А.Байтұрсынов - әдебиеттанушы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 18:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ әдебиеті тарихында Ахмет Байтұрсыновтың әдебиет зерттеушісі ретінде алар орны мен рөлін көрсету.
Зерттеудің міндеттері: А.Байтұрсынов шығармашылық зертханасының ерекшеліктерін зерттеу барысындағы міндеттер:
- Ахмет Байтұрсыновтың әдебиет теориясы негізін салудағы еңбегінің маңызы мен ғылыми жаңашылығына назар аудару;
- Ахмет Байұрсыновты әдебиетші ретінде көрсету барысында ғалымның «Әдебиет танытқыш» еңбегін негізгі нысанға алу;
- Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері бүгінде қалай бағалануда, осыған көңіл бөлу.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................2
1 А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ БІЛІМІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУЫНЫҢ РЕФОРМАТОРЫ
1.1 А.Байтұрсынов - қазақ әдебиеттануының іргесін қалаушы ғалым....4
1.2 «Әдебиет танытқыш» ғылыми маңызы.................................................8
1.3 А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыштағы» басты ойлары..........................................................................................................15
1.4 Әдебиеттану теориясы бүгінгі зерттеушілер көзімен.......................20
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................24
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

А.Байтурсын адебиеттанушы.doc

— 154.00 Кб (Скачать документ)

Автор өнер атаулыны тірнен өнері және көрнен өнері деп екі  ұлы топқа бөліп алады, сөзін былай жалғастырады:

«Көрген өнері бес тарау болады:

Бірінші - тастан, кірпіштен, ағаштан, яки басқа заттан сәнін келтіріп, сәулелі сарайлар, мешіт, медреселер, үй, там сияқты нәрселер салу өнері. Бұл сәулет өнері болады.

Екінші - балшықтан я металдан құйып, тастан я ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрапатын, сын-сымбатын келтіре сурет жасау өнері. Бұл сымбат өнері болады.

Үшінші - түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін, кескінін, келбетін келтіріп суреттеп көрсету өнері. Бұл кескін өнері болады.

Төртінші - әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын, сайамын келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсерлейтінән салу, күй тарту өнері. Бұл әуез өнері болады.

Бесінші - нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. (қазақша асыл сөз, арабша әдебиет, европаша литература).

Өнердің ең алды сөз өнері  саналады. «Өнер алды-қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан». Өлең айшықтары, шумақ түрлері, тармақ толғаулары, бунақ, буындар, ағындар, тармақ кезеңдері, ұйқастар-осы тектес өлеңтану категориялары да «Әдебиет танытқышта» жасалды. Қазақ әдебиетінің өзіне тән формаларын топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты - әуезе, лириканы-толғау, драманы-айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға жіктеп әкетеді; шежіре, заман хат, өмір-баян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, биуағыз, көсем сөз (публицистика).

Ауыз әдебиеті түрлері  былай жіктеледі: ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш-бұлар бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс, өлең, үгіт өлең, толғау, терме – бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел – бұлар үшінші топ. Той бастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата – бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құртқыру,  дерт көшіру, бесік жыр – бұлар бесінші топ. Сан алуан фольклорлықшығармаларды топтап, саралауға мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, сарындама, салттама, ғұрыптама, қалыптама деген терминдер қазіргі ғұмырымызға өзі сұранып тұр.

Қазақ әдебиетін дәуірлеуге бөлуде де, толып жатқан жаңалық  бар. Хисса, хикаят, насихат, мінажат, мақтау, даттау шығармаларды діндар дәуір әдебиетіне жатқызса, сындар дәуір әдебиетіне ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), әңгіме кірмек. Лирика түрлерін саф талғау, марқайыс толғау, сұқтаныс толғау, (даттау, қаралау, наз) деп жіктеу, мазақ, мысал, қулық, сықақ, әзіл деп саралау, тартыс түрлерін әлектеніс, әуреленіс, азаптаныс деп таратып әкету таң қалдырады.

Бір ерекше жәйт, А.Байтұрсынов ұзақ-ұзақ цитаталап, өзгелерден бәтуа іздеп, басқаның пікіріне жағыла салатын әдеттен аулақ. Дәлірек айтқанда «Әдебиет танытқышта» бірді-бір пікір, тұжырымға сілтеме жоқ. Ғалым өзі қорытқан, өзі шындығына жеткен, ақиқат деп санаған ойларын ортаға салады. Мысал келтіре отырып, оқырманның көзін жеткізіп ұқтырып алған соң, пікір, тұжырым жасайды.

«Әдебиет танытқыштың» бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылым» деп аталып, бірнеше шағын бөлімшелерге, баптарға бөлініп, олардың әрқайсысында нақты мәселе қаралады.

Ең алдымен тіл, сөз  өнері, шығарма дегеніміз не деген  сұрақтарға, ғылыми дәлді, ықшам, толық  анықтама беріледі. Автор сөз өнері  ғылымын:

1. шығарма тілінің ғылымы;

2. шығарма түрінің ғылымы;

деп екіге бөліп қарайды. Тіс өңі жағынан тіл я лұғат қисыны деп, мазмұн жағынан қара сөзжүйесі, дарынды сөз жүйесі деп екіге бөледі.

Автор сөз өнерін үй қалау  өнерімен өте қисынды салыстыра  көрсетеді де, сөз толғау орайында шығарма тілі екі түрлі болатындығын айтады, олар – біріншісі – ақын тілі, екіншісі әншейін тіл. Сөз дұрыс болу үшін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулықты жақсы білу, өз орнында тұтыну, дұрыс есептеп, көптеп, ымырластыру, сөйлемдерді дұрыс орналастыру, құрмаластыру шарттары алға қойылды. Тіл тазалығына анықтама беріп, ол үшін орыстың жақсы жазушылары қойған талаптар үлгі етіліп алынады. Олар:

  • Ескірген сөздерге жол ашу.
  • Жаңадан шыққан сөздерден қашу.
  • Өз ілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашу.
  • Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жол ашу керек.

Ахмет Байтұрсынов «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген  жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра; ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздердің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек», - деген ұлы талабын өзі нақты іске асырады.

Тіл көрнекілігіне (қазірме-образдылығына, бейнелілігіне) жету үшін түрлі әдістер қолданылатынын айта келіп, зерттеуші ол әдістерді айқындау (эпитет), ауыстыру (метафора), теңеу (екі түрлі), бейнелеу, ауысу, кейіптеу, әсірелеу, меңзең, арнау (сұрай арнау, жарлай арнау, зарлай арнау), қайталақтау, еспелеу (анафора, эпифора) шендестіру, түйістіру (антитеза), дамыту(градация), түйдектеу, бүкпелеу, кескіндеу деп тарам-тарамға бөліп қарайд, әрқайсысына анықтама береді; нақты мысал келтіреді. Бұлар күні кешеге дейін әдебиеттану еңбектерінде, оқулықтарда, тропа, фигура түрлері деп басқа тілде алынып келген, ал Байтұрсыновша айтқанда, көріктеу әдістеріне жататын тал ұғымдарымыз. Мұның үстіне себепті оралым, ұқсатпалы оралым, қайшы оралым, шартты оралым, жалғасыңқы оралым, серіппелі оралым, айырықты оралым, қорытпалы оралым секілді өрнекті сөйлемдердің үлгілері беріледі. «Әдебиет танытқыштың» ерекше бір ғылыми құндылығы қазақ өлеңінің құрылысы, оның буын, бунақ, тармақ, шумақ, ырғақ, толқын, ағым, жік, кезең, орын, жарғақ, ұйқас, аймық заңдылықтарын ашуы болды. Ахмет байтұрсынов қазақ өлеңінің негізгі структуралық өлшемдерін барлық деңгейде схема, өрнек арқылы көрсетіп берді. Кейінгі өлең зерттеушілер сол ізді басып отырды десек, ақиқат болар еді.

«Әдебиет танытқышта» қойылған күрделі мәселенің бірі – қара сөз бен дарынды сөз жүйесінің, ғылым мен әдебиеттің айырмасы. А.Байтұрсынов қазақта бұрын бала қоймаған терминдердің баламасын тауып, не өз жанынан жаңадан сөз жасай отырып, өте күрделі ғылыми, философиялық, эстетикалық көзқарастарды айтады.

Қара сөз бен дарынды сөздің айырмашылығын А.Байтұрсынов нақтылы  көрсетеді: «Қара сөз әдебиетте  пікір, сүлде түрінде айтылады. Дарынды  сөзде пікір сурет түрінде  шығад, яғни, сүлде үстіне өң, ажар, жан, мінез, қылық беріліп, тұрпайы тұлға, түс, бітім тірі нәрсе болып шығады. Сондықтан да дарынды сөз – көркем сөз деп аталып, қара сөздер жалаң сөздер деп айтылады». Ғалым мұнымен шектелмей осы екі түрлі сөзді қалай тануға, олардың дұрыстығын, қалай айқындауға болады деген сауалдарға жауап береді: «Қара сөздің сынында пікір дұрыстығының үстіне пікірге берілген сурет, сұлулық жағы да тексеріледі.  Көркем сөзді әрі сүлде, әрі сурет – екі жағынан да тексеруге тиіс болғандықтан, оның сынында мынандай сұраулар боларға керек».

А.Байтұрсынұлы ғылыми түсініктің негізін  жалғастырып, нақтылай түседі.

Көркемдік түсінігінің, көркем шығарманың белгілері қандай деген сауалға  А.Байтұрсынұлы екі түрлі талап  қою керек екенін айтады: «Көркем  сөзде екі тысқы, екі ішкі сын  болады. тысқы сындар: 1) Тілдің лұғатының сыны, яғни, тілдің стильдік ерешеліктері, бүгінгі лингвистикалық талдауға сай тысқарғы жағын бөліп айтады. Ғалым бұдан ішкі сындарды бөліп алады, демек, бұл әдебиеттану, әдебиет теориясының еншісі, теориялық талдаудың объектісін нақтылайды: «2) Суретінің сыны: кестесін келтіріп, ұнасымды түрде үйлестіріп, суреттеуінің сыны. Ішкі сындар: 1) Алынған мінез, айтылған қылық, көрсетілген қалып, жан жүйесінің жөнімен қарағанда, дұрыс, бүтін шығу, шықпауының сыны. 2) Өмір жүзінде айтылған нәрсенің болатындығының себебін дұрыс көрсеткен-көрсетпегенінің, адам қауымындағы қалып түзелу жағына  әсер етерлік (пайда-зиян келтірерлік) қуаты бар-жоғының сыны. Көркем сында, әдебиет түрінің осы төртеуі  түгел жұмсалады».

Бүгінгі әдебиеттанудағы  аксиологиялық әдістің мән-жайын Ахмет Байтұрсынұлы осылай алға тартады. Демек, тек маңызды, ұлағатты көркем сөз ғана сынға түсуі абзал.  Және оның тысқы және ішкі сынға түсуіне лайықты көрнекті түрі мен ұлағатты мазмұны болу шарт. Бүгінгі әдебиет теориясындағы «мазмұнды түр» - «содержательная форма» деген категорияның сырын А.Байтұрсынұлы осылай түсіндірген.

Жазба әдебиеттің сындар дәуірінің  дарынды сөздерін автор үш топқабөліп қарайды, олар: 1. Әуезе. 2. Толғау. 3. Айтыс-тартыс. Бұлар қазіргі әдебиеттану тұрғысынан айтқанда – эпос, лирика, драма. Әуезенің түрлерін былай бөледі: 1) Ертегі жыр 2) Тарихи жыр 3) Әуезе жыр 4) Ұлы әңгіме (роман) 5) Ұзақ сөз 6) Ұзақ әңгіме 7) Көңілді сөз 8) Мысал 9) Ұсақ әңгімелер.

Бұлардың ішінен зерттеуші  «Ұлы әңгіме, яғни, роман деп тұрмыс сарынын түптеп, терең қрап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды айтамыз» деген анықтама жасайды да, жанрдың негізгі белгілерін тұтас түгелдеп береді.

 А.Байтұрсынов лириканы – толғау деп алып, осы әдеби тектің қыр-сырын ерекше тиянақты талдап, орасан терең пікірлер тұжырымдап, сұлулық, көркемдік, әсемдік, шеберлік табиғатына қатысты ойларын бажайлай жеткізеді.

Кейінгі қазақ әдебиетшілері  орыс тіліндегі еңбектердің ізімен саяси лирика, махзаббат лирикасы деп қана шектеліп келсе, А.Байтұрсынов  ұлттық өнердің өз табиғатынан шығарып, лириканың сап толғау, марқайыс толғау, налыс толғау, намыс толғау, сұқтаныс толғау, ойламалдау, сөгіс толғау, күміс толғау секілді түрлеріне анықтама береді, мысалға  «Интернационал», Абайдың «Адамның кейбір кездері» Сәкеннің «Жолдастар» өлеңдері, «Маса», «Оян, Қазақ» кітаптарындағы кейбір өлеңдер алынған.

Ахмет Байтұрсынов драманы  қазақша «Айтыс-тартыс» деп алып, оған мынандай өте дәл жанрлық анықтама береді: «Айтыс-тартыста ақынның айтқан әңгімесін естиміз, уақиғаның өзін, уақиғада болған адамдардың өздерін көреміз. Уақиға көз алдымызда болып, адамдардың тіршілік жүзінде айтысып-тартысып өмір шеккенін көреміз. Тіршілік майданында адамдардың ақылы жеткенше амалдап, қайратына қарай қару қылып алысқаны, бітіскені өмір жүзіндегідей көрініп, көз алдынан өтеді».

«Әдебиет танытқыштың» айрықша бір ерекшелігі – көркем текстерді берудегі дәлдік, талғампаздық. Бұл зерттеуде мысал үшін ең көп алынатын Абай мен Мағжан  шығармалары. Кейде олардың тұтас туындысы берілсе, көбіне қажетті үзінділер келтіріледі.  Ыбырай Алтынсарин, Нұржан Наушабайұлы, Шернияз, Мәди Қонға, бұдабай, Сәкен Сейфуллин, Орынбай, Досқана, Әбубәкір, Алтбас, Шортанбай сияқты  исі қазаққа белгілі ақындармен қоса, Сүгір, Қубала, Жарылғасын, Сейдахмет, Жақып сияқты өлеңшілерден  де мысал алады.  Батырлар жырынан, әсіресе, «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайынға»  жиі жүгінеді, өз өлеңдерінен үзінді алғанда «Маса»  жинағын көрсетеді, өз есімін атамайды.

Зерттеу барысында ғалым  басқа елдер әдебиетін де ескертеді: «Орыстың асқан ақыны Пушкин жазған өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен. Орыстың асқан ойшысы Лев Толстой шығарған сөздерін баспаға беріп қойғаннан кейін де талай түзетіп, талай өзгертеді екен», - дейді. «Сөз өнері» тарауында.

Қазақ әдебиет теориясының  басты терминдерін, түсініктерін А.Байтұрсынұлы сонау ХХ ғасырдың 20-жылдары анықтап берген екен. Бұл -  өз алдына мойындалып отырған ғылыми факт. Бірақ басты ой «Әдебиет танытқышта» ұсынылған жаңа концепцияда. Оның біздің бүгінгі сұранысымызды өтеуге керекті эстетикалық тұжырымдарға сай екені таң қалдыра түседі. А.Байтұрсыновтың ұлы еңбегі  «Әдебиет танытқыш» төңірегінде әлі де көп зерттеу жүргізу керек.

 

1.3 А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыштағы» басты ойлары

 

Әдебиеттің өз даму заңдылықтары бар екені және олар тікелей саясатқа, идеологияға байланысты емес екені жөніндегі тұжырымдар. Яғни, «сөз өнері» деген термин «Халықтың ежелден келе жатқан әдебиеті» деген ұғымды білдіреді. Оны «ауызша»; «жазбаша» деп бөлудің өзі ойдан шығарылғаны айтылады. Әдебиеттің ресми жазба түрі бар деп бөліп-жару соцреализмнің ойлап шығарғаны болып шықты: бір әдебиетті жоғарылату үшін екіншісін төмендету керек болды.  А. Байтұрсыұлы былай дейді: «Ауыз шығарманы, ауыз сөз» деп қана атап, жазба шығарманы «сыпайы әдебиет» деп танушылар бар. Бірақ қалай да асыл сөздің бәрі де тілдегі әдебиет есебіне жүріледі».

  1. Әдебиетті өз категориялары арқылы түсіндіруге шақырады, яғни, «пәк сөздері» басты міндет атқаруын басып айтады. Сонда зерттеу мағыналы болып шығып, зерттеушінің жапылама көпсөзділіктен бас тартуына әкеледі. Бұл қағида дәлелсіз бос мақтаулардан да сақтандырады.
  2. Көркемдік әлемнің құдіреті тікелей жазушының ішкі рухани бостандылығымен байланысты екенін айтып, осы орайда Абайдың, Мағжанның шығармаларын мысал ретінде келтірудің бүгінгі мәні керемет емес пе? «Әдебиет танытқыштағы»  біз бүгін ұмытқан діндар дәуір жанрларының атаулары: мінәжат, намыс толғау деген түсініктердің өзі ой салады.

 Мұхаммед Хайдар  Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» (14-16ғ) еңбегі  «Хақ жалындағыдлар тарихы» деп аталса, оның соңы «Алла Тағалаға мінәжат айтумен» аяқталады. Кеңес кезінде өшірілген бұл мінәжат жанры туралы мәлімет А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышында» ғана кездеседі. Бұлар бізге бүгін қажетті әдеби талдаулардың үлгісі

  1. Зерттеушінің кітабына кең ауқымды ойлау қабілеті тән. «Біздің қазақ  Европа әдебиетінен  үлгі алмай, әдебиетін өз бетімен жетілдіргенде, қазақ айтыс өлеңдері алаңға түсе-түсе  барып, алаң алданышына айналып, айтыс-тартыс  түрге түсетіні даусыз еді. Үлгіні өзге жұрттан алғандықтан,  алаң әдебиеті бізде төтеннен шығып қалды». Бүгінгі әдебиеттанудағы «синкретизм», «типология», «әдебиеттердің қарым-қатынасы», «сюжеттердің ұқсастығы» деген мәселелер туралы «Әдебиет танытқышта»  Ахмет Байтұрсынұлы  былай дейді: «Жер жүзіндегі жұрттардың түріндегі шығармалары бір-біріне көбінесе ұқсас келеді. Ондай ұқсас болатын себебі: олар шыққан заманда халықтың бәрінің бір ананың қолында өскен балалар сияқты көргені, өнегесі, үлгісі бір болған».
  2. Ахмет Байтұрсынұлы пайымдауынша, көркемдік заңдылығы біреу ғана және ол барлық тілдегі  әдебиеттерге ортақ. Демек, «адамның жан  қоштау керегінен шыққан сырын білген адам сөзді сынай біледі». Өйткені: «Жүйрік аттың белгілі сипаттары сияқты асыл сөзде де белгілі сипаттар болады. сөз сол сипаттарын дұрыс көрсетумен асыл болып шығады». Әдеби стиль, даралық стиль көркемдік шеберлік категорияларын ғалым осыла таныта түседі.
  3. Ресей ғалымы М. Бахтиннің «роман теориясы» былайша дүниежүзілік әдебиетте роман – ең соңғы жанр, сондықтан ол – сол тілдегі әдебиеттің жазу  жүйесінің қорытылған нәтижесі ретіндегі жанр.  Яғни, роман өзіне дейінгі болған  басты, керекті сөйлеу түрін жаңғыртып отыру қабілетіне ие.  Демек, роман жанры осындай жан-жақты баяндау, жазу тәсілдерін, жазба естелігін, жадын (память жанра) меңгеріп, өзінің оларды оята білу мүмкіндігіне орай басқа прозалық түрлерге әсер ете алады. М.Бахтиннің «романизация стиля» деген тұжырымымен әдебиетшілер 1970 жылдары танысқан-ды. Ахмет Байтұрсынұлы  бұл оқиғаны сонау ХХ ғасырдың 20-жылдары түсіндіріп кетті. А. Байтұрсынұлы қазақ прозасының өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты бұл құбылысты сол кезде былайша пайымдайды: «Ұлы-әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері үлкен-кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәрінде де бір, айтылу аудандарында айырма ба: ұлы әңгіме сөзі алыстан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұзақ әңгіме жақыннан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұсақ әңгіме мүше алып, оралып келе қоятын аттарша жайыла бастайды». Яғни, басты мәселе «айтылу аудандарында» ғана екен.

Информация о работе А.Байтұрсынов - әдебиеттанушы