ахаң жоқта біздегі әдебиет теориясы басы жоқ кеуде секілді еді. Ал, басы жоқ дене бола ма?  Қайтейік, болады деп келдік...

Бүкіл дүние жүзілік  әдебиет теориясында Арнау деген  бір-ақ түр, шауып шықса, бұған Шешендік сұрау қосылып қана аздап ажарлануы мүмкін. Ал, қазақ поэзиясында Ахаң осының үстіне үш түр (сұрай арнау, зарлай арнау, жарлай арнау) қосып, құбылтып, тотының түгіндей құлпыртып әкетеді.

Әдебиеттегі дәстүр жалғастығының заңына орай осы үш түрлі арнауды әрқайсмыз өзімізше пайымдап, қисындап, кейде тіпті қиыннан қиыстырып, біз де (Жұмашев те, Ысмайылов та, Қабдолов та) кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ, амал не, бұл жаңалықты тапқан Ахаң екенін кезінде ашып айта алмай, Қажекеңе сілтеме жасауға мәжбүр болдық...»

Қазақ өлең құрылысының  теоретигі академик Зәни Ахметов  «Әдебиет танытқыштық» құндылығын былай деп анықтады:

«Әдебиет танытқышта»  негізінен поэтика, стилистика, өлең құрылысына қатысты мәселелер көбірек  сөз болады. Автор үлкен тілші-ғалым болғандықтан, оның қазақ поэзиясының ерекшеліктерін осы мәселелерге байланысты  тексеріп, талдайтыны түсінікті. Автор поэзия тілінің бейнелілігін, сөз қолдану тәсілдерін мұқият зерттеп, теңеу, ауыстыру (метафора), алмастыру (метонимия), шендестіру, арнау, қайталақтау, дамыту, бүкпелеу секілді ұғымдарды әдеби термин ретінде қолданады. Сөйлемдердің синтаксистік топ болып бірігуін, «оралым», «қайшы оралым» деген сияқты түрлерін ажыратып көрсетеді. Қазақ өлеңінің ырғақтық құрылыс-жүйесін айқындай, бунақ, тармақ, шумақ ұғымдарын қалыптастырады».

«Әдебиет танытқыш»  бізге оңайлықпен жетпеді. Бұл жөнінде мына бір дерекке назар аударалық. (Дерек Рымғали Нұрғалиев монографияларынан) «Профессор Бейсенбай Кенжебаев сынды сырты жуас, момын көрінгенмен, іштей берік, қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи мектепті негіздеген батыр ойлы ғалым өз шәкірттерінің біріне: «Мынау Ақаң жазған «Әдебиет танытқыш», әдебиет теориясы. Мен 40 жыл сақтадым. Сенің диссертацияңа байғазы болсын. Қалған уақытта сен сақта. Бірақ байқа. Уақыты жетпей айқайласаң, таяқ жейсің. Аруақтың киесі ұрып, кесапаты тиюі мүмкін. Шарапаты тиетін уақыт келер. Ол күнді мен көрмеспін. Сендер көресіңдер. Мықты жерге тығып қой», - деген. Жас, өр кеуде, тұяғына тас тимеген шәкірт өмірде талай теперіш көріп, таяқ жеген дана ұстаз тілін алды дейсіз бе. Ақаң кітабы, он-пікір-байлам, ой-тұжырым, жаңалық-табыс туралы айтып та, жазып та жіберген; жұрт білмей ме, көрмей ме, көрсетпей ме – білген, көрген, көрсеткен.  Сонда тұмсығы тасқа тиген шәкіртіне ұстазы айтқан сөз: «Ескерттім ғой – болмадың. Енді оқасы жоқ. Шыда! Мұндайда еңбек етсең ғана еңсең көтеріледі»

Қазақстанда  Байтұрсынов  есімін ауызға алуға да, жазуға да тыйым  салынған уақыттарда түркологтар тарапынан  оқта-текте ол туралы бір-саран пікірлер айтылып қалып жүрді.  Әсіресе  ана-демек А.Н.Кононов еңбегі көпшілікті елең еткізді. Аты шартарапқа мәлім, беделді тілші-ғалымның редакциясымен және алғы сөзімен Москвада жылы шыққан «Отандық түркологтардың био-библиографиялық сөздігі» кітабында Ахмет Байтұрсыновтың туған жылы, өскен ортасы, ата-бабасы, білім алған мектептері, қызмет еткен орындары, әлеуметтік-қоғамдық қызметі, басты еңбектері нақты айтылып, ол «араб алфавиті негізінде жетілдірілген қазақ әліппесінің авторы, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, сол сияқты әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазды» деп тарихи тұрғыдан әділ көрсетті.

Қазақстан Компартиясы  Орталық Комитеттің Бюросы мақұлдағанға дейінгі Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы  туралы жазылған пікірлердің сілемі осындай. Күрделі тұлғаның өмірі, ғылымы, әдеби мұрасы жайлы тілшілер Ә.Қайдаров («Социолистік Қазақстан»), Т.Қордабаев («Орталық Қазақстан»), Р.Сыздықова («Қазақ әдебиеті»), С.Кеңесбаев («Каз. правда»), әдебиетшілер: Қ.Мұхаметханов («Семей таңы»),  Р.Нұрғалиев («Социалистік Қазақстан»), жас ғалымдар А.Мектепов, Ғ.Әнесов («Өркен»), Б.Байғалиев («Жетісу»), С.Негелесов («Лениншіл жас»), т.б. мақалалары шыға бастады.

Ахметтану саласында  бүгінгі таңда атқарылған қыруар шаруаның қомақты бір көрінісі –  А.Байтұрсынұлы еңбектерін көпшілікке таныстыру. Жоғарыда аталған қаулы  жарияланған соң А.Байтұрсынұлының  еңбектері мерзімді басылымдар мен ұтымды жинақтарды есепке алмағанда, төрт кітапта қайта жарияланды. Атап айтқанда:

1. Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. (Құрастырушылар: филология ғылымдарының докторы Ә.Шәріпов пен С.Дәуітов) Алматы, «Жазушы» 1989.

2. Ахмет Байтұрсынов. Ақ жол: өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық мақалалар және әдеби зерттеу. (Құрастырушы – Қ.Р. ҰҒА корреспондент мүшесі  Р.Нұрғалиев) Алматы,  «Жалын» 1991.

3.  Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. (Құрастырушылар: Ғ.Әнесов пен А.Мектепов) Алматы, «Ана тілі» 1992.

4. Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары. І том. «Әдебиет танытқыш».  Құрастырушы: филология ғылымдарының докторы – А.С. Ісімақова. Алматы. «Жібек жолы» 2002.

Бір айта кететін жайт, А.Байтұрсынұлы еңбектерінің түпнұсқалары мен бертін басылған басылымдар арасында айырмашылықтар бар.

Бұл өзгешеліктердің  басты себептері, біріншіден, қайта  басылымында дайындаушылардың кейде  сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдерге  өз тараптарынан редакция жасауына, үшіншіден, кейбір тұстарда мәтін үзінділері алынып тасталып отырғанына байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қаһармандар халық қалауымен  тумайды, тарих қалауымен туады. Қазақ қоғамы дамуының процессі ХХ ғасыр басында халықтың мұңын  мұңдауға, жоғын жоқтауға, отаршылдық бұғауынан құтылыс күресі туын көтеруге жарайтын қаһармандарды туғызды. Азаматтық тарихымыздағы тұлғалы сан бейнені немсе ондаған жыл бойында ауызға ала алмадық, үңірейтіп орнын бос қойдық.

Қарт тарих қайшыға  көнбеді. Жариялылық, демократия дәуірінде  тарихымызға, өздерінің ұлы еңбегімен көтерілген мерей тұғырына - өз орындарына оралған арыстарымыздың еңбегін алдымен азаматтық тарихымызда бұрмалаусыз, дұрыс, дәл, шындығын жасырмай, көпіртіп, асырмай көрсету парызы алда тұр.

А.Байтұрсынов әдебиеттің барлық жанрларына, көркемдік құралдарына қатысты Еуропалық орыс әдебиеттануындағы ұғым, термин, категорияларға шып-шырғасын шығармай түгелдей қазақша балама тарады. Мұның бәрін термин дәрежесіне көтерген Ахмет Байтұрсынов екенін айту – тарихи әділет. Басқа әдебиетшілер соны пайдаланды, дамытты (Қ.Жұмашев, Е.Ысмайылов, З.Ахметов, З.Қабдолов т.б.).

«Әдебиет танытқыш» (1926) еңбегі оқу орындарына оқулық ретінде жазылғанымен ғылыми тұжырымдары мен пікірлерінің тереңдігі әдебиеттену ғылымының шын мәніндегі әліп биі.

Бірден айту керек, «Әдебиет танытқыш» - Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық философиялық – танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылдық келбетін толық танытатын жүйені зерттеу, қазақ филологиясының ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов – тілтерминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану, өміртану, фольклортану, терминдерін жасауда да сондай данышпан, кемеңгер.

«Әдебиет танытқыш» алғаш 1926 жылы шықты, 1989 жылы «Жазушы» баспасы, 1991 жылы «Жалын» баспасы шығарды. Соңғы басылымда бұрынғы жариялауда кеткен бірталай селнеуліктер жөнделді, олар – кейбір шатасқан сөздердің, баспа кінәсінен кеткен қателіктердің бұрмаланған текстердің түзетілуі. «Әдебиет танытқыш» оқулық, оның хрстоматиясы болған деген  болжам да бар. Қазіргі дерек бойынша ол жарияланбаған секілді. Қысқасы, Ахмет Байтұрсыновты шын мәніндегі әдебиетші ғалым екендігін дәлелдейтін «Әдебиет танытқыш» еңбегі төңірегінде әлі де зерттеулер жүргізілуде.

Курс жұмысының нысанасына алынған «Әдебиет танытқыш», «Ер  Сайын», жыры, «23 толғау» еңбектері Ахмет Байтұрсынұлының шын мәніндегі әдейлей зерттеушісі екендігін дәлелдейді.

Оның білімдарлығы мен  парасат-пайымы ұлттық әдебиеттануымыздың іргесін қалады. Халық ауыз әдебиеті, фольклорымызды ешбір әлем елдеріндегідей кем еместігін дәлелдеді.

Информация о работе А.Байтұрсынов - әдебиеттанушы