Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 13:22, реферат
Абай Құнанбаев сынды ұлы ақындардың мағынасы терең мұрасы бір кезеңнің, бір дәуірдің еншісінде қалмайды. Оған ауыспалы ұрпақтар өз көзқарасын білдіріп өз бағасын бере жатады. Мазмұнды өмірбаянның, мәністі творчествоның қыры мен сыры дәуірлердің барысында ашыла түседі. Талдауға таусылмас әдеби мұраны былай қойып, Пушкин мен Лермонтовтың өлімі туралы тың деректерді еске алсақ, айтылмыш шындыққа күмән қалмайды. Пушкинмен атысарда Дантестің сауыт киіп шыққаны анықталды. Қиянатшыл қарауларға жүз жылдан асканда сот құрылды. Ал, Лермонтовтың өлімі күні бүгінге шейін жұмбақ. Біреулер Мартынов атты десе, енді біреулер жасырынып тұрған шешен атқан деседі. Бұған оқтың бүйірден қиғаш тигенін, Мартыновтын қартайғанда жарған сырын дәлел етіседі. Аталған екі алып¬ка қарама-қарсы ұзақ өмір сүрген Тургенов пен Лев Толстойдың тіршілік сапарынан ашылған шырғалаң жаңалықтар бүгінгі буынның.
Тәкен Әлімқұлов. ЖҰМБАҚ ЖАН
18-Наурыз, 2013 | 1338 рет оқылды
Т. Әлімқұлов
Жүрегіңнің түбіне терен, бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Абай.
Осы екі жол — теңізшінің тарланына жеткізбейтін мұхиттың тұңғиық түбіндей. Бұл тұңғиықта бір күнде, бір айда, бір жылда шешілетін құпия жатқан жоқ, ғасырлар шешетін, бәлки, шеше жататын жұмбақ жатыр.
Абай Құнанбаев сынды ұлы ақындардың мағынасы терең мұрасы бір кезеңнің, бір дәуірдің еншісінде қалмайды. Оған ауыспалы ұрпақтар өз көзқарасын білдіріп өз бағасын бере жатады. Мазмұнды өмірбаянның, мәністі творчествоның қыры мен сыры дәуірлердің барысында ашыла түседі. Талдауға таусылмас әдеби мұраны былай қойып, Пушкин мен Лермонтовтың өлімі туралы тың деректерді еске алсақ, айтылмыш шындыққа күмән қалмайды. Пушкинмен атысарда Дантестің сауыт киіп шыққаны анықталды. Қиянатшыл қарауларға жүз жылдан асканда сот құрылды. Ал, Лермонтовтың өлімі күні бүгінге шейін жұмбақ. Біреулер Мартынов атты десе, енді біреулер жасырынып тұрған шешен атқан деседі. Бұған оқтың бүйірден қиғаш тигенін, Мартыновтын қартайғанда жарған сырын дәлел етіседі. Аталған екі алыпка қарама-қарсы ұзақ өмір сүрген Тургенов пен Лев Толстойдың тіршілік сапарынан ашылған шырғалаң жаңалықтар бүгінгі буынның сыбағасына тиіп отыр. Қазақ халқының төл перзенті Шоқан Уәлиханов хақында табылған, табылып жатқан соны да сирек деректер — қуанышты қазына, уанышты үміт. Бұлай болса, қилы кезеңде туып, шытырман өмір кешкен ұлы пенделерде жұмбақ көп. Абайдың айтып кеткені де осы еді. Қыры қыруар, сыры қиын Абай өз тұсына ғана жұмбақ болмай, осы заманға да сыбаға қалдырып кеткен. «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла», — дегенде, келешек дәуірлерге, тың түлектерге мұң шағып, сыр меңзеген, түпсіз тұспал қалдырған. Өз заманынан озған ойшыл жан болашақ кауымнан дәмеленгенде, тілдің таңбасынан жүректің тереңдігін артық көреді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінің онай табылмайтынын сыршыл да шыншыл бейнемен жеткізеді.
Абай осындай. Оның
өмірбаяны, өскен ортасы, әркіммен әр
топпен аралас-құраласы ел аузында
сақталған аңыз-лақап арқылы жетті.
Баспасөзден таңба тапқан тарихи
деректер, архивтік материалдар мардымыз
болды. Абай заманының шым-шытырық
шәркездігі бейтарап талдаудан кағажу
қалған шақтар өз алдына. Ауыз толтыра
айтатынымыз бұрынғы екі
мен Омар һайямның, Пушкин мен Мицкевичтің, прозада Онорэ де Бальзак пен Лев Толстойдың тәжірибесі — осының айғағы. Осы тұрғыда абайтану проблемасы талапкердің еншісіне тиемел емес, төзіміне, еңбеккерлігіне, дарынына тиемел. Бұл жүйедегі шашыраңқылықты атап айтқанда, Абайды аңызға айналдырушылардың, оны зерттеушілердің, ол жайында еңбек жазушылардың мінез-құлқы, білім дәрежесі, дарын қыры, талғам мөлшері түрлі-түрлі екенін, демек олар ұлы адам төңірегінде өздерін көрсетпей тұра алмайтынын қоссақ, манағы жұмбаққа қайта соқпасқа лаж жоқ. Оны кім шешті, қашан шешті, калай шешті. Шешті ме, жоқ, жорамалмен тынды ма? Міне, гәп осында, Өсіре сөйлеуге немесе керісінше өшіре сөйлеуге шыдаған қазақ куәлігінде табиғи түйіндерді табу оңай емес. Бұған қоғам атаулының өсу сатылары болатынын, әр ұрпақ өткен кезеңдерге, асуларға өз көзімен қарайлайтынын, тарихи оқиғаларға, кұбылыстарға, көріністерге тағылған айдар, қойылған ат буын ұғымының сыр-сыпатына әйгілі әсер тигізетінін қоссақ, абайтанудың өте-мөте күрделі ілімге зәру екенін түйткілсіз түсінеміз.
Әдеби ілім өткендегіні
кайталаудан, инабаттыға еліктеуден, даусыз
деректі көшіруден тумайды. Шашыраған
шындықтардың басын біріктіру де
жеткіліксіз. Әдеби ілім сыршыл шындық,
жаңсақсыз жаңалық әкелмек. Бейнелеп
айтқанда, дөңгеленген дербес дүниелік
болуға керек. Ғалымның ақындық албырт
жаны, алғыр ойы, шынайы сезімі шарт.
Сонда ғана оқырманды толғандырарлық,
ой-өрісін кеңітерлік, көңілін байытарлық
енбектер тумақ. Вольтердің: «Іш пыстырмайтын
жанрдың бәрі жақсы» деген қағидасы
осыған саяды. Ғылми еңбектің, ғылми
жұмыстың ішкі тұтастығы, шеңбер сұлулығы
табылса, мезілікке орын жоқ. Руссо
мен Дидроның, Белинский мен Чернышевскийдің
шығармалары осы пікірді
Қазақтың ысылған классикасы Абайдан басталса, оған күні бүгінге шейін бір де бір ақын тіркелмесе, Абай туралы еңбек жазудың жауапкершілігі өзінен өзі түсінікті. Асқар таудың түбі тұншықтырады. Оның биіктігін аңғару үшін алыстан қарауға керек. Көз жазып қалуға және болмайды. Бұл жағынан келгенде, мүшел мерекелер қонақтаған жолаушыны толғандырарлық белестерге барабар,
Абай — азамат, қайраткер, санаткер, ойшыл, ақын! Ол — өз заманының перзенті, тұстасы, ағасы, атасы. Ол — өз дәуірінің күрескері, ақылгөйі. Осының баршасын топтастырғанда, «Абай» деген кемеңгер тұлға туады. Бұл тұлғаны қалайша анықтауға, қалайша мүсіндеуге керек? Дәуір арқылы Абайды ашамыз ба яки болмаса Абай арқылы дәуірді ашамыз ба? Әдебиет зерттеу тәсілі жағынан келгенде, бұның мәні айрықша. Психологияны анықтайтын ғылым бір бейімді адамды талант тобына телісе, бірнеше бейімнің басын қосқан кісіні данышпан деп таниды. Абай Құнанбаев осының соңғысына жатады.
«Данышпан жан өзінің
кім екенін білмейді» деген тұжырым
тым ұшқары. «Жаһанға екі тәңірінің
керегі жоқ» деген ежелгі қолбасшылардың
астамшылығын, діңгегі табылса жер
шарын шырқ айналдырмақ болған Архимедтің
ғылыми арманын, сонау Овидийден
басталған әдеби «
Өзінің кім екенін білген Абай тоғыз жолдың торабында өнерді, оның ішінде поэзияны таңдады. Соның өзінде «Өлең шіркін өсекші, жұртқа жаяр, сырымды тоқтатайын айта бермей» деп теткіді. Жіті ойласаңыз, осында қаншама мағына жатыр. Абай өзінің ішкі әлемін ашып, өлеңмен мұң шағады, өлеңмен наз төгеді, өлеңмен сыр шертеді. Поэзияның табиғатын жетік білген ақын жомарттық жасайтын жерде жомарт та, сараңдық жасайтын жерде сараң. Ол кейде төкпе, кейде бүкпе. Кейде сыршыл, кейде суретшіл. Кейде іңкәр, кейде торыққыш. Кейде әсершіл, кейде байқампаз. Кейде ойшыл, кейде ақылгөй. Осының бәрі оның байырғы болмысының, табиғи дарынының үстіне оның мұратының, мақсатының, мүддесінің кеңдігінен туған қасиеттер еді. Ағымдағы баспасөзі меншікті нәшірияты жоқ қазақ сахарасында өлең-жыр хисса-дастан өте-мөте өтімді еді. Сондықтан да Абай поэзияға төтенше жүктер артуға мәжбүр болды. Әбден тоқтасқан шағында туған қара сөздерін былай қоя тұрсақ, Абайдың фәлсапасы, эстетикасы, тұрмыстық толғаныстары оның поэзиясында, жұртқа тез тарайтын ұшқыр жанрда жатыр. Күн ілгері айта кету керек, Абайдың кейбір өлеңдерін орысшаға аударғанда, оның жалаң ақылгөй (дидактик), сырсыз шешен (риторик) боп көрінуінде осындай тарихи себептер бар. Осыған байланысты есте тұтатын және бір жәйіт, әдебиеттің жас кезінде, қалыптаспаған шағында поэзия әртүрлі міндет атқарып, әртүрлі жүк көтере береді. Горацийдің, Лукрецийдің поэмалары ғылми трактатқа жатса, Ломоносовтың кейбір ұзақ толғаулары шаруашылықты уағыздауға мәжбүр болады. Бұған баяғы Авиценнаның жырмен жазған ғылыми еңбектерін қоссаңыз, поэзияның алғашқыдағы орнын оңай аңғарасыз. Төркіні тым әрідегі қазақ поэзиясының ұлттық өмірде араласпаған саласы жоқ. Сәбидің тілін сындыратын жаңылтпаштан дананың жұмбағына шейін, жар-жардан жоқтау жырына шейін, қаһармандық дастаннан ғашықтық дастанына шейін, тойбастардан хиссаға шейін, ауызекі айтыс пен қағаз жүзіндегі айтысқа шейін поэзия үстемдік жүргізді. Терме, тақпақ, жарапазан жырмен айтылса, жезтаңдай шешендер сөзі ырғаққа құйылды. Осының бәрі қазақ топырағында поэзияны бірде құнды етсе, бірде құнсыз етті. Осындай салт-санада, осындай дәстүрде, осындай қауымда өскен Абай тұңғыш жырын пірге сыйынудан, баяғы «мәдет бер алладан» бастап, еліктеуге ұрынса, кейін бірте-бірте поэзияның өмірдегі орнын, ақындық куаттың құдыретін ұғына бастады. Санаға сіңген шешендік, қанға дарыған қаратілдік сарапқа түсіп, сараланды, сұрыпталды, екшелді. Сөз сұлулыққа құрылмай, шымырлыққа, шыншылдыққа, мағыналыққа, астарлылыққа құрылды. Бұның баршасы, қайталай айтқанда, Абайдың өзін кәміл танығанын аңдатады. Ақынның өзін тануы бар да, өз әлемін егжей-тегжейлі саралауы бар. Ішкі қайшылықтың қым-қиғаш қарбаласы бар. Бұл келелі кеңесті, тұрлаулы талдауды керек етеді. Оған қалай баратынымызға осынау еңбектің ұзын-ырғасы жауап бермек. Шеберлік шіркіннің бойға шым-шымдап, шымырлап тарайтынын айтпағанда, Абай мұрасы асығыстықты, ұшқарлылықты, дәлсіздікті кетермейді. Бұл мұраны ұғынуға дарын жетпесе шара жоқ, ал дарын жетсе, оның қатарында жауапты ізденістер, терең толғаныстар, байсалды пайымдаулар болуы шарт. Жақсыға сүйсінудің, тамашаға тамсанудың арғы жағында құнарлы да қосалқы дүниеліктер дәмділігі екі ұшты. Осы тұрғыдан келсек, Абайдың өмір тарихына, заманына, өскен ортасына жете зер салмай шындық шешілмейді.
Абай 1845 жылы 10 августа Шыңғыстаудың бөктерінде дүниеге келеді. Бұл кез қазақ халқының Россияға түгел қосылып болған кезі еді. Патша үкіметінің отарлау саясатының обырлығына, жүгенсіздігіне қарамастан, бұл қосылудың тарихи мәні аса зор болғаны мәлім. Мәдениетке жырақ ғасырлық көшпенділіктің негізі шайқалып, отырықшылық өмір жаңа нышанын көрсетті, прогрессивтік канатын жая бастады. Бұрынғы жабайы шаруашылыққа ақша араласты. Қазақ даласына тіршіліктің жаңа түрлері енді. Жаңа идеялар келді. Экономикалық, рухани жаңа мәдениет бой көрсетті. Бұл, әсіресе, Россиядағы 1861 жылғы реформадан кейін кең өpic алды. Россияда өркендеген капитализм қазақ даласының байлығына құныға түсті. Шортанбай, Бұқар жыраулардың зарлайтын «кер заманы» осы процестің алғашқы кезеңі еді.
Абайдың әкесі Құнанбай патша үкіметіне арқа тіреген ірі феодал еді. Ол күллі Тобықты руын билеп-төстеді. Қазақтан тұңғыш аға сұлтан болды. Мейлінше қатал, озбыр Құнанбай Абайдың ерекше зеректігін танып, оған үлкен үміт артты. Өзіндей етіп тәрбиелеп, өзіндей әкім, ағзам етіп шығаруды аңсады.
Құнанбай күллі
қазақ сахарасына даңқты кісі болған.
Айласына найза бойламайтын, ақылды
адам еді. 1849 жылы октябрьде, яғни Абайдың
төрт жасар кезінде, қазақтан тұңғыш
аға сүлтан боп сайланған Құнанбай
Өскенбаев екі түрлі саясат жүргізеді.
Бірінші жағынан, ол патша үкіметіне
арқа тіреп, Тобықтының қалың елін қойдай
үйіреді, ақ дегенін — алғыс, қара
дегенін — қарғыс етеді, дәулет молықтырады.
Екінші жағынан, қазақтың ғасырлық ұғымын,
салт-санасын пайдаланып, өз атағын
шығарудың түрлі тәсілін
Осындай сырқынды Құнанбай
зерек Абайды сәбиінде молдаға оқытып,
сегіз жасында Семей
Дүние жүзіндегі
ең бір шытырман, ең бір қиын, мағынасыз
оқу — діни сабақтар жүретін медіреседе
Абай да оңай азап тартқан жоқ. Мағынасы
жат діни кітаптардың әрбір харпіне
шұқшиып, жаттап алуға мәжбүр болды,
медіреседе ересек адамдар да оқушы
еді. Олар да қүранның түсініксіз сөздерін
жаттап, ораза тұтып, намаз оқығаннан
басқа өмірге жуысатын пайдалы ілім
ала алмаушы еді. Бар әңгімелері
діни ереже болатын осындай ойсыз
ортада жүрсе де, жас Абай олардың
ауқымыида, ықпалында қалып қоймады.
Исдам дінінің кертартпа
Патриархалдық ескіліктің өкілі Қүнанбайдың төрт әйелі болған. Олардың арасындағы бақастық, күндестік, ғайбатшылықтың шалығы балаларына да тиген еді. Сондай бақасшыл ортада Абай өсек-аяңның торына шырмалып қалмай, бойын аулақ сақтай білді. Ол мейірбан пананы өз шешесі Ұлжан, әжесі Зереден тапты. Бұл екеуі де парасатты, қайырымды, бауырмал ана еді. Құнанбай сұмдықтарынан олар Абайды шектей ұстауға тырысты. Құнанбай койған Ибраһим деген есімді Ұлжан еркелете «Абай» деп атады. Осы есім жаңа өмірді аңсаған сахара халқын рухани дұшпандардан қорғар Абай больш калды. Кейін Біржан ол туралы: «Орта жүз Абай қойған атын батпай», — деді.
Немересін жүрегімен мәпелеген Зере өзі шексіз көп білетін ертегі, жырлармен Абай қиялын әлдилеуден жалыққан жоқ еді. Сахара өлең-жырға, ән-күйге, не-не тамаша эпосқа, ертектерге, аңыздарға толы болатын. Соның бәрі медіреседе оқыған Абай қиялында шығыс гюэзиясына ұласқан соң, Абайдың ақындық ынтықтығы ерте ұлғаяды. Ол шығыс ақындарына еліктеп өлеңдер жазады. Әттең, бізге бірен-сараны ғана жетті.
Әрине, медіреседе жүрген шәкірт Абайдың алғашқы өлеңдері, әсіресе, тіл жағынан шұбарлау, халық тұрмысынан жырақтау еді. Кейінгі өте нәрлі, татымды піскен поэзиясына келе алған жок-ты.
Медіреседе бес жыл болған Абай сол жылдардың соңғы кезінде бір жағынан Семейдегі орыс мектебіне түсіп оқиды. Медіресенің діни қаталдығы оны қаймықтыра алмайды. Бұл — Россия патшалығына бағынған қазақ халқы орыс мәдениетінің дәмін толық тата бастаған, орыс тілін білу үлкен өнер саналған кез еді. Абай өз заманының жаңа оянған тілегіне орай, ерен талпынушылардың бірі болды. Бірақ Абай сол орыс мектебінде үш-ақ ай оқыды. Оны ел билеу ісіне араластырмақ боп, әкесі ауылға алып кетеді.