Абай Құнанбаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 13:22, реферат

Краткое описание

Абай Құнанбаев сынды ұлы ақындардың мағынасы терең мұрасы бір кезеңнің, бір дәуірдің еншісінде қалмайды. Оған ауыспалы ұрпақтар өз көзқарасын білдіріп өз бағасын бере жатады. Мазмұнды өмірбаянның, мәністі творчествоның қыры мен сыры дәуірлердің барысында ашыла түседі. Талдауға таусылмас әдеби мұраны былай қойып, Пушкин мен Лермонтовтың өлімі туралы тың деректерді еске алсақ, айтылмыш шындыққа күмән қалмайды. Пушкинмен атысарда Дантестің сауыт киіп шыққаны анықталды. Қиянатшыл қарауларға жүз жылдан асканда сот құрылды. Ал, Лермонтовтың өлімі күні бүгінге шейін жұмбақ. Біреулер Мартынов атты десе, енді біреулер жасырынып тұрған шешен атқан деседі. Бұған оқтың бүйірден қиғаш тигенін, Мартыновтын қартайғанда жарған сырын дәлел етіседі. Аталған екі алып¬ка қарама-қарсы ұзақ өмір сүрген Тургенов пен Лев Толстойдың тіршілік сапарынан ашылған шырғалаң жаңалықтар бүгінгі буынның.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тәкен Әлімқұлов. жұмбақ жан.docx

— 316.32 Кб (Скачать документ)

Абай өз балаларын  орыс мектебіне оқуға береді. Қызы Гүлбадан, кіші баласы Мағауия біраз  уақыт орыс мектебінде оқып, денсаулығының  нашар болуына байланысты аулына кайтады. Үлкен баласы Әбдірахман Петербургтегі  Михайлов училищесін бітіріп шығады. Ол кезде Россияның астанасы Петербургтен мол білім алып қайтқан аса  зейінді Әбдірахман, Абай сөзімен  айтқанда, «жаңаның басшысы» есепті еді. Ол орыстың прогрессивтік мәдениетін өз халқына кең таратушы қайраткердің бірі болмақ еді. Бірақ ерте өліп кетті.

Абайдың ақындық  дарынын жете таныған, оның профессионалдық  жолға түсуіне кеңесші болған адамдардың бірі Әбдірахман деп білеміз. Сол Әбдірахманмен Абай ғылыми, философиялық тақырыптарға көп сөйлесіп отырған.  Тіпті, Абай одан пікір жарысын көруді ұнататын болған. Бұдан біз әр мәселеден тиянақты, терең бары бар Әбдірахманмен әңгімелесуден Абайдың рухани ләззәт, нәр алып отырғанын аңғарамыз.

Қоғамдық өмірдің  қай саласында болса да атақ пен  данқ көбінесе жастар арқылы шығады. Абайдың  керітартпа кәрілерге иық тіремей, келешегі көрініп тұрған жасатарға  сүйенуінде табиғи себептср жатады. Оны  ел ішіндегі жуандар, би-болыстар, атқамінерлер көре алмады. Оның қалың бұқараның мұңын жоқтап, озбырларды шаншыған найзалы сөзінен шошыды. Сондықтан оның үстінен жоғарғы ұлықтарға арыз жаудырып, «ел ішін 
бүлдіруші, патша ағзамға қарсы шығушы» деп жамандады.

Жер аударылған революционерлермен достасқан Абайдан бұрыннан да сезігі бар жоғары әкімдер Абайға астыртын бақылау қояды. Оның ауылдарын   бағатын тыңшылар көбейеді. «Абай Құнанбаев — патша үкіметі үшін қауіпті адамдардың бірі»   деген хабар соғыс губернаторына, Дала өлкесінің  генерал-губернаторына жетіп жатады.

Бұған Абайдың кейбір содыр-сотқар туысқандарының жолсыздығы қосылады. Олар Адайдың беделін бетке  ұстап, айналасын қан қақсатады, момын бұқараны қанаудың үстіне, ұры-қары аттандыруға шейін барады. «Киргизская  степная газетаның» 1897 жылғы 24 августағы 33-санында жарияланған хабар осы  жүгенсіздікке салынған таңбадай еді.

Текстін келтіре  кетейік: «Предаются суду при Семипалатинском  областном суде бывшие: волостной  управитель Кзыл-Муллинской волости, Семипалатинского уезда Искак Кунанбаев и аульный  старшина той же волости Какиш  Джаныбеков…»

Бұны қазақшаға  аударсақ, былай боп шығады, «Семей уезінің Қызылмола болысының  бұрынғы болысы Ысқақ Құнанбаев  және осы болыстың бұрынғы ауылнайы Кәкіш Жаныбеков сотқа тартылады, ісін Семей облыстық соты қарамақшы».

Осындай оқиғалар Абай үшін соққы еді. Жығылған үстіне жұдырық  еді. Бұған саясаттың ісі, саяси  күдік араласқанда, Абайдың басындағы  хал түсінікті болады. Россияда жұмысшылар қозғалысы күшейіп, ескі дүниенің іргесін  солқылдатқан дүмпу үдеп келе жатқан кезеңде әрі үрейлі, әрі ызалы  патша үкіметі революциялық-демократтық  ұранға үйлесіп кетеді деген әрбір  үнді тұншықтырып тастауға әзір еді. Сол үкіметтің сеніп қойған адамдары жаңашыл Абайға қырын карады. Оның прогресеивтік әрекеті ұлғайған сайын қаһарлана түсті. Семей  каласының полицмейстері қасына жандарм отрядтарын ертіп, Абайдың  ауылына дүркіи-дүркін тінту жүргізді.

Соңғы тінту, жаңылмасақ, 1904 жылы жүргізіледі. Оған мынадай себеп  болады. Белгілі ұлтшыл Әлихан Бөкейханов Абайға астыртын хат жазып, революциялық дүмпуді меңзейді, елді көтеріліске  шақырмақ ниет білдіреді. Абай оған жауап  қайырмайды. Ұлтшылдардың ымы-жымын  тәрк етіп, тәкaппap санаткерліктен таймайды. Тінтуден нәтиже шықпағанда, Абай кіші әйеліне: «Хат сенің қалтаңда еді  ғой, берсеңші!» — дейді.

Осындай сұмдықты күнілгері  де, кейін де сезген, болжаған, байыптаған ақылды Абай ғайбатшыл күндегіштерді: «Қазақтың қайсысының бар санасы? Қылт етерде дап-дайын бір жаласы; пысықтықтың белгісі — арыз беру, жоқ тұрса бес бересі, алты аласы», — деп, тайға таңба басқандай  әшкерлейді. Әшкерлеу арқылы саналыларға  сыр шертіп, мұң шағады. Абайдың  маңдайға біткен соры да осы мінезі еді, өзгеден озық атағы, дархан даңқы  еді. Көрнеу күнәсін, қалтарысты қылмысы  таба алмаған мәртебелі ұлықтар  оған күдікпен қарасады. Бұрын Абайдың  біліміне, эрудициясына тәнті болған, «Осындай да қазақ болады екен-ау?»  деп таңданған генерал-губернатор көз қимас Абайды шарасыз қуғындамақ болады. Бірақ халықтан сескенеді.

Семей әкімдері Абайдың  достарын – Долгополов, Михаэлистерді  басқа жакқа жер аударып жіберді. Ал дала шонжарлары Абайға қастандығын  тыймады. Ағайын-жақындарын азғырып, алауыз етті. Абайды қоршаған талантты жастарды қудаласты. Тобыклының соқталы жуандарының  бірі Оразбай Аққұлов өзге озбырлармен  бәтуаласып, топ құрды да, 1898 жылғы  Семей оязына қарасты болыс-билердің қайта сайлауында

Абайға таяқ тигізуден  шімірікпеді. Күншіл, бақасшыл тобырдың қиянаты ақын көңіліне қаяу салып, қайратын қажады. Ұстаз есепті болған орыс достарынан қол үзіп, кәдімгідей жалғызсырап  қалған Абай дала жуандарының жауыздығымен жалғыз алыса-алыса қажыды. Рухани жалғыздыққа  ұшырап, ішқұсталыққа бой алдырған Абайдың дүниеден торықпасқа шарасы жоқ еді. Oл асқына торығады, хаққа  мойын ұсынады, апиын ішуге шейін  барады.

Халыққа тараған  кауесетке қарағанда, санасыз сахара шонжарларының Абайға әлденеше рет  у бергізгені расқа ұқсайды. Жіті бақсаңыз, ақынның шығармаларында «удан» аяқ алып жүре алмайсыз. «Улы сусын  төгілсін», «Мен ішпеген у бар  ма?», «Өткен күннің уларын», «Ашуың —  у», «Су екен — у екен», т.б. «Уды у кайтарады» демекші, апиын ішудің астары болуы да мүмкін. Ішқұсталықтан  ғана ішті деу қисынсыз.

Қазақта бақасқа  у беру әдеті бұрыннан бар. Әсет Найманбаевты у беріп өлтірген. Жетісулық жаһилдер бәсекелеске қарақұрт асатқан. Ташкенттік сұрқиялар сонау заманда Арқадан  бауырын (Дүрмен биді) іздеп кслген арғындардың үзеңгісіне у жағып  қазаға ұшыратқан. Осы тақылеттес қаніпезерлерді Абай «көздің жасы, жүректің каныменен  ерітуге болмайды ішкі мұзын» деп  бейнелегенде, бастан кешірген қиянатты жазған. Дүние

жүзіндегі мемлекеттер  тарихында у берушілік мансап-лауазым  тартысына қарай шәркездігіне байланысты болушы еді. Қазақ топырағында болыстыққа таласқан әке мен бала, аға мен  іні қандасуға шейін барушы еді. Сол жағымсыз құлықты шенеген, қалың  қазақты игілікке баулыған періште  ақынның ғұмырына кастандық жасау  — құлак естімеген құбыжық.

Абайдың шорт сынып, морт отырып қалуына сонау Оспанның, одан бергі Әбдірахманның, ең соңғы  Мағауияның өлімі себеп болды  деген   болжау мен үшін иланымсыз. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп, өміріне қам жеген қайраткер Абай, Оспанның өлімінде «бергішім-ой!» деп дауыс салған ағайынды «алғышым-ой!» деп қаза үстінде әжуалаған сыншы Абай, бауыр мен баланың қасіретін көтерсе керек-ті. Рас, жалпақ жұрттың аңызы Мағауия өлгенде, Абай: «Қырық күннен қалмай артыңнан барармын, қарағым!»- депті  деседі. Абайдың қырық күннен кейін дүниеден көшкені де рас. Бірақ бұл фактының бір өзі Абай өлімінің түпкі себебін аша алмайды. Әсершіл ақынның, мейірбанды әкенің елжіреген жүрегін танытады. Қасіретті,   қуанышты шақтарда пенденің көніл күйі шұғыл өзгермек, басына алуан ой оралмақ. «Өліп тынамын!» дегендердің өлмегенін талай көргенбіз. Абай кырық күнді меңзеген жерінен шықса, бұны фәлсапа тілінде кездейсоқтық дейді. Оның акырамаш түңіліске, таусылған торығысқа баруының өзінде тозған ғұмырдың қаңқасы жатпасын?! Абай сынды шексіз сезімтал акынның төл организмді тануы жатпасын?! Айтушылар сыршыл суреткер Бальзак адамның денесінен бұрын медицина байқамаған без тапқан деседі. Ақтық тынысы тақалып, көз жұмарында, дәрігерге: «Алты күндік тіршілік қоссаңыз, барлық кітабымды өңдеп шығар едім», — деп қиылған деседі.

Шығыстың сері шайыры Омар һайям да өлерінен қырық күн  бұрын болжап, зиратын өзі нұсқаған. Бейіт үстінен бақтың жапырағы судырап  жауып тұратынын жырға қосқан. «Шираздың сәнді бағында мәңгі  ұйықтаймын!» деген. Сан-алуан ілімді игерген оқымысты Омар, сұлулықты  сүйген сыршыл акын, заманынан түңілген ойшыл азамат шаршаған сырын сәуегейлікке ұластырған.

Абай да осындай  жанның санатына косылады. 1904 жылы 6 июльде дүние салған Абайдың басындағы  халдер шешімсіз шәркездікке толы еді.

Әлімқұлов Тәкен. Жұмбақ жан. — Алматы: Жазушы,1972.

Үзіндіні  сайтта жайғастыруға дайындаған Анар Малдыбаева,

Абай  институтының кіші ғылыми қызметкері

 

 

[1] Садық Қасиманов. Абай есімі американ әдебиетінде // Қазақ әдебиеті. — 25 декабрь, 1964 ж. № 52 (727).

 

 

 

 

 

 

 

 Бөлімі: Басты бет, Мақалалар

ҚазҰУ 80. Менің  университетім (Таңдамалы эсселер)

  • Зейнолла Қабдолов
  • Жанғара Дәдебаев

Электронды конференция

  • Жоба туралы
  • АБАЙДЫ БІЛМЕК ПАРЫЗ - 2013

Маман даярлау  ісі

  • Бакалавриат
  • Магистратура


Хабарландыру

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Баннерлер


Информация о работе Абай Құнанбаев