А.Байтұрсынов - әдебиеттанушы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 18:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ әдебиеті тарихында Ахмет Байтұрсыновтың әдебиет зерттеушісі ретінде алар орны мен рөлін көрсету.
Зерттеудің міндеттері: А.Байтұрсынов шығармашылық зертханасының ерекшеліктерін зерттеу барысындағы міндеттер:
- Ахмет Байтұрсыновтың әдебиет теориясы негізін салудағы еңбегінің маңызы мен ғылыми жаңашылығына назар аудару;
- Ахмет Байұрсыновты әдебиетші ретінде көрсету барысында ғалымның «Әдебиет танытқыш» еңбегін негізгі нысанға алу;
- Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері бүгінде қалай бағалануда, осыған көңіл бөлу.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................2
1 А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ БІЛІМІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУЫНЫҢ РЕФОРМАТОРЫ
1.1 А.Байтұрсынов - қазақ әдебиеттануының іргесін қалаушы ғалым....4
1.2 «Әдебиет танытқыш» ғылыми маңызы.................................................8
1.3 А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыштағы» басты ойлары..........................................................................................................15
1.4 Әдебиеттану теориясы бүгінгі зерттеушілер көзімен.......................20
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................24
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

А.Байтурсын адебиеттанушы.doc

— 154.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.........................................................................................................2

 

1 А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ БІЛІМІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУЫНЫҢ РЕФОРМАТОРЫ

1.1 А.Байтұрсынов - қазақ әдебиеттануының іргесін қалаушы ғалым....4

1.2 «Әдебиет танытқыш» ғылыми маңызы.................................................8

1.3 А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыштағы» басты ойлары..........................................................................................................15

1.4 Әдебиеттану теориясы бүгінгі зерттеушілер көзімен.......................20

 

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................24

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеудің  өзектілігі: ХХІ ғасыр табалдырығын Қазақстан халқы егеменді ел болып аттады. Ғасырлар бойы арыстарымыз аңсаған тәуелсіздіктің ақ таңы атып, тарихымыздың түндігі түрілді,  «ақ таңдақ» беттері ашылды. Өткенімізге  жаңа күн талабынан қарау, оған түзету енгізу, қатып қалған идеологиялық сызбалардан арылу мүмкіндігіне ие болған тұста, халықтың көкем тарихы - әдебиетіміз де өз бағасын алуда. ХІХ ғасырдың екінші жартысында әдебиетті қоғам дамуының қозғаушы күші  деп танып, поэзияны саяси күрестің өткір құралына айналдырған арысымыз А.Байтұрсынұлының әдебиет теориясына қосқан орасан зор үлесін таныту бүгінгілер еншісінде. Оның ғалым, зерттеуші, фольклортанушы қырларына тоқталу арқылы қазақ әдебиеттануына қосқан үлесін айқындай түсеміз. Екіншіден, «Әдебиет танытқыш» теориялық еңбегінің ғылыми жаңалығы мен оның бүгінгі «дебиеттанудағы мән-маңызын саралау, әдебиетші ғалымдардың пікірі, мұның барлығы тақырыптың негізгі өзектілігі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ әдебиеті тарихында Ахмет Байтұрсыновтың әдебиет зерттеушісі ретінде алар орны мен рөлін көрсету. 

Зерттеудің міндеттері: А.Байтұрсынов шығармашылық зертханасының ерекшеліктерін зерттеу барысындағы міндеттер:

- Ахмет Байтұрсыновтың әдебиет теориясы негізін салудағы еңбегінің маңызы мен ғылыми жаңашылығына  назар аудару;

- Ахмет Байұрсыновты әдебиетші ретінде көрсету барысында ғалымның «Әдебиет танытқыш» еңбегін негізгі нысанға алу;

- Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері бүгінде қалай бағалануда, осыған көңіл бөлу.

Зерттеудің  нысаны: Ахмет Байтұрсынұлының әр жылдарда жарық көрген әдеби мұралары. Оның ішінде «Әдебиет танытқыш» теориялық еңбегі, «Ер Сайын» жыры, «23 жоқтау» және «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы.

Зерттеудің  дереккөздері: Әдебиет тарихы, теориясы мен тәжірибесін зерттеуші ғалымдар С.Қирабаев, Р.Нұрғали, Қ.Мұхамедханов және т.б.  еңбектері. Сондай-ақ, «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» оқулығы. Мерзімді баспасөз материалдары да дереккөздер қатарына енді.

Зерттеудің  жаңашылдығы: Қазақ әдебиетінің рухани қорын әр жанрдағы еңбектерімен байытқан А.Байтұрсынов көсем ақын ғана емес, сонымен қатар әдебиетші, фольклортанушы ғалым. Оның мұраларының қоғамдық ой-сананың өрлеуіне ғана емес, әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі ретінде де бағалау жұмыстың жаңашылдығы болып табылады. Ұлттық әдебиеттану ғылымы қазір қолданып  жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым көпшілігін тұңғыш рет «Әдебиет танытқышта» жасалғаны анық. Аталмыш еңбектің мән-маңызын ашу арқылы оны бүгінгі әдебиеттану ғылымымен сабақтастыру да  жұмыстың өзіндік бір жаңашылдық қыры.

Зерттеудің  әдістері: Белгілі бір ғылыми мәселені зерттеуде танымдық әдістердің маңызы өте зор. Зерттеуде талдау және жинақтау әдістеріне жүгіндік.

Зерттеудің теориялық және іс-тәжірибелік маңызы: Әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы буынның жеткен жерінен бастайды: жаңасынан үйренеді, жаманынан жиренеді. Олай болса, ұлттық әдебиетіміздің тарихынан олар орны ерекше Ахмет сынды әдебиетші ғалымының тәжірибесі мен мұраларынан бүгінгі ұрпақтың алары мол. Бұл орайда курс жұмысының нәтижелерін «Әдебиеттануға кіріспе», «қазақ әдебиеті тарихы » пәндерінен дәрістер даярлау кезінде пайдалануға болады.  

Жұмыстың құрылымы: Кіріспе бөлімнен, бір тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

 

1 А.БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУЫНЫҢ ІРГЕСІН ҚАЛАУШЫ ҒАЛЫМ

 

    1. А.Байтұрсынов - қазақ әдебиеттануының іргесін қалаушы ғалым

 

Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы «Әдебиет танытқыш» («Теория словестности») деген атпен басылған. Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.

Ахмет Байтұрсынұлы атқарған қоғамдық қызметтің бір саласы қазақ  фольклоры мен ауыз әдебиеті үлгілерін  жинау, баспаға дайындау, жарыққа  шығару болды. Халық ауыз әдебиетінің  үлгілерін жинап, оны жарыққы  шығарудың  мән-маңызын жете ұғынып, өздерінің міндеті деп санаған азаматтардың сапына ХІХ ғасырдың соңында қосылған Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылы «Тургайская газетаның» № 39 санында «Киргизские приметы и пословицы» деген мақала жариялайды. Мұнда автор қазақ ырымдары мен мақал-мәтелдер  төңірегінде ой қозғап, оларды халық тұрмысымен байланыстырған.

Әдебиетші Ахмет Байтұрсыновтың өнерпаздар мұрасының маңызды саласы ол жинап, реттеп, өңдеп бастырған  – фольклор материалдары. Мұның  бірі 1923 жылы  Москвада Күншығыс баспасында шыққан. «Ер Сайын» жыры. Кітап Шоқанның досы, әйгілі орыс ғалымы Григорий Николаевичь Потанинге тарту ретінде шығарылған. Ахмет Байтұрсынов жазған арнау өлең:

Атақты Сібір ұлы  қарт Потанин!

Ер сүйсе, сендей сүйсін ел Отанын.

Қвзақсың, қалмақсың деп  алалау жоқ.

Отанның тең көресін барша жанын.

Қазаққа Потаниннің аты  ардақты

Біліп отыр қанша шалың, -

деп басталады да былай  аяқталады:

біз едік қадірі жоқ ұл өнеге

көп жатқан мешел болып  көлеңкеде.

Әл бітіріп, жаңа ғана аяқ басып,

Іліндік біз де жетіп  мерекеге.

Тойына шашу алып шаттанамыз,

Білдіріп жүрек лебін  Грекеңе.

Бұл Ахмет Байтұрсынұлы Григрий Потанин 80 жасқа толғанда, 1915 жылы жазылған, кезінде жарық көре алмай қалған өлең екен.

«Ер Сайын» жырының соңында  Радлов нұсқасының тараулары  да берілген, кітап аяғында Г.Н.Потаниннің  өмірбаяны бар және «Ер Сайын» жырының жиналуы, жыр мазмұны жөніндегі қысқаша түсініктеме – мәлімет келтірілген.

Ахмет Байтұрсынұлы жинап, сұрыптап, бастырған асыл сөз үлгілерінің  екінші бір топтамасы – 1926 жылы Мәскеуде жарияланған «23 жоқтау». Оған енген туындылар белгілі тарихи тұлғалардың өмірлері мен қызметтерінен хабар береді.

Ахмет Байтұрсынұлы сол  кездегі Ресей  ориенталистерінің көпшілігімен іскерлік  байланыста болғаны, мысалы, А.Е. Алекторовпен жүздескені мәлім. Аталмыш жинақта автор әдеби тілдің қалай жасалатынын айта келіп: «Әдеби тіліне негіз етіп аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет ауасын нетпек, енді ғана өсе бастаған қазақ әдебиетін алғанда мұны естен шығармау керек... Тіл тақырыпты Ленин сияқты көсемдердің айтқан сөздерін, үгіттерін оқыған не естіген кісі жолымыздың тура екендігін байқаса керек», - дейді. Жинақ Шәңгерейдің «Сыршы» деген өлеңінің:

Құйрық атып құлия

Түлкідей қашқан жымия

Қараңды үзіп барасың

Бізден де қайран дүние...

Дәурен өтіп, жас жетіп

Замандас құрбы адамдар

Азайып келіп о бітті.

Көрген түстей бәрі де

Көзімнен болды зым-зия, -

деген жолдарымен  басталады. Қазақ тарихының 400 жылдық мерзімін қамтитын 23 жоқтау, трагедиялық жырлар берілген. Бұлардың ішінде Бапай батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, бірнеше тарихи тұлғалар бар, түсініктемелерде  дәлді деректер бар. Жинақтың анотациясы былай басталады. «Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасынан бұл «жоқтауларды» бастырғанда, мынандай оймен бастырды:

Дүниеде ешбір тілді  шешен кісі ойлап шығарған жоқ  та, шығармайды да. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап пісіп, дүниеге келді. Сонан соң ғана шешендер, «тіл көсемдері» тілді безеп, жолға-жөнге салып, жүйесін айырып өстіреді. Сондықтан әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек, енді ғана өсе бастаған қазақ әдебиетін алғанда, мұны естен шығармау керек. Ел аузындағы  тіл дегенімізде, нені үлгі-өрнек етіп аламыз? Әрине, осындай жоқтауларды, мақалдарды, жұмбақтарды, ертегілерді, өлеңдерді, тағы-тағы осындайларды!»

Ахмет Байтұрсынов  әр жоқтауда есімдерге түсінік беріп кеткен. Мысалы, Мамай батыр жоқтауы Мамайдың шешесі Қаралүктің қайғы шері, Мамай Едіге бмдің  нәсілен, ол алыншы ғасырда өмір сүрген ноғайлының батыры. 2. Қаз дауысты Қазыбек, қызы Қамқаның жоқтауы. Қаз дауысты Қазыбек 97 жасында өлген. Қазыбек өткен жылы Шаншар Қанай би туған. Қанай 72 жасында тоқал алған. Тоқал 8 жылда үш бала тапқан. Осы үш ұлдың кенжесі Қажабай осы күні (1925) ақсақал болған Ақайұлы Қасеннің шешесі Багзе бәйбішемен құрдас екен. Осы сынды деректерді мұқият зерттеген автор жоқтау иелеріне түсінік береді. Ахмет Байтұрсынов  түсініктеме беру барысында В.В. Радловқа сілтеме жасайды.

Ұлт ғылымын, мәдениетін, әдебиетін, жаңа, биік деңгейге көтерген үлкен буынның темірқазығына  айналған тұлға  Абай екені Ахмет Байтұрсынов   мақаласынан байқалады.  Бұл классикалық мұраны жатындап, оны түсінуге және әрі қарай дамытуға ұмтылыс еді. Ахмет Байтұрсынұлының   реформаторлық тұрғыдан мақаласының атына өзекті, өзінің замандастары ғана емес, бүгінгі ХХІ ғасырда мойындалып отырған тұжырым қояды, яғни, Абайдың «Қазақтың бас ақыны» екенін өзге жұртқа да, өзімізге де жете ұғындырады.

Осы зерттеуінде Ахмет  Байтұрсынұлы  классикалық мұраның  қазақ әдебиетіндегі орнын нақтылап берді. Бүгінгі абайтанушыларға  сара жол нұсқап,  Абай шығармашылығының өзіндік ерекшеліктерін терең ғылыми негізге сүйене отырып, тұңғыш рет ашып көрсетті: «Сөзі аз, мағынасы көп, терең... Не нәрсе жайынан жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармап жазды. Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып табылады».

Аталған мақалада Ахмет  Байтұрсынұлы сонау 1913 жылдың өзәнде-ақ «Шығармашылық» категориясы ұғымына  нақты теориялық анықтама берді: «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына сыншылдық керек. Абайда осы үшеуі де болған; - деген ой қорытындысын жасайды.

Демек, қазақ әдебиеттануында  абайтанудың берік іргесін қалады.

«Хақиқатты тануға,  тереңірек сөйлеуге бойына біткен зеректіктің үстіне  Абай әртүрлі  Европа білім иелерінің кітаптарын көп оқыған... сондықтан Абайдың терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады.  Абайдың сөзін мың қайтара оқып жаттап алып жүрген адамдардың да Абайдың  кейбір өлеңдерінің мағынасына түсінік жетпей жүргендерін байқағаным бар. Сол өлеңді алып қарасаң, айтылған пікірде, айтуында еш кемеуілік жоқ. Түсіне алмаса, ол кемшілік оқушыда...

Оған оқушы түсінбесе, ал Абайдың үздік, ілгері кетіп, оқушылары  шаңына ере алмағанын көрсетеді. Абайды тегіс танып, тегіс білуі керек», - деп түйіндеген Ахмет Байтұрсынұлының  мұндай ойларын өзгеге өсиет ретінде ұсынып қоймай, өз шығармашылығы арқылы іске асырғанын оның «Қырық мысал» мен «Маса» жинақтары дәлел.

Бұл суреткерлік көзқарастың  А.Байтұрсынов стиліне тікелей әсер еткенін М.Әуезов пен Ж.Аймауытовтың «Абай» журналының 1918 жылғы 5-санында  «Екеу» деген бүркеншік есіммен жарияланған «Абайдан соңғы ақындар» деген мақаласында қазақтың бас ақынынан кейінгі  орынға қоюға болатын тоғыз ақынның есімін атап, оларды үш жікке бөлуінен аңғарамыз: «Екінші жіктің өлеңшілері - Ахмет Байтұрсынов, Сәбит Дөненбаев, Шаһкәрім, Бөкей Өтетілеуов. Бұлардың өлеңінің сырты төгілген, сұлу, тілі кестелі, анық, халықтың ұғымына, оқуына жеңіл, тәтті.

Ойына сөзі дәл, тілге жайлы, көркем, халықтың керегіне ғана аналған өлеңдер Ахмет Байтұрсыновтікі.  Ахмет өлеңдерін ақындық еркі билеп, қиял ермегі айдап шығармайды. Ойды оятуға, миды сергітуге, мұңлы, мұқтаж, терең мақсат түртіп шығарады», - деп Ахмет Байтұрсыновтың жазу тәсілінің мазмұндылық түрін атап айтады.

Ахмет Байтұрсыновтың  «Әдебиет танытқыш» теориялық еңбегі, «Ер Сайын», «23 толғау» жинақтары мен «Қазақтың бас ақыны» мақаласы оның әдебиетші, ғалым, фольклортанушы екендігінің бірден-бір дәлелі.

 

1.2 «Әдебиет танытқыш» еңбегінің ғылыми маңызы

 

Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы «Әдебиет танытқыш» деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методалогиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.

Ғалым әдебиеттің барлық жанрларына, көркемдік құралдарына қатысты европалық орыс әдебиеттануларындағы ұғым, термин, категорияларға шып-шырғасын шығармай түгелдей қазақша балама табады. «Әдебиет танытқыш» деп атаудың өзінде үлкен мағна бар. Әдебиет – сөз өнері болса, оны халыққа түсіндіріп, оның көркемдік ерекшеліктерін, адамгершілік, кісімен, яғни,  имани, рухани сипаттарын таныту әдебиетшілердің, зерттеушілердің қасиетті парызы екенін А. Байтұрсынов осы екі сөзбен ғана түсіндіріп кетті.

Информация о работе А.Байтұрсынов - әдебиеттанушы